«Жазба кесте» (кластер). Негізгі тақырып ортадағы шеңберге жазылады да, одан туындаған ойлар, пікірлер оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді.
Сіздер оларды бір-біріне сызықтармен қосып, өзара байланыстары туралы әңгімелеп берулеріңіз керек.
Тақырыбы: Тұлға келбеті (қандай болу керек?)
11-жаттығу.«Эссе» жазу.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!
Оспан Дана Ерікқызы
Сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойларыңыз бен түсініктеріңізді, идеяларыңыз бен пайымдауларыңызды 2-3 минут уақыт аралығында алдыларыңыздағы параққа жазуларыңыз керек.
12-жаттығу.
Әр оқушыға бір-бір сөз беріледі, сол сөзді қатыстыра отырып, өзінің өмірлік ұстанымын бір сөйлеммен түйіндеп білдіруі керек.
Оқушыларға берілетін сөздер: ғибрат, тәрбие, қуыршақ, машина, өсиет, компьютер, жарнама, мұра, темір, жаһандану.
13-жаттығу.
Сөзден не жасауға болады?
Бір сөз беріп, сол сөздің әрбір әрпінен сөйлем құрау шарт.
Мысалы: Абай деген сөздің әрбір әрпінен сөз, одан сөйлем құрасақ – Абайдың баса айтқаны – имандылық. Немесе: Адырдағы бәйшешектің аңқыған исін-ай!
Грамматикалық-тілдік жаттығулар
1-жаттығу.
Толымсыз сөйлемдердің қай мүшесі түсіп қалғандығын анықта.
Манадан бері қайдасың?! Өңездей былжыраған неме, жерге қағып жіберейін бе осы!
Жуасжан-ау, жазығым не?!
Көрсетермін жазығыңды! Дереу ат дайында!
Кәзір, кәзір.
Үш күннің ішінде жиырма бес түйе, арқанымен жетпіс бес қанар қап дайын болсын!
Хұп.
Ғ. Мұстафин «Көз көрген», 183-бет.
2-жаттығу.
Кестеде берілген сөздерді қолдана отырып сөйлем құраңдар. Атаулы, толымды, толымсыз сөйлемдерді қолданыңдар.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!
Оспан Дана Ерікқызы
-
Етістік
|
Зат есім
|
Сын есім
|
Есімдік
|
Кешіріңіз
Сұраймын
Әкелемін
Білім аламын
|
Өмір
Қыс
Сөз
қимыл-әрекет
қонақ
|
Қайырымды
Салмақты
Тәртіпті
Сотқар
|
Менің
Өзімдікі
Біздікі
Біз
бұл
|
3-жаттығу.
Жақты сөйлемдерді ажыратып, белгісіз жақты, жалпылама жақты сөйлемге жататынын анықта.
Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, онан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек, білім де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарына керек. Аныңүшін олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына (теңдікке үндеу қақысына ие болады) кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік.
Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жаурыннан бір қаққанға сатады.
Абайдың 25-қарасөзінен үзінді.
4-жаттығу. Жалаң сөйлем құра.
Өнерлі ... ...
Аға ... ...
Басшы ... ...
5-жаттығу.
Үзіндіден жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы сөйлемдерді ажырат.
Әр сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін көрсет.
Толымсыз сөйлемнің қай мүшесі түсіп қалғандығын анықта.
Атаулы сөйлем сөйлем мүшесіне талдана ма? Талданбаса неліктен?
Мұстапа намазын бітірді. Түнере сөйлеп отырған Тұрлыбай сақ-сақ күліп жіберді.
Неменеңе қуанасың, ей, күнәкар пәндә?
Қолыңды жайып сұрап бақтың. Береген Құдай берген шығар, олжаңа ортақпын деп қуанам.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!
Оспан Дана Ерікқызы
Ажалды қарға бүркітпен ойнайды. Атпен ойнаған тайдың арқасы алынады,-деді Мұстапа күлімсірей,- соқтықпа Құдайға. Соқтыққаның аз емес. Әуелі соларды мұқат.
Қойдым, құрдас, қойдым. Көп кеңестіңғой, не айттың? Ол не айтты?
Он сегіз мыңғаламның иесі жалғыз Алла! Пенделерің адасты, жолға сал. Кеңшілікте «алашшыл», таршылықта ала ауыз қазақөзін жеңбей жауын қалай жеңеді? Бірлік бер, қараңғы көңілге шырақ бер, ел бастайтын ер бер, дедім.
Ғ. Мұстафин «Көз көрген», 77-бет.
6-жаттығу.
Төменде берілген сөйлемдерді жақты сөйлемнің белгісіз жақты, жалпылама жақты түріне ажыратып, дәптерге жазыңдар.
Синтаксистік талдау жасаңдар.
Тіл мен нәпсіні тия білген,
Қасиетті бойына жия білер.
Жүсіп Баласағұн.
Нәпсіңе ерік бермесең – сен жақсысың,
Кем-тарды айып көрмесең – сен жақсысың.
Жығылғанды жұдырықтау ерлік пе?
Құлағанды сүйесең – сен жақсысың.
Әбілхасан Рудаки.
Шүкіршілік қылғанның ырысы артады.
Жүсіп Баласағұн.
Табандылық кез келген кедергіні жеңеді.
Леонардо да Винчи.
Сенім – достықтың бірінші шарты.
Жан де Лабрюйер.
Күте білгендерге бәрі де өз уақытында келеді.
Онере де Бальзак.
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.
Мұхтар Әуезов.
Тәуелсіз елдің діні де, ділі де, тілі де бір.
Нақыл сөз.
Еңбек түбі – береке.
Мақал.
Білім алар жігіттің
Оқу болар ермегі.
Мақал.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!
Оспан Дана Ерікқызы
Жас мұраты – білім, тәлім, талабы,
Өнер, оқу – жастың қару-жарағы.
Ілияс Жансүгіров
Өнер, білім – бәрі де – оқуменен табылған.
Ыбырай Алтынсарыұлы
7-жаттығу.
8-жаттығу.
Толымды, толымсыз сөйлемдерді тауып, олардың жасалуына, қолданылуына тоқталыңдар.
Мазмұнына талдау жасаңдар.
Тағы да, тағы да?
Әзірге атайтыным осы ғана.
Өзіңді неге қоспайсың?
Сұрағаның жалшы мен кедей ғой. Мен, кедей мен орташаның арасындамын. Оныңүстіне 3әкем қажы, атам бай, бабаларым жуан.
Құдай әркімді бас-басына сұрайды, деседі. Бабаң түгілі әкеңе күймейсің.
Күймейтінімді білемін. Бірақ, былғайды. Былғанғым келмейді.
Нұрғали емес, нағыз қорқақ өзің болмағай едің.
Қорқақтық пен тазалықтың арасы жер мен көктей.
Ғ. Мұстафин «Көз көрген», 221-бет.
9-жаттығу.
Сөйлемді берілген сызба бойынша талдаңдар.
Сөйлемнің мәні неде?
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!
Оспан Дана Ерікқызы
Ойлы адамға нақыл сөз қатты ұнайды.
Құтып.
10-жаттығу.
Берілген мәтінді оқып шығып, мәтінді жалғастырыңдар.
Ойыңды жай сөйлемнің түрлерімен баянда.
Асты сызылған сөйлемді жай сөйлемнің түріне қарай талда.
Атақты ғалым В.В. Радлов дүниедегі еңәдемі, бай, шұрайлы тілдер деп орыс, француз және қазақ тілін атаған екен. Өзінің ана тілі – неміс тілін осының қатарына қоюға ғалымның ұяты жібермесе керек.
11-жаттығу.
12-жаттығу.
Атаулы, толымды, толымсыз сөйлемдерді тап. Толымсыз бен атаулы сөйлемдердіңұқсастығы және айырмашылығы қандай?
Аға!-деді баласы. – Осы елдің ақылы қайда кеткен?! Қыстан, жұттан зәресі қалмай қорқады. Әгәр, Сүйгембайша, орыс поселкелерінше қам істесе қыс не қылады?
Түк те қыла алмас еді-ау. Қырсық қой бәрін қылатын.
Қандай қырсық?
Жалқаулық. Көп адам жалқаулықты сүйеді. Ол оның ең қауіпті дұшпаны, соны біле тұра сүйеді.
Мен ешуақытта сүймес едім!
Омин! Онда ешуақытта қор болмайсың.
Ғ. Мұстафин «Көз көрген», 99-бет.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!
Оспан Дана Ерікқызы
Сабақтан тыс
АШЫҚ-ТӘРБИЕ сағаттарының
жоспары
Интеллектуалдық–танымдық сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: Отанды сүю - иманнан!
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға тәуелсіз Отанды сүюді насихаттау, аят, хадис, ғибратты сөздер арқылы ұлтына, тіліне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншіліктерін нығайту, ата-баба дінін дәріптеу.
Топ алдында тез ойланып, тиянақты жауап беруге, өз көзқарасын еркін білдіруге баулу, оқытудың интербелсенді әдістерін қолдана отырып оқушылардың жемісті ойлауын дамыту.
Хадис.'>Көрнекіліктер:
Бір-бірлеріңді жақсы көріңдер, өйткені жақсы көру – махабатты арттырады, ділдегі дұшпандық сезімді жояды. Хадис.
Алла сендердің сырт көріністеріңе немесе дәулеттеріңе қарап емес, ниеттеріңе, іс-әрекеттеріңе қарап баға береді. Хадис.
Қиямет күні тозақ оты кімге харам екенін айтайын ба? Ол – өзі жуас, мінәйім, басқалармен қарым-қатынасы жақсы, ақылға сыйымды сөзге тоқтайтын адамдар. Хадис.
Жігер жоқ жерде, жол тұйық. Б. Шоу.
«Біз - түбіміз – түркі, дініміз – Ислам, кітабымыз – Құран болып табылатын елміз» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мұғалім сөзі:
- Сіздер, тәуелсіз елдің ұрпағысыздар. Біз тұңғыш рет өз Президентін
сайлаған кезде өмір сүріп жатырмыз.
Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Біз - түбіміз – түркі, дініміз – Ислам, кітабымыз – Құран болып табылатын елміз» деген кесек сөзі бар.
Сондықтан, еліміз егемен ел болғалы ата дініміз – Исламға деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, мыңдаған қандастарымыздың мұсылмандыққа бет бұрғанын көріп отырмыз.
Әуелі Алланың, содан соң Елбасының дана саясатының арқасында елімізде Ислам дінін дамытуға толық жағдай жасалған. Діни еңбектер қазақ тіліне аударылды және қала, аудан орталықтарында, ауылдарда жаңадан салынған мешіттер мен мемлекеттік лицензиялары бар діни оқу орындарының ашылуы осының айғағы болса керек.
Мұғалім сөзі: - Балалар, еліміздің ертеңі – жастар дейміз, болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер демекші, осы болар елдің баласы қандай болуы керек?
Жауап: - Иманды болу керек. Бойында иманы бар адам ар-ұятты бірінші орынға қойып, білімге, өмірге құштар, тың идеялар ұсынғыш болады. Отанын, дінін, тілін құрметтейді.
Мұғалім сөзі:- Бала тәрбиесіне, оның білім алуына салғырт қарау – баланың тағдырына ғана емес, қоғамымыздың өркендеуіне де жауапсыздықпен қарау деген сөз.
Хақ дін – Ислам, имани тәрбие – елдің жарқын болашағының кепілі. Өйткені жүрегінде иманы бар адам өзіне және айналасындағыларға әділ, шыншыл, турашыл болады. Ең бастысы өзінің мекен етіп жатқан Отанына адал болады.
Тәуелсіз Отанымыздың, Қазақстанның тірегі мықты болуы үшін, ең алдымен, болашағымызды, ұрпақ тағдырын ойлауымыз керек.
Бокстан әлем чемпионы, Сидней олимпиядасының күміс медаль иегері Болат Жұмәділов: «Ұлт болашағы – ислами тәрбиеде!» - демекші,
Жүрегінде иманы бар бала сөзі мен ойына берік, адам мен қоғамның, ұлт пен өркениеттің дәнекері, рухани құндылықтың иегері болып табылады,
өзінің мекен етіп жатқан Отанына адал болады.
Мұғалім сөзі:- Ал, балалар, сіздер өздеріңіздің Отандарыңызды қалай сүйесіздер, Отан үшін қандай жұмыстар атқарудасыздар?
Мұғалім сөзі:- Балалар, сіздер не үшін оқисыздар? (білім аласыздар)
Жауап: - Бірінші «Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын»-демекші адам болу үшін оқимыз.
Мұғалім сөзі: «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» дейді Хакім Абай.
Бұл турасында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.у.) хадисінде былай дейді:
«...Кім ілім алудың жолына түссе, Аллаһ Тағала оның жәннәтқа барар жолын жеңілдетеді, ал қашан адамдар Аллаһтың кітабын бірге оқып, бірге үйрену үшін Аллаһтың үйлерінің біріне жиналатын болса, оларға міндетті түрде тыныштық жіберіледі, олар мейірім құшағына алынады және оларды періштелер қоршап алады және Аллаһ Тағала өзінің алдында тұрғандар арасында оларды еске алады...». Муслим жеткізген.
А. Грибоедов: «Адам неғұрлым білімді болса, соғұрлым ол өзінің Отанына көбірек пайда келтіреді» деген екен.
Ал, адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек екен.
Бұл туралы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе,
ал Жүсіп Баласағұн «Болса тәртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» - деген екен.
Қазіргі уақытта жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Демек, екінші, тұлға болу үшін оқисыздар. Ниетімізді түзесек, босқа уақытты өткізу үшін келмесек сабаққа. Ойымызды теріс, жаман әдеттерден тазаласақ, олардан аулақ жүрсек. Өз-өзімізді дамытсақ, қамшыласақ.
Осы орайда тағы да Абайға жүгінеміз:
Достарыңызбен бөлісу: |