Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау».
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы,Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.
Cабақ кезеңдері
|
Уақыты
|
Жоспар мазмұны
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау соның ішінде оқыту үшін бағалау
|
Дерек
көздер
|
Ұйымдастыру
|
2 мин
3 мин
|
А)Психологи я лық ахуал
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру
Ә)топқа топтастыру
Мақсаты:
|
«Амандасу- танысу» жаттығуы
«Сізге қандай жеміс жидек ұнайды» оқушыларды жеміс жидек арқылы топтастыру (алма,құлпынай, жүзім,шие) және осы жеміс жидек
бойынша адамға мінездеме беруге болатындығын айтып кету.Топ ережесімен таныстыру. Топ басшысын сайлау.
|
Әр оқушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айтады.
Жеміс жидектер арқылы топтарға топтасады (вербалды түрде)
Ітоп:Темір (алма)
ІІтоп: Алюминий (жүзім)
ІІІтоп: кальций (құлпынай)
|
«өте тамаша»
«жақсы»
«бәрекелді»
|
АКТ
Жеміс жидектер суреттері, топ ережесі
|
Білу
|
5 мин
|
А)Ашық сұрақтар қою
Ә)«Сәйкесін тап»
Б)семантикалық карта
|
Металдар тарауы бойынша алған білімдерін еске түсіру
|
Металдар тарауы бойынша топтар бір-біріне сұрақтар қояды
Топ бойынша тапсырмалар орындайды
|
«шапалақ»
«бәрекелді»
|
«Топтық жұмыс»
|
Түсіну
|
6 мин
|
Кейс –стади (топтық жұмыс)
Кестемен жұмыс
|
Топтарға элементтердің таңбалары беріледі (темір, кальций, алюминий) сол элементтерді төмендегі резюме арқылы сипаттады.
Резюме (Элементке сипаттама)
Аты
Портреті
Мекен жайы
Салмағы
Мамандығы
Біліктілік санаты
Мінезі
Туыстары
|
Резюме бойынша берілген элементтерге сипаттама береді
(постермен жұмыс)
|
топтық бағалау өзара бағалау
|
«Топтық жұмыс»
Постер, маркер
|
Қолдану
|
8 мин
|
«Ойлан тап»
стратегиясы
а)тест сұрақтарымен жұмыс
ә)металдардың өзгерістерін жүзеге асыру
|
Әр топқа үш нұсқада тест сұрақтары беріледі
|
А)Тест сұрақтармен жұмыс жасайды
Ә)берілген тапсырманы тақтаға орындайды
|
«Дәл таптың керемет!»
|
Тест сұрақтары бар парақшалар
АКТ, интерактив
ті тақта
|
Сергіту сәті
|
3 мин
|
Көңілді күн
|
|
|
|
|
Талдау
|
10 мин
|
«Құбылыс әлемі»
Зертханалық жұмыс
|
Оқушыларға металдар тарауы бойынша тәжірибелік жұмыстар беріледі.
|
Оқушылар металдардың химиялық қасиеттерін тәжірибе арқылы дәлелдейді
|
«Жарайсың-дар»
|
Алюминий тұздары,
натрий гидроксиді
темір хлориді, сынауықтар
|
Жинақтау және бағалау
|
4 мин
|
Венн диаграммасы
Шығармашы-лық жұмыс
|
Мұғалім әр топқа плакат беріп, «Венн диаграммасы» тапсырмасы беріледі
Металдардың күнделікті өмірдегі қажеттілігі қандай?
|
Оқушылар Венн диаграммасына металдар мен бейметалдар арасындағы ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады
Оқушылар белгілі тақырып бойынша шығармашылық жұмысты үйге алады
|
«Алғырсың-дар»
|
Плакат, маркер
|
Рефлексия
|
2 мин
|
«Бүгінгі сабақтан алған әсерім» оқушылар өзін-өзі бағалайды.
|
Стикерлер таратылып беріледі
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып,оқиды,плакатқа жабыстырады.Оқушылар өз-өзін бағалайды.
|
смайликтер
|
Стикер
|
Үйге тапсырма беру
|
2 мин
|
|
Металдар тарауы бойынша тест сұрақтарын дайындау
|
Күнделіктеріне түртіп алады
|
|
|
[4]
«Темір және оның қосылыстары» тақырыбын оқытуда Блум таксономиясын пайдалану
Тақырыбы: Темір және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:Темір қасиеттерін,алынуын,қолданылуын оқыту арқылы өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытып,пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:оқушыларды темір және оның қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттай білуге,химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу.
Дамытушылық: Блум таксономиясын пайдаланып,тапсырмалар беру арқылы оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілетін жүзеге асыру.
Тәрбиелілік: Шынайы өмірге белсене араласатын,әлеуметтік жауапкершілігі жоғары,ой-өрісі кең,кәсіби деңгейі жоғары,танымдық әрекетке қызығушылығы мол оқушы тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Әдіс-тәсілдері: белсенді оқыту стратегиясы
Көрнекілігі: электрондық оқулық, суреттер,кестелер
Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру:
Оқушыларды 4 топқа бөлу:
1-топ «География»;2-топ «Биология»;3-топ «Физика»;4-топ «Химия»
Сабақты Қадыр Мырза-Әлінің мына өлең жолдарымен бастағалы тұрмын.
Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын.
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да, жасырайын несіне
Химия емес,осы кесте салды өмірді несіне
Темір дейміз,темірдің де кезі өткен,
Кезі өтпесе тұрар ма еді 26 кезекте,-деп «Темір» тақырыбындағы сабағымызды бастаймыз. Сабақ Блум таксономиясы бойынша өткізіледі.
1-қадам.Білу.
FILA кестесін толтыру
Фактілер
|
Идеялар
|
Сұрақтар
|
Іс-әрекет жоспары
|
Темір
|
Периодтық жүйедегі орны
Табиғатта кездесуі
Биологиялық маңызы
Қасиеттері
Алынуы
Қолданылуы
|
Темір қандай тағамның құрамында болады?
Темір Қазақстанның қай жерлерінде кездеседі?
Таза темір қайда қолданылады?
|
Периодтық жүйедегі орнын анықтау
Табиғатта кездесетін темір қосылыстарын жазу.
Қасиеттерін сипаттау.
Қолданылуын кесте түрінде құру.
|
Электрондық оқулық арқылы оқушыларға ақпарат беру.
2-қадам.Түсіну.
Джигсо стратегиясын қолдану
Әрбір топқа жоспар бойынша темір туралы тапсырмалар беру.
1-топқа Қазақстан картасы бейнеленген сурет;
2-топқа адамның қанайналым жүйесі көрсетілген сурет;
3-топқа магниттің суреті;
4-топқа тот басып кеткен ескі көліктер беріледі.
Әрбір топ өзіне берілген суреттердің ішінен темірге қатысы бар мәтін құрып, оны қорғауы тиіс.
3-қадам.Қолдану.
«Жіпке ілу» стратегиясы бойынша топтар темір туралы алған ақпараттарын жіпке ілуі керек.
4-қадам.Талдау.
«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша ең белсенді оқушыға сұрақтар қойылады.
Тапсырмалар беру
Еркін құрылымды жауабы бар тапсырма
Меккедегі қаратас туралы не айтуға болады?
Мамасы Айданаға алманың қабығын аршып берді.Айдана алманы үстелдің үстіне тастап аулаға шығып кетті Біраздан соң келсе алманың кескен жерінің қоңырайғанын байқады. Ол бұл құбылысқа түсіне алмай дал болды.Айданаға көмектесу керек.
Кешенді жауабы бар тапсырма беру
Темірге байланысы бар жауаптарды анықта
Анықтамалар
|
Жауаптар
|
Қанның қызыл түйіршіктері құрамындағы гемоглобинде болады
|
Иә
|
Жоқ
|
Табиғатта бос күйінде кездеседі.
|
Иә
|
Жоқ
|
Темір жай немесе күрделі заттармен әрекеттеспейді.
|
Иә
|
Жоқ
|
Периодтық жүйеде 4-период, 8-топтың негізгі топшасында орналасқан
|
Иә
|
Жоқ
|
Жер ядросының негізгі құраушысы
|
Иә
|
Жоқ
|
Кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде кездеседі.
|
Иә
|
Жоқ
|
5-қадам Жинақтау
«Ыстық картошка» әдісі арқылы оқушылардың ойын жинақтау.
6-қадам Бағалау
Оқушылардың басбармақтарын көрсетуі арқылы олардың ұғу деңгейін тексеру.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.[5]
ҚОРЫТЫНДЫ
Блум таксаномиясы негізіндегі жүйе оқушылардың өз беттерімен зерттеу,іздену қорытынды жасау іс-әрекеттеріне түрткі жасай отырып,олардың дарын,қабілеттерінің жетілуіне ықпал етеді,таным белсенділіктерін арттырады:
- оқушылардың көркем тілдері дамиды;
-білімді оқушылар өз іс-әркеттерімен алу жүзеге асады;
-жұмысты оқушылардың таңдап алуына ерік беред;
-жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады;
-берілетін білімін ең негізгі түйінді дәмін таңдап ала білуге жаттығады;
-алдында тұрған қиындықты жеңуге үйренеді;
-оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп,білімдерін жан-жақты толықтыруға түрткі болады;
-ең бастысы,жеке тұлға қасиеттерін шығармашылық деңгейде жеткізеді.
Қорыта айтатын болсақ,бұл жұмыста:
Блум таксаномиясы туралы жалпы түсінік;
Блум таксаномиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі;
Блум таксаномиясы бойынша бағалаудың жетістіктері;
Блум таксаномиясы бойынша оқушылардың әрекеттері;
Блум таксаномиясын химия пәнінде қолданудың тиімділігі;
Металдарға жалпы сипаттама беру барысында Блум әдісін қолдану;
Блум әдісі бойынша металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру;
Қара және түсті металдар туралы түсінік қалыптастыруда Блум әдісін пайдалану секілді мәселелер қарастырылды.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» «ДББ,2012».
2.С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»
Қарағанды,2011ж.
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық,73 - бет Дереккөз:Ұлттық оқу зертханалары, Бефель,Мэн штаты,АҚШ.
4.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,48 – бет
5.Қисымова А.Қ.,Нұрланов Е.Б. Біртұтас педагогикалық процесте сабақтың технологиялық картасын құрудың үлгісі.Әлеуметтік жаңғырту жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру.Халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдар жинағы.(Астана, 6-7 желтоқсан, 2013). Б.341-346
6. http://engime.org/blum-taksonomiyasi-oitu-netijeliligin-bafalau-edistemesi-retin.html
7. https://u-s.kz/publ/6675-oytudy-zhetstgn-baalauda-blum-taksonomiyasyn-oldanu-dster.html
8. «Химик анықтамалығы» республикалық ғылыми – танымдық педагогикалық журналы № 3, №6, 2014ж.
9. www.orleuuko.kz сайты
10. Химия. Жалпы білім беретін мектептің 8, 10 – сыныбына арналған оқулық.
11.Химияныоқытуәдістемесі:И.Нұгыманұлы,Ж.Ә.Шоқыбаев,3.О.Ѳнербаева:Алматы,2005ж.
12. Химия:М.Б.Усманов,Қ.Н.Сақариянов.Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық,2-басылым,өңделген,толықтырылған.-Алматы:Атамұра,2009ж.
Достарыңызбен бөлісу: |