Жауап: Ол Құранды жасырын хабар түрінде Пайғамбарымыз Мұхаммедке с.ғ.у. әкелді.
Сұрақ: Құранды әрдайым оқып жүретін бала жақсы бала ма?
Жауап: Иә. Кім Құранды әрдайым оқып жүрсе, Алла Тағала оны жақсы көреді.
«Кім ұлына Құран оқуды үйретсе, оның өткендегі және болашақтағы барлық күнәлары кешіріледі. Ал, кім ұлын Құран хафизы (бастан-аяқ бәрін жаттатса) қылса, Қиямет күні он төрттегі айдай толықсыған күйі тіріледі. Сосын оның ұлына Құран оқуды бастауға әмір беріледі, қашан Құран оқылып біткенше ұлы оқыған әрбір аяттан кейін әкесі бір сатыға (жәннаттағы) көтеріледі.»
Әт-Тәбәрани, Анастан.
Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! (1) Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. (2) Оқы! Ол Раббың аса ардақты. (3) Сондай қаламмен үйреткен. (4) Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен. (5)
96-Ғалақ, 1-5-аяттар.
Алла (Т.), періштелер және әділет үстінде тұрушы ғылым иелері, расында тым үстем, хикмет иесі Алладан басқа ешбір Тәңір жоқтығына куәлік берді.
3-Әлі Ғымран, 18-аят.
Дегенмен іштерінен ғылымда озат болғандар және иман келтіргендер, саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді. Және намазды орындаушылар, зекет берушілер әрі Аллаға, ахирет күніне сенушілер, әрине соларға зор сыйлық береміз.
4-Ниса, 162-аят.
(Мұхаммед Ғ.С.) ғылым берілгендер, Құранның Раббыңнан бір хақиқат екендігін біліп, оған сеніп және оған жүректері берілуі үшін. Күдіксіз Алла, иман келтіргендерді әлбетте тура жолға салды.
22-Хаж, 54-аят.
Өздеріне білім берілгендер: «Алланың сыйлығы; иман келтіріп ізгі іс істегендерге тағы жақсы. Ал оған сабырлылыр ғана жетеді» деді.
28-Қасас, 80-аят.
(Ал осылар,) бой ұсынып, түн ішінде сәжде етіп, тіке тұрып, сондай-ақ ақиреттен қорқып Алланың рахметінен үміт еткен кісі сияқты ма? (Мұхаммед Ғ.С.)
39-Зүмәр, 9-аят.
2-кезең өз мәресіне келіп жетті. Нәтижесін шығару үшін әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.
3-кезең Жағдаяттық тапсырма
«Жазба кесте» (кластер). Негізгі тақырып ортадағы шеңберге жазылады да, одан туындаған ойлар, пікірлер оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді.
Сіздер оларды бір-біріне сызықтармен қосып, өзара байланыстары туралы әңгімелеп берулеріңіз керек.
Тақырыбы: Білім нұры
-кезеңнің_нәтижесін_шығарайық._Ол_үшін_қазылар_алқасына_сөз_беріледі.____ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ_25__жылдығына_тартуым__!!!'>3-кезеңнің нәтижесін шығарайық. Ол үшін қазылар алқасына сөз беріледі.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!
Оспан Дана Ерікқызы
4-кезең - Тіл дамыту
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді,-деп Төле би айтқандай 4-кезең - Тіл дамыту.
Сайф Сараийдың «Білімсіз адам барабан сияқты, сырты – сұлу, даусы – зор, бірақ ішінде түк те жоқ» деген сөзі тақырып етіп беріледі, берілген тақырып бойынша плакатқа сурет, кесте немесе сызба арқылы, өлеңдер келтіру арқылы өздерінің ойын жеткізу.
Әр топтан бір оқушы шығып, дәлелдер келтіре отырып қорғауы керек. Тіл байлығы, сөзге шешендігі, білгірлігі бағаланады.
Уақыты: 5 минут.
4-кезең өз мәресіне келді. Нәтижесін шығару үшін әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.
5-кезең әдіскер-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы атап кеткендей «Ойнайық та, ойлайық!»
Білім, кітап тақырыбына ребус шешу.
Жауабы: Оқу инемен құдық қазғандай. Халық нақылы.
Жауабы: Білім бұлағы кітапты сүйіңдер. М. Горький.
5-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі.
6-кезең Ой тұжырым
Бүгінгі қарастырылған тақырып жөнінде қандай ой түйдіңіз?
Өз ойларыңызды тұжырымдап 2-3 минут уақыт аралығында жазуларыңыз керек.
6-кезеңнің нәтижесін және жалпы жарыстың қорытындысын шығару үшін әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.
Қазылар алқасы жарысқа қатысушыларды 4 номинация бойынша анықтап, қорытынды сөзін айтады.
Жеңімпаз топты қазылар алқасы жариялап, МАҚТАУ ҚАҒАЗЫмен марапаттайды.
Жүргізушінің қорытынды сөзі:
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!
Оспан Дана Ерікқызы
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға Алла разы болсын !
Алла Тағала киіз туырлықты қазақтың оң жағынан күн, сол жағынан ай туғызып, береке мен бірлікті нәсіп етсін!
Достарыңызбен бөлісу: |