ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................33
КІРІСПЕ
«Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі» демекші,қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты саясатының бірі.
ХХІ ғасыр - білекке емес - білімге,күшке емес - епке тоқтаған заман.Ал бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі - білім беруді түбегейлі өзгерту.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.
Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім-дер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»-деп нақты көрсетілген.Бүгін тәуелсіз,демократиялық Қазақстанның білім беру жүйесінің алдында басты проблеманың бірі ретінде: «Ел азаматын қалай тәрбиелеу керек?» деген сұрақ тұр.Неге? Проблема өзектілігі неде? Шынымен ғасырлар бойы,баяғыдан бұл сұрақ қоғамның алдында тұрмады ма?
Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе,толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз,түрткі болуы да мүмкін.1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады.
Сын тұрғысынан ойлауды,әдетте, білім берудің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарымен байланыстырады.Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады.Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.
Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді:
-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
-пәнге деген қызығушылығын арттыру;-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
-тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар,оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |