ТӘуелсіздігіміздің 25 жылдығына тартуым!!! Оспанова дана ерікқызы



бет3/9
Дата25.08.2017
өлшемі2,33 Mb.
#26239
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Оспан Дана Ерікқызы

  • А. Байтұрсынұлы қандай мәселе төңірегінде ой қозғап отыр деп ойлайсың?

  • Өзің тіл тазалығы, тіл мәдениеті дегенді қалай түсінесің?

  • Осы оймен үндесетін қандай қанатты сөзді білесің?


Тіл тазалығы дегеніміз – ана тілінің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу.

Ахмет Байтұрсынұлы.
11-жаттығу.

  • Дүниеде жамандық неден деп ойлайсың?

  • Тәнді таза ұстау дегенді қалай түсінесің?

  • Тәнді таза ұстаудың маңызы қандай?




  • Жоқ, жамандық аштықтан да емес, махаббаттан да емес, біздің көріп жүрген азабымыздың бәрі – жамандықтың бәрі – біздің тәнімізден: аштық, махаббат, жаман мінез, қорқақтық бәрі тәнге байлаулы. Аштық, махаббат, жаман мінез, қорқақтық бәрі – тәннен өсіп-өнеді, олар тәннің асырап өсірген балапаны.

Сондықтан тәнді таза ұстау керек, деп ақ жүрек ақсақал әңгімені байлады.
Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ»,

Дүниеде жамандық неден? 87-бет.
... Жанды тәнге бас ұрғыздық, еш нәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік...

Абайдың 7-ші қара сөзінен үзінді.
... Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады...

... Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілік, осыған ұқсаған әрбір маскүнемдікке тартып, құмар қылып, ақылдан шығарып жіберетұғын нәрселер осы екеуінен болады. Бұларды түбегейлеткенде жақсы нәрселерді түбегейлетіп, жаман нәрселерден, яғни жоғары айтылмыш секілді адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып жіберетұғын нәрседен бойды ерте тыйып алуға керек...

Абайдың 43-ші қара сөзінен үзінді.
12-жаттығу.

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы

  • Берілген сөйлемдерді оқып шығып, дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.

  • Қандай сөздер арқылы олардыңөзара тепе-теңдігі сақталып тұр.




  1. Абай – тұтас бір халықтың рухани әлемі.

  2. Кемеңгер ойшыл, данышпан Абайдың артында қалдырған мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жетер, мәңгілікпен ұласар асыл қазына.


Логикалық жаттығулар

1-жаттығу.



Шестиугольник 128

2-жаттығу.

  • «Мораль» деген сөзді суретпен беру керек болса, қандай суретті ұсынар едің?


3-жаттығу.

  • Төмендегі сөйлемдерді мағыналары бойынша жүйелеп орналастырғанда тұтас ойды білдіретін мәтін шығуы қажет.




  1. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анықөз ойына, ақылына тексертіп нанбайды.

  2. Олар сендім десе де, анық ақиқат көзі жетіп, ден қойып, ұйып сенбейді.

  3. Оларды мұсылман деп, қалайша иманы бар ғой дейміз.

  4. Және һәмманы жаратқан Құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа азғырады, жақсылыққа жарылғайды, жазғыруы да, жарылғауы да пенде ісіне ұқсамайды,бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек есепсіз жетістіруі де бар деп, бәріне – көндік дейді.

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы

  1. Осы екеуіне лайықты жақсылықты өздері де іздеп таба береді.

  2. Жоқ, онысына мен сенбеймін.

  3. Оны қайтіп түзете аламыз?

  4. Жұрттың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қайта жібермейтұғынын.

  5. Ол екеуіне анық сенген кісі уайым ойлап не керек?

  6. Егер де осы екеуіне бұлдыр сеніп отырса, енді неге сендіре аламыз.

Абайдың 34-ші қарасөзінен үзінді.
4-жаттығу.

  • Құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемге айналдыр, мәтіннің мазмұнында өзгеріс болатын, болмайтынын анықтаңдар.

  • Зейнеп Ахметова кімнің келіні?

  • Отан үшін сендер не істеудесіңдер?


Ерлік аспаннан түспейді, ол Отанды сүюден туады. Отанды сүю үй ішіңнен, от басыңнан өсуде. Ата-ананы, апа-қарындасты, аға-ініні сыйлаған, құрметтеген халқының да қадіріне жетеді. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе.

Зейнеп Ахметова.
5-жаттығу.

  • Берілген сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрауға бола ма? Болса, сөйлемдер, олардан мәтін құраңдар.


Кибернетика. Сусиыр. Қуыршақ.
6-жаттығу.

  • Оқушыларды үш топқа бөліп тапсырма беру.


1-топ «Ғылыми» орталық:

Толымды, толымсыз сөйлемдердің пайдасын зерттеу.

2-топ «Интеллект» орталығы:

Толымды, толымсыз сөйлемдердің суретті схемасын сызу.

3-топ «Іске асыру» («сөзден іске»):

Толымды, толымсыз сөйлемдерді қатыстыра отырып, диалог құру.
7-жаттығу.

  • Төмендегі Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құрал» атты кітабынан алынған жұмбақты шешіп көріңдер.

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы
Бір үйдің төрт аты бар еді.

Еркек жаны екі әке, екі ұл еді.

Еркектері кісі басы бір аттан мінгенде,

Бір ат артық болып шықты. Бұл қалай?
Жауабы: атасы, әкесі, баласы
Тайға мінген балалар жарысып келеді екен.

Бір бала екі баланың алдында келе жатыр.

Бір бала екі баланың ортасында келе жатыр.

Бір бала екі баланың артында келе жатыр.

Неше бала жарысып келеді екен?
Жауабы: үш бала
8-жаттығу.


  • Төменде берілген сөздерді естігенде, сендердің ойларыңа не келеді?


Мектеп, перде, университет, оқушы, сөз, үй, «Қазақ елі», ұстаз, ұйқы, журналист, ғалым.
9-жаттығу.


  • Жай сөйлемнің түрлеріне суретті схема салыңдар.


10-жаттығу.


  • Өлеңмен берілген жолдарды қарасөзге айналдырыңдар.

  • Мазмұнында өзгеріс бола ма?


Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек...

Абай Құнанбайұлы.
11-жаттығу.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы

  • Екі сөйлемнің қайсысы адамды тез сендіреді? Неліктен?


А) Газды пайдаланудың ережелерін дұрыс сақтамау бақытсыз жағдайға әкеледі.

Ә) Газды пайдаланудың ережелерін дұрыс сақтамау бақытсыз жағдайға, драмалық жағдайға әкелуі және кейде соңы трагедиямен аяқталуы мүмкін.
12-жаттығу.


  • «Өмір өзегі» тақырыбына сөзжұмбақ құрыңдар. Сендердің ойларыңша өмір өзегі не?






















ө








































м








































і








































р








































ө








































з








































е








































г








































і
























13-жаттығу.

  • Төменде берілген тақырыптар бойынша адамды сақтандыратын сөйлемдер құрау. Балалар терең, жан-жақты ойланып көріңдер.


А) Жолда жүру ережелерін бұзу жайлы;

Ә) Электр құралдарын уақытында өшірмеу;

Б) Тоғайдағы өшірілмеген от жайлы.
14-жаттығу.

  • Мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздері бар мақал-мәтелді есіңе түсіріп, дәптеріңе жаз. Енді осы мақалды қандай жағдайда айтуға болады деп ойлайсың?


15-жаттығу.

  • Төмендегі сөйлемдерді мағыналары бойынша жүйелеп орналастыр, тұтас ойды білдіретін мәтін құра.


ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы


  1. Құнттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы ешуақытта берекелі болмақ емес.

  2. Ондай таяныш болмаса тіршілік етіп не керек?

  3. Ізденсе, талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт жоқ.

  4. Ал, ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-түйек жұмыста да көрінуі керек. (Ж. Аймауытұлы «Даналар сөзі»)



Шешендікке баулу
1-жаттығу.

  • Фразеологизмдерді қатыстыра отырып «Парақор әкім» тақырыбына әзіл әңгіме құраңдар.


Беті бүлк етпеу, еті тірі, аузы алты қарыс, ашса алақанында, жұмса жұдырығында, мүлгіген өлі тыныштық.
2-жаттығу.

  • Тілдің адам өмірінде алатын орны туралы ой толғап, шағын әңгіме жаз.


Ұлттың тілі кеми бастауы оның құри бастағанын көрсетеді.

М. Жұмабайұлы.
3-жаттығу.

  • Берілген хаттың мазмұнын басшылыққа ала отырып, жауап жазыңдар.




  • Роза, мен сенің көмегіңе өте зәрумін. Сенің қолұшын беретініңе сенімдімін. Алдын ала ризашылығымды білдіремін.


4-жаттығу.

  • Көмек сұрау мәніндегі мәтін-диалогтың фрагментін құрып көріңдер.




  • Досыңнан;

  • анаңнан;

  • көршіңнен;

  • көшеде өтіп бара жатқан адамнан, т.б.


4-жаттығу.

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы


  • Мәтінді жоспармен әңгімелеңдер.

  • Қазақ тілінің қадір-қасиеті, оның таным құралы екені жайлы әңгімелеп беріңдер.


Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған жұрт. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сөзге жатыр.

Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сиған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Оның рухы, жан құпиясы төзім-сезімі сөз құдіретімен тұтас, туыс. Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Тоқтам жоқ.

Қазақ – «ат сүрінгенше» ақыл тапқан, ұшқыр ойды қастерлегне, ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да сөз болған халық.

Ата-бабамыз ауыз әдебиеті дейтін ғажайып мұра қалдырды. Онда қазақ дейтін қалың елдіңқанында, жанында болған қасиеттің бәрі бар. Онда халықтың рухани өрісі, мәртебесі, тұрмыс-салты, мінез-құлқы бар. Қазақтың тілі – сұлу, қонымды да толымды тіл. Сол тіл кестелеп өріп, өрнектеп, өлшейтін, өтпейтін ғажайыптар тудырды: асыл мұра, қазынасы сарқылмас алтын сандық – ауыз әдебиетін жасады. (Билер сөзі)
5-жаттығу.


  • «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» тақырыбына өзіңнің жеке пікіріңді білдіріп көр және пікір-талас өткізіңдер.


6-жаттығу.

  • Он минут уақыт ішінде нақыл сөз, тұрақты сөз тіркестерін қатыстыра отырып әңгіме құрау шарт.


Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел. (Абай)
Беті бүлк етпеу (тұрақты тіркес)
Ақылсыз достан – ақылды дұшпан артық,

Дұшпаныңнан бір сақтан!

Сырты майда, іші қан,

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы
Ел ішінде жар-жора,

Достарыңнан бір сақтанғанда,

Мың сақтан! (Ы. Алтынсарин)
Әдептілік тәрбиеден туады (мақал)
Жегені желкесінен шықты (тұрақты тіркес)
Өтірік пен өсекті жүндей сабап (Абай)
Сөзге құлақ аспау (тұрақты тіркес)
Ақырып айтқан ақылдан,

Ақылмен айтқан сөз артық (мақал)
Сіркесі су көтермеу (тұрақты тіркес)
7-жаттығу.

  • Мәтінге тақырып қойыңдар.

  • Өзіңнің күн тәртібің қандай? Оның ауытқуы қандай жағдайда болады?

  • Мысал келтіре отырып әңгімеле.

Режимнің бұзылуы, ұйқыныңқанбауы немесе шамадан тыс көп ұйықтау, әсіресе ұйықтар алдындағы тым қатты шаршау, тұтқиыл берілу нерв жүйесініңәлсіреуіне әкеп соғады. Сондықтан да өз уақытында ұйықтау, мезгілімен тұру, серуендеу, пайдалы іспен айналысу, дер кезінде тамақтану қажет. Сонда сендер әрқашан сергек, көңілді және қандай жұмысқа кіріссеңдер де тындырымды боласыңдар. (Ол кім? Бұл не? Энцикл.)
8-жаттығу.

  • «Адам баласының адам баласынан артықшылығы неде?» деген тақырыпта пікір-талас ұйымдастырыңдар.



Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық. (Абай)
9-жаттығу.

  • Ұжымдық әңгіме

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!! Оспан Дана Ерікқызы
Әрбір оқушыға Қазақстанның суреті, автобус, троллейбустың суреті, т.б. бейнеленген үлестірмелі қима қағаз беріледі. Мұғалім әңгіменің тақырыбын ұсынады: «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін», «Ормандағы оқиға», «2030 жылғы Тәуелсіздік күні», «Отан отбасынан басталады», ал оқушылар қолдарындағы суреттерге байланысты бір-бір сөйлем құрастырады. Мысалы, орыс ұлтыныңөкілініңқолында «Өз елімді сүйемін!» деген ұран сөз жазылған плакат бар, оқушылар мен мұғалімдер қалаішілік көліктерде тегін жүреді, Қазақстандықтардың 100қазақ тілінде сөйлейді, бір теңге 500 доллар тұрады, элиттік мамандық мұғалімдік пен дәрігерлік және олардың жалақысы Қазақстан бойынша ең көлемді еңбекақы.
Барлық оқушылар жеке-жеке сөйлем құрап, ең соңғысы логикалық аяқталған сөйлемді айтады.
10-жаттығу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет