ТӘуелсіздігіміздің 25 жылдығына тартуым!!! Оспанова дана ерікқызы



бет2/9
Дата25.08.2017
өлшемі2,33 Mb.
#26239
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Оспан Дана Ерікқызы

10-жаттығу.

  • Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

  • Берілген түпкі ойды анықта.


Ешқашан ата-анаңа, ұстазыңа кір келтірме.
11-жаттығу.

  • Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

  • Жазбаша баяндаңдар.


Тілдің тазалығын сақтаушы академия да емес, грамматика да емес, білімдар да емес, тілді таза қалпында сақтайтын – халықтың рухы.

В. Белинский.

12-жаттығу.

  • Жаман досқа сендер қандай сипаттама берер едіңдер?

  • Өміріңде досыңның сатқындығын көргенде сен қандай ой түйесің?

  • Жақсы дос туралы не дер едіңдер?

Жаман дос – көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.

Абай.

13-жаттығу.

  • Кестеде берілген сөздерді қолдана отырып мәтін құраңдар және дәптерге көшіріңдер.

  • Сөйлемдегі негізгі сөзді анықтаңдар.

  • Мәтінге ат қойып, жоспар құрыңдар.




Етістік


Сын есім

Зат есім

... үшін рахмет айту


Жақсы

Кенеттен

Көптен күткен

Жылы жүзді

Жағымды

Мейірімді

Жарқын

баянды

Жаңалық

Кеңес

Бақыт

Сыйлық

Мінез-құлық

Қонақ

Болашақ

Боран

қар


14-жаттығу.

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы

  • Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

  • «Бақыттың тұрақты болуы» дегенге түсініктеме беріңіздер.

  • Ғұламаның ойына қосыласыздар ма?


Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.

Әл-Фараби.

15-жаттығу.


  • Бірігіп жұмыс істе!

Үш қатарға үш түрлі тапсырма беріледі. Бір-бірімен ақылдасып тез-тез бес алты сөйлемнен құрайды. Бір оқушы логикалық аяқталған сөйлеммен ойды аяқтайды.
І қатар пойызбен сапарға шығады.

ІІ қатар кемемен сапарға шығады.

ІІІ қатар шөл далаға түйемен сапарға шығады. Баратын жерлерін картадан көрсетеді.

Рефлексиялық жаттығулар
1-жаттығу.

  • Өлеңнің мазмұнын өз сөзіңізбен жүйелі баяндап, дәптерге жазыңыздар.

  • «Жүрек сыры», «ақыл», «қайрат», «жүрек», олардың өзара бірлігі туралы өзіңізге-өзіңіз тәжірибе жасап, сипаттама беріп көріңіз.


Жүрегіңмен сезбесең,

Әлемнің сырын ұқпайсың.

Көзіңмен көрем дегенмен

Барлығын байқап шықпайсың...

Әбілхасан Рудаки.

2-жаттығу.

  • Төменде берілген өлеңмен үндесетін қандай ақынның өлеңін білесің?

  • «Кешегіден тұрайын сәл ертерек» сөйлемінің түпкі мәнін өз сөзіңмен жай сөйлемнің түрімен дәптерге жаз.


... Таңым атты,

Күнім шықты.

Бұдан артық не керек!

Кешегіден тұрайын сәл ертерек.

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы

Шаруасы бітпей жатқан еліме

Ер Тарғындай ер керек...

Қаржаубай Омарұлы.
3-жаттығу.

Кімде-кім ниетін – имандылыққа, тазалыққа, тілін – шыншылдыққа, мінезін – туралыққа, құлағын – тыңдаушыға, көзін – өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса, демек, ол бақытты.

Нақыл сөз.

  • Берілген сөйлемнен қандай ой түйдің?

  • Сеніңше «бақыт» деген не?

  • Өмірдің мәні мен бақыты неде? Ойыңды жүйелі түрде жай сөйлемнің түрлерін қатыстыра отырып жаз.


4-жаттығу.

  • «Қазақтың болашақ интеллектуалы» деген сөзді қалай түсінесіз?

  • Сөйлем қандай ортаға бағытталып айтылған?


Қазақтың болашақ интеллектуалы қазақтық тамырдан суарылса екен деп армандаймыз.

5-жаттығу.

  • «Адамшылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • «Жақсы мінез-құлық» пен «ақыл күшінің» қатарына тағы қандай қасиеттерді қосар едіңдер?

  • «Адамшылық» сөзінің синонимі қандай сөз деп ойлайсыңдар?


Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық болып табылады.
6-жаттығу.

  • Әйелің жақсы болса, иманың, жиғаның, ырысыңның тұрағы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Асты сызылған сөйлемге сөйлем мүшесіне қарай талдау жасаңдар.

Атың жақсы болса,

Ержігіттің пырағы,

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы,

Қызың жақсы болса,

Жайқалып өскен құрағы.

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы

Әйелің жақсы болса,

Бірінші – иманың,

Екінші – жиғаның,

Үшінші – ырысыңның тұрағы.

Төле би.
7-жаттығу.

  • Төмендегі сөйлемдерде айтылған ойға қосыласың ба? Неге?

  • Салмақты, жуас адамдар туралы сенің пікірің қандай?

  • Пікіріңді жай сөйлемнің мағыналық-құрылымдық түрімен дәптерге жүйелі де сауатты жаз.


Салмақтық пен жуастық – адамның табысы. Оны жоққа шығару – зиян.

Нақыл сөз.
8-жаттығу.

  • Абай өлеңдерінен берілген үзінділерге ойтолғау жазыңдар.


Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсе қызар жалмауыз.
Келелі кеңес жоғалды,

Ел сыбырды қолға алды.

Ел жамаған билер жоқ,

Ел қыдырып сандалды.

Момыннан жаман қорқақ жоқ.

«Қу, пысық» деген ат қайда?

Арсыз болмай атақ жоқ,

Алдамшы болмай бақ қайда?
Жүрегім менің қырық жамау,

Қиянатшыл дүниеден.

Өмір, дүние дегенің

Ағып жатқан су екен.

Жақсы-жаман көргенің

Ойлап берсең у екен.
Адамзатқа не керек,

Сүймек, сезбек, кейімек.

Харакәт қылмақ, жүгірмек.

Ақылмен ойлап сөйлемек.

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы

Әркімді заман сүйремек

Заманды қай жан билемек.

Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек.
9-жаттығу.

  • Махамбет төмендегі өлең жолдарында ер азаматқа қандай жүк жүктейді?

  • ХХІ ғасырдың азаматы қандай ерекшеліктермен ерекшеленуі керек деп ойлайсың?

  • Нағыз азаматқа тән қасиеттерді тізіп жазыңдар.

Арғымақтың баласы

Аз оттар да, көп жусар.

Азамат ердің баласы

Аз ұйықтар да, көп жортар.

Махамбет .
10-жаттығу.

  • Абайдың өзің сүйіп оқитын бір қарасөзіне өзіңнің ойыңды білдір. Қазіргі заманмен салыстыр.


11-жаттығу.

  • Ы. Алтынсарының «Бір Аллаға сиынып, Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңінің мәнін кеңінен толғап жазыңдар.


Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!
Істің болар қайыры

Бастасаңыз Аллалап,

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап.
Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы

Іздемей-ақ табылар.
Мал, дәулеттің байлығы

Бір жұтасаң жоқ болар,

Оқымыстының байлығы

Күннен-күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.

Сиса көйлек үстіңде

Тоқуменен табылған...

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған...

Өнер-білім бәрі де

Оқуменен табылған.
Надандықтың белгісі-

Еш ақылға жарымас.

Жайылып жүрген айуандай

Ақ қараны танымас.

Аяңшыл ат арымас,

Білім деген қарымас.

Жөн білмеген наданға

Қыдыр ата дарымас.
Оқу деген шыны-ды,

Тұрған сайын шыныққан...

Оку білген адамдар

Май тамызған қылыштан...

Білмегенді білуге

Есті бала тырысқан,

Есер бала ұрысқан.

Әлпештеген ата-ене

Қартаятын күн болар.

Қартайғанда жабығып,

Мал таятын күн болар.

Ата-енең қартайса-

Тіреу болар бұл оқу.

Қартайғанда мал тайса-

Сүйеу болар бұл оқу!
Оқу білген таниды

Бір Жаратқан Құдайды,

Танымаған Құдайды

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы

Неғылғанда ұнайды...

Шырағым адам болғай деп,

Ата-енең жылайды.

Баладан қайыр болмаса,

Баланы неге сұрайды!
12-жаттығу.


  • Елін, жерін қорғау үшін қасық қаны тамғанша жан аямай күресу дегенді қалай түсінесіз?

  • Қазақ тарихындағы жер мәселесі туралы не айтасыз?

  • Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын әңгімелеп беріңіз.


Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зоры – жер мәселесі. Бұл – қазақтың тірі я өлі болу мәселесі.

Қазақ жерін мұжыққа бере бастаған соң ғана қазақ қайда отырғанын біле бастаған. Қазақтың ұйқысы бөлініп, сана түсіп, алдын қалай болар деп, алысқа көз сала бастағаны жерін ала бастағаннан бері.(1914ж.)

А. Байтұрсынұлы.
13-жаттығу.


  • Өзіңе таныс Абай өлеңдерінен адамда кездесетін қасиеттерді төменде берілген кесте бойынша топтастыр.




еріншектік


әділеттілік

мақтан-

шақтық

жалқаулық

ғылымды

сүю

қайратты-

лық


















14-жаттығу.

Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,

«Мен» өлмекке тағдыр жоқәуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.

Шырақтар, ынталарың «менікінде»,

Тән құмарын іздейсің күні-түнде.

Әділеттік, арлылық, махаббатпен

Үй жолдасыңқабірден ары өткенде.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол біраққайтып келіп ойнап күлмес,

Мені мен менікінің айрылғанын,

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.

Абай Құнанбайұлы.
Ғазиз жанды тапсырайық Аллаға,

Алтын, гауһар жинамайық қамбаға.

Бұл фәниден іздемеңдер рахат,

Арамдыққа толы ол бір ғазапат.

Әбілхасан Рудаки.

  • Жан мен тән туралы не айтасыңдар?

  • Абай «өңкей білмес» деген тіркесті неге қолданып тұр деп ойлайсыңдар?

  • Екі өлеңнің тоғысатын нүктесін табыңдар.


15-жаттығу.

  1. Біріңді, қазақ, бірің дос

Көрмесең, істің бәрі – бос.

Абай Құнанбайұлы.

  1. ...Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде – туысың, өсуің, тоюың, ашығуың,қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің – бәрі бірдей, ахиретке қарай – өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұралуың – бәрі бірдей, екі дүниеніңқайғысына, пәлесіне хаупің, екі дүниені жақсылығына рахатың бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Біріңе-біріңқонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлыққылып көз алартыспақ лайық па?

Тілеуді Құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол Құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына лайығы бар ма? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы не ғылымы жоқ, тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «ой, Тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?

Абайдың 34-қарасөзінен үзінді.

  • Көрсеқызарлық, қызғаншақтық, көреалмаушылық деген сөздерді бір сөзбен қалай атар едіңдер?

  • Бұларды жеңудің жолы қандай?


16-жаттығу.

  • Төменде берілген Рудакидің өлең жолдарын қалай түсінесің? Ол қандай адамгершілік қасиеттерге нұсқап тұр?

  • Ізгілік сөзінің синонимдік қатарын құр.


Өмір – теңіз,

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы

Жүзем онда демеңіз

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.

Әбілхасан Рудаки.

17-жаттығу.

  • Синтаксистік талдау жасаңдар.

  • Берілген өлең жолдарынан патриоттық сезімнің ұшқындары сезіле ме?

  • Махамбет бойындағы ерік-жігер кім үшін, не үшін тулаған?

  • Өз елінің патриот азаматы дегенді қалай түсінесіңдер? Сендердің бойларыңда сондай қасиет табыла ма?




  1. Қара қазан, сары бала

Қамы үшін қылыш сермедік.

  1. Қара қазақ баласын

Тірлігімде налытпан.

Махамбет .
Танымдық жаттығулар

1-жаттығу.

Дін үшін һәм халық үшін

Еңбек еткен,

Қор болмас жүрсе дағы

Қай орында.

Міржақып Дулатов.

Біз аз ғана білімімізді, аз ғана қайратымыздың кішкене қызметін адамшылық жолына салып, ақтыққа жұмылайық.

Халық түзеуді жол қылайық.

Мұхтар Әуезов.

  • Қазақ зиялыларының ой түбінде не жатыр?


2-жаттығу.

  • «Білім», «кітап», «ғылым» деген сөздерді естігенде ойларыңызға не келеді?

  • Көңілді кір шалмау үшін не істеу қажет?

Білімнен қымбат нәрсе жоқ,

Көңілді жатса баспай тот.

Мақал.

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге –

Артықғылым кітапта –
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы

Ерінбей оқып көруге. Абай.

Екінші ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады.

Абай Құнанбайұлының 32-қарасөзінен үзінді.
3-жаттығу.

Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның,

Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнін.

Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ

Ең болмаса кеттіңғой мал баға алмай.

Абай Құнанбайұлы.

Ал, қазақ,

Мешел болып қалам демесең,

Тағылымды бесігіңді түзе.

Мұхтар Әуезов.

  • Асты сызылған тіркестер қандай ортаны білдіреді?

  • Сондай ортаны түзеудің мәні неде?


4-жаттығу.

  • Қолға алған істен нәтиже шығару үшін адамда қандай қасиет болу керек деп ойлайсыңдар? Өздеріңде сондай қасиет бар ма?


Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды.

Д.И. Менделеев.

5-жаттығу.

  • Табиғат пен адамның арасындағы байланыс туралы сыныпта әңгіме жүргізіңдер.

  • «Қоғам және табиғат» тақырыбы жайында ойланып, әңгіме құраңыздар.


6-жаттығу.

  • Төмендегі даналық сөздің тәрбиелік маңызы қандай?

  • Адам өміріндегі ғылымның алар орны туралы пікіріңқандай?

Қандай ғылым болсын оның теориясына жетік болу үшін үш түрлі шарт қажет: ғылымның барлық түпкі негіздерін – принціптерін білу керек, сол принціптерден осы ғылымға жататын
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы
қажетті қорытындыларды шығара білу керек, сол ғылым жайлы бұрын-соңды айтылған пікірлерді талдап, түзете білу керек...

Әл-Фараби.
7-жаттығу.

  • Төменде берілген мәтіннің түпкі мәні неде?

  • Әдептілік, ар-ұят, қанағат, ынсап туралы өзіңнің ойыңды өмірлік фактілерден мысал келтіре отырып баянда.


Әдетте ынсап, рақым, әдеп болмаса, адамның өзге хайуаннан артықшылығы болмас еді... Әдеп – діннің жаршысы. Әдепті кісіде ұят бар, ұяты бар кісіде иман бар.

Хадис.
8-жаттығу.

  • Өлеңнің мазмұнын өз сөзіңмен жүйелі баяндап, дәптеріңе жаз.

  • «Жүрек сыры», «ақыл», «қайрат», «жүрек», олардың өзара бірлігі туралы өзіңе-өзің тәжірибе жасап, сипаттама бер.


Жүрегіңмен сезбесең,

Әлемнің сырын ұқпайсың.

Көзіңмен көрем дегенмен

Барлығын байқап шықпайсың...

Әбілхасан Рудаки.
9-жаттығу.

  • Төменде берілген өлеңмен үндесетін қай ақынныңөлеңін білесің?

  • «Кешегіден тұрайын сәл ертерек» сөйлемінің түпкі мәнін жай сөйлемнің түрімен дәптерге жаз.


...Таңым атты,

Күнім шықты.

Бұдан артық не керек!

Кешегіден тұрайын сәл ертерек.

Шаруасы бітпей жатқан еліме

Ер Тарғындай ер керек...

Қаржаубай Омарұлы.
10-жаттығу.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет