Мақсаты
|
Мұғалім қызметі
|
Оқушы қызметі
|
Тапсырма- лар
жүйесі
|
Бағалау
жүйесі
|
Күтілетін нәтиже
|
Білімдік
|
Проблема, ситуация
тудыру арқылы оқушыға ой салу.
|
Өз мақсатын айқындай отырып, проблеманы шешуге әрекеттенеді.
|
Өзіндік
жұмыс.
|
Өз-өзін
бағалау
2 балл
|
Ынтасы қызығушы-
лығы
артады.
|
Түсіну
|
Мақсатқа жету жолдарын көрсетеді,
ұйымдастырады.
|
Қойылған проблемаға өзіндік көзқарасын қалыптастырады
|
Кітаппен жұмыс
|
Бірін-бірі бағалау
4 балл
|
Танымпаз-
дық іс-әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады.
|
Пайдалану
|
Көмек нұсқау, т.б.
дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету.
|
Білімді терең, жете меңгеру үшін өзінің барлық іскерлігін пайдалану.
|
Қосымша
Материал-дармен жұмыс
|
Мұғалім
бағасы
6 балл
|
Оқушының дербестігі, өз-өзіне сенімі қалыптасады
|
Талдау
|
Топ жетекшілері , консультант оқушылар арқылы көмек ұйымдастырылады.
|
Өзгені тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.
|
Топпен жұмыс
|
Ұжым бағасы
8 балл
|
Өзін топта ұстай білу, өз ойын өзгенің ойымен салыстыру, толықтыру дағдысы қалыптасады.
|
Пайымдау
|
Жеке оқушылар ойын жинақтап түйін түю әректін жасайды.
|
Өз жауаптары-ның жоспар тезисін жасай отырып, өз ойын мәнді жеткізуге тырысады.
|
Қойылған проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасаттыру.
|
Өзіндік
қорытынды
баға
10 балл
|
Өз білімін бағалауға дағдыланады, сыныппен арадағы ынтымақтастық
пайда болады.
|
Бағалау
|
Қойылған проблеманың өзі үшін құндылығының неде екендігіне көзін жеткізу.
|
Қойылған проблеманың ақ-қарасын ажырата білу.
|
Жеке жұмыс
өмірлік мәні бар ситуация тудыру.
|
Аралас
баға
12 балл
|
Алған білімін
өмірде
пайдалануға
дағдыланады
|
Оқушылардың танымдық қабілеттерінің даму деңгейін анықтау кестесі:
Мектеп N..... Сынып ........... Пән .............. Мұғалім ........................
Мерзімі «.......»...............
Деңгейлер
|
1-ші жыл
/
|
2-ші жыл
/
|
3-ші жыл
/
|
|
оқушылар саны
|
оқушылар саны
|
оқушылар саны
|
Білу
|
|
|
|
Түсіну
|
|
|
|
Қолдану
|
|
|
|
Жүйелеу (талдау)
|
|
|
|
Жинақтау (топтау)
|
|
|
|
Бағалау
|
|
|
|
№
|
Оқушының
тегі, аты- жөні
|
Білу
|
Түсіну
|
Қолдану
|
Жүйелеу
|
Жинақтау
|
Білімді бағалау
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: Бірінші бағанға оқушының тегі, аты-жөні жазылады. Одан әрі + белгісімен осы оқушының бақылауға (диагностикалау) алынған кездегі танымдық қабілетінің деңгейі көрсетіледі.
ІІІ деңгей тапсырмалары – «білу» және «талдау» деңгейіне;
ІІ деңгей тапсырмалары – «қолдану» және «талдау» деңгейіне,
І деңгей тапсырмалары – «топтау» және «білімін бағалау» деңгейіне сәйкес келеді.
Егер оқушының шамасы тек қана ІІІ (жеңілдетілген) деңгей тапсырмаларына жететін болса, оның танымдық қабілеттерін даму деңгейі ең төменгі талап деңгей - «білу» және «түсіну» ауқымында. ІІ деңгей тапсырмаларын орындайтын оқушы «топтау» және «білімін бағалау» деңгейінде.
Зерттеу жүргізілгенде диагностиканы оқу жылының басында және соңында 3-4 жыл бойына өткізуге болады. Бұл жеке оқушының да, сыныптың барлық оқушыларының да танымдық қабілеттерінің даму динамикасы анықтауға мүмкіндік береді.[7]
Білу
Жаттайды,қайталайды,еске түсіреді,қалдырып кеткен әріптерді орындарына қояды,тыныс белгілерін қояды, формуланы жазып алады,көшіреді, диктант жазады,сипаттайды,сәйкестендіреді, хабарлайды, әңгімелеп береді, дәл сол қалпында қайта құрастырады,(бұл әрекеттерді жалғастыра беруге болады, сондықтан көп нүкте қоямын) ...
Түсіну
Әңгімелейді,түсіндіреді,өз сөзімен мазмұндап береді,екі ұғымды (объектіні,құбылысты) салыстырады,ереже құрастырады,мысал келтіреді,топпен талқылайды,тірек схемалар арқылы түсіндіреді/көрсетеді,анықтама құрастырады, «Неліктен? Не үшін?» деген сұрақтарға жауап береді,анықтама не формуланы ойлап шығарады,формуланы (теореманы, орфограмманы) түсіндіреді, интерпретациялайды,қорытындылайды,өз сөзімен айтып береді,түсіндіреді, кестемен (сөзбен,суретпен,графикпен,сызбамен,схемамен,диаграммамен, слайдпен) көрсетеді,суретін салады,постер жасайды,болжайды,басқа тілге аударады,түрлендіреді, ...
Қолдану
Есеп шығарады,сөйлем құрастырады, берілген схема (алгоритм) бойынша орындайды, модельдейді, кескін картамен жұмыс жасайды,хронологиялық кесте жасайды,иллюстрациялайды, атласпен жұмыс (саяхат) жасайды,жасап көрсетеді, рөлдер ойнайды,тәжірибе-эксперимент қояды,макет/құрылым жасайды, приборлармен жұмыс жасайды,жағдаят құрастырады/ойнайды,сахналайды (инсценировка),шолу жасайды,ұйымдастырады, санайды/өлшейді,есептейді, жоспарлайды,эксплуатациялайды, зерттейді, ...
Талдау
Дәлелдейді,сараптайды, жан-жақты салыстырады,құрамдас бөліктерге бөледі,бір-біріне қарсы қояды,сынайды, «Неліктен? Не үшін?» деген сұрақтарға жан-жақты (тереңінен) жауап береді,себеп-салдарын айқындайды,астарлы мағынасын (жасырын мағынасын) айқындайды,жіктейді (классификациялайды), категорияларға бөледі,тестілейді (тексереді),жасалу алгоритмін құрастырады, қателерді табады,кері есеп шығарады,ретке (тәртіпке) келтіреді,жасалған жұмысты талдайды,постер жасайды,топтастырады (кластерлейді),жасалған жұмыстың алгоритмін келтіреді,проблеманы шешу, ...
Жинақтау/Синтез
Шығармашылық жұмыспен айналысады:эссе,өлең,мақала,шығарма, ертегі,әңгіме (сторителлинг),баяндама,сөз,жоспар,сценарий жазады,слайд жасайды, есептер/жаттығулар құрастырады,жоба жасайды,тест сұрақтарын құрастырады, компьютерлiк бағдарлама жазады,тақырып бойынша сабақ жоспарын құрастырады,ғылыми гипотеза (болжау) құрастырады,құрамдас бөліктерді жаңаша біріктіреді, ...
Бағалау
Бірнеше жауаптың (ұсыныс, ұсқа,пікір,т.б.) ішінен біреуін таңдайды, таңдауды негіздейді (дәлелдейді),өзіндік шешім қабылдайды,қажеттілігін (маңызын,пайдасын,құндылығын,зиянын)айқындайды,дұрыс-бұрысын ажыратады, дәлелдейді,тұжырымдайды,жақтайды немесе қарсы шығады,өз пікірін дәлелдеп келтіреді,керектісін таңдап алады,тізім (рейтинг) жасайды.[9]
Сын тұрғысынан ойлау – бақылау,тәжірибе,толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс болып табылады,сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз,түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау,бағалау,түсіндіру,метатану кіреді.
Осы орайда химия пәнін оқыту кезіндегі түрлі тәсілдердің бірі Блум таксономиясына тоқталғым келеді.
Оқытуда танымдық мақсаттарды қою мен анықтау мәселелері бойынша 1956 жылы американ ғалымы Бенджамин Блум өз таксономиясын ұсынды. Таксономия (грекше,taxis- орналасу,құрылыс,тәртіп және nomos- заң)- барлық оқу материалдарының белгілі бір реттілігін құрастыру мақсатында нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.Блум таксономиясын сабақта тиімді қолдану арқылы оқушылардың өзіндік ой - пікірлерін еркін жеткізуді,өзіне сын көзбен қарауды,әр нәрсеге күмән келтіруді,есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамытуды қалыптастырады.Блум өзінің «Таксономия» атты еңбегінде білімді игеруге қарапайымнан күрделі үрдіске бағытталған 6 когнитивтік (танымдық) аймақты атап көрсетті.Олар: білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау және бағалау.
І деңгей. Білу.Оқушының іс – әрекеті ми қыртысындағы ақпараттың ұзақ уақыт есте сақталуы негізінде жүзеге асады.Бұл деңгейде оқушы ақпараттарды (терминдерді,нақты деректерді,құбылыстарды,әдістерді,заңдылықтарды,заңдарды, теорияларды) жатқа біледі.Оқушының қандай түсініктерді білуі керек екенін анықтайтын деңгей.Мысалы,«Заттар массасының сақталу заңы» тақырыбын өткенде оқушы: «химиялық реакция теңдеуі» ұғымына анықтама беру;химиялық реакция теңдеуінің құрылымын жазып,қосылыстардың құрамын айту;химиялық реакцияның үш белгісін білу керек. Ал қалған бес деңгей осы ақпараттың негізінде жүзеге асады.
II деңгей.Түсіну Сабақ барысында оқушы оқу материалдарын өз сөзімен қысқаша баяндайды және әр түрлі жағдайларда қолданылуын түсіндіреді.Оқушы өз түсінігі бойынша қандай өзгерістердің болатынын және салдары мен нәтижелеріне болжам жасайды.Мысалы,оқушы:атом- молекулалық ілімнің негізінде заттар массасының сақталу заңын;химиялық реакция теңдеулерінің оқылуын;химиялық реакцияға мысалдар келтіруді түсінуі керек.
III деңгей.Қолдану.Бұл деңгей меңгерілген білімдердің нақты жағдайларда қолданылуына негізделген.Берілген тапсырмада ережелердің, ұғымдардың, әдіс-тәсілдердің практикалық тұрғыдан қолданылуы қарастырылады. Түсіну деңгейіне қарағанда оқу материалдарының терең игерілуін талап етеді.
Мысалы,оқушы:химиялық реакция теңдеулерін жазуда заттар массасының сақталу заңын: реакция теңдеуіндегі бастапқы заттар (реагенттер) мен өнімдердің химиялық тілде жазылуын;тотығу дәрежесі және валенттілік бойынша химиялық формулалардың құрастырылуын;химиялық реакция белгілерінің негізінде қоршаған ортадағы химиялық құбылыстардың анықталуын; есептер шығаруда заттар массасының сақталу заңының қолданылуын білуі керек.
IV деңгей. Талдау. Бұл деңгей оқу материалдарының құрылымын жалпы және нақты белгілері бойынша бірнеше бөліктерге жіктеу үшін оқушының логикалық ойлауын талап етеді.Оқушы қасиеттері және табиғаты бойынша жіктелген бөліктердің арасындағы айырмашылық пен байланыстарды қарастырады.Мысалы,оқушы:химиялық және физикалық құбылыстардың айырмашылығын;химиялық реакцияның типтерін;
V деңгей. Жинақтау (жүйелеу).Бұл оқушының өзінде бар білімдеріне сүйене отырып,жаңа жағдайда қолдануға болатын әдіс-тәсілдерді ұсынуға;яғни шығармашылық қабілеттерінің дамуына негізделген деңгей.
Мысалы,оқушы:химиялық реакцияларды жіктеуге;химиялық реакция теңдеулерін теңестірудің алгоритмін ұсынуға;қосылу және айырылу реакция теңдеулеріне анықтама беруге қабілетті болуы керек.
VI деңгей.Бағалау. Оқушының оқу материалының құрылымын логикалық және жазбаша түрде бағалаудағы, өзіндік ой – пікірін білдірудегі және жасалынған қорытындылардың оқу материалына сәйкестігін анықтаудағы таным мен ойлаудың жоғары деңгейі.Мысалы,оқушы: табиғаттағы және тірі организмдердегі химиялық реакция теңдеулеріне мысалдар келтіруді;заттар массасы сақталуы заңының табиғаттағы маңыздылығын;мұғалім көрсеткен тәжірибенің негізінде қорытынды жасай білуі керек.[8]
Блум таксономиясы белгілі бір реттілікпен құрастырылған мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады.Блум таксономиясын сабақта тиімді қолдану үшін қажет етістіктер мен мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің арасындағы байланыс кестеде көрсетілген:
Ойлау деңгейі
|
Анықтамасы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Қолданылатын етістіктер
|
Білу
|
Оқыған материалды есінде сақтап, қайта айтып беру.
|
Оқушыға түсіндіреді, көрсетеді, бағыт береді.
|
Қабылдайды, есте сақтайды, тану
|
Атау, есте сақтау
|
Түсіну
|
Берілген ақпаратты түсіну, мәселені өз сөзімен жеткізу
|
Салыстырады, қарама-қайшы-лық туғызады, көрсетеді
|
Түсіндіреді, қайта өңдейді, айқындайды
|
Талқылау, анықтау, айту
|
Қолдану
|
Оқыған ақпаратты жаңа жағдайда қолдану
|
Бақылайды, көмектеседі, тағайындайды
|
Мәселені ше-шеді, білім-дерін көрсетеді
|
Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, жаттығу, тәжірибе жасау
|
Талдау
|
Ақпаратты бірнеше бөліктерге жіктей білу
|
Бағыттайды, зерттейді, ақпарат береді
|
Ажыратады, жіктейді, талқылайды
|
Топтау, саралау, салыстыру, зерделеу, зерттеу, бөлу, арақатынасын белгілеу, реттеу, қарама-қарсы қою, түсіндіру, тексеру
|
Жинақ-тау
|
Алынған ақпарат негізінде ойды жинақтау
|
Талқылайды, жинақтайды, бағалайды
|
Жинақтайды, жоспарлайды, тұжырымдайды
|
Қайта құрастыру, біріктіру, өңдеу, тұжырымдау, алмастыру жоспарлау, ойластыру, түрлендіру, ұйымдастыру, әзірлеу, дайындау, орнату, іске асыру
|
Бағалау
|
Нақты белгіленген критерийлер бойынша бағалау
|
Нақтылайды, айқындайды, бағалайды
|
Таңдайды, бағалайды
|
Таңдау, түсіндіру, салыс-тыру, бөлу, қорытынды жа-сау, өлшеу, санау, болжау, жорамалдау, негіздеу, ұсыну, айыптау, дәлелдеу, сендіру, шешім шығару, қадағалау, тексеру, бағалау
|
Оқушыларға тапсырма беруде және сұрақтар қою кезінде мына ережелерді есте сақтаңыз:сұрақ қойған кезде неге сол сұрақты қойғаныңызды ойланыңыз;сол сұраққа қандай жауапты күтетініңізді ойланыңыз;әрдайым қарапайым сұрақтан бастаңыз;қойылған сұрағыңыз бен тапсырмаңыз нақты болуын қадағалаңыз;оқушылардың қойылған сұраққа сыныпта жеке,жұпта және топта жауап бере алатынындай болуын қарастырыңыз.
Блум таксономисы бойынша қойылған сұрақтан мен тапсырмалар оқушылардың алған білімдерін жетілдіруге,өзіндік ой-пікірін қалыптастыруға бағытталған.Сонымен қатар пәнге деген қызығушылықтары артып,өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.[10]
Достарыңызбен бөлісу: |