2. кеңестік жүйенің «кемістіктерінен», экономика мен қоғамдық қатынастардың жаңа сипатынан, жаңа саяси, мәдени және адамгершілік кұндылыктардан туындаған құрылымдық қайта құру мен жаңғыртуды жүзеге асыру;
3. халықаралык стандартпен үйлесімділік негізінде білім жүйесін интеграциялау.
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 қаңтарда қабылданған «Білім туралы» Заңышындығында алдағы негізгі мақсаттардың декларациясына айналды. Ел жалпы адамзаттық кұндылықтарға, ұлттық және әлемдік мәдениетке, оқу тілін және жеке адамды қалыптастыру мен дамытудың базалық принциптері ретіндегі оқу орнының тұрпатын тандау бостандығына адалдықты жариялады. Білім мекемелері оқу бағдарламаларын, нысандары мен әдістерін таңдауда бұрынғыдан айтарлықтай көп дербестік алды.
Алайда заң басты міндетті - мектепті мемлекеттік қолдаудың, жалпыға бірдей орта білім берудің конституциялық талабын іске асыруды шешпеді. Реформалардың стратегиясы да жеткілікті дәрежеде айқын көрсетілмеді.