15. зертханалық ҒЗЖ тұрақтылығын анықтау үшін жоспар құрастыру Ғылым саласындағы жоспарлау қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттарын, іргелі және басым қолданбалы бағыттарын таңдау процесін білдіреді. Жоспарлаудың маңызды мақсаты инновациялық процестің дамуын және ғылымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін материалдық, қаржылық кадрлық ресурстар мен мүмкіндіктерді анықтау болып табылады.
Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен білім беру мекемелері мақсатты кешенді бағдарламалар, ұзақ мерзімді ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар, шаруашылық шарттар және тапсырыс берушілер ұсынған зерттеулерге өтінімдер негізінде жұмыс жоспарларын әзірлейді.