қОС
ым
ША
л
АР
бірге оқу-жаттығу жиынын өткізген біздің қыздардың бабы жақсы. Екі-үш алтын
медаль жеңіп алу жоспарда бар. Қоржынға тағы 2 күміс түсуге тиіс. Жалпы,
бес қызымыз ақтық* сынға шығады деген үміт бар.
- Үмітіңіздің ақталуына* тілекшіміз. Сұхбатыңызға рақмет!
* дүркін – мәрте, рет
* оңтайлы – қолайлы, ыңғайлы
* ақтық – соңғы, ақырғы
* үміті ақталу – күткен нәтижеге жету, ойлағаны орындалу
Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Ответьте на вопросы по диалогу.
1. Мәтін не туралы?
2. Азия чемпионаты қашан, қайда өтеді?
3. Чемпионатқа қай елдің спортшылары қатысады?
4. Сұхбат берушінің ниеті қандай?
5. Қазақстан құрамасының басты қарсыластары кімдер?
Мәтіндегі сандық ақпараттарды нақтылаңыз.
Уточните количественную информацию по тексту.
1
2
жиырма төрт (24)
үш (3)
он бір (11)
он алты (16)
сексен алты (86)
екі (2)
Чемпионатқа қатысатын елдің саны
Күміс медаль алуға дәмелі боксшылар саны
Азия чемпионаты басталған күн
Сарапқа салынатын салмақ саны
Чемпионатқа қатысатын барлық боксшылар
Алтын медаль алуға дәмелі біздің боксшылар
саны
Мәтіндегі негізгі ақпаратты табыңыз.
Найдите основную информацию текста.
A) Азия чемпионатының Астанада өткізілуі
B) Лондон Олимпиадасына қыздар боксының енуі
C) Қазақ боксшы қыздарының Азия чемпионатына қатысуы
D) Қыздар боксынан Азия чемпионатының бесінші рет өткізілуі
Мәтінде берілген ақпараттарды Ö белгісімен көрсетіңіз.
Обозначьте значком Ö информацию из текста.
• Астанада қыздар арасындағы бокстан Азия чемпионаты басталды.
• Қазақстандық боксшылар 3 алтын, 2 күміс медаль алды.
• Лондон Олимпиадасына қыздар боксы енгізілді.
• Үндістандық Мэри Ком – әлемнің төрт дүркін жеңімпазы.
• Командалық есепте Қазақстан боксшылары екінші орында.
• Қыздар арасындағы бокстан Азия чемпионаты бесінші рет өтуде.
3
4
202
4-диалог
- Нұршат, сүйінші! Арманың орындалатын болды! Шымкентте гимнастика мектебі
ашылатын болыпты. Естідің бе?
- Рас па, Жарқын?! Қандай тамаша! Қайдан естідің?
- Ғаламтордан спорт жаңалықтарын көрмедің бе?
- Менің компьютерім бұзылып қалды. Бір аптадан бері жөндеуде жатыр. Сен одан
да қашан ашылатынын айтшы.
- Сен шынында да жаңалықтан құр қалған екенсің. 15 мамырда салтанатты
түрде ашылады. Сол күні кешкісін осы оқиғаларға орайластырылып, көркем
гимнастикадан бірінші халықаралық турнир ашылады. Жарысқа ТМД-ның
он елінен, оның ішінде Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина, Әзербайжан,
Қырғызстан, Өзбекстан спортшылары қатысады.
- Қандай тамаша жаңалық әкелдің, құрбым!
- Сен оны кім басқаратынын білгің келмей ме?
- Иә, кім?
- Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, ҚР он мәрте
чемпионы, басқаратын болады.
- Әлияның үлкен спорттан кету туралы шешім қабылдағанын естігенмін.
- Оған арналған салтанат сенбі күні қаланың орталық стадионында болады екен.
Сәйкесін табыңыз.
Найдите соответствие.
1
Қосымша ақпарат
Негізгі ақпарат
1) Компьютер бұзылып қалды
2) Әлия үлкен спорттан кетті
3) Көркем гимнастика мектебі ашылады
4) Гимнастикадан Халықаралық турнир болады
5) Гимнастика мектебін Ә.Юсупова басқарады
Дұрыс жауапты табыңыз.
Найдите правильный ответ.
Нұршат жаңалықты
А) қуана
В) мұңая
С) таңдана қабылдады.
Мәтін мазмұны бойынша дұрыс және қате ақпараттарды анықтап, кестені
толтырыңыз.
Заполните таблицу, определив достоверность информации.
2
3
Дұрыс
ақпарат
Қате
ақпарат
Мәтін мазмұны бойынша ақпараттар
5
1
1. Жарқын жаңалықты радиодан естіді.
2. Гимнастика мектебін Әлия Юсупова басқарады.
3. Шымкентте гимнастика мектебі ашылады.
4.Халықаралық турнирге қазақ спортшылары қатыспайды.
5. Халықаралық турнирге ТМД-ның он елінен, спортшылар
қатысады.
6. Нұршат болашақта гимнаст болғысы келеді.
7. 15 мамырда салтанатты Ә.Юсупованың туған күні
тойланады
8. Әлия Юсупова – Афина мен Бейжіңдегі Олимпиадалық
ойындардың жүлдегері.
203
қОС
ым
ША
л
АР
1-мәтін
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға
байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті
қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің
өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы
өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың
өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын
арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Этнограф-ғалымдардың
пайымдауынша,
ата-бабаларымыздың
бізге
жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші
мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық
ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде
кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздың ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі
халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген.
Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар»,
1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан балаға
мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып
байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті
тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан
дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке,
төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен»
Ал енді, «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында» қазақтың ұлттық ойындарының
мән-маңызы туралы былай деп жазған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын
басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса
зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде
ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған»
А
В
С
D
Кесте бойынша тапсырмалар
Задания по таблице
Төменде берілген ақпараттар мәтіннің қай бөлігінде екенін анықтаңыз.
Определите, к какой части текста относится информация, приведенная ниже.
1
1. Ұлттық ойындардың тарихы _____
2. «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясындағы» қазақтың ұлттық
ойындары туралы пікір _____
3. Қазақтың ұлттық ойындарының түрлері _____
4. Ұлттық ойындар туралы пікір
Сәйкесін табыңыз.
Найдите соответствие.
_____
_____
_____
__С__
2
Мәтін тақырыбы
Мәтіндегі негізгі идея
Мәтіннің түйіні
Қазақтың ұлттық ойындарын жаңғыртып дамыту
Қазақтың ұлттық ойындары
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор
204
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Ответьте на вопросы по содержанию текста.
Мәтінде қазақтың қандай ұлттық ойындары аталады?
Қазақтың ұлттық ойындарының қандай тәрбиелік мәні бар?
Қазақ ұлттық ойындарының тарихы қай кезден басталады?
3
2-мәтін
Моншаның бірнеше түрі бар. Мысалы араб моншасы аммам деп аталады.
Оның басты шарты – асықпау. Бұлауланудан бұрын сабынсыз жылы себезгіге
жуынады. Бірінші рет бұлаулануға кірген кезде бөлменің температурасы 36
градус, ал дымқылдығы 50 пайыз болуы шарт. Бұл жолы 25-30 минутқа дейін
бұлаулануға болады. Бұлаулануға екінші рет кіргенде, бөлменің температура-
сы 90 градус, ал дымқылдығы 95 пайыз болуы қажет. Бұл жағдайда бөлмеде
жарты сағаттан артық отыруға болмайды. Бұлауланған соң денені арнайы
қолғаппен ысқылап, содан соң себезгіге шайынады. Бұдан кейін денені уқалап,
массаж жасайды. Массаждан кейін әуізге сүңгіп шығу керек. Ал әйелдер эфир
майы сіңдірілген топырақ жағады немесе апельсин гүліне оранады.
Жапондардың отбасымен бірге түсетін моншасы фуроя деп аталады. Мұнда
ең алдымен адам денесін уқалап, жөкемен ысқылайды. Содан соң себезгі
астында жуынып, ыстық моншаға түседі. Моншадан шыққан соң, себезгі астын-
да біршама шайынады да, қайтадан ваннаға отырады. Осылайша бұл әрекет
бес рет қайталанады.
Бұлауланатын бөлмесі құрғақ әрі 80-90 градус ыстыққа дейін қыздырылатын
фин моншасын сауна деп атайды. Бұл моншаға түсердің алдында алдымен
жақсылап шомылып, себезгіге шайынып, содан соң денені орамалмен әбден
кепкенше сүртеді. Сауна ішінде 5-10 минуттан екі-үш рет отырып шығуға бола-
ды. Шомылу себезгі астына барып шайынумен жалғасып отырады.
Мәтін тақырыбын анықтаңыз.
Определите тему текста.
A) Моншаның түрлері мен ерекшеліктері
B) Бұлаулану тәсілдері
C) Моншаның пайдасы
D) Моншадағы қалыпты температура
Қай халықтың моншасы қалай аталады?
1
2
араб моншасы
жапон моншасы
фин моншасы
сауна
аммам
фуроя
2
Мәтін бөліктеріне атау қойыңыз.
Озаглавьте части текста.
Мәтін бөліктері
1-бөлім
2-бөлім
3-бөлім
205
қОС
ым
ША
л
АР
лексика-грамматикалық бөліктің
қосымшасы
Приложение к лексико-грамматическому
блоку
2
Синонимдер
1-жаттығу
Жақша ішіндегі сөздерді мағыналас сөздермен ауыстырыңыз.
Замените слова в скобках близкими по значению словами.
1. (Белгілі) ғарышкер Т.Мұсабаев төрт рет
ғарышқа шығып, рекорд жасады. 2. Бұл үлгідегі
киімдер қозғалуға (өте қолайлы) болады.
3. (Меймандар) халқымыздың салт-дәстүрімен
танысты. 4. Наурыз (мерекесі) қарсаңында
саяхатқа жолдама ұтып алдық. 5. Ата-ананы
(құрметтеу) – ежелден келе жатқан салтымыз.
6. Нұрбайдың қыздары (инабатты) болып өсті.
7. Қиын кезде кіші әкеміз (қамқор) болып еді.
8. Тұтынушы өзіне (лайық) шартты таңдап
алады.
Сөздер: талқылау, сай, ыңғайлы,
қорған, қонақтар, әдепті, атақты,
қадірлеу, мейрам, кәсіпкер,
отандық.
1. (Атақты) ғарышкер Т.Мұсабаев төрт рет
ғарышқа шығып, рекорд жасады. 2. Бұл үлгідегі
киімдер қозғалуға (өте ыңғайлы) болады.
3. (Қонақтар) халқымыздың салт-дәстүрімен
танысты. 4. Наурыз (мейрамы) қарсаңында
саяхатқа жолдама ұтып алдық. 5. Ата-ананы
(қадірлеу) ежелден келе жатқан салтымыз.
6. Нұрбайдың қыздары (әдепті) болып өсті.
7. Қиын кезде кіші әкеміз (қорған) болып еді.
8. Тұтынушы өзіне (сай) шартты таңдап алады.
Артық сөздер: талқылау,
кәсіпкер, отандық.
Жауабы:
Тұрақты сөз тіркестері
1-жаттығу
Тұрақты сөз тіркестерді жай сөзбен алмастырыңыз.
Выделенные устойчивые словосочетания замените простыми словами.
1. Ағамның айрандай ұйыған отбасы бар еді. 2. Мағжан кабинетке кіргенде,
іштегілер су сепкендей басылды. 3. Әпкем әкеме қатты ренжіп, ат ізін салмай
қойды. 4. Тұрпат фирмасының өкілдері келісімшартқа қол қойғанша, күн құрғатпай
келіп жүрді. 5. Ағат кеткен жеріміз болса өзімізге айтыңыз. 6. Менің екінші баламмен
түйдей жасты екенсің. 7. Алдымызда келе жатқан топтан көз жазып қалдық.
Қажетті сөздер: үндемей қалды, күнде, тату, араласпай қойды, адасып қалдық,
қателескен, құрдас.
206
Жауабы:
1. Ағамның айрандай ұйыған (тату) отбасы бар еді. 2. Мағжан кабинетке
кіргенде, іштегілер су сепкендей басылды (үндемей қалды). 3. Әпкем әкеме
қатты ренжіп, ат ізін салмай қойды (араласпай қойды). 4. Тұрпат фирмасының
өкілдері келісімшартқа қол қойғанша, күн құрғатпай (күнде) келіп жүрді. 5. Ағат
кеткен (қателескен) жеріміз болса өзімізге айтыңыз. 6. Менің екінші баламмен
түйдей жасты (құрдас) екенсің. 7. Алдымызда келе жатқан топтан көз жазып
қалдық (адасып қалдық).
қажетті сөздер: үндемей қалды, күнде, тату, араласпай қойды, адасып қалдық,
қателескен, құрдас.
Жауабы:
1. Ағамның айрандай ұйыған (тату) отбасы бар еді. 2. Мағжан кабинетке
кіргенде, іштегілер су сепкендей басылды (үндемей қалды). 3. Әпкем әкеме
қатты ренжіп, ат ізін салмай қойды (араласпай қойды). 4. Тұрпат фирмасының
өкілдері келісімшартқа қол қойғанша, күн құрғатпай (күнде) келіп жүрді. 5. Ағат
кеткен (қателескен) жеріміз болса өзімізге айтыңыз. 6. Менің екінші баламмен
түйдей жасты (құрдас) екенсің. 7. Алдымызда келе жатқан топтан көз жазып
қалдық (адасып қалдық).
Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар
1-жаттығу
Тиісті қосымшалармен сөз жасаңыз.
Образуйте слова, присоединив нужные аффиксы.
1. Абайдың кейін жинақталған өлеңдері бас...ға өткізілді. 2. Өн... өтімді болу
үшін тұтыну... көңілінен шығу қажет. 3. Семинарға қатысушылардың тіз...і
жасалды. 4. Іс алдыға жылжу үшін әріптестер арасында сен... болуы керек. 5.
Фестивальдың жоғары дәрежеде өтуіне жастар ұйт... болды. 6. Жақсы жазылған
эссе авторына бір сұра... , бір тіле... айтылады. 7. Баласын көптен көрмеген ана
сағыны...ын жасыра алмады.
Жауабы:
1. Абайдың кейін жинақталған өлеңдері баспаға өткізілді. 2. Өнім өтімді болу
үшін тұтынушы көңілінен шығу қажет. 3. Семинарға қатысушылардың тізімі
жасалды. 4. Іс алдыға жылжу үшін әріптестер арасында сенім болуы керек.
5. Фестивальдың жоғары дәрежеде өтуіне жастар ұйтқы болды. 6. Жақсы
жазылған эссе авторына бір сұрақ, бір тілек айтылады. 7. Баласын көптен
көрмеген ана сағынышын жасыра алмады.
Көмекші есімдер. Көмекші есімдердің септелуі
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужные слова.
1. Біздің кеңсенің ... үлкен сауда орталығы орналасқан. 2. Отандық
кәсіпкерлердің ... жарнама берушілер көп болды. 3. Мамандардың барлығы
зауыттың ... жиналды. 4. Мәдениет үйінің ... қайырымдылық акциясы өткізіліп
жатыр. 5. Кинотеатрдың ... күрделі жөндеу жасалды. 6. Кабинеттің ... басқа
бөлімнің қызметкерлері де отыр екен. 7. Шеруге шыққандар орталық көшенің ...
жүрді. 8. Университет ... темекі тартуға тыйым салынды.
207
қОС
ым
ША
л
АР
қажетті сөздер: алдында, сыртына, артына, бойымен, маңында, ішінде,
арасынан, қарсысында
Жауабы:
1. Біздің кеңсенің қарсысында үлкен сауда орталығы орналасқан. 2. Отандық
кәсіпкерлердің арасынан жарнама берушілер көп болды. 3. Мамандардың
барлығы зауыттың артына жиналды. 4. Мәдениет үйінің алдында
қайырымдылық акциясы өткізіліп жатыр. 5. Кинотеатрдың сыртына күрделі
жөндеу жасалды. 6. Кабинеттің ішінде басқа бөлімнің қызметкерлері де отыр
екен. 7. Шеруге шыққандар орталық көшенің бойымен жүрді. 8. Университет
маңында темекі тартуға тыйым салынды.
барыс септігі. барыс септігінің мақсаттық мағынаны білдіруі
1-жаттығу
Жақша ішіндегі сөздерге қажетті қосымшаны жалғап, сөйлемді
толықтырыңыз.
Дополните предложения, раскрыв скобки и присоединив к словам нужные
аффиксы.
1. Тұсаукесерге жазушының шығармашылығымен (танысу) келдік. 2. Қытай
медицинасының кереметіне (көз жеткізу) келдік. 3. Ыңғайлы бағадағы ең
үздік қонақ үйді (көру) бардық. 4. Туристер атақты Қытай қорғанын (аралау)
жиналды. 5. «Шолпан» туристік фирмасы демалысыңызды пайдалы әрі
жағымды (өткізу) шақырады. 6. Бұл жердегі бағдарламалар демалуға
келген әр баламен жеке (жұмыс істеу) бағытталған. 7. Студенттер кешкі
шығармашылық бағдарламалар туралы (ақылдасу) отырды. 8. Олар
шаңғымен (сырғанау) кетті.
Жауабы:
1. Тұсаукесерге жазушының шығармашылығымен танысуға келдік. 2. Қытай
медицинасының кереметіне көз жеткізуге келдік. 3. Ыңғайлы бағадағы ең
үздік қонақ үйді көруге бардық. 4. Туристер атақты Қытай қорғанын аралауға
жиналды. 5. «Шолпан» туристік фирмасы демалысыңызды пайдалы әрі
жағымды өткізуге шақырады. 6. Бұл жердегі бағдарламалар демалуға
келген әр баламен жеке жұмыс істеуге бағытталған. 7. Студенттер кешкі
шығармашылық бағдарламалар туралы ақылдасуға отырды. 8. Олар
шаңғымен сырғанауға кетті.
Табыс септігі. Салт және сабақты етістіктермен байланысы
1-жаттығу
Жақша ішіндегі сөздерге қажетті қосымшаларды жалғап, сөйлемді
толықтырыңыз.
Дополните предложения, раскрыв скобки и присоединив к словам нужные
аффиксы.
1. Студенттер мерекелік (кеш) ұйымдастырды. 2. Қазақ әдебиетінің
(тарихы) екі жыл оқыдық. 3. Әдебиетшілер ХХ ғасырдың соңында жазылған
(шығармалар) талдады. 4. Асхат биыл домбыра (үйірмесі) құрды. 5.
Оқушылар көрмеден суретшінің (өнері) тамашалады. 6. Туристер Қытайда
Император (қамалы) тамашалады. 7. Алма қан құрамындағы (холестерин)
төмендетеді. 8. Ғалымдар құс тұмауынан сақтану (жолдары) іздестіруде.
208
Жауабы:
1. Студенттер мерекелік кеш ұйымдастырды. 2. Қазақ әдебиетінің тарихын екі жыл
оқыдық. 3. Әдебиетшілер ХХ ғасырдың соңында жазылған шығармаларды талдады.
4. Асхат биыл домбыра үйірмесін құрды.
5. Оқушылар көрмеден суретшінің өнерін тамашалады. 6. Туристер Қытайда
Император қамалын тамашалады. 7. Алма қан құрамындағы холестеринді
төмендетеді. 8. Ғалымдар құс тұмауынан сақтану жолдарын іздестіруде.
Жалпылау есімдігі
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріңіз.
Перепишите предложения, вставив вместо многоточия нужные слова.
1. Әзиза ауылдағы ... туыстарын тойға шақырды.
2. Гүлнәр кездескен таныстарының ... ертең үлкен алаңда жарыс болатынын айтты.
3. Аманғали досынан ... көмегін аямай, оған қолынан келгенінше жәрдемдесті.
4. Табиғатты қорғау – ... адамзатқа ортақ іс.
Қажетті сөздер: барша, бар, бәріне, барлық
Жауабы:
1. Әзиза ауылдағы барлық туыстарын тойға шақырды.
2. Гүлнәр кездескен таныстарының барша ертең үлкен алаңда жарыс болатынын
айтты.
3. Аманғали досынан бар көмегін аямай, оған қолынан келгенінше жәрдемдесті.
4. Табиғатты қорғау – барша адамзатқа ортақ іс.
белгісіздік есімдігі
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
Дополните предложения, вместо многоточия вставив нужные слова.
1. ... адамдарда өзге тілді тез үйренетін ерекше қабілет болады.
2. Айнұр ... тілде еркін сөйлейді екен.
3. Люда мемлекеттік тілді ... меңгеріп алыпты.
4. Айжан түсіндірме сөздікті ... рет ақтарса да, мына сөздің синонимін таба алмады.
Қажетті сөздер: әлденеше, бірнеше, кейбір, әлдеқашан
Жауабы:
1. Кейбір адамдарда өзге тілді тез үйренетін ерекше қабілет болады.
2. Айнұр бірнеше тілде еркін сөйлейді екен.
3. Люда мемлекеттік тілді әлдеқашан жетік меңгеріп алыпты.
4. Айжан түсіндірме сөздікті әлденеше рет ақтарса да, мына сөздің
синонимін таба алмады.
болымсыздық есімдігі
1-жаттығу
Жақшаны ашып, тиісті сөзді қойып сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
Перепишите предложения, раскрыв скобки и вставляя нужные слова.
1. «Айдар, сенің жақсылығыңды (ешкім, ешқашан) ұмытпаймын», - деді Гүлнәз. 2.
Менің қолымнан сурет салудан басқа (ештеңе, ешқашан) келмейді. 3. Гүлсім ертең
(ешқандай, ешқайда) бармайды. 4. Асылжан жол-жөнекей (ешбір, ешкім) танысын
кездестірмеді. 5. Балжан (ешқандай, ешқайда) амалы болмай, көршісінен көмек
сұрады.
209
қОС
ым
ША
л
АР
Жауабы:
1. «Айдар, сенің жақсылығыңды ешқашан ұмытпаймын», - деді Гүлнәз.
2. Менің қолымнан сурет салудан басқа ештеңе келмейді. 3. Гүлсім ертең
ешқайда бармайды. 4. Асылжан жол-жөнекей ешбір танысын кездестірмеді.
5. Балжан ешқандай амалы болмай, көршісінен көмек сұрады.
бұрынғы өткен шақ етістік
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жаттығуды көшіріңіз.
Вместо многоточия вставьте нужные слова и перепишите упражнения.
1. Олар мектепті былтыр ... . 2. Ал ЖОО-ға оқуға биыл ... . 3. Кеше менің
төрт курстасым кітапханаға ... . 4. Айгүл де түстен кейін кітапханаға барып,
сабаққа ... . 5. Ол кітапханада көптен көрмеген құрбысын ... .
Қажетті сөздер: кездестіріпті, бітіріпті, түсіпті, барыпты, дайындалыпты
Жауабы:
1. Олар мектепті былтыр бітіріпті. 2. Ал ЖОО-ға оқуға биыл түсіпті.
3. Кеше менің төрт курстасым кітапханаға барыпты. 4. Айгүл де түстен
кейін кітапханаға барып, сабаққа дайындалыпты. 5. Ол кітапханада көптен
көрмеген құрбысын кездестіріпті.
Нақ осы шақ етістік (күрделі түрі)
1-жаттығу
Қажетті тіркестерді қойып, сөйлемдерді көшіріңіз.
Перепишите предложения вставьте нужные словосочетания.
1. Мен есеп ... . 2. Інім далада ... . 3. Анам ас үйде тамақ ... . 4. Әкем
қарындасыма ертегі ... . 5. Қарындасым ертегіні ұйып ... .
Қажетті сөз тіркестері: тыңдап отыр, пісіріп жатыр, ойнап жүр, шығарып
отырмын, айтып отыр
Жауабы:
1. Мен есеп шығарып отырмын. 2. Інім далада ойнап жүр. 3. Анам ас үйде
тамақ пісіріп жатыр. 4. Әкем қарындасыма ертегі айтып отыр. 5. Қарындасым
ертегіні ұйып тыңдап отыр.
Ауыспалы осы шақ етістік (болымсыз түрі)
1-жаттығу
Асты сызылған етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
Определите время подчеркнутых глаголов.
1. Гүлсім қазір оның айтқанын тыңдамайды. 2. Батырхан көп сөйлемейді.
3. Айгүл бүгін Жазирамен ойнамайды. 4. Дариға жұмысқа кешікпейді. 5.
Әділхан сабақтан қалмайды.
Жауабы: асты сызылған етістіктер ауыспалы осы шақта айтылып тұр.
210
мақсатты келер шақ етістік (болымсыз түрі)
1-жаттығу
Тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
Перепишите предложения, вставив вместо многоточия нужные аффиксы и.
1. Бүгін кешке Мақсат киноға бар...шы емес. 2. Айдана оған сырын айт...шы емес.
3. Маржан биыл күйеуге шығып кет...ші емес, себебі оның оқуға түскісі келеді. 4.
Бекжан өз шешімін оған білдір...ші емес. 5. Ерлан бұл көлікті қайтып жүргіз...ші емес.
Тиісті қосымшалар: -бек, -мақ, -мек, -пек, -пақ
Жауабы:
1. Бүгін кешке Мақсат киноға бармақшы емес. 2. Айдана оған сырын айтпақшы емес.
3. Маржан биыл күйеуге шығып кетпекші емес, себебі оның оқуға түскісі келеді. 4.
Бекжан өз шешімін оған білдірмекші емес. 5. Ерлан бұл көлікті қайтып жүргізбекші
емес.
Достарыңызбен бөлісу: |