«терминтану» пӘннiң оқу-Әдiстемелiк кешенi


Студенттің өздік жұмысының тақырыптары (СӨЖ)



бет4/11
Дата21.07.2017
өлшемі2,19 Mb.
#21566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


8. Студенттің өздік жұмысының тақырыптары (СӨЖ)



Тақырыбы

Сабақтың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындалуы

Бақылау түрі

Жоғарғы ұпай

1.

Терминология туралы жалпы мәлімет


а)Білім алу деңгейінде:

Терминология туралы жалпы мәлімет беру.

б)Меңгеру деңгейінде:

Әдебиет саласындағы терминдердің қолданылу аясын меңгерту.



с)Таныстыру деңгейі:

Әдебиет саласына қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.

Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.-А., 1998

Ш.Құрманбайұлы Терминтану



Конспект

1 апта

3

2.

Терминдену – термин шығармашылығының бір тәсілі

а)Білім алу деңгейінде:

Халықаралық терминдердің қазақ терминологиясының дамуына қосқан үлесі мен әсері жайында түсінік беру.

б)Меңгеру деңгейінде:

Музыка саласына қатысты барлық терминдерге сараптама жасату



с)Таныстыру деңгейі:

Музыка саласына қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.

Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.-А., 1998

Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. – А., 1967



Реферат

2 апта

3

3.

Сөз таптарының терминдену ерекшеліктері

а)Білім алу деңгейінде:

Термин шығармашылығындағы шарттылық туралы түсінік.

б)Меңгеру деңгейінде:

Тіл біліміне қатысты терминдердің жасалу ерекшелігі мен өлі тілдерден жасалынған терминдерді талдау



с)Таныстыру деңгейі:

Тілі білімі саласына қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.

Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.-А., 1998

Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. – А., 1967



Конспект

3 апта

3

4.

Терминдену және термин шығармашылығындағы шарттылық


а)Білім алу деңгейінде:

Терминдену және термин шығармашылығындағы шарттылық жайында мәлімет беру.

б)Меңгеру деңгейінде:

Медицина терминдерінің лексика-грамматикалық мағынасының болуы.

с)Таныстыру деңгейі:

Медицина саласына қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.

Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.-А., 1998



Конспект

4 апта

3

5.

Терминологиялық өріс


а)Білім алу деңгейінде:

Терминологиялық өріс

Аясына назар аударту.

б)Меңгеру деңгейінде:

Техника ғылымына қатысты термин сөздердің өзге сала терминдерімен байланысы жайында түсіндіру.

с)Таныстыру деңгейі:

Техника ғылымының салаларына қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.



Ахманова О.С.Словарь лингвистических терминов. –М., 1966

Конспект

5 апта

3

6.

Жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен терминдердің семалық құрылысындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктер

а)Білім алу деңгейінде:

Жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен терминдердің семалық құрылысындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктері жайында түсінік қалыптастыру.

б)Меңгеру деңгейінде:

Газет-журнал беттеріндегі термин сөздердің даралығына тоқталу.

с)Таныстыру деңгейі:

Публицистика саласына қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.



Ахманова О.С.Словарь лингвистических терминов. –М., 1966

Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.-А., 1998

Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. – А., 1967


Картатека

6 апта

3

7

Терминнің терминологиялық өрістен тыс қолданылуы


а)Білім алу деңгейінде:

Терминнің терминологиялық өрістен тыс қолданылуына тоқталу

б)Меңгеру деңгейінде:

Саясатқа байланысты терминдердің қолданысын меңгерту.

с)Таныстыру деңгейі:

Саясат ілімдеріне қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.



Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.-А., 1998

Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. – А., 1967



Реферат

7 апта

3

8

Терминдену – салааралық және жүйеаралық омоним тудырушы жұрнақтар

а)Білім алу деңгейінде:

Терминдену – салааралық және жүйеаралық омоним тудырушы жұрнақтар жайында мағлұмат беру.

б)Меңгеру деңгейінде:

Философия іліміндегі термин сөздердің қолданысына басты назарға алу.

с)Таныстыру деңгейі:

Философиялық терминдердің баламалары мен қазіргі сөздік қорды молайтудағы ролін таныстыру.



Ш.Құрманбайұлы Терминтану


Конспект

8 апта

3

9

Терминдер мен омонимдердің арасындағы ұқсастық белгілер

а)Білім алу деңгейінде:

Терминдер мен омонимдердің арасындағы ұқсастық белгілері жайында мәлімдеу.

б)Меңгеру деңгейінде:

Математика пәніне, саласына қатысты терминдердің жасалу жолдарын меңгерту

с)Таныстыру деңгейі:

Математика саласына қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.



Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.-А., 1998

Конспект

9 апта

3

10

Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі


а)Білім алу деңгейінде:

Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуіне басты назарды аударту

б)Меңгеру деңгейінде:

Астрономия/география ғылымына қатысты терминдерге тоқталу, меңгерту



с)Таныстыру деңгейі:

Астрономия/география саласына қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.

Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.-А., 1998

Конспект

10 апта

3

11

Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі жайлы қазақ ғалымдарының пікірлері

а)Білім алу деңгейінде:

Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі жайлы қазақ ғалымдарының пікірлерін талқылау арқылы білімдерін жетілдіру.

б)Меңгеру деңгейінде:

Тамақ өнімдеріне байланысты терминденген сөздердің лексикалық мағынасына тоқталу

с)Таныстыру деңгейі:

Тамақ өніміне қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.

Ш.Құрманбайұлы Терминтану


Реферат

11 апта

3

12

Кәсіби сөздердің терминденуі

а)Білім алу деңгейінде:

Кәсіби сөздердің терминдену ерекшеліктері жайында түсінік беру.

б)Меңгеру деңгейінде:

Заң терминдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері жайында тсүінік беру.

с)Таныстыру деңгейі:

Заң саласына қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.



Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.-А., 1998

Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. – А., 1967



Баяндама

12 апта

3

13

Қазақ терминологиясында кәсіби сөздердің терминдену жолдары

а)Білім алу деңгейінде:

Кәсіби сөздердің терминденуі жөнінде мағлұмат беру

б)Меңгеру деңгейінде:

Экономика және ақша айналымына қатысты халықаралық терминдердің қолданылуы мен терминологиялық өрісі жайында түсінік беру.



с)Таныстыру деңгейі:

Экономика саласына қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.

Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.-А., 1998

Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. – А., 1967



конспект

13 апта

3

14

Аймақтық лексиканың терминденуі


а)Білім алу деңгейінде:

Аймақтық лексиканың терминденуі жөнінде түсінік беру.

б)Меңгеру деңгейінде:

Дене тәрбиесі және физиология саласының терминдерінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу.



с)Таныстыру деңгейі:

Дене тәрбиесі саласына қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.

Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.-А., 1998

конспект

14 апта

3

15

Қазақ терминологиясының зерттелуі

а)Білім алу деңгейінде:

Қазақ терминологиясының зерттелуіне қарастыру

б)Меңгеру деңгейінде:

Еркін тақырыпта қоғамдық қолданыстағы терминдерге ерекше тоқталу арқылы терминдердің сөздік қордағы өзге сөздерден айырмашылығын байқату.



с)Таныстыру деңгейі:

Кез-келген салаға қатысты терминдер бойынша мысалдар теру, терминдердің жасалу ерекшеліктеріне басты назар аударту.

З.Ахметов «Әдебиеттану терминдерінің сөздігі» 1996,1998

Реферат

15 апта

3

9. Студенттердің білімін бағалау жүйесі.

Пәнді игеру бүкіл өтілген материалды қамтитын жазбаша емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты бағдарламада көрсетілген тапсырмалардың барлығын орындау болып табылады.

Қорытынды баға қою кезінде 2 межелік бақылауда жинаған ұпайлар есепке алынады. Оқу үрдісін және білімді бағалауды бөлу ұстанымына сәйкес ауызша емтихан Офис тіркеушімен жүргізіледі.

Әріп баға мен оның ұпаймен сандық көрсеткіші дұрыс жауаптардың пайыздық мәні бойынша төмендегі кестеге сәйкес анықталады:



Студент білімін бағалау жүйесі

Әріптік жүйемен бағалау


Балдар

% ұстау

Дәстүрлі жүйемен бағалау

а

4,0

100

Өте жақсы


а –

3,67

90-94

в +

3,33

85-89

Жақсы


в

3,0

80-84

в –

2,67

75-79

с +

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

с

2,0

65-69

с –

1,67

60-64

d

1,33

55-59

d

1,0

50-54

f

0

0-49

Қанағаттанғысыз


Рейтингіні есептеу



Жұмыс түрлері
Ұпай саны

1

Ағымдағы бақылау:

ОЖСӨЖ және СӨЖ

Аралық бақылау жұмысы



15

30

15



2

Емтихан

40

3

Барлығы

100

Пән бойынша қорытынды бағаны есептеу

1 формула. Межелік бақылау бағасы:

Р = ( Б с) х 100%

Б о

Р – межелік бақылаудың рейтингтік бағасы

Б с – пән бойынша жоғары ұпай

Б о – пән бойынша студент жинаған барлық ұпай саны

100 – коэффицент

2 формула. Қорытынды бағаның есептелуі:

Иэ = РИ * 0,6 + Э * 0,4

Иэ – қорытынды емтихан бағасының пайыздық мөлшері

РИ – қорытынды межелік бақылау бағасының пайыздық мөлшері

Э – емтихан бағасының пайыздық мөлшері

0,6 және 0,4 - коэффиценттер

10. Саясаты мен процедурасы

Жұмыстың барлық түрін(ең жоғары ұпай, айып және ынталандыру ұпайлары) қамтиды; Сабақты босату – сіздің оқуға ынтаңыздың көрсеткіші, сондықтан курс бойынша қорытынды баға шығаруда есепке алынады. Тапсырма уақытында орындалмаса, әр жолы бағаңыз жарты ұпайға кемітіліп отырады. Оқытушы әрқашан да сабақта кім жоқ екенін біледі. Сіздің міндетіңіз сабаққа қатысу, оқу. Кездейсоқ жағдайлар мен ауырып қалуыңыз ғана себепті деп саналады.

Бұл жағдайда оқытушыға болған жайды хабарлап, алдын-ала тапсырманы өткізуіңіз керек. Телефон шалып, хабарлама қалдырыңыз.

Өз жұмыс орнында болып, міндеттін атқармау да жазаға тартылуға себеп болады. Курс бойынша барлық тапсырмалар кестеде көрсетілген сабақтың басталуына дейін орындалуы керек. Белгіленген мерзімнен кейін өткізілген тапсырмаларға қойылатын баға төмендетіледі де өз кезегінде қорытынды бағаға әсер етеді. Сабақ кестесі бойынша дәрісханада орындаған жұмыстарыныз да есепке алынады. Сабақта болмасаңыз, дәрісхана жұмысын орындамағаныңыз және сабақтан қалғаныңыз үшін жазаланасыз.

Курсты игеру белсенді жүзеге асырылуы керек.Үй тапсырмасын орындауға кемінде аптасына 2-3 сағат уақыт бөліну керек. Кестеге сәйкес оқытушыдан үнемі кеңес алып тұрыңыз. Оқулықты тек тапсырма орындау барысында емес, курсты игеру барысында үнемі оқып отыру керек. Әр тапсырмаға дайындалу керек. Курсты игерудің табысты болуы көбінесе сіздің дәрісханалық жұмысты орындауға қатысуыңызға байланысты болады. Сабаққа жақсы қатысу, белсенділік таныту, оқытушының тапсырмаларын мерзімінде және сапалы орындау аттестация мен емтиханда көмектеседі. Емтихан сіздің теориялық біліміңізді тексеруге ғана емес, тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіңізді бағалауға да бағытталады. Емтиханда тест түріндегі сұрақтарға жауап бересіздер. Емтихандағы барлық тапсырмалар үй жұмысына, дәрісхана жұмыстарына негізделеді.

Аралық аттестация өтілген материал баршаға міндетті және өтілген тақырып бойынша алынады:



  • біреуден көшіріп алуға;

  • сіз үшін басқа біреудің орындауына;

  • жұмысты белгіленген уақыттан тыс өткізуге;

  • топтық тапсырмаларды орындауға қатыспай, сол үшін ұпай сұрауға және т.б.

Курсқа деген сіздің қарым-қатынасыңыз ЖОО студентіне лайық болады деп ойлаймыз. Сабақ босатуға, кешігуге, дәрісханада тәртіпсіздік жасауға, оқытушы мен студенттерді сыйламауға болмайды. Материалды талқылап, қажетті сұрақтар қою үшін, тақырыпты ашуға сын көзбен қарап, шешімін табу үшін және болашақ жұмысынызға қажетті білімнің бәрін алу үшін дайындалып келуіңіз керек.

ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ

Терминдер - ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы ұғымдар мен жеке сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады. Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды. Бұларда стильдік бояу болмайды.

Терминология - белгілі бір тілдің аясында қолданылатын терминдерді жүйеге келтіріп жинақтайтын лексикология саласы.

Лексикография - сөздерді жүйелеу және сөздік жасау ерекше-ліктері

Жалпыхалықтық лексика - белгілі бір тілде сөйлейтін халықтың барлығына түсінікті сөздер

Арнаулы лексика - белгілі бір тілде сөйлейтін халыктың барлығына бірдей түсінікті бола бермейтін, тек бір сала, бір мамандық иелеріне ғана түсінікті сөздер

Тарихи сөздер - кұрам, заманның өзгеруіне қарай қолданыстан шыққан, өз дәуірімен бірге көнерген тарихи атаулар.

Архаизмдер - халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпының заман өзгеруіне байланысты басқа сөздермен ауысуы немесе қолданыстан шығып қалуы.

Неологизмдер - жаңа ұғымдарды, жаңарған түсініктерді білдіретін сөздер.

Белгілі бір кәсіп, шаруашылық саласы адамдарына ғана солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады.



Салыстырмалы – тарихи зерттеу әдісі – шығу тегі жағынан бір – біріне жақын тілдерді салыстыра зерттейтін әдіс.Негізгі мақсаты – туыс тілдердің арақатынасын анықтап зерттеу арқылы олардың даму жолдарын сипаттау.Оның қалыптасуы Еуропа ғалымдарының көне үнді әдеби тілінің үлгісі санскритпен танысуынан басталып, 18 ғ. 2 – жартысы мен 19 ғ. Басына сәйкес келеді.

Типологиялық зерттеу әдісі – тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу. Типологиялық тіл білімі жалпы тіл білімінде анықталған құрылымдық және функционалдық концепцияларға сүйене отырып, жеке тілдерді зерттеуге негізделеді.

Структуралық әдіс – тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде (нақты ғылымдарға жақындығын) зерттейтін әдіс. Қалыптасқан кезі – 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары.

Математикалық әдіс – табиғи және кейбір жасанды тілдердің құрылысын аппарат арқылы формалды түрде зерттейтін әдіс. Тіл біліміндегі негізгі ұғымдарды нақтылау қажеттілігіне байланысты 20 ғасырдың 50-жылдарында пайда болған.

Мағына – семантиканың негізгі категориясы, оның басты ұғымы болып саналады.

Сөз мағынасы - белгілі бір зат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі -тіркесі.

Ауыспалы мағына - сөз мағынасын екінші бір мағына мен алмастыру. Ауыспалы мағынаның негізі тура мағынадан алынады. Ауыспалы мағына сөз тіркестері мен сөйлемде ғана анықталады. Жеке тұрғанда (тіркес, сөйлем-ге мүше болмаған жағдайда) сөз тек тура мағынада ғана болады.

Синонимдік қатар - мағыналарының жалпы жақындығына қарай бір топқа жинақталуы деп аталады.

Антонимдер - тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мысалы: жақсы — жаман, ескі - жаңа, бар — жоқ.

Табу - Халықтың қоршаған орта, табиғат, адамдар арасындағы қарым-қатынас ұйымдарының тілдегі өрнектеліп, бейнеленіп, оның екінші бір сөздермен ауыстырылып аталуы.

Эвфемизмдер - жағымсыз естілетін сөздерді сыпайы жеткізу. Мысалы: қосып айту, тұздап айту (өтірік айту), жарық дүние есігін ашу (туу), ақ саусақ (жалқау).

Эвфемизмдерге қарама-қарсы сөздер - дисфемизмдер - сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айту. Дисфемизмдер - кемсіту, қорлау, жаратпаудан тұтас сөздер. Мысалы: боқмұрын (жас), қырт (сөзшең). Дисфемизмдер әдеби тілге жатпайды. Сөйлеу кезінде дисфемизмдерді қолдану адамның мәдениетсіздігін, әдепсіздігін көрсетеді.

Көнерген сөздер - сөз қолданысынан шығып кетіп, мағыналары көмескіленген сөздер.


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

«Терминтану» пәнін меңгеруге арналған әдістемелік



нұсқаулығы

Семей, 2013 ж

Әдістемелік нұсқаулық мазмұны:

Оқу курсының құрылымы: ««Терминтану» курсы – жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына оқылатын ғылыми-теориялық пән. Терминтану пәнінде қазақ тілінің терминологиялық жүйесі, оның қалыптасуы мен даму жолдары, терминдердің жасалу тәсілдері, жаопсыхалықтық тілдегі сөздердің термииндену жолдары, сөз таптарының терминдену жолдары сияқты мәселелер қарастырылады.

Болашақ тілші мамандарды қазақ тілінің терминологиялық жүйесі, салааралық терминдердің қалыптасу жолдары, терминологиялық жүйенің даму заңдылықтары, сөз таптарының терминдені, бейтерминдену туралы мәліметтермен қаруландыру.

Оқу пәнін меңгертудің ерекшеліктері: Практикалық сабақтар теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді, студенттер тілдің әр түрлі субстантивтік және реляциялық мағына элементтерін ажырата білуі және топтастыра білу дағдысын меңгеруі тиіс. Практикалық сабақтар әр тақырып бойынша блок түрінде өткізіледі, одан әрі студенттердің білім дәрежесін тест арқылы тексеру, бақылау жұмыстары арқылы іске асады. Тұтас блоктарды тестік тәсіл арқылы жалпы бақылау, қорытындылау жағдайы ұсынылады.

  • Курс бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру формалары: Өз жұмыс орнында болып, міндеттін атқармау да жазаға тартылуға себеп болады. Курс бойынша барлық тапсырмалар кестеде көрсетілген сабақтың басталуына дейін орындалуы керек. Белгіленген мерзімнен кейін өткізілген тапсырмаларға қойылатын баға төмендетіледі де өз кезегінде қорытынды бағаға әсер етеді. Сабақ кестесі бойынша дәрісханада орындаған жұмыстарыныз да есепке алынады. Сабақта болмасаңыз, дәрісхана жұмысын орындамағаныңыз және сабақтан қалғаныңыз үшін жазаланасыз.

  • Курсты меңгеруде студенттің жеке жұмысының ролі: Курсты игеру белсенді жүзеге асырылуы керек.Үй тапсырмасын орындауға кемінде аптасына 2-3 сағат уақыт бөліну керек. Кестеге сәйкес оқытушыдан үнемі кеңес алып тұрыңыз. Оқулықты тек тапсырма орындау барысында емес, курсты игеру барысында үнемі оқып отыру керек. Әр тапсырмаға дайындалу керек.

  • Курсты меңгеру кезіндегі студенттің өздік және аудиториялық жұмысының ара қатынасы: Курсты игерудің табысты болуы көбінесе сіздің дәрісханалық жұмысты орындауға қатысуыңызға байланысты болады. Сабаққа жақсы қатысу, белсенділік таныту, оқытушының тапсырмаларын мерзімінде және сапалы орындау аттестация мен емтиханда көмектеседі. Емтихан сіздің теориялық біліміңізді тексеруге ғана емес, тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіңізді бағалауға да бағытталады. Емтиханда билет түріндегі ауызша сұрақтарға жауап бересіздер. Емтихандағы барлық тапсырмалар үй жұмысына, дәрісхана жұмыстарына негізделеді.

  • Мамандандырылған мамандық түлегінің біліктілік мінездемесіне сәйкес курсты оқу кезінде мпеңгерілетін білім мен білікке қойылатын талап: Аралық аттестация өтілген материал баршаға міндетті және өтілген тақырып бойынша алынады. Курсқа деген сіздің қарым-қатынасыңыз ЖОО студентіне лайық болады деп ойлаймыз. Сабақ босатуға, кешігуге, дәрісханада тәртіпсіздік жасауға, оқытушы мен студенттерді сыйламауға болмайды. Материалды талқылап, қажетті сұрақтар қою үшін, тақырыпты ашуға сын көзбен қарап, шешімін табу үшін және болашақ жұмысыңызға қажетті білімнің бәрін алу үшін дайындалып келуіңіз керек.


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

«Терминтану» пәнінен дәріс сабақтарының қысқаша конспектісі

Семей, 2013

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын 4 курс студенттерінің дәріс сабақтарының қысқаша конспектісі ұсынылған.

Құрастырушы: ф.ғ.к. Әбікенов М.Т.

1-тақырып: Терминология туралы жалпы мәлімет

Дәріс жоспары:

1 Терминология пәні.

2 Терминологияның зерттеу нысаны



Мақсаты: Терминология - өндіріс пен техниканың, ғылым мен өнердің әр саласына тән терминдердің жиынтығы екендігін түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет