17-билет 17. нақты уақыт режимінде есірткінің сақталу мерзімін анықтау, стресс жағдайлары, жеделдетілген қартаю жағдайлары. 1. Медициналық мақсаттарда Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының Мемлекеттік тізіліміне енгізілген, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар пайдаланылады.
2. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі.
3. Амбулаториялық емделу кезінде пациенттерге құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды пайдалану жазып берілген рецептіге сәйкес дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.