Терапия Артериальная гипертензия ! Брадикардия, атриовентрикулярлы бөгет түріндегі жанама әсер қайсы антигипертензивті препаратқа тән?
* Нифедипин 20 мг
* Амлодипин 5 мг
* Периндоприл 4 мг
*+ Бисопролол 5 мг
* Лозартан 50 мг
! 19 жасар жігіт, аяқтарындағы жансыздануға шағымданады. Қарап тексергенде: кеуде торшасы жақсы қалыптасқан, тар жамбас, аяқтары жіңішке. яремной ойығында айқын пульсация анықталады. Артериальды қан қысымы оң жақта 190/120 мм.сын бағ. сол жақта 120/80 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті, негізінде жауырын аралық кеңістікке берілетін систолалық шу естіледі. Рентгенографиясында: жүрек көлеңкесінің жоғарғы контурының 3 саны тәрізді деформациясы, III-VIII қабырға узурациясы.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
*+ Қолқа коарктациясы
* Гиперальдостеронизм
* Түйінді периартериит
* Спецификалық аортоартериит
* Қолқа доғасының туа пайда болған ирелеңі
! 35 жасар ер адам, бас ауруына, аяқ-қолдарының жансыздануына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруға, айқын әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде: аяқ-қолдарының парестезиясы. Тізе рефлекстері жоғарылаған. Артериальды қан қысымы 190/120 мм.сын бағ. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті. Калий 3,1 ммоль/л, натрий 142 ммоль/л, мочевина 5,6 ммоль/л.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
* Феохромоцитома
* Гиперкортицизм
* Қолқа коарктациясы
*+ Гиперальдостеронизм
* Бүйрек артерияларының стенозы
! Ер адам, 52 жаста, бас ауыруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Анамнезінде: 5 жылдан бері, 600 метр жүргенде, 5 қабатқа көтерілгенде төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды, физикалық жүктемені қойғанда ауру сезімі қайтады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 95 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 180/90 мм.сын бағ.
Аталған препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?
*+ Бета-адреноблокаторлар
* Ұзақ әсерлі нитраттар
* Кальций антагонистері
* Ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторлары
* Тиазидті диуретиктер
! 55 жасар әйел, шүйде аймағындағы ауру сезіміне, тез шаршағыштыққа, кешке қарай табанындағы ісінулерге шағымданады. Анамнезінде 4 жылдан бері артериалдық қан қысымы 170/110 мм.сын бағ. дейін көтеріледі. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 85 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 160/100 мм.сын бағ. Қандағы ренин деңгейі төмендеген.
Аталған препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?
* Бисопролол 5 мг
* Амлодипин 5 мг
* Периндоприл 4 мг
*+ Индапамид 2,5 мг
* Лозартан 50 мг
! 35 жасар әйел, қатты бас ауруына, шөлдеуге, жүрек қағысына, төс артындағы ауру сезіміне, айқын әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде бір жыл бойы гипертензиялық криздер, криз жиі көп мөлшерде зәр шығарумен аяқталады. Қарағанда: қозған, терісі боз, ылғалды. Дене температурасы 37,80С. Пульсі 115 соққы минутына. Артериальдықан қысымы 180/110 мм.сын бағ.Жүрек тондары тұйықталған. Қан талдауында: эритроциттер 5,2х1012/л, гемоглабин 145 г/л, лейкоциттер 16,3х109\л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Қандағы қант 6,7 ммоль/л.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал зерттеу әдісі қайсысы?
* Рентгенография
* Электрокардиография
* Ультрадыбысты зерттеу
* Радиоизотопты сканирлеу
*+ Магнитті-резонансты томография
! Төменде келтірілген препараттардың ішінде гипертониялық кризді басу үшін қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?
* Дилтиазем
* Верапамил
* Бензогексон
* Индапамид
*+ Нифедипин
! 49 жасар әйел, жүрек қағуына, бүкіл денесіндегі дірілге, мазасыздану сезіміне, жылағыштыққа, әлсіздікке шағымданады. Объективті: тері жабындылары қызарған, экзофтальм, склера тамырларының инъекциясы, аяқ-қолдарының треморы, тыныс жиілігі минутына 23 рет, пульсі минутына 110 рет кернелген, қысымы - 220/90 мм.сын бағ. Жүрек тондары ырғақты, аортада ІІ тонның акценті, жүрек ұшында және аортада систолалық шу.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
*+ Диффузды токсикалық жемсау
* Климактериялық синдром
* Артериалды гипертензия
* Феохромоцитома
* Аорта қақпақшасының стенозы
! 58 жасар ер кісі. Сол аяқ-қолының кенеттен әлсіздігіне, бас ауруына, бас айналуына шағымданады. Бүгін төсектен тұрып, құлады. Объективті: есі анық, оң мұрын ерін қыртысы тегістелген, жоғарғы оң қабақтың птозы. Сол аяқ-қолының бұлшықет күші қатты төмендеген. Жүрек тондары тұйықталған, аортада ІІ тонның акценті, артериалды қысымы 190/100 мм.сын бағ. Өкпесінде артқы-базальді бөлімдерінде бірлі-жарым сырылдар, тыныс жиілігі минутына 22 рет.
Аталған клиниклық жағдайлардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?
* Энцефалопатия
*+ Ишемиялық инсульт
* Гипертониялық криз
* Субарахноидалды қан құйылу
* Вертебро-базилярлы жетіспеушілік
! 30 жасар ер кісі. Жүрек қағуына, көрудің нашарлауына, белдің ауруына шағымданады. Объективті: қысымы 240/120 мм.сын бағ. пульсі минутына 64 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, аортада, V нүктеде систолалық шу. Эпигастрийде сан артериясының проекциясына берілетін систолалық шу естіледі. Көз түбінде: торлы қабаттың ісінуі, «мақталы фокустар», қан құйылулар.
Төменде келтірілген зерттеу әдістерінің ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?
*+ Тамырлардың ангиографиясы
* Изотопты ренография
* Сцинтиграфия
* Эхокардиография
* Ультрадыбысты зерттеу
! 40 жасар ер кісі. Әлсіздікке, бас ауруына, көрудің нашарлауына шағымданады. 10 жыл бүйрек ауруын байқады. Объективті: боз, беті ісінген, қысымы 210/120 мм.сын бағ. Қанда: эритроциттер 2,9х1012 /л, Hb 87 г/л, лейкоциттер 7х109 /л, ЭТЖ 45 мм/сағ. Зәр анализінде: лейкоциттер 4-5 көру алаңында, эритроциттер 5-8 көру алаңында. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 800 мл, тығыздығы 1007-1015.
Аталған зерттеулер ішінде ЕҢ ақпаратты қайсысы?
* Изотопты ренография
* Көз түбін зерттеу
* Плазмада рениннің деңгейі
* Ультрадыбысты зерттеу
*+ Реберг сынамасы
! Науқас 35 жаста. Кенеттен құсуға және лоқсуға бас ауруымен шағымданады. Анықталды: тері бозғылттығы, тахикардия, дірілдеу, АҚ 230/140 мм.сын бағ. көтерілуі. Гипергликемия. Глюкозурия. Протеинурия. Лейкоцитоз.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
* Қант диабеті
*+ Феохромоцитома
* Иценко-Кушинг ауруы
* Конн синдромы
* Гипоталамустық синдром
! Әйел дәрігерге бас айналуымен, үрей, қорқыныш сезімімен келді. Объективті: беті бозғылт, суық.ЖСЖ минутына 100 рет, АҚ - 230/140 мм.сын бағ көтерілуі. Терапевт феохромацитома гипертониялық криз диагнозын қайды. Қай дәрілік препарат ең сәйкес көрсетілген.
* Дибазол
*+ Фентоламин
* Капотен
* Коринфар
* Пентамин
! Соңғы жылдары артериалды қысмы жоғарылап, жүрген 57 жастағы ер адам
клиникада зертелуде.
Науқаста жүректің солжақ қарыншасының гипертрофиясын нақтылайтын ЕҢ ақпаратты және қол жетімді әдіс:
* Сцинтиграфия
* Рентгенография
* Велоэргометрия
*+ Эхокардиография
* Вентрикулография
! Артериальды гипертониямен ауыратын 49 жастағы ер адам, ірі ошақты миокард инфарктісін алған соң ырғақ бұзылыстары, экстрасистолиялар пайда болды.
Осы науқасты емдеуге ЕҢ тиімді дәрілік препаратты таңдаңыз?
* Нитраттар
* Диуретиктер
* ААФ ингибиторлары
*+ Бетта-блокаторлар
* Жүрек гликозидтері
! 72 жастағы әйел 30 жылдан аса артериальды гипертензиямен ауырады. Зәр анализінде үнемі протеинурия анықталады.
Гипертониялық нефросклерозды нақтылауға ақпаратты биохимиялық көрсеткіш ЕҢ мүмкін:
* Мочевина
*+ Креатинин
* Электролиттер
* Жалпы белок
* Зәр қышқылы
! 59 жастағы әйел айқын бас ауыруына, бас айналуына, лоқсу, қайталамалы құсу, көз алдында шіркейлердің көрінуіне шағымданады. Қарағанда: жүрек шегі солға ұлғайған, аортада II тонның акценті. АҚ 180/100 мм.сын бағ.
Осы жағдайды жоюға төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ қажет?
* Но-шпаны
* Дофаминді
* Папаверинді
* Преднизолонды
*+ Нитропруссидті
! Қыз 19 жаста. Бұрын кезеңді түрде басының ауыратынын байқаған. Сирек ЖРВИ болған. Қарағанда: гипостениялық дене қалпы, ісіктер жоқ. Жүрек тондары жеткілікті дыбысты, ырғағы дұрыс, ЖСЖ минутына 80 рет, АҚ 170/120 мм.сын бағ. ЭКГ-да, ЭХОКС-те сол қарыншаның гипертрофиясы белгілері. Изотопты ренографияда оң бүйректің васкулярлы сегменті өзгерген. Гипотензиялы препараттармен терапия нәтижесіз.
Артериялық гипертензияның ЕҢ мүмкін болатын себебі қандай?
* Созылмалы пиелонефрит
* Созылмалы интерстициалды нефрит
*+ Бүйрек артерияларының фибромускулярлы дисплазиясы
* Бүйрек туберкулезі
* Біріншілік альдостеронизм
! Ер адам 60 жаста, өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауырады. Жыбырлы аритмия ұстамалары, артериялық гипертензия пайда болды.
Қандай препараттарды қолданған дұрыс?
* β-блокаторлар
* Калий каналдарын белсендірушілер
* Кальций антогонистері, дегидроперидиндер туындысы
*+ Кальций антогонистері, бензотиазипиндер туындысы
* Жүрек гликозидтері
! Бронх демікпесі бар науқасқа гипертниялық кризді басу мақсатында қай препаратты тағайындау қарсы көрсетілген?
*+ Метопролол
* Изоптин
* Дибазол
* Каптоприл
* Амлодипин