ТӘуелсіздігіміздің 25 жылдығына тартуым!!! Оспанова дана ерікқызы



бет6/9
Дата25.08.2017
өлшемі2,33 Mb.
#26239
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын тапппай баптанба...»

«Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл берсеңіз...»

Абай ұлттық сананың қалыптасуы мен іргетасының қалануына ықпал етті. Халқының өткеніне қиналғанын, қазіргісіне күмәнданғанын, келешегінен үміттенгенін өз елінің нағыз патриоты болған.



«Қалың елім қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың, - деп бір жағынан қатты қиналса,

екінші жағынан «Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші еді»-деп елінің жарқын болашағынан үміттенеді.

Абай жастарды жеке басының қамын күйттеп кетпей, халқының жарқын болашағы үшін еңбек етуге шақырды: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» (Абайдың37-сөзі)

Қазақ ұлтының келешегін ойлаған Абай өзінің өмірлік мақсатын халықтың болашағымен байланыстыра былай деген: «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ. Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ. Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, думан-сауық пайда жоқ әуел баста-ақ».

Ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, «Алаш» партиясының, «Алашорда» ұлттық кеңесінің, «Алашорда» үкіметінің негізін қалаушы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, лингвист, түркітанушы, әдебиетші ғалым, ақын, аудармашы, «Қазақ» газетінің (1913-18) ұйымдастырушысы, әрі бас редакторы, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны – Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1938) өзінің «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында былай дейді: «Қазақтың бас ақыны - Абай, шын аты Ибраһим Құнанбаев. Абайдан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік, артық. Абай сөздері дүниеде қалғаны – қазаққа зор бақ. Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек»-деген екен.

Халқымыздың біртуар перзенті, ақын Мағжан Жұмабайұлы «Алтын хакім Абайға» атты өлеңінде былай дейді:

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанды,

Дүние қолын жайып енді күтпес.

Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме,

«Қор болды қайран сөзім босқа!»-деме

Артыңда қазақтың жас балалары

Сөзіңді көсем қылып, жүрер жөнге!


Сонымен, бүгінгі әдеби-шығармашылық сабағымыздың тақырыбы:
«Қазақтың бас ақыны»

Ахмет Байтұрсынұлы
1-оқушы: ...Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық ...

18-сөзінен үзінді.
2-оқушы: Абай – дана, Абай – дара қазақта!
3-оқушы: Ақыл-ой, ақындықтың иесі – Абай!

Түгел сөздің түбі бір, жүйесі – Абай!

Адамдық, ар-ұяттың данышпаны,

«Өлең – сөздің патшасы» егесі – Абай!
4-оқушы: Абай – біздің қастерлі, ардақтайтын Ұлымыз!

Қазақстан төрінде Тәуелсіздік Туымыз!

Көш басшысы өлеңнің, данышпаны әлемнің,

Адамзатқа құйылған ақ сәулелі нұрымыз!
5-оқушы: Тайсалмай мыңмен жалғыз алысты Абай,

Жауына найза сөзін шанышты Абай.

Өзендей құйған барып көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысты Абай!
6-оқушы: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
7-оқушы: Біріңді, қазақ, бірің дос

Көрмесең, істің бәрі – бос.

8-оқушы: Ақылмен ойлап білген сөз,

Бойыңа жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырды қуалар.
9-оқушы: Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек?

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша жүріп күнелтпек.
Мұғалімнің сөзі:

Балалар «Ыстық қайрат» және «Нұрлы ақыл» болып екі топқа бөлініп, жарысқа түседі.


Бұрылған қыбылаға кіл беттері,

Алаштың қазақ деген дүрмекті елі.

Иманы мен білімін қатар ұстар,

Армысың, Пайғамбардың үмбеттері.


Саралап данышпанның даналығын,

Көрсетіп «ақыл», «қайрат» бар анығын.



«Нұрлы ақыл», «Ыстық қайрат» шын додада,

Қайсысы дәлелдейді даралығын.

Қол соғып, қошеметтеп қарсы алыңдар,

Көрермен бәйге болмақ дара бүгін! – деп,


жарысқа түсуші топ мүшелерін қошеметтеп ортаға шақырады.
Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе


жарысқа төрешілік ететін қазылар алқасымен таныстырып өтеді.
Мұғалімнің сөзі:

Жарыстың кезеңдері:
Таныстыру:

Әр топ өз-өздерін таныстырады, қай мектептен келгені, қандай топ, ұранымен, топ басшысымен, топ мүшелерімен таныстыруы керек.


1-кезең «Кім жылдам?» деп аталады.
2-кезең «Осы жұрт «Қазақтың бас ақыны» - Абайды білер ме екен?» деп аталады.
3-кезең «Қызықты жұмбақтар» деп аталады.

Ой сергек Уақыты:2 минут.

Карандашты парақтың бетінен алмастан, бір жерді екінші рет сызбастан мына кесінділерді сызу.
4-кезең «Ойлан, тап!» деп аталады.
5-кезең «Тіл дамыту» деп аталады.
6-кезең «Ұйқасын тап» деп аталады.

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы
7-кезең «Ойнайық та, ойлайық!» деп аталады.
8-кезең «Даналық ойдан дән ізде» деп аталады.
9-кезең «Ой қорыту сәті» ( Инсерт кестесімен жұмыс) деп аталады.


  • Қазылар алқасына жарыстың жеңімпазын анықтау үшін қорытынды сөз беріледі.

Жеңімпаз топты қазылар алқасы жариялап, Дипломмен марапаттайды.
Мұғалімнің сөзі: 1-кезең «Кім жылдам?» деп аталады.
Бұл кезеңде сіздерден шапшаңдық, ұтқырлық талап етіледі. Дұрыс жауапқа дөңгелекше беріледі. Бір дөңгелекше бір ұпайға тең. Екі топқа ортақ он бес сұрақ қойылады.


  1. Не нәрсе сенің меншігің? Бірақ оны сенің өзіңнен гөрі, басқалары көбірек айтады. (Сенің есімің)

  2. Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (Қазақ халқының біртуар ақыны – Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген)

  3. 100 жыл? (Ғасыр)

  4. Қазақстандағы ең биік шың? (Хан Тәңірі)

  5. Ілияс оңтүстікке, Лаура солтүстікке қарап отыр. Екеуі бірін-бірі бастарын бұрмастан қалай көреді? (Екеуі бір-біріне қарап отыр)

  6. Ер жігіттің үш жұрты? (Өз, нағашы, қайын жұрты)

  7. Шеңбер нүктесінен ортасына дейінгі ара қашықтық? (Радиус)

  8. Алматыны әйгілі еткен жеміс? (Апорт)

  9. Б. Саттарханов, Е. Ибраимов, О. Шишигина? (2000 жылғы олимпиада чемпиондары)

  10. Қазақты әлемге танытқан шығарманың алғашқы тарауы қалай аталады?

(«Қайтқанда»)

  1. Атом массасының бірлігі? (Кг.)

  2. Күн мен түн немен аяқталады? (Н)

  3. Абайдың әкесі Құнанбай халқы үшін Қарқаралыда мешіт, ал 1870 жылдары Меккеге барған сапарында жүз кісілік қонақ үй салдырған екен. Қонақ үйдің аты? («Тәкия»)

  4. Өсімдік пен сөзге ортақ қасиет? (түбір)

  5. Дүние жүзіндегі ең қысқа жазылған хатты білесің бе? (1862 жылы Виктор Гюго «Херстли Блаккет» баспасына бір хат жолдаған екен. Онда бар болғаны бір жазу – «?» сұрақ белгісі болған екен. Бірақ бұл баспагерлерді онша таңғалдыра қойған жоқ. Сондықтан да олар хаттың жауабын кешіктірмей берді. Жауап хатта да небары бір жазу - «!» - леп белгісі болды. Бұл жауап жазушыны қатты қуантып тастайды. Себебі, әңгіме Виктор Гюгоның «Отверженные» кітабының таралуы жайында болатын.)


Мұғалімнің сөзі: 2-кезең «Осы жұрт Қазақтың бас ақыны - Абайды білер ме екен?» деп аталады.
«Ер Тарғын», «Қобыландыны» оқып байқа.

Абайды оқып, таңырқан, басыңды шайқа,

Ақындықтың қуаты есіңді алып,

Бас алмастан оқырсың қайта-қайта.


Бұл кезеңде екі топ бір-біріне Абай өлеңдерінен үзінді оқиды. Қарсы топ қай өлеңінен алынған үзінді екенін табу керек және келесі шумағын айтып беруі қажет. Уақыты: 10 минут.
Оқушыларға алдын-ала жаттауға берілген өлеңдердің тізімі:

  1. «Ғылым таппай мақтанба»

  2. «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап»

  3. «Өлсем, орным – қара жер сыз болмай ма?»

  4. «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын»

  5. «Сегіз аяқ»

  6. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»

  7. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

  8. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

  9. «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек»

  10. «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ»

  11. «Базарға, қарап тұрсаң, әркім барар»

  12. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

  13. «Білімдіден шыққан сөз»

  14. «Адамның кейбір кездері»

  15. «Жүректе қайрат болмаса»

Абай шығармаларында өз заманындағы көкірегі сезімді, көңілі ойлы адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің мақсат-мұратына тартуға ұмтылды.
Демек, Абай жас ұрпақты еңбекке, өнер-білімге ұмтылуға шақырады.
«Ойын арзан, күлкі қымбат» екенін айта кетіп, Абай жас ұрпаққа: «Уақытты босқа оздырмай, оқу-білімге көңіл қой»- дейді.
Ойын-сауықты кейінге қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, білімдіден үйрен, үлгі ал, солардай болуға тырыс деген:

«Біреуден біреу артылса,

Өнер өлшеніп тартылса,

Оқыған, білген – білген-ақ

Надан – надан-ақ сан қылса.

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз...»
Абай халықты ғылым мен еңбекке, білімге талмай үндеген ақын. Ғылымды әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, жалпы дамуға апаратын жол деп санады:
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.»

Абай қазақ халқын ынтымақ пен берекеге, шын пейіл бірлестікке шақырды.

Абай бүтін қазақтың басын қосып, халқын алдыңғы қатардағы елдердің қатарына қосуды арман етті.
Абай қалың бұқараны адал қарапайым еңбекті қадірлей білуге, ерекше құрметтеуге және оны бағалай білуге үндеді.
Қулық-сұмдықпен, алдау-арбаумен, ұрлық-зорлықпен, еңбексіз тапқан мал мен мүліктің жұғымсыз екенін ұқтырды.
Абай нағыз жігіттің бойында адамгершілік қасиеттің болуын өзінің өлеңінде бірден «жігіттер» деп бастап, есейіп, қатарға қосылып, бозбалалыққа, құрбыларымен араласуға, жар сүюге, үй болуға жетіп қалған жастарға арнап айтады.
Жас жігіттің алдына үлкен өмірлік мақсат қоюы қажет екенін ақын айрықша атап өткен:
«Керек іс бозбалаға талаптылық,

Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық...»
Ер жігіттің бойынан табылатын адамгершілік асыл қасиет татулық пен достықты берік ұстап, терін сатып адал еңбек ету деген.
Жастардың сүйіспеншілік сезімінде айнымас беріктік, тұрақтылық, адалдық болуына айрықша мән бере отырып, былай деген:
«Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс,,

Оның қадірін жетесіз адам білмес.

Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,

Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес...»

Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға - ауыз жол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгесі Хаққа қол емес.

Жүректің көзі ашылса,

Хақтықтың түсер сәулесі.

Іштегі кірді қашырса,

Адамның хикмет кеудесі.
Дененің барша қуаты,

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл сауыты,

Махаббат қылса Тәңірі үшін.


Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй, Ол – Алланы, жаннан тәтті.


Баққан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек.


Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.

Шырақтар, ынталарың «менікінде»,

Тән құмарын іздейсің күні-түнде.

Әділеттік, арлылық, махаббатпен

Үй жолдасың қабірден ары өткенде.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп ойнап күлмес,

Мені мен менікінің айрылғанын,

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.

Ибраһим Құнанбайұлы.


Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек...

Ибраһим Құнанбайұлы.

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге –

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы
Артық ғылым кітапта –

Ерінбей оқып көруге.

Ибраһим Құнанбайұлы.

Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ

Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай.

Ибраһим Құнанбайұлы.


Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,

Еңбек қылмас еріншек адам болмас.


Жүрегім менің қырық жамау,

Қиянатшыл дүниеден.

Өмір, дүние дегенің –

Ағып жатқан су екен.

Жақсы-жаман көргенің

Ойлап берсең у екен. А. Құнанбайұлы.





  • 2-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі.


Мұғалімнің сөзі: 3-кезең «Қызықты жұмбақтар» деп аталады.
Қазынамыз толы ғой қымбаттарға,

Түсінесің тоқ етер, тіл қатқанда.

Езуіңді еріксіз тартқызатын

Ал, үңіліп көрелік жұмбақтарға.
1. Қазанға ең бірінші не түседі? (Көз)

  1. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? (Жарық)

  2. Шешесі – су,

Әкесі – суық.

Көктемде өлер,

Күз күні туып. (Мұз)


  1. Он екі санының жартысы жетіге тең екенін қалай дәлелдеп беруге болады? (ХІІ VІІ)

  2. «Ұ» -дан бастасаң, темір ұста шебермін, «З»-ны қоссаң, білім саған беремін. (Ұстаз)

  3. Төменде берілген жұмбақтар Абай Құнанбайұлының шығарған жұмбақтары:

Алла мықты жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.



Шешуі:

Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз,

Таба алмасам, ақылды болар неміз?

Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп,

Жақсылық пен жамандық – болды сегіз.


  1. Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әр түрлі кен.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,

Солардың ең артығы немене екен?

Шешуі: темір.


  1. Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің,

Сәулей болса, бермен кел, талапты ерің.

Жан құмары дүниеде немене екен -

Соны білсең, әрнені білгендерің.

Шешуі: Білмекке құмарлық


  • 3-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі.

Ой сергек

Карандашты парақтың бетінен алмастан, бір жерді екінші рет сызбастан мына кесінділерді сыз:



Овал 84


Овал 80Прямая со стрелкой 81

Мұғалімнің сөзі: 4-кезең «Ойлан, тап!» деп аталады.

1-тапсырма

«Кітап бетіндегі сызықтар»
Білімнің қайнар бұлағы болып саналған кітап хақында айтылған асыл сөз төмендегі ой-жұмбаққа арқау болып отыр.

Кітап бетіндегі айқыш-ұйқыш сызықтарды дұрыс сөйлету керек. Ал құпия сызықтардың кілті жоғарыдағы парақта көрсетілген. Сонымен, кітап мұқабасында не жазылған? Ол сөзді кім айтқан?


ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы

Ы Л Р


Т К П Қ


Ғ А М І
Жауабы: «Артық ғылым кітапта», Абай.
2-тапсырма «Жүйесін тап»
Шеңбер бойында орналасқан әріптерді жүйесін тауып оқығанда Абайдың адамды жақсы қасиеттерге үндейтін сөзі шығады. Қане, ойланып көрейік!
Жауабы: «Пайда ойлама, ар ойла!»


  • 4-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі.


Мұғалімнің сөзі: 5-кезең «Тіл дамыту» деп аталады.
Асыл сөзден сәулетті алтын сарай салдырған,

Ғылым-білім көгінде шамшырағын жандырған.

Қисық, қыңыр, тасырдың мінін ашып, түзетіп,

Ұрпағына мәңгілік даналықты қалдырған.

3 минут уақыт ішінде «Атымды адам қойған соң...» тақырыбына Абай өлеңдерін, мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестерін қатыстыра отырып әңгіме құрау шарт.
Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел. (АБАЙ)
Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы
Ұқсаңшы, сыртын қойып, сөздің ішін! (АБАЙ)
Беті бүлк етпеу (тұрақты тіркес)
Құйрығы – шаян, беті – адам,

Жылмаңы сыртта, іші арам. (Абай)
Жегені желкесінен шықты (тұрақты тіркес)
Өтірік пен өсекті жүндей сабап (Абай)

Қабыл көрсе сөзімді, Кім таныса, сол алсын! (Абай)
Сөзге құлақ аспау (тұрақты тіркес)

Сыртқа пысық келеді, көзге сынық,

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек. (Абай)
Ақырып айтқан ақылдан,

Ақылмен айтқан сөз артық. (мақал)
Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсе қызар жалмауыз. (Абай)
Келелі кеңес жоғалды,

Ел сыбырды қолға алды.

Ел жамаған билер жоқ,

Ел қыдырып сандалды.

Момыннан жаман қорқақ жоқ.

«Қу, пысық» деген ат қайда?

Арсыз болмай атақ жоқ,

Алдамшы болмай бақ қайда? (Абай)
Әркімді заман сүйремек

Заманды қай жан билемек.

Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек. (Абай)

Сіркесі су көтермеу (тұрақты тіркес)


  • 5-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі.


Мұғалімнің сөзі: 6-кезең «Ұйқасын тап» деп аталады.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы
Өлеңнің екі жолы берілген, соңғы екі жолды ойдан шығаруы қажет. Бағалануы 10 ұпай. Уақыты: 10 минут.
1-топқа:

Адасқанның алды – жөн,

Арты – соқпақ.
2-топқа:

Дүние – үлкен көл,

Заман – соққан жел.


  • 6-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі.


Мұғалімнің сөзі: 7-кезең «Ойнайық та, ойлайық!» деп аталады.


  1. Логикалық есеп: тортты үш ұзын сызықпен сегізге бөлу.

  2. Сөзден не жасауға болады? Бір сөз беріп, сол сөздіңәрбір әрпінен сөйлем құрау шарт.


Мысалы: «Абай» деген сөз берілген.
Абайдың баса айтқаны – имандылық.

Адырдағы бәйшешектің аңқыған исін-ай!


Мұғалімнің сөзі: 8-кезең «Даналық ойдан дән ізде» деп аталады.
Абайды оқып ойлай біл, болсаң зерек,

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Ғақылына бой ұрып, ғибрат алғын,

Ойың алғыр, болсаң егер, таза жүрек.


Яғни, бұл кезеңде екі топ Абайдың қарасөзінен үзінді айтудан жарысқа түседі. Уақыты - 10 минут.
1.Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не?

Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі – қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз – қорқақ, мақтанғыш келеді: әрбір мақтаншаққорқақ, ақылсыз, надан келеді: әрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.

Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан; өзге егін, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді.

3- сөзінен үзінді.

2. ...Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпенен айырылады. Бейнет, күйігі, ызасы – сол үшеуінен басқа еш нәрсе бойында қалмайды.

Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі.

10- сөзінен үзінді.

3.Әуелі – иманның иғтихатының беріктігі керек, екінші – үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны Құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды.

Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласымен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.

12-сөзінен үзінді.

4. Иман деген – Алла Табарака уа Тағаланыңғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр неге бізге Пайғамбарымыз саллалаһу һалейһи уа саллам арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойынсұнып, инанбақ.

Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек.

Әуел не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылыбірлән дәлел жүргізерлік болып ақылы дәлел испат қыларға жараса, мұны якини иман десек керек.

13- сөзінен үзінді.



5. Екінші – кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық беріктік керек. Біреу өлтіремен деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып көңілі қозғалмастай берік боларға керек. Бұл иманды иман тақлиди дейміз.

Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, тақлиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай Тағала өзі сақтасын.

13- сөзінен үзінді.
6. Қазақ құлшылығым Құдайға лайықты болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды қылып, жығылып тұрса болғаны. Саудагер несиесін жия келгенде, «тапқаным осы, біттім деп, алсаң – ал әйтпесе саған бола жерден мал қазамын ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай Тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болад дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді.

Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?

16- сөзінен үзінді.
7. ...Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім,-депті ғылым. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сеніңқырың көп, жүрек сенің көп қырыңа жүрмейді: Жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп үйден қуып шығарады. Қайрат, сеніңқаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүреке билет,-деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.

Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. ?

Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.

Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, Құдай Тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы,-депті.

17-сөзінен үзінді.
8. ... Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде – туысың, өсуің, тоюың, ашығуың,қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің – бәрі бірдей, ахиретке қарай – өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұралуың – бәрі бірдей, екі дүниеніңқайғысына, пәлесіне хаупің, екі дүниені жақсылығына рахатың бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Біріңе-біріңқонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып көз алартыспақ лайық па?...

Абайдың 34-қарасөзінен үзінді
9. ...Екінші ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңліңді пысықтандырмақүшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады ...

А. Құнанбаевтың 32-қарасөзінен үзінді.

10. ...Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық, жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, еш нәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Өз білгеніңөзіңе, өз білгенім – өзіме», «кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол» деген дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.

Абайдың 7-қарасөзінен үзінді.
11.... Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады...

...Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілік, осыған ұқсаған әрбір маскүнемдікке тартып, құмар қылып, ақылдан шығарып жіберетұғын нәрселер осы екеуінен болады. Бұларды түбегейлеткенде жақсы нәрселерді түбегейлетіп, жаман нәрселерден, яғни жоғары айтылмыш секілді адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып жіберетұғын нәрседен бойды ерте тыйып алуға керек...

Абайдың 43-қарасөзінен үзінді.
12. ...Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық ...

18-сөзінен үзінді.

13. ... Жаман дос – көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың ...

Ибраһимнің 37-сөзінен үзінді.
14. ... Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, онан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек, білім де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарына керек. Аныңүшін олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына (теңдікке үндеу қақысына ие болады) кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік.

Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жаурыннан бір қаққанға сатады ...

... Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма!

Абайдың 25-қарасөзінен үзінді.

15. ... Әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз екен. Және де әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жә, енді біз ақылды еркіне жібермесек, Құдай Тағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады, «Мені таныған ақылмен таныр» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма?...

Абайдың 28-қарасөзінен үзінді.



16.... Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан – Құдай, ләкин қылдырған Құдай емес, ауруды жаратқан Құдай, ауыртқан Құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан Құдай, бай қылған, кедей қылған Құдай емес деп, нанып, ұқсаң болар, әйтпесе – жоқ.

28-қарасөзінен үзінді.

17. Жұрттың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қайта жібермейтұғынын. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анықөз ойына, ақылына тексертіп нанбайды.

Және һәмманы жаратқан Құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылқайды, жазғыруы да, жарылқауы да пенде ісіне ұқсамайды, бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек есепсіз жеткізуі де бар деп, бәріне – сендік дейді. Жоқ онысына мен сенбеймін. Олар сендім десе де, анық ақиқат көзі жетіп, ден қойып, ұйып сенбейді. Ол екеуіне анық сенген кісі уайым ойлап не керек? Осы екеуіне лайықты жақсылықты өздері де іздеп таба береді. Егер де осы екеуіне бұлдыр сеніп отырса, енді неге сендіре аламыз? Оларды мұсылман деп, қалайша иманы бар ғой дейміз ...

34- сөзінен үзінді.



18. Кімде-кім ахиретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, білмек керек: еш адамның көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтыққұмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы – олар да бірдей болмайды. Мұндай екі нәрсені бірдей болады деп айту мүмкін емес. Олай болғанда қай адамның көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ахирет қайғысынан, ахирет қуанышынан артық болса – мұсылман емес. Енді ойлап қарай бер, біздіңқазақ та мұсылман екен.

34- сөзінен үзінді.
19. Тілеуді Құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол Құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына лайығы бар ма? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не ғылымы жоқ, тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «өй, Тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?

34- сөзінен үзінді.

20. Ей, жүрегімнің қуаты, перзенттерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері туралы біраз сөз жазып естеріңде қалдырайын. Ықылыспенен оқып, ұғып алыңыздар, сонда махаббатың толады. Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның табылмақтығына себептер – әуелі тән саулық, бұлар туысынан болады, қалғаны жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

38- сөзінен үзінді.

21. Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соңғана Алла Тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана қайырымды іс, зарарлыны айырмақтық секілді ғылым-білімді үйренсе, білсе деп үміт қылмаққа болады.

38- сөзінен үзінді.

22. Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түземек, жүріс-тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзінше бір дәулет біледі. Бұл істердіңбәрі өзін көрсетпек, өзін-өзі базарға салып, бір ақылы көзіндегі ақымақтарға «бәрекелді» дегізбек. «Осындай болар ма едік» деп біреулер талаптанар, біреулер «осындай бола алмадық» деп күйінер, мұнан не пайда шықты? Мұнша әуреленіп, сыртыңды бір сүйген қауымыңа ұқсатарсың? Сыртқа қасиет бітпейді, Алла Тағала қарайтұғын қалыбыңа, боямасыз ықласыңа қасиет бітеді. Бұл айнаға табынғандардың ақылы қаншалықөсер дейсің? Ақыл өссе, ол түпсіз терең жақсылық сүймектікпенен өсер.

38- сөзінен үзінді.



23. Құдай Тағала дүниене кәмәлатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды – әуелі дос көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзініңөзгелерге қолыңнан келгенінше достық мақамында болмақ.

38- сөзінен үзінді.

24. ...Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің.

Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.

Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады...

38-сөзінен үзінді.

25. ...Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан Тәңірінің ісі...

Бұл ғаделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.

45-сөзінен үзінді.

26. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады.

19-сөзінен үзінді.

27. Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұл дүниенің рақатыныңқайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнінде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.

Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақөнерсіз иттің ісі. Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.

4-сөзінен үзінді.

28.Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін Құдайдан тілейді, әйтпесе Құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұныңқай жерінен бірлік шықты?

6-сөзінен үзінді.

29. «Ырыс алды – тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұспан болады.

Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегіңөлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың – пысық, ішің – нас,

Артын ойлап ұялмас - болып жүріп тірімін деме, онан Алла жіберген ақ бұйрықты өлімніңөзі артық.

6-сөзінен үзінді.

30. Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздіңқазақтың кісі дегені – батыр дегені. Онан басқа жүректіңқасиеттерін анықтап білмейді. Рақымдылық, мейірбандылық, уа әрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі, асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды. Амалдың тілін алса жүрек ұмыт қалады. Біздіңқазақтың «жүректісі» мақтауға симайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптің атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақы мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау – ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры – әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.

14-сөзінен үзінді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет