Іс-әрекет – адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі.
Педагогикалық талап әдісі іс әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушілердің санасын дамытады. А.С. Макаренко: “Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп орнатуға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті нәрсе. Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын” , - деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен.
Жаттығу әдісі – мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы.
Жаттығу әдісінің педагогика-психо/лық ерекшелігі – жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналу.
Ойын – бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланын мінез-құлқын қалыптастырып, ой өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді.
Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.
Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді.
Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді.
Құрылыс ойынында бала сызық боцына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең,тар), биіктігі (биік,аласа) бойынша салыстырады.
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қаьылдау сияқты үрлістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару енекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрл