16
17
18
19
20
21
167
Оқылым бөлігі
22
23
24
25
26
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
А) Денсаулық – зор байлық.
В) «Ақбұлақ» – сүйек ауруларын емдейтін орын.
С) «Ақбұлақ» – тері ауруларын емдейтін орталық.
D) «Ақбұлақ» – Алматы облысындағы шипажайлардың бірі.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты табыңыз.
Выберите наименее важную информацию.
А) Емдеу тәртібі сенбі, жексенбі күндерінде де жалғасады.
В) Шипажайда жаңа емдеу орталығы 2002 жылы салынды.
С) Шипажайда денені тазартудың түрлі әдістері кеңінен қолданылады.
D) Емдеу тәсілдері адамға жеке жасалған бағдарлама бойынша қолданылады.
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для первого абзаца.
А) Емдеу тәсілдері
В) Талғар – таулы аймақ
С) «Ақбұлақ» шипажайы
D) Алматыдағы шипажай
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для второго абзаца.
А) Жетісу – жер жаннаты
В) Сүлікпен емдеу түрлері
С) Емдеу құрал-жабдықтары
D) Әсем табиғат аясындағы «Ақбұлақ» шипажайы
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для третьего абзаца.
А) Саяхатқа шығу
В) Инемен емдеу ерекшелігі
С) Сәулет өнерінің туындылары
D) Шипажайдың өзіндік ерекшеліктері
168
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Әлемде неше кітапхана болған?
В) Отырар кітапханасы қай жылы ашылды?
С) Ұлы Жібек жолы қай жерлерді басып өтеді?
D) Әбу насыр әл-Фарабидің қандай шығармалары бар?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую тексту.
А) Фараб қаласында Александрия кітапханасы ашылды.
В) Отырар кітапханасы әл-Фарабидің қатысуымен ашылды.
С) ІІ Птолемей – ең ірі кітапхананың бірінің негізін салушы.
D) 2001 жылы 27 тамызда Қазақстан ұлттық кітапханасы ашылды.
27
28
Әлемнің ең ірі кітапханалары
Адамзат тарихындағы ең ірі кітапханалар саналатын әйгілі Александрия
кітапханасы мен қазақ жерінде болған Отырар кітапханасы заманында әлемдік
өркениеттің дамуына теңдессіз үлес қосқан кешенді білім ордалары. Алайда бұл
екеуінің де өмірі бүгінгі таңға жетпей, тарихтың бір қойнауымен шектеледі.
Александрия кітапханасы негізін Александрия қаласында
ІІ
Птолемей қалаған,
қорында бес мың том кітап болған. Оны Эратосфен, Зенодот, Аристарх,
Калиммах есімді ірі ғалымдар басқарған. Сол заманғы оқымыстылар жүз мыңнан
жеті жүз мың томға дейін кітап қоры болғанын жазады. Кітапхана қорының
негізін ежелгі грек әдебиеті мен ғылымынан тұратын шығармалар құрағанмен, мұнда
шығыс халықтары тілдеріндегі кітаптар да көп болған. Александрия кітапханасы
жанында көшірмешілер штаты жұмыс істеп, олар кітаптарды көшіріп жазып,
данасын көбейтіп отырған. Калиммахтың жетекшілігімен кітапхана каталогі
жасалынып, сол жүйе негізінде кітап қоры толықтырылып тұрған.
Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы Отырар кітапханасы. Бұл кітапхананың
қоры өте бай болған. Отырар біздің ұлы бабамыз Әбу насыр әл-Фарабидің
отаны. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ол әлемнің екінші ірі кітапханасында
білім нәрімен сусындап өсті. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар
мен папирусорама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және Қытай
ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған.
2001 жылы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен
Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы
(ЮНЕСКО) арасында көне Отырар қалашығын сақтау жобасы бойынша келісімге
қол қойылды. Келешекте Ұлы Жібек жолының батыс пен шығыс әлемдері тоғысар
тұсында ғылым мен мәдениет орталығына айналған көне шаһардың бүгінгі орнын
шетелдік қонақтар үшін туризм орнына айналдыру көзделіп отыр. Әйгілі Отырар
кітапханасы ата-бабамыз мекен еткен алып аймақта ілім дәнін сепкен киелі жер
екені баршаға аян.
4-мәтін
169
Оқылым бөлігі
29
30
31
32
33
34
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) Александрия, дана, әлем, кітап қоры
В) Александрия, ғылым, сына, жазу, жоба
С) Александрия, ғылым, қалашық, көшірушілер
D) Александрия, кітапхана, әлем, ғылым, кітап қоры
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
Александрия кітапханасының негізін ... құрады.
А) ежелгі грек әдебиетінен тұратын еңбектер
В) көне грек әдебиеті мен ғылымынан тұратын еңбектер
С) көне грек ғылымынан ғана тұратын құнды туындылар
D) шығыс, грек халықтары әдебиетінен тұратын шығармалар
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Көшірмешілер немен шұғылданған?
А) кітаптардың көшірмелерін жинаумен
В) кітаптарды көшірумен, данасын көбейтумен
С) кітаптардың көшірмелерін кітапханаға жеткізумен
D) кітапхана каталогін жасаумен, кітап қорын толықтырумен
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалады.
В) Әлемдегі ірі кітапханалардың ғылыми жобалары туралы айтылады.
С) Әлемдік өркениетке үлес қосқан білім ордалары туралы ақпарат беріледі.
D) Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы, қызметі туралы баяндалады.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для текста.
А) Әйгілі грек туындылары
В) Әлемге әйгілі кітапханалар
С) Ұлы Жібек жолының тарихы
D) Еуропа ғалымдарының еңбектері
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
А) Ірі кітапханаларды қалпына келтіру жобасына 2001 жылы 27 тамызда қол
қойылды.
В) Отырар кітапханасы – ІІ Птолемей негізін салған әйгілі кітапханалардың бірі.
С) Отырар кітапханасы – үлкен білім бұлағы, жиырма бір әл-Фарабидің отаны.
D) Александрия мен Отырар – адамзат тарихында ерекше орын алған
кітапханалар.
170
35
36
37
38
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты табыңыз.
Выберите наименее важную информацию по тексту.
А) Ежелгі туындылар сына жазуымен жазылған.
В) Отырар қаласы «әлемнің екінші ұстазы» әл-Фарабидің отаны болған.
С) Кітапхана каталогі Калиммахтың жетекшілігімен жасалынған.
D) Александрия кітапханасының жанында көшірмешілер жұмыс істеген.
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для первого абзаца.
А) Ежелгі грек әдебиетінің үлгілері
В) Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі
С) Өркениет дамуына үлес қосқан ордалар
D) Ежелгі грек ғалымдарының шығармалары
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для второго абзаца.
А) Отырар кітапханасы
В) Ірі кітапханалардың бірі
С) Әлемнің екінші ұстазы
D) Көне Отырар қалашығы
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для третьего абзаца.
А) Қытай кітапханасы
В) әл-Фараби шәкірттері
С) Қазақ мәдениетінің дамуы
D) Қазақ жеріндегі кітапхана
171
Оқылым бөлігі
Жұмекен Нәжімеденов тұлғалы талант. Ол қысқа өмірінің ішінде өшпейтін
көркем туындылар қалдырды. Қазақ поэзиясы жөнінде сөз қозғала қалса, Жұмекенді
ауызға алмай өту мүмкін емес. Ол сонау алпысыншы жылдардың өзінде-ақ жұрт
назарына өзінің ақындық ерекшелігімен ілінді.
Жұмекен Нәжімеденовтің ақын ретіндегі жемісті еңбек еткен кезі өткен
ғасырдың 60-80 жылдары. Бұл кезең қазақ поэзиясының философиялық тұрғыдан
тереңдеп, көркемдік жағынан әрлене түскен кезеңі.
Жұмекен поэзиясы сан қырлы. Ақын поэзиясы бірден қалыптаса қалған жоқ.
Өмірді шынайы бейнелеу жолында талай ізденіс соқпақтарынан өтті. Жігерлі
талпыныс, бойға біткен табиғи талантты еңбекқорлықпен баптай білушілік оны
майталман лирик дәрежесіне көтерді. Шығармашылық болмысындағы ерекшелік пен
асқан шеберлігімен Жұмекен Нәжімеденов қазақ әдебиетінен өзіндік лайықты орнын
алды.
Ақынның лирикалық қаһарманы үлкен интеллект. Оның лирикалық қаһарманның
ойлайтыны жеке бастың қамы емес, халық мүддесі. «Өлең сирена», - дейді
Қадыр Мырзалиев. Жұмекен ақынның әр өлеңі ақын сезімінің сиренасы. Оның
лирикалық кейіпкері әлем алдында, адамзат баласы алдында үлкен жауапкершілікті
сезінеді.
Ақын заман перзенті, сондықтан заман үнімен үндесе, заман ағымымен бірге
болуы керек. Заманның әр сәт сайын қояр сауалына жауап беру әр қаламгердің
азаматтық борышы. Жұмекен мұны терең сезінеді. Оның кез келген өлеңінен өмірге
деген ерекше құштарлықты көретініміз осыдан. «Жүрегімде бір тамшы қан болса
егер» деген өлеңімен үндесіп жататын «Соқ, сағат» атты топтама жырлардың
мәні де ерекше терең. Ақын уақыт, заман, өмір туралы ой-сезімдерін бес өлеңге
топтастырады. Ақын заманның құбылмалы мінезін дөп басып, дәл бағалайды.
ХХ
ғасыр аласапыран төңкерістер, қаһарлы қақтығыстар, өсулер мен өшулер,
жарылыстар мен жаңғырықтар, кереғарлықтар қаптаған, адам ойын талқандап,
адам жүрегін тебіренткен ғасыр. Шиеленістер туындап, жаңалықтар ашылып,
самғаулар мен шарықтаулар болып жатқан ғасырда ақын жайбарақаттық
жасай алмады. Ол өзі де: «Тағы бір ғажайып түн өтті тек қана үлгірдім
құмартып», - деп зулап бара жатқан заман екпініне, уақыт жүрдектігіне ілесу
қиын екендігін айтады. Оның лирикалық кейіпкері адал азамат атынан сөйлейді.
Жұмекен поэзияның дәстүрлі төрт әлеуметтік, махаббат, табиғат, көңіл күй
тақырыптарында қалам тербегені белгілі. Жұмекен Нәжімеденов қазақ лирикасын
тақырыптық жағынан байытты, оның мазмұнын тереңдетті, пішінін жетілдірді,
жанрлық жаңа белестерге биіктетті. Ол стиль жағынан да ешкімге ұқсамаса,
оның лирикалық кейіпкері де өзгеше болмыс-бітімімен дараланған. Нәжімеденов
алпысыншы-сексенінші жылдардағы қазақ лирикасының шындықты терең
философиялық толғаныстармен бейнелеу тәжірибесін молықтыра, байыта түсті.
Жұмекен Нәжімеденовтің поэмалары қазақ әдебиетіндегі дастаншылдық
дәстүрді ілгері дамытқан, жаңалығы мол, мазмұны терең, пішіні сұлу сырлы
мұра қымбат қазына.
Сонымен, Жұмекен Нәжімеденов қазақ әдебиетінде поэзиясымен де, прозасымен де
қомақты орынға ие болды. Ол қазақ әдебиетіне ұшан-теңіз жаңалығымен келіп,
оны шалқар байлыққа кенелткен ойшыл суреткер.
5-мәтін
172
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Ж. Нәжімеденов қай жерде туылған?
В) Автордың қандай поэмаларын білесіз?
С) Жұмекен Нәжімеденов лирик ақын ба?
D) Ж. Нәжімеденовтың қандай прозалық шығармаларын білесің?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую тексту.
А) Оның өлеңдері орыс тіліне аударылды.
В) Ж. Нәжімеденов аударма саласында да еңбек сіңірді.
С) Заман сауалдарына жауап беру – әр қаламгердің азаматтық міндеті.
D) Ж. Нәжімеденов – еліміздің Әнұранының сөзін жазған авторларының бірі.
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) поэма, өлең, топтама, поэзия, уақыт
В) поэзия, ақын, азамат, заман, жаңалық
С) поэма, поэзия, мүдде, лирика, замана
D) поэзия, талант, белес, талант, сирена
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Ол артына өшпес мұра қалдырды.
В) Ақын азаматтық борышын терең сезінді.
С) Қазақ поэзиясында ақынның өзіндік орны бар.
D) Ол алпысыншы жылдардың өзінде ақындық ерекшелігімен көрінді.
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Жұмекен қандай тақырыптарда өлең шығарды?
А) әлеуметтік, махаббат
В) әлеуметтік, табиғат, көңіл күй
С) әлеуметтік, көңіл күй, махаббат
D) әлеуметтік, махаббат, табиғат, көңіл күй
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) ХХ ғасырдағы ірі оқиғалар суреттеледі.
В) Ж. Нәжімеденов өмірі туралы мәлімет беріледі.
С) Ж. Нәжімеденовтың шығармашылығы туралы ақпарат беріледі.
D) Ж. Нәжімеденовтың прозалық туындылары туралы ақпарат беріледі.
39
40
41
42
43
44
173
Оқылым бөлігі
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок текста.
А) Қазақ әдебиетінің жанрлары
В) Қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы
С) Қазақ әдебиетінің жанашыры
D) Қазақ әдебиетінің даму жолдары
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
А) Ақын лирик дәрежесіне көтерілді.
В) Жұмекен поэзиясының ерекшеліктері өте көп.
С) Ақын кейіпкері адамзат алдында жауапкершілік сезінеді.
D) Ақын заман үнімен үндесе, заман ағымымен үйлесе білді.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты табыңыз.
Выберите наименее важную информацию по тексту.
А) Ж. Нәжімеденов жаңашыл ақын болатын.
В) Ж. Нәжімеденов өнерді жоғары бағалады.
С) ХХ ғасыр жаңалықтарға толы ғасыр болды.
D) Ақынның "Соқ, сағат" атты жыр топтамасы бар.
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для первого абзаца.
А) Суреткер ақын
В) Ж. Нәжімеденов – талант иесі
С) Ақын поэмалары – қымбат қазына
D) Ақынның лирикалық өлеңдерінің сыры
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для второго абзаца.
А) Ақын өлеңдерінің құпиясы
В) Ақынның жемісті еңбек еткен кездері
С) Ж. Нәжімеденов шығармаларының тақырыбы
D) Ж. Нәжімеденов – қазақ әдебиетінің негізін салушы
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для третьего абзаца.
А) Ақын поэзиясы
В) Ақынды тебіренткен тақырыптар
С) Ақынның прозалық шығармалары
D) Қазақ әдебиетінің жанрлық ерекшеліктері
45
46
47
48
49
50
Жазылым бөлігі
Блок Письмо
Жазылым
бөлігіне шолу
Алдын ала тест
Тест
тапсырмаларын
талдау
Қорытынды
тест
IV
тарау
175
ЖАЗ
ылым
бөлігі
Жазылым бөлігіне шолу
Жазылым бөлігінің орта деңгейінде сізге әлеуметтік-мәдени тақырыптағы
мәтін ұсынылады. Мәтінді аудиоқұрылғыдан 2 рет тыңдайсыз. Оны
мазмұндау үшін жүйелі жоспар құру қажет. Жоспар жай немесе күрделі
болуы мүмкін. Жоспар негізінде тақырыптан ауытқымай, ойыңызды жүйелі
жазуыңыз керек. Мазмұндама жазуға 25 минут уақыт беріледі.
Мазмұндамада көтерілген тақырып аясында 5 сұрақ қарастырылған.
Сұрақтарға жауап бергенде, өз ойыңызды қосуға болады. Мәтінде
кездескен сөздерді, тіркестерді сөзбе-сөз қолданбай, мағыналас сөздермен
ауыстыру – басты талап. 3-тапсырманы орындауға жұмсайтын уақытыңыз
10 минуттан аспауы міндетті.
Орта деңгей тапсырмаларына жалпы жұмсайтын уақытыңыз – 35 минут.
Осы деңгей тапсырмалары бойынша ең жоғары ұпай саны – 50.
176
Обзор блока Письмо
На среднем уровне блока Письмо Вам предоставляется текст
изложения на социально-культурную тематику. Текст прослушивается
2 раза. Обдумав тему изложения, Вам необходимо составить план.
План может быть по структуре кратким или развернутым. Изложите
свои мысли в соответствии с планом, не отклоняясь от темы. Для
написания изложения предоставляется 25 минут.
Далее Вам предлагается ответить на 5 вопросов по теме
изложения. Отвечая на вопросы, можно изложить свою точку зрения.
Не допускается дословное употребление слов и словосочетаний,
взятых из текста, употребление слов, близких по значению – главное
требование. На выполнение 3-его задания отводится не более 10
минут.
Всего на выполнение заданий среднего уровня блока Письмо
отводится 35 минут, максимальное количество баллов – 50.
177
ЖАЗ
ылым
бөлігі
Жазылым бөлігі.
Алдын ала тапсырмалар
блок Письмо.
Предварительные задания
1
Компьютер әлемі
Компакт-дискіден аудиожазбаны тыңдаңыз.
Мазмұндама мәтінін екі рет тыңдаңыз.
Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз.
Мазмұндама соңында берілген мәтін мазмұнын ашатын 5 сұраққа жазбаша
жауап беріңіз.
Прослушайте аудиозапись на компакт-диске.
Прослушайте текст изложения два раза.
Составьте план изложения.
Письменно ответьте на 5 вопросов, раскрывающих содержание текста.
1
2
3
1) Мазмұндама мәтінін тыңдаған уақытта қиын сөздерге мән беріп, негізгі мазмұнын есте
сақтауға тырысыңыз.
2) Мазмұндама жоспарын цитата, сұраулы сөйлемдерден құруға болады, жоспар жай
немесе күрделі болуы мүмкін.
3) Жауабыңызда мәтіндегі тірек сөздерді сөзбе-сөз қайталамауға тырысыңыз.
1) При прослушивании аудиозаписи обратите внимание на сложные слова, постарайтесь
запомнить основное содержание текста.
2) План изложения может быть простым либо сложным, могут быть использованы цитаты,
вопросительные предложения.
3) Постарайтесь в письменной работе не повторять слова из текста слово в слово.
Мәтін мазмұнына қатысты жоспар құрыңыз.
Мазмұндамадағы мәселеге байланысты берілген сұрақтар негізінде
сөйлемдерді бір-біріне байланыстыра жауап жазу.
Ответить на вопросы по теме изложения, объединив предложения друг
с другом.
1. Алғашқы компьютерлер қандай болды?
2. Компьютермен жұмыс істеу үшін не керек?
3. Компьютермен қандай жұмыс түрлерін орындауға болады?
4. Ғаламторды қалай пайдаланамыз?
5. Сіз компьютерлік қай бағдарламаларда жұмыс істей аласыз?
178
Жазылым бөлігі.
Тапсырмаларды талдау
блок Письмо.
Анализ заданий
2
1-нұсқа
Компакт-дискіден аудиожазбаны тыңдаңыз.
Мазмұндама мәтінін екі рет тыңдайсыз.
Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз.
Мазмұндама соңында берілген мәтін мазмұнын ашатын 5 сұраққа жазбаша
жауап беріңіз.
Прослушайте аудиозапись на компакт-диске.
Прослушайте текст изложения два раза.
Составьте план изложения.
Письменно ответьте на 5 вопросов, раскрывающих содержание текста.
1
Олимпиада ойындары
Олимпиада тарихы алыста жатыр. Олимпиадалық ойындардың тәртіпке
түсуі – 1894 жыл.
1894 жылы тұңғыш рет Парижде өткен халықаралық конгресте 34 мемлекеттің
келісімімен Халықаралық олимпиада комитеті құрылды. Осы комитеттің
шешімімен 4 жылда 1 рет олимпиадалық ойындар өтеді.
Бірінші олимпиадалық ойын 1896 жылы Грекия астанасы Афинада өткен. Онда
8 спорттық ойын түрінен жарыс өтті. Бұл ойынға Еуропа мен Америка құрлығынан
13 мемлекет, 285 спортшы және он мыңдай көрермен қатысты. Содан бері жазғы
олимпиада ойындары 27 рет өтті. Ал 1996 жылы 19 шілдеде Атлантада ХХVI
олимпиада ойындары өткізілді. Онда спорт қозғалысының 100 жылдығы аталып
өтті.
Олимпиадалық ойын қалай өтеді? Олимпиада өткізуші мемлекеттің
экономикасы күшті болуы керек, 10 000 спортшы, 5000 журналист және бір
миллион көрермен қабылдап, қызмет көрсетуі қажет. Олимпиадалық ойын
өткізуші мемлекет 100 миллион АҚШ долларын кепілге қояды. Олимпиада
дәл уақытында өткізілсе, кепіл ақша 7 миллиард АҚШ доллары өсімімен
қайтарылады. Ал уақытында өткізілмесе, кепіл ақша қайтарылмайды, айып
ретінде алынып қойылады. Комитеттің бекітуімен 2004 жылы шілдеде Грекия
астанасы Афинада ХХVІІІ олимпиада өтті. Ал ХХІХ олимпиада Бейжің
қаласында өткізілді.
Мазмұндама жазуға қажетті дағдылар:
1) Оқиғаның реті мен жүйесін сақтау және тақырыптан ауытқымау.
2) Мәтіндегі ақпаратты ІІІ жақ және өткен шақ формасында мазмұндау.
3) Өз тарапынан мәтін мазмұны ауқымында қосымша пікір жазу.
4) Берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау.
Тапсырманы орындау уақыты – 25 минут.
Навыки, необходимые для написания изложения:
1) Соблюдение последовательности событий и умение придерживаться темы.
2) Изложение текста от ІІІ лица в форме настоящего времени.
3) Изложение своей точки зрения по заданной теме.
4) Умение сделать вывод по содержанию текста.
Время на выполнение задания – 25 минут.
179
ЖАЗ
ылым
бөлігі
Сіздің әрекетіңіз:
Сізге жоспар құру керек. Ол үшін:
1. Мазмұндаманы ойша бөліктерге бөліңіз.
2. Тірек сөздерді анықтаңыз.
3. Негізгі ойды құраңыз.
Ваши действия:
Вам необходимо составить план. Для этого необходимо:
1. Мысленно разделить текст на смысловые части.
2. Определите опорные слова.
3. Сформулируйте основную мысль текста.
Ойша бөлінетін бөліктер
Тірек сөздер
Негізгі ой
Олимпиада тарихы алыста
жатыр. Олимпиадалық
ойындардың тәртіпке түсуі -
1894 жыл.
1894 жылы тұңғыш рет
Парижде өткен халықаралық
конгресте 34 мемлекеттің
келісімімен Халықаралық
олимпиада комитеті құрылды.
Осы комитеттің шешімімен 4
жылда 1 рет олимпиадалық
ойындар өтеді.
Олимпиадалық ойын тари-
хы, 1894 жыл,
Олимпиадалық комитет,
комитет шешімі
1894 жылғы
олимпиадалық
комитет шешімі.
Бірінші олимпиадалық ойын
1896 жылы Грекия астанасы
Афинада өткен. Онда 8
спорттық ойын түрінен жарыс
болды. Бұл ойынға Еуропа
мен Америка құрлығынан
13 мемлекет, 285 спортшы
және он мыңдай көрермен
қатысты. Содан бері жазғы
олимпиада ойындары 27
рет болды. Ал 1996 жылы
19 шілдеде Атлантада
ХХVI олимпиада ойындары
өткізілді. Онда спорт
қозғалысының 100 жылдығы
аталды.
Бірінші олимпиадалық
ойын, Грекия астанасы, 8
спорттық түр, жарыс, 13
мемлекет, 285 спортшы,
10 мың көрермен, 27 рет
өтті, 1996 жыл, спорт
қозғалысына 100 жыл
Олимпиада
ойындарының
тарихы.
Үлгі:
Енді негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді жоспар етіп жазамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |