Минералдық заттар. Жас организмнiң өсiп-өнуiне керектi минералдық заттардың барлығы сүттiң құрамында болады. Сүт өнiмдерiн дайындауда да минерал заттардың түгел болуының маңызы өте зор. Фосфор қышқылы және лимон қышқылының тұздары мен кальций және магний тұздары тепе-тең болғанда ғана сүттiң құрамы ысытқанда және кептiргенде көп өзгермейдi. Сүтте орта есеппен 1% минералдық заттар бар. Олардың жартысынан көбi кальций мен фосфор тұздары.
Сүттегі минералды заттарды макро - және микроэлементтер деп бөледі. Макроэлементтер 10-100 мг/кг шамасында. Оларға кальций, магний, калий, натрий, фосфор, хлор және күкірт жатады. Микроэлементтердің сүттегі мөлшері сүттегі микрограммен өлшенеді. Олар алюминий, хром, темір, барий, бор, бром, иод, кадмий, кремний, литий, молибден, никель, селен, ванадий, күміс, жез, қорғасын, қалайы, кобальт, марганец, стронций, сурьма, фтор, хром, мырыш. Бұл заттардың сүт ішіндегі мөлшері өте аз болғанымен, олардың организм үшін маңызы елеулі. Жалпы, минералдық заттардың азықтағы мөлшерi жеткіліксіз болған жағдайда, сүтке олар организмдегi қорынан түседi. Сөйтiп сиыр организмiндегi минералдық заттар азаяды, ал өте сүттi сиырларда тым кемiп кетедi, бұл жағдайды уақытымен ескермесе ондай сиырлардың сүтi кемидi, тiптi денсаулығы нашарлап, өлiм-жетiмге ұшырауы ықтимал.
Ферменттер – тiрi торшалар бөлiп шығаратын ақзатты зат. Ол өсiмдiк пен хайуандар организмiнде өтетiн зат алмасу үрдістерiн жылдамдатады, бiрақ өзi өзгермейдi. Дені сау мал сүтінде 20 астам нағыз ферменттер бар. Тамақ өнеркәсiбiнiң көптеген салаларында, мысалы нан пiсiру, сыра ашыту, ашытылған сүт өнімдерін өндіру, сыр дайындауда ферменттер кеңiнен пайдаланылады. Ферменттердiң әсерi белгiлi бiр ортада және температура жағдайында арта түседi. Аз ғана ферменттiң өзi көп қызмет атқарады. Кейде, ферменттiң бiр бөлігi бiр заттың миллион бөлігiн өзгертедi. Бiрақ, олар қызуға төзiмсiз келедi, сондықтан да 70-800С ыстықта ферменттердiң көпшiлiгi ыдырайды. Ферменттер табиғатта өте көп кездеседi. Сүттiң құрамында, хайуандар организмiнде ферменттердiң көп түрлерi бар. Оның iшiндегi маңыздылары: пероксидаза, редуктаза, каталаза және липаза.
Достарыңызбен бөлісу: |