«Темір және оның қосылыстары» тақырыбын оқытуда


Негізгі және қосымша топша металдарын Блум әдісі арқылы оқыту



бет10/12
Дата06.02.2022
өлшемі76,4 Kb.
#52251
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
БЛУМ
43bfaecc-8a4b-11e6-98d6-f6d299da70eeУММ Содержание струк ocx, 43bfaecc-8a4b-11e6-98d6-f6d299da70eeУММ Содержание струк ocx, БЛУМ, сабақ жоспары
1.5 Негізгі және қосымша топша металдарын Блум әдісі арқылы оқыту


Химиялық элементтерді оқып-үйрену жоспары және жалпы қасиеттері оқушыларға таныс болғандықтан,негізгі және қосымша топшалардың металдары мәселелі әдіспен және оқушылардың ѳздігінеп істейтін жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқытылады.Алғашқы сабақтарда оқушылар сілтілік металдардың негізгі сипаттамаларын еске түсіріп,активтілігін салыстырады.Бейметалдармен,сумен және қышқылдармен тотығу реакцияларының теңдеулерін жазады.Сілтілік металдардың ашылу тарихы,табиғаттағы қосылыстары,алынуы және қолданылуы туралы хабарлама жасайды.
Екінші негізгі топша элементтерінің атом құрылысы бірінші негізгі топшаның металдарымен салыстырылып,қасиеттерің де ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады.Түзетін жай заттарының,оксидтерінің,гидроксидтерінің және тұздарының химиялық формулалары жазылып,қасиеттері сипатталады.Берилийдің қосылыстарынан басқалары нағыз металдың және негіздердің қасиеттерін білдіретіні жайлы тәжірибе жүзінде дәлелденеді.Тотығу-тотықсыздану және алмасу реакцияларының теңдеулері электрондық және иондық тұрғыдан талқыланады.Кальций және оның қосылыстары толығырақ қарастырылып,судың кермектілігі және оны жою жолдары жөнінде жаңа ұғым беріледі.Алдымен зертхана жағдайында кермек су алу және оның қасиеттерін сынау тәжірибесі көрсетіледі.Әкті су арқылы көміртегі (IV) оксиді жіберіледі,түзілген тұнба көмірқышқыл газын көбірек жібергенде ериді. Байқалған құбылыстың химиялық мәнін талдап,осыларға ұқсас әрекеттердің табиғатга жүзеге асатыны айтылады.
Жер қыртысында әктас және бор түрінде кездесетін кальций карбонаты су және ауада әрдайым болатын көмірқышқыл газының әсерінен еріп,табиғи суларға кермектілік береді.Судың кермектілігі кальций жэне магний катиондарының,сульфат және гидрокарбонат аниондарының болуы байланысты.Магний және кальций гидрокарбонаттары бар судың кермектілігі карбонатты немесе уақытша кермектілік деп аталады және қыздырғанда жойылады:
Са(НСОз)г = СаСОзі+ Н2О +С02Т
Бейкарбонатты немесе тұрақты кермектілік суда кальций,магний сульфаттырының және басқа тұздарының әсерінен болады,қыздырғанда олар жойылмайды.Уақытша және тұрақты кермектілікті көбінесе,химиялық жолмен жояды:
Са(НСОз)2 + Са(ОН)2 = СаСОз + Н2О
CaSО4 + Nа2СО3= СаСО3 + Na2SO4
Судың кермектілігін білудің және жоюдың тұрмыстағы,сондай – ақ өнеркәсіптегі маңызы айтылады.Кермек суда сабын көпіршімейді,бу қазандарының түбіне және қабырғасына қақ түрады,олардың бүлінуіне әкеліп соқтырады.
Үшінші негізгі топшадан алюминий және оның қосылыстары толық өтіледі.Оқылып өткен екі негізгі топшаның металдарымен салыстырғанда айрықша - амфотерлі қасиеттерінің болатынына,сілтілермен реакциясына назар аударылады;
2А1 + 2NaOH + 2H20=2NaA1O2 + ЗН2
Кейінірек,бүл реакция комплек түзу түрғысынан түсіндіріледі.Нәтижесінде натрийдің тетрагидроксоалюминаты - На[А1(ОН)4]түзіліп,сутегі бөлінеді.Алюминийдің өндірілу тарихы,табиғи қосылыстары және қолданылуы жөнінде оқушылар хабарлама жасайды.
Қосымша топшалардың элементтерінен,жаңа бағдарлама бойынша,темір қарастырылады.Темірді мысалға алып,қосымша топшалардағы металдар атомдары құрылысының ерекшеліктері толығырақ талданады.Бұлардың сыртқы қабаттарындағы электрон сандары екіден аспайды,жай заттарда металдық кристалл торларын түзеді.IV период S-элементтерінің электрондарымен толу сызбанұсқасы сызылады.Сызбанұсқада скандийден мырышқа дейінгі 10 элемент сыртқының астындагы Осі орбиталін бірден оңға дейін электрондармен толтыратыны,хром мен мыстан басқасында сыртқы қабатындағы екі электроны сақталатыны айтылады.Бұл олардың металдық қасиеттерінің баяу ѳзгеруіне әкеліп соқтырады.Қосымша топшадағы металдардың валенттілік электрондары сыртқы - s және оның астындағы d-орбитальдарында орналасатын болғандықтан,оң тотығу дәрежелері +3-тен +7-ге дейін ѳзгереді.Хром +2,+3 және +6 тотығу дәрежелерін көрсетеді.+2 тотығу дәрежесінде оксидтері мен гидроксидтері негіздік,+3 тотығу дэрежесіндегі қосылыстары амфотерлі,+6 тотығу дәрежесіндегі қосылыстары қышқылдық қасиет білдіреді.Бұл заңдылық металдардың бәрінде байқалады.[12]


II.Блум әдісін қолдана отырып сабақ жоспарын құру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет