ТӘуелсіздігіміздің 25 жылдығына тартуым!!! Оспанова дана ерікқызы


«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық»



бет5/9
Дата25.08.2017
өлшемі2,33 Mb.
#26239
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық».
Мұғалім сөзі:

Сабақ сайыстүріндеөтеді. Оқушылар «Терең ой»және«Алғыр»болыпекітопқабөлініп, жарысқатүседі.

Сайысқа сараптама жасайтын сарапшылар сайланады.
Кіріспе сөзде әр оқушыға бір-бір сөз беріледі, сол сөзді қатыстыра отырып, өзінің өмірлік ұстанымын бір сөйлеммен түйіндеп білдіруі керек.

Оқушыларға берілетін сөздер: ғибрат, тәрбие, қуыршақ, машина, өсиет, компьютер, жарнама, мұра, темір, жаһандану.

Сайыс 7 кезеңнен тұрады.Олар:



1-кезең «Бәйге»

2-кезең «Иманым менің – жиғаным!»

3-кезең «Жағдаяттық тапсырмалар»

4-кезең«Хадистің жалғасын тап»

Ой сергек.

5-кезең «Ұлтжанды» тақырыбына «сөзжұмбаққұру»

6-кезең «Қызықты жұмбақтарды шеше аласыздар ма?» деп аталады.

7-кезең «Ойлан. Жұптас. Пікірлес.»

8-кезең

  • Ой жинақтау сәті.

  • Эссе жазу.

1-кезең «Бәйге» деп аталады.

Бұл кезеңде сіздерден шапшаңдық, ұтқырлық талап етіледі. Бірінші болып қол көтеріп, дұрыс жауап берген адамға жұлдызша беріледі. Бір жұлдызша бір ұпайға тең. Екі топқа ортақ 15 сұрақ қойылады.




  1. Жіп иіретін құрал? (Ұршық)

  2. Иманның алты шарты? (Аллаға, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, қиямет күніне, тағдырға иман келтіру)

  3. Амал қабыл болудың екі шарты? (Құлшылық қабыл болу үшін ниет бір Аллаһ ризашылығы үшін болу керек, сүннетке сәйкес болу керек)

  4. Теңізден қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

  5. Мұсылмандардың екі мерекесі? (Құрбан айт, ораза айт)

  6. Опасызда Отан жоқ. (Мақал)

  7. «Көз көрген» романының авторы? (Ғ. Мұстафин)

  8. Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі ? (Тамшы)

  9. Исламның бес парызы? (Кәлима, намаз, ораза, зекет, қажылық)

  10. Қандай кітап қай Пайғамбарға түскен?

(Дәуіт – Зәбур, Мұса – Тәурат, Иса – Інжіл, Мұхаммед (с.ғ.у.) – Құран)

  1. Ислами-ағартушылық канал? («Асыл Арна»)

  2. Анаңның туыстары саған кім болып келеді? (нағашы)

  3. Бір-бірімен байланысып, рет-ретімен дамып отырған оқиға? (сюжет)

  4. Білім министрі кім? (Ж. Түймебаев)

  5. Үңгірді жайлаған,

Сүйексіз, тиексіз,

Жылмаңдап сайраған. (Жұмбақ)



  1. Не нәрсе сенің меншігің? Бірақ оны сенің өзіңнен гөрі, басқалары көбірек айтады. (Сенің есімің)

  2. 22 наурыз, 30-тамыз, 16-желтоқсан? (Мереке күндері)

  3. Ораза туралы хадис айт. (Рамазан айы келгенде, жәннәттің есіктері ашылып, шайтандар кісенделеді)

  4. «Ұлан», «Айгөлек», «Балдырған»? (Балалар басылымдары)

  5. Б. Саттарханов, Е. Ибраимов, О. Шишигина? (2000 ж. олимпиада чемпиондары)

  6. Аққан жұлдыз? (Метеор)

  7. Алаш қайраткерлерін ата. (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов т.б.)

  8. 1936-37 жылғы оқиға не деп аталады? (Репрессия)


2-кезең «Иманым менің - жиғаным!» Хадис айтудан жарыс. Екі топ бір-бірімен кім көп хадис айтады екен деп жарысқа түседі.


  • Хадистер «Шапағат-Нұр» баспасынан 2000 жылы шыққан, алғысөзін Халифа Алтай жазған «Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.у.) хадистері» атты кітаптан алынды.

  1. Күмәншіл болма. Өйткені оның негізі – жалған. Біріңмен-бірің аңдыспа. Мол дүние жию үшін жарысқа түспе. Араларыңда тәуелділік, дұшпандық және араздық болмасын. Алланың өзара дос пенделері болыңдар. Біреулердің құдалығының үстіне, олар өзара келіскенше, не ажырасқанша құдаласуға бармаңдар. Егер үш кісі болсаң, екеуің үшінші адамға естіртпей сыбырласпаңдар, өйткені бұл қылық үшінші кісінің ренішін оятады.

  2. Кімде-кім өзінен байырақ немесе ақылдырақ адамды көріп қалса, дереу өзінен кедейірек әрі ақылсыздау адамдардың бар екенін есіне алсын.

  3. Орасан зор апатқа жолықтыратын жеті түрлі күнәдан сақтаныңдар:

  • Тәңірге шек (шүбә) келтіру;

  • Сиқырлықпен шұғылдану;

  • Біреуді нақақ өлтіру;

  • Өсімқорлық;

  • Жетімнің ақысын жеу;

  • Отанын қорғау жолындағы соғыстан қашу;

  • Күйеуі бар, діндар, адал әйелді бұзылған, жеңіл мінезді деп қорлау.

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы



  1. Сауабы тиетін іс істегенде қуан, күнә жасаған кезде ренжі, сен сонда ғана шын мұсылмансың.




  1. Егер күнә құпия жасалса, иесіне ғана зияны тиеді. Әшкере жасалса, бәріне тиеді.




  1. Тісін жуып, тазалап жүретіндер – тазалыққа дағдыланғандар. Қайталап істелетін дағдылы істерді Раббым жақсы көреді.




  1. Қашан бір күнә жасап қойсаң, соны жуу үшін соңынан бір сауабы бар, қайырымды іс істе.




  1. Адамның айыбын бетіне басудан сақтаныңдар.




  1. Дүниеден өтіп кеткендердің тек жақсы жақтарын ғана еске алыңдар. Жаман жақтарына келгенде тілге тыйым салыңдар.




  1. Өзгеге кең пейілді болсаң, олар да саған пейілмен қарайды.




  1. Кәсіптің ең жақсысы – әркімнің өз қолымен істелген ісі және адал сауда.




  1. Жақсылықты – қабағы ашық, жүзі жарық адамдардан күтіңдер.




  1. Кездескенде кім бұрын сәлем берсе, Аллаға сол адам бойұсынғыш.

  2. Сәлемдесіп жүріңдер, адамдарға дәм татқызыңдар, Алла сүйген дос, туыс болыңдар.


3-кезең «Жағдаяттық тапсырмалар»

1-тапсырма.

  • Төменде берілген сөздерді естігенде, сендердің ойларыңа не келеді?


Медресе, парыз, Құран, ұйқы, аят, көсем сөзші, тәрбие, Отан, журналист, иман, Ораза айт, университет, Мекке қаласы, ұлтжандылық, ата-ана, ұстаз.
2-тапсырма.«Жазба кесте» Негізгі тақырып ортадағы шеңберге жазылады да, одан туындаған ойлар, пікірлер оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді.

Сіздер оларды бір-біріне сызықтармен қосып, өзара байланыстары туралы әңгімелеп берулеріңіз керек.




Овал 96

3-тапсырма.Берілген сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрауға бола ма? Болса, сөйлемдер, олардан мәтін құраңдар.
Тасбақа. Гүл. Космос. Отан.
4-кезең «Хадистің жалғасын тап»

Сіздердің алдыларыңызда хадистердің алғашқы сөйлемдері берілген. Жалғасын тауып, хадистен түйген пайымдауларыңызды ауызша баяндап берулеріңіз қажет.


  1. «...кімде-кім Аллаға және соңғы күнге сенсе, ...»

Хадисті Әл-Бухари жеткізген.

2. «Рас, Қиямет күні сендерден ең маған сүйіктілерің және отырыс жағынан жақындарың – мінезі жағынан ең жақсыларың, ...»

Хадисті Әт-Тирмизи жеткізген.

3. «Иә, тілдерімен иман келтіріп, жүректеріне иман кірмеген жиын, сендер мұсылмандардың артынан сөйлемеңдер және кемшіліктерінің артынан түспеңдер, ...»

Әбу Дәуід жеткізген.

4. «Екі жүздінің белгісі үшеу: егер әңгімелесе өтірік айтады, ...»

Бұхари мен Мүслім жеткізген.

5. «Иманды адам тілдеуші (яғни, сөгуші), ...»

Бухари жеткізген.

6. «Рас, үлкен күнәлардың ең үлкені еркектің өз ата-анасын қарғауы. Сахабалар: Иә, Алланың елшісі, қалайша еркек өз ата-анасын қарғайды?-деп, сұрады. ...»

Бухари жеткізген.

7. «Адам баласы дүниеден өткенде оның амал кітабы жабылады. Тек үш жақтан (ашылып, сауабы барып тұрады): ...» (Мүслім риуаяты)

8. «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді, ал жақсылық жәннатқа жетелейді. ...»

Бұхари және Мүслім жеткізген.

9. Күмәнсіз жалғандық күнәға бастайды, ал күнә тозаққа бастайды. ...»

Бұхари және Мүслім жеткізген.


Ой сергек.

  • Бірбетқағазғаеңжақсыкөретінадамымызғаайтатынүшсөздіжазу.Қағаздыумаждап, бір-бірінелақтыру. Оқу. (Көңіл күйді көтеруге, оқушылардың бір-бірімен өзара ара-қатынасын байқау.


5-кезең «Сөзжұмбаққұру »

  • «Ұлтжанды» тақырыбына сөзжұмбаққұрыңдар.

  • Сендердің ойларыңша ұлтжандылық деген не?

























Ұ











































Л











































Т











































Ж











































А











































Н











































Д











































Ы























6-кезең «Қызықты жұмбақтарды шеше аласыздар ма?» деп аталады.


  1. Жүргенін сездірмейді, тұруға төздірмейді? (Аяз)

  2. Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі қалай аталады? (Тамшы)

  3. Елекпен су әкелуге бола ма? (Болады, мұз әкелсең одан су алу оңай.)

  4. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (Найзағай)

  5. Үңгірді жайлаған,

Сүйексіз, тиексіз,

Жылмаңдап сайраған. (Тіл)


Төмендегі жұмбақтар Алаш қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құрал» атты оқулығынан алынды.


  1. Төлептің 4 ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір әпке, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу болғаны? (Бесеу)

  2. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (Бір)

  3. Бір үйдің төрт жылқысы бар еді. Ер адамдары 2 әке, 2 ұл еді. Еркектері кісі басы бір аттан мінгенде, бір ат артық болып шықты. Бұл қалай? (Ата, әке, бала)

  4. Тайға мінген балалар жарысып келеді екен.

Бір бала екі баланың алдында келе жатыр.

Бір бала екі баланың ортасында келе жатыр.

Бір бала екі баланың артында келе жатыр.

Неше бала жарысып келеді екен? Санаңдаршы! (Үш)


7-кезең «Ойлан. Жұптас. Пікірлес.»
Әрбір оқушы 1 минут уақыт ішінде жекеше өз ойлары мен пікірін қағазға түсіреді. Содан кейін топ болып талқылап, пікірлеседі. Әр топтан бір оқушы өзінің пікірін бүкіл сыныпқа жариялайды.
1-тапсырма.

Мұғалім сөзі:Мұндай адам әрқандай қиыншылықтың соңынан жеңілдік келетініне, қайғының есесін басқа жақсылықтар толтыратынына сенеді.


  • Төменде берілген аят, хадис, Қорқыттың пікірін оқып, ой елегінен сүзіп, өз сөздеріңмен сыныптастарыңа жеткізіп көріңдер.


«Жер жүзіне сондай-ақ сендерге мүбада бір бейнет келетін болса, ол жаратуымыздан бұрын кітапта жазылулы. Шәксіз осы Аллаһқа жеңіл. Бұл өткенге өкінбеулерің, өздеріңе берілгенге сүйінбеулеріңүшін. Аллаһ бүкіл тәкәппар, мақтаншақты жақсы көрмейді.»

Хадид сүресі, 22-23 аяттар

Әр нәрсенің шегі бар. Бақытты кезінде өзін дұрыс ұстай алған адам – одан да бақытты болуы ықтимал. Бірақ атаққұмарлық пен менмендікке салынса, оны шын мәніндегі жақсыға қоспаңдар.

Хадис.

Өзін басқалардан жоғары ұстаған адамға Тәңірі бақ бермейді.

Қорқыт.

2-тапсырма.

  • Кемеңгер ғалымның «Әрбір ғалым хакім емес, әрбір хакім ғалым» дегенін төменде берілген Құран сүресі мен Ибраһимніңқарасөзі арқылы ойларыңды кеңейте отырып, мінбеде тұрып, келешек ұрпаққа насихат айтып тұрғандай жеткізіп көріңдер.


«...Аллаһ жаратқан құлдары ішінде шын мәнінде ғалымдары ғана Аллаһтан қорқады...».

Фатыр сүресі, 28
... Және де әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жә, енді біз ақылды еркіне жібермесек, Құдай Тағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады, «Мені таныған ақылмен таныр» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма?...

Абайдың (Ибраһим) 28-қарасөзінен үзінді.

8-кезең

  • Ой жинақтау сәті. Төмендегі тірек сөздерді қолдана отырып мәтін немесе өлеңқұрау шарт.


Тірек сөздер:

«Терең ой» «Алғыр»


  1. Жарайсыңдар! Дін –Ислам

  2. Қызықты сабақҰлт зиялылары

  3. Иман сабаққызықты өтті

  4. Рухани құндылық Отанды сүю

  5. Ата-баба діні Хадис

  6. Тәуелсіздік Бәрекелді!

  7. Ғылым Ғибрат




  • «Эссе» жазу.

Яғни, сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойларыңыз бен түсініктеріңізді, идеяларыңыз бен пайымдауларыңызды 2-3 минут уақыт аралығында алдыларыңыздағы параққа жазуларыңыз керек.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:

- Батыр бабаларымыз «қоңыраулы найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып» жауына атой салып, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат ағаларымыз осынау кең-байтақ жерді, қазіргі тәуелсіз Қазақ елін сақтап қалған.

Қазақтың ата-бабасы әлмисақтан діншіл болған.



Мұғалім: - Отанымыз бүгінгі тәуелсіз күнге оңайлықпен жетті ме?
Жауап: -Отанымыз бүгінгі тәуелсіз күнге оңайлықпен жеткен жоқ.
Мұғалім: - Тарихта қазақ қандай нәубет, шапқыншылықтарды басынан өткерді?
Жауап: - Қолдан ұйымдастырылған ашаршылық қаншама қазақты ажал апанына лақтырды, қуғын-сүргін халқымыздың ақыл-ойы, мәдениетіміздің жанашырлары болған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,

С. Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов сынды асыл ағаларымызды өзінің қанды тырнағына іліктірді.
Желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы «күнәдан таза басымен», «қасқалдақтай қанымен», «бозторғайдай жанымен» құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков түрменің тас қамалында қорлау мен азаптаудың қай түрін де мойымай көтеріп:
Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең, атыңдар,-деп, көкірегінен ақтық демі шыққанша тура жолдан таймады. Елі үшін, Отаны тәуелсіз болу үшін өзін құрбан етті. Ол тағдыр Алладан екеніне сенді. Өрімдей жас ағаларымыз бен апаларымыздың қайсар рухы мен өр тұлғасына ақын ағамыз Мұхтар Шаханов:
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, Лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашан еңкеюге тиісті емес жалауы!- деген жыр жолдарын өрді.

Сондықтан, Қазақияның, Қазақ елінің әрбір ұлтшыл жасы, ХХІ ғасыр азаматы берілген іске аса үлкен жауапкершілікпен қарайтын, тәрбиелік жігері оттай лаулаған, асқақтаған көк тулы Отанына деген, ата-баба дініне, дәстүріне деген құрмет сезімі жоғары, кең пейілділікпен иіліп, табанды батылдық көрсете алатын өз елінің патриоты болуы қажет.


Сабағымызды батыр атамыз - Бауыржан Момышұлының келіні - Зейнеп Ахметованың мына бір сөзімен аяқтағымыз келіп тұр:
«Ерлік аспаннан түспейді, ол Отанды сүюден туады. Отанды сүю үй ішіңнен, от басыңнан өсуде. Ата-ананы, апа-қарындасты, аға-ініні сыйлаған, құрметтеген халқының да қадіріне жетеді. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ератанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе.»

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы
Әдеби-шығармашылық сабақтың жоспары
Әдеби-шығармашылық сабақтың тақырыбы:

«Қазақтың бас ақыны»

Ахмет Байтұрсынұлы
Бүгінгі біздің әдеби-шығармашылық сабағымыз ақыл-ойдың данышпаны, асыл сөздің қазынасы, Қазақтың ұлы ақыны - Абай атамыздың жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін өнегелі де асыл сөздеріне, даналық ойларына байланысты болып отыр.
Эпиграф: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, Адамдықты іздесең, жаттап тоқы көңілге»

Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Көрнекіліктер:
«...Ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі тексермей кеткен кісі тәуір жігіт түгілі, әуелі адам ба өзі?!»

Абайдың 14-қарасөзі.


Дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеру адамға тән қасиет болуға тиіс.
Малда да бар жан мен тән,

Ақыл, сезім болмаса.

Тіршіліктің несі сән,

Тереңге бет қоймаса?
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан - шын асыл, тастай көрме.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы.
Мұғалімнің сөзі:

Адамның білімі, өнері – адамшылықтың таразысы деп санаған Абай ілім-білімді барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан жоғары қойған. Ақын адамның ең қымбат кезі – жастық шақта оқуға, ғылымға жұмсауды еске салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет