V Сабақты бекіту:
Топтастыру.
⦁ Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
⦁ Бірлік болмай тірлік болмайды
⦁ Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос
⦁ Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді
⦁ Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба...
⦁ Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын...
⦁ Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой
⦁ Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан
⦁ Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар
⦁ Тұрпайы мінез – тағы жат, надандықтың белгісі
⦁ Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
VІ Үйге тапсырма: Қарасөздерді оқып өлеңдерімен салыстыру, сәйкестендіру.
VІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 13.10.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Сабақ тақырыбы: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға көркем сөздің асылы – поэзиядағы Абайдың жаңа үлгілерін таныту. Абай өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Абайдың поэзияға қояр талабын түсіндіру, өлеңді өнер деп ұғындыру;
Тәрбиелік: Абай өлеңдерін, поэзияны сүюге, оны түсіне білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ойын тұжырымдап айта білуге үйрету, тіл байлағын өрістету.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, венн диаграммасы, кесте, баяндау әдісі, көрнекілік, ой қорыту.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |