«Темір және оның қосылыстары» тақырыбын оқытуда



бет6/12
Дата06.02.2022
өлшемі76,4 Kb.
#52251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
БЛУМ

Зерттеу обьектісі:метал тақырыбын Блум әдісін қолдана отырып оқыту.
Зертеудің болжамы:жеке тұлғаның өзін тану,өзін анықтау жолдарында оқу және дамудың тиімді жағдайын туғызу,әр оқушыны шығармашылық жұмысқа негіздеу,химия сабағында жеңілден ауырға,жақыннан алысқа қағидасын басшылыққа алып, жалпы орта мәселелерді шешуге мүмкіндік жасау,жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру.педагогикалық процесте білім берудің басты мақсаты адам бойындағы басты құндылықтарды жетілдіру.

I. Металдар тақырында Блум әдісін қолдану
1.1 Блум таксаномиясы туралы жалпы түсінік


Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі,Блум таксономиясының авторы.Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған,1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады.«Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан:адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі,ондағы қойылған мәселені зерттеуіне,талдауына және салыстыруына,ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн.Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын,сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп,оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып,өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.
Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
1) Білім;
2) Түсіну;
3) Қолдану;
4) Талдау;
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
6) Бағалау.[2]
І. Білу.
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей.Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
ІІ Түсіну.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Оқу материалын түсінгендіктен келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы,математикалық формуланы сөзбен айтып беру,сөзбен келтірілген мәліметті кесте,схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру,қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
ІІІ Талдау.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу:бүтіннің бөліктерін ажырату;бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау,бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну.Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
IV Қолдану.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді.Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды,практикалық тұрғыдан қолдану кіреді.Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
V Синтез.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру.Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары,схемаларды атауға болады.Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
VI Бағалау.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей
Оқу материалының маңызын анықтау,ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру.Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.[3]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет