Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата17.11.2019
өлшемі3,42 Mb.
#51957
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1


9-мәтін
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Әке мен бала арасындағы татулық 
В) Келін мен ата арасындағы сыйластық 
С) Үлгілі отбасы мүшелері арасындағы сыйластық
D) Сәлімнің отбасында ата-аналарын ерекше құрметтейді.
41
1)  Әке  мен  бала  арасындағы  татулықты  білдіретін  ақпарат  мәтіннің  негізгі  ойын  білдіре 
алмайды.
2)  Мәтін  мазмұнына  сүйенетін  болсақ,  келін  мен  ата  арасындағы  сыйластық  мәтін 
мазмұнындағы негізгі ой болмайды. 
3)  Үлгілі  отбасы  мүшелері  арасындағы  сыйластықты  білдіретін  ақпарат  мәтіннің  негізгі  ой 
болып табылады.
4) Мәтінде Сәлімнің отбасы мүшелері ата-аналарын ерекше құрметтейтіндігі туралы ақпарат 
болғанымен, негізгі ойды білдірмейді.

157
Оқылым бөлігі
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок к тексту.
А) Досымның отбасы 
В) Әке – отбасының тірегі
С) Қазақ – қонақжай халық
D) Спорт – дене шынықтырудың кепілі
42
1) Мәтінде досы Сәлімнің отбасы туралы жан-жақты ақпарат берілген.
2)  Мәтінде  әкенің  отбасының  тірегі  екендігі  туралы  ақпарат  болғанмен,  мәтіндегі  негізгі  
ақпарат қазақ отбасындағы әкенің рөлі туралы емес.
3)  Мәтінде  қазақ  халқының  қонақжай  халық  екендігі  жайында  ақпарат  берілген,  бірақ  бұл 
ақпарат мәтінге нақты тақырып емес.
4) Мәтінде отбасы мүшелерінің спортпен шұғылданатындығы жайында ақпарат берілгенмен, 
бұл нақты тақырып болмайды. 
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
А) Досымның отбасы үлкен әрі тату. 
В) Әйелі Салтанат кітапханада істейді.
С) Ақниет – отбасындағы кенже ерке қыз.
D) Қоңырөлең – Панфилов ауданының орталығы.
43
1) Мәтінде Сәлімнің отбасы үлкен де тату екендігі туралы ақпарат берілген, әрі бұл ақпарат 
мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды бола алады.
2)  Мәтінде  Салтанаттың  кітапханашы  екендігі  туралы  ақпарат  бар,  алайда  бұл  ақпарат  
мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды емес.
3)  Мәтін  мазмұнына  сүйенсек,  Ақниет  отбасындағы  кенже  қызы  емес,  ерке  қызы  деген  
қосымша ақпарат ретінде берілген.
4) Мәтінде Қоңырөлең Панфилов ауданының орталығы екендігі жайлы ақпарат жоқ.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее важную информацию по содержанию текста.
А) Сәлімнің отбасы үлгілі.
В) Сәлімнің ұлы – оқушы.
С) Қазақ – қонақжай халық. 
D) Ата-ананың орны ерекше.
44
1) Мәтін мазмұнындағы ақпарат Сәлімнің отбасы үлгілі екендігін көрсетеді, бұл өте маңызды 
ақпарат.
2) Мәтінде Сәлімнің ұлының оқушы екендігі жайлы ақпарат маңызды емес, қосымша ақпарат. 
3) Қазақ – қонақжай халық, даусыз бұл ең маңызды ақпарат. 
4)  Қазақ  отбасында  ата-ананың  орны  ерекше,  әрине  бұл  ақпарат  маңызды  емес  деп  айта 
алмаймыз.
 Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
 Выберите наиболее подходящий заголовок для первого абзаца.
А) Досым Сәлім
В) Қонақжайлылық 
С) Отбасы мүшелері
D) Отбасыдағы сыйластық 
45
1)  Сәлім  туралы  ақпарат  берілгенмен  байланыс  бөлімшесінің  меңгерушісі  деп,  тек  Сәлім 
жайлы емес, оның отбасы туралы да айтылады. 
2) Қонақжайлылық туралы ақпарат мәтіннің үшінші азатжолында берілген. 
3) Бірінші азатжолда Сәлімнің отбасы мүшелері туралы толық ақпарат беріледі.
4) Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас туралы ақпарат мәтіннің екінші азатжолында 
берілген.

158
Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық, музыкалық аспаптар жасау  халқымыздың 
ертеден  келе  жатқан  дәстүрлі  өнерлерінің  бірі.  Сүйектен  ойып  әшекейлі  бұйым 
жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін алыстан іздеп 
келетін болған. Қолөнер шеберлері ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, 
ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып өрнек салған. 
Ағаштан оюлап жасалатын тұрмыстық заттың көп тараған түрі  ағаш төсек, 
кебеже, сандық. Халық шеберлері ағаштан түрлі ыдыстар да дайындаған. Олар 
астау,  тостаған,  саптыаяқ,  ожау  сияқты  ыдыстар  жасаған.  Мұндай  әшекейлі 
заттар қазақтың баспанасы – киіз үйге ерекше сән беріп тұрған. Көздің жауын 
алатын әсем оюлар киіз үйдің сүйегіне де түсірілген. 
Осындай шеберлердің бірі  Дүйсен ағай. Ол Алматы облысының Кеген ауылында 
тұрады. Дүйсен ағай  жеке кәсіпкер. Оның ағаштан ұлттық бұйымдар жасайтын 
бірнеше  шеберханасы  бар.  Оның  бірінде  төсек,  сандық,  кебеже  жасалады.  Оны 
ағайдың үлкен ұлы Қанат басқарады. Екінші ұлы Санат түрлі ою салынған киіз 
үй  жасайтын  шеберхананы  басқарса,  үшінші  шеберханасын  өзі  басқарады.  Онда 
ұлттық музыкалық аспап домбыра жасалады. 
Қазақтың музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішіне кең тараған екі, үш 
ішекті, шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспабы ретінде ертеден белгілі 
болған. Қазақ жерлерінің әр өңірінде тұратын халық шеберлері домбыраны әр түрлі 
үлгіде жасаған. Домбыра жасауға қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі сияқты 
ағаштар  пайдаланылған.  Дүйсен  ағай  да  домбыра  жасау  үшін  осы  ағаштарды 
пайдаланады.  Ағай  домбыраның  шанағын  бөлшек-бөлшек  ағаштардан  немесе  сом 
ағаштан ойып жасайды. Шанақтың қақпағына қос ішектен дыбыс беретін тиек 
орнатылады.  Ал  ұзынша  мойнына  иірген  ішектен  екі  немесе  үш  оралған  пернелер 
тағылады. 
Домбыра  қазақ музыка мәдениеті тарихында ел ішіне ең көп тараған аспап. 
Ол    қазақ  халқының  тарихын  паш  ететін  киелі  музыкалық  аспап.  Үй  ішінің 
біреуі  домбыра  шертпейтін  отбасы  қазақ  арасында  кем  де  кем.  Сондықтан  да 
Дүйсен  ағайға  келушілер  саны  өте  көп.  Олар  еліміздің  барлық  аймағынан  келеді. 
Олардың бірі домбыраны өз отбасына арнап жасатса, енді біреулері сыйға тарту 
үшін  әзірлетеді.  Тіпті  халық  арасында  кеңінен  танылған  әнші-күйшілерге  арнап 
жасататындар да бар. 
Дүйсен  ағайдың  отбасы    қонақжай.  Ол  шеберханасына  келген  адамды  жылы 
шыраймен қарсы алып, төрге шығарады. Келген қонақты төрге шығару  қазақ 
халқының салты бойынша құрмет көрсетудің белгісі. Келушілер ағайдың отбасының 
қонақжайлығы мен шеберлігіне тәнті болады. Тапсырыс берушілер саны да жылдан-
жылға артып келеді. 
Шеберлер дәстүрі бүгінде жалғасын тауып келеді. 
Отандық кәсіпкерлер жасаған ұлттық бұйымдардың сапасы өте жақсы.
10-мәтін

159
Оқылым бөлігі
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Киіз үй ағаш шеберханасында жасалады. 
В) Жеке кәсіпкерлікпен айналысу – табыс көзі. 
С) Отандық өнімдердің сапасы жыл санап артып келеді.
D) Ұлттық бұйымдарды дәріптеу – бүгінгі ұрпақтың парызы.
46
1) Киіз үй ағаш шеберханасында жасалады деген ақпарат негізгі ойды анықтамайды. 
2) Жеке кәсіпкерлікпен айналысу – табыс көзі жайлы мәлімет негізгі ой болып саналмайды.
3) Мәтінде берілген отандық өнімдердің сапасы жыл санап артуы қосымша айтылған ақпарат, 
негізгі ой болып саналмайды.
4) Ұлттық бұйымдарды дәріптеу жөніндегі ақпарат негізгі ойды анықтап тұр.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок к тексту.
А) Он саусағынан өнер тамған хас шебер
В) Музыкалық аспаптар – халық қазынасы 
С) Ағаштан жасалатын заттардың қолданылуы
D) Қолөнер шеберлерінің әшекей бұйымдарды жасауы
47
1) Бұл тақырып мәтіннің мағнасына сай нақтырақ тақырып, өйткені мәтін шеберлер дәстүрі 
туралы.
2) Музыкалық аспаптар туралы ақпарат мәтінде бар, бірақ ол маңызды ақпарат емес.
3) Ағаштан жасалған бұйымдардың қолданылуы қосымша ақпарат болғандықтан бүкіл мәтін 
мазмұнын қамтитын тақырып бола алмайды. 
4) Мәтін әшекей бұйымдарды жасауы жайлы ғана емес, бұл қосымша ақпарат. 
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
А) Дүйсен ағай – шебер әрі жеке кәсіпкер.
В) Домбыра – қазақ халқының музыкалық аспабы.
С) Қонақты төрге шығару – құрмет көрсетудің белгісі.
D) Төсек, кебеже, сандық жасайтын шеберхананы Санат басқарады.
48
1)  Мәтіндегі  Дүйсен  ағайдың  шеберлігі  туралы  ақпарат  мәтіннің  мазмұнын  нақтылайтын 
қорытындыға жатады. 
2)  Домбыра  қандай  аспап  екендігін  анықтайтын  ақпарат,  мәтін  мазмұнын  нақтылайтын 
қорытындыға жатпайды.
3) Құрмет көрсетудің белгісі жайлы ақпарат мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды емес.
4) Мәтін мазмұнында шеберхананы Серіктің басқаруы қосымша ақпарат болып табылады. 
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее важную информацию по содержанию текста.
А) Дүйсен ағайдың отбасы – қонақжай.
В) Ағай домбыраның шанағын тек сом ағаштан ойып жасайды.
С) Ұлттық бұйымдар жасайтын шеберлердің бірі – Дүйсен ағай. 
D) Домбыра – қазақтың ән-күй өнері саласындағы ең көп тараған ұлттық аспап.
49
1) Дүйсен ағайдың отбасы қонақжай екендігі туралы ақпарат – маңызды ақпарат.
2) Мәтінде домбыраның шанағын тек сом ағаштан ойып жасалатындығы туралы ақпарат аса 
маңызды емес, қосымша ақпарат болып табылады.
3) Дүйсен ағай туралы берілген ақпарат – мәтіндегі негізгі ақпарат.
4)  Мәтінде  домбыраның  қазақтың  ұлттық  ән-күй  өнері  саласындағы  ең  көп  тараған 
аспаптарының бірі екендігі маңызды ақпараттың бірі.

160
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз. 
Выберите наиболее подходящий заголовок для третьего абзаца.
А) Дүйсен ағай 
В) Ұлттық бұйымдар
С) Жеке кәсіпкерлік
D) Домбыра – ұлттық аспап
50
1) Мәтінде Дүйсен ағай – жеке кәсіпкер деген ақпарат берілген, сондықтан бұл жауап нақты 
емес 
2) Мәтіннің үшінші азатжолында ұлттық бұйымдар туралы ақпарат – негізгі ой емес.
3)  Мәтіннің  үшінші  азатжолында  Дүйсен  ағайдың  шеберханалары,  ұлдары  туралы  толық 
ақпарат берілген. 
4)  Домбыра  шеберханада  жасалады  деген  ақпарат  бар,  домбыра  туралы  толық  ақпарат 
мәтіннің келесі азатжолында берілген. 

161
Оқылым бөлігі
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Дәуреннің атасының жасы нешеде?
В) Досымың отбасында неше адам бар? 
С) Әкесінің қандай жеке кәсіпорны бар?
D) Зәмзә сауда экономикалық колледжінің оқытушысы ма?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую содержанию текста.
А) Дәуреннің ағасы – есепші.
В) Дәуреннің әкесінің аты – Олжас.
С) Досымның атасы мен әжесі – зейнеткерлер.
D) Досымның жеңгесі мен қарындасы – мұғалім.
Оқылым бөлігі. қорытынды тест
блок Чтение. Итоговый тест
3
Досым  Дәуреннің  отбасында  8  адам  бар.  Олар:  атасы,  әжесі,  әкесі,  шешесі, 
ағасы, жеңгесі, қарындасы. Атасы Қадір мен әжесі Зәмзә  зейнеткерлер. Анасы  
Айша    сауда  экономикалық  колледжінің  оқытушысы,  әкесі  Талғат   
жаттықтырушы. Ағасы Олжас  жеке кәсіпкер. Оның шағын кәсіпорны бар. Жеңгесі 
Балнұр – мұғалім, облыстық дарынды балаларға арналған гимназияда оқу ісінің 
меңгерушісі болып жұмыс істейді. Ол  отбасында тәрбиелі, үлгілі келін. Қарындасы 
Анар    әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  студенті.  Ол   
президенттік шәкіртақы иегері. Досым Дәурен  есепші. Олар Алматы қаласында 
тұрады. Олардың үйі Құрманғазы Сағырбаев атындағы көшенің бойында. Үйлерінің 
алдында Шоқан Уәлихановқа арнап қойылған ескерткіш бар. Отбасы мүшелері кешке 
қарай үнемі осы ескерткіштің жанындағы саябаққа келіп тынығады. 
Дәуреннің отбасы өзара тату. Әкесі мен ағасының табысы жақсы. Отбасының 
шығынын әкесі мен ағасы есептейді.
Дәуреннің отбасы  барлық қазақ отбасыларындай өте қонақжай. Үйлеріне келген 
қонақтарға үнемі үлкен ілтипат білдіріп, сыйлайды. Дастарқандарын жайып, төрге 
отырғызады.  Олар  ұлттық  салт-дәстүрлерді  үнемі  сақтап  отырады.  Қазақта 
асқа үлкен адам бата беру дәстүрі бар. Сол дәстүрді досымның отбасы ешуақытта 
бұзған емес. Атасы үнемі асқа бата қайырады. Дастарқанға ас қайыру  үлкен 
ізеттіліктің белгісі. 
Әжесі Зәмзә  қолөнер шебері. Жасының ұлғайғанына қарамай үйде бос отырмайды. 
Ұршық иіріп, тоқыма тоқиды. 
Жеңгесі Балнұр мен қарындасы Анар  сырлас достар. Балнұр Анарды үнемі 
еркелетіп отырады. Анар да жеңгесінің көңілін қалдырмауға тырысады. 
Дәуреннің отбасы  үлгілі, қонақжай қазақ отбасыларының бірі. 
1-мәтін
1
2

162
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) Дәурен, әке, шәкіртақы, дәстүр
В) әже, жезде, отбасы, әке, аға, Дәурен
С) дос, отбасы, дәстүр, қонақжайлылық
D) ата, дос, дастарқан, дастарқан, Дәурен 
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Дәурен – адал дос. 
В) Дәурен досымен бірге тұрады. 
С) Досымның отбасы – шағын әрі өзара тату отбасы.
D) Дәуреннің отбасы – үлкен, үлгілі және қонақжай отбасылардың бірі.
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Дәуреннің отбасы қайда тұрады?
А) Шоқан ауылында
В) ата-анасынан бөлек тұрады
С) Құрманғазы атындағы көшеде
D) Шоқан Уәлиханов атындағы көшеде тұрады 
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Ұлттық университет туралы ақпарат беріледі.
В) Үлгілі, қонақжай отбасы туралы ақпарат беріледі.
С) Шоқан Уәлихановтың ескерткіші туралы ақпарат беріледі.
D) Құрманғазы Сағырбаевтың күйлері туралы мәлімет беріледі.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок текста.
А) Шағын отбасы
В) Менің отбасым
С) Досымның отбасы 
D) Қонақжайлық белгісі
3
4
5
7
6

163
Оқылым бөлігі
8
9
10
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Ақынның қандай өлеңдерін білесің?
В) Мұқағали Мақатаев қай жерде дүниеге келді?
С) Жазушылар Одағының ғимараты Мұқағали Мақатаев көшесінде ме?
D) Мұқағалидың Фариза Оңғарсыноваға арнап жазған өлеңі қалай аталады?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую содержанию текста.
А) Мәдени орындарға бару – менің сүйікті ісім.
В) Менің сүйікті ақыным – Фариза Оңғарсынова.
С) Маған дәстүрлі ән айтқан және тыңдаған ұнайды.
D) Кеше Жазушылар Одағында Мұқағали кітаптарының көрмесі болды.
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) Мұқағали, поэзия, шығармашылық, шабыт 
В) қойылым, сүйікті іс, би, Жазушылар Одағы
С) концерт, биші, фильм, Жазушылар Одағы, кеш
D) бос уақыт, сүйікті іс, Мұқағали, кеш, концерт
Мен бос уақытымда қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқығанды жақсы 
көремін.  Үйде  өзімнің  кітапхана  қорым  бар.  Мен  қазақ  ақын-жазушыларының 
шығармаларын, қазақ әдебиеті тарихы мен тіл білімі туралы жазылған кітаптарды 
сатып алып, жинап жүремін.
Менің сүйікті ақыным  Мұқағали Мақатаев. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 
Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. Оның шығармаларының 
қайнар  көзі    туған  жері,  замана  тынысы.  Ол  өз  шығармалары  арқылы  қазақ 
поэзиясын жаңа биіктерге көтерді, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы оның 
өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының парасатын көтерді.
Мұқағали  аударма  саласында  да  еңбек  сіңірді.  Ол  Дантенің  «Құдіретті 
комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің 
өлеңдерін  қазақ  тіліне  аударды.  Кеше  Жазушылар  Одағында  қазақ  поэзиясының 
алып  тұлғасы  Мұқағали  Мақатаевтың  шығармашылығына  арналған  кеш  өтті. 
Қазақстан  Жазушылар  Одағының  ғимараты  Алматы  қаласында  Абылай  хан 
даңғылының бойында орналасқан. Жазушылар Одағының үлкен залы көрермендерге 
толы  болды.  Кешке  халқымыздың  біртуар  ақын  қызы  Фариза  Оңғарсынова  мен 
ақынның ұлы Жұлдыз және ақын шығармашылығын зерттеуші ғалымдар қатысты. 
Кеш барысында Мұқағали Мақатевқа арнау өлеңдер мен ақиық ақынның өлеңдері 
оқылды. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша қойылым көрсетілді. 
Кеш қызықты да тартымды өтті. 
Бүгін  Республика  сарайында  концерт  болады.  Онда  кәсіпқой  бишілер  би  билеп, 
дәстүрлі әндер орындалады. Классикалық би билеу  үлкен өнер. Жуырда «Сарыарқа» 
кинотеатрынан «Көшпенділер» фильмін көрдім. Қазақ өнерін жоғары бағалаймын. 
Мен бос уақытымда кітап оқып, ән тыңдап, мәдени орындарға барғанды ұнатамын. 
2-мәтін

164
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по изложению текста.
А) Мұқағали өлеңдерін жатқа білемін. 
В) Мен қазақ өнерін жоғары бағалаймын.
С) Жазушылар Одағында түрлі кештер өтеді.
D) «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы – үздік туынды.
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий тексту.
Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш қайда өтті?
А) Жазушылар Одағында 
В) Республика сарайында 
С) ақынның туған жерінде
D) «Сарыарқа» кинотеатрында 
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Жазушылар Одағы туралы толық ақпарат беріледі.
В) Қазақ әдебиетіндегі поэзия жанры насихатталады.
С) Бос уақытында айналысатын сүйікті істері жайлы баяндалады.
D) Қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығы таныстырылады.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок текста.
А) Би өнері 
В) Ақиық ақын
С) Менің сүйікті ісім 
D) Жазушылар Одағы
14
11
12
13

165
Оқылым бөлігі
15
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
«Ақбұлақ» шипажайы қай жерде орналасқан?
А) Талғар қаласында 
В) Алматы қаласында 
С) Талғар қаласының орталығында 
D) Талғардағы Шымбұлақ шатқалында
Жер  жаннаты    Жетісудағы  «Ақбұлақ»  шипажайы  Алматы  қаласынан  
15  км  жерде,  Талғар  ауданының  Алатау  бөктеріндегі  Шымбұлақ  шатқалында 
орналасқан.  Бүгінгі  заманның  талабына  сай  күрделі  жөндеуден  өткен  шипажай 
кезінде ғарышкерлердің ұшып келгеннен кейін денсаулығын сауықтыру орны болғаны 
бекер болмаса керек. 
Шипажай  орналасқан  жердің  табиғаты  әсем.  Оның  250  метр  тереңдіктен 
шығатын минералды суы бар. Шипажай маңында қысы-жазы сылдырлап өзен ағып 
тұрады.  «Ақбұлақ»  шипажайын  қайың,  шырша,  емен  ағаштары  көмкеріп  тұр. 
Шипажайдағы жүзу бассейні мен спорттың түр-түріне арналған орындары толық 
демалып, денені сауықтыруға оң әсерін тигізеді. Онда денсаулықты сауықтыруға 
және нығайтуға барлық жағдай жасалған. 
Шипажай аумағына 2002 жылы 3 қабатты жаңа емдеу орталығы салынды. Бұл 
орталық бүгінгі заманның талабына сай диагностика, емдеу құрал-жабдықтарымен 
қамтамасыз  етілген.  Емдеу  орталығында  жүрек,  асқазан,  ішек,  бүйрек,  жыныс 
бездері, бауыр, өкпе, жүйке жүйесі, буын, сүйек, омыртқа, тері ауруларына арнайы 
жобамен емдеу тәсілдері жолға қойылған. Емдеу тәсілдері адамның жасына, қан 
құрамына,  өмір  сүру  тәртібіне,  тамақтану  әдісіне  байланысты  әр  адамға  жеке 
бағдарламамен  қолданылады.  Емдеу  түрлері  табиғи,  халықтық  медицинасына 
сүйене  отырып,  шөптің  бірнеше  түрлерімен,  балшықпен,  минералды  суменен, 
инемен,  сүлікпен,  тұзды  немесе  оттегімен  азондалған  ауамен,  денені  шлактан, 
улы  заттардан  тазарту  әдістерімен,  тағамның  ішу  тәртібін  реттеу  немесе 
аспен емдеу, қымыз, шұбатты пайдалану, әртүрлі дене шынықтыру тәсілдерімен 
ауру  денені  қалпына  келтіру,  тоқпен,  жарықпен,  шунгит  тасымен  және  денені 
үзу, су астында омыртқаны созу, массаждың әртүрлі әдістерін қолдану сияқты 
ем  -шаралар  қолданылады.  Онда  денені  тазартудың  қан  тазарту,  бауыр  өтін 
жуу,  ішекті  минералды  сумен  тазарту  әдістері  кеңінен  пайдаланады.  Емдеу 
тәртібі  сенбі,  жексенбі  күндерінде  де  жалғасады.  Шипажайға  келген  адамдар  ем 
алумен  қатар  Алматы,  Алматы  облысының  тарихи  ескерткіштері  мен  сәулет 
өнерінің туындыларына экскурссия жасайды. Бос уақыттарында би, ойын-сауық, 
кино,  концерт  тамашалап,  спорттың  түр-түрімен  айналыса  алады.  Бөлмелерге  
ыстық-мұздай минералды су қосылып, тоңазытқыш, көгілдір экран, телефон және 
ұялы телефонның бәрімен байланыс орнатылған. 
«Денсаулық    зор  байлық»,  -  дейді  дана  халқымыз.  Ендеше,  денсаулықтың 
жақсы болуы  үнемі күтіп, уақытылы емделгенде ғана болатынын ұмытпайық. 
3-мәтін

166
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую содержанию текста.
А) «Ақбұлақ» – сауықтыру спорт кешені. 
В) «Ақбұлақ» – тек сүлікпен емдейтін орталық.
С) «Ақбұлақ» – денсаулықты, сауықтыру орталығы.
D) «Ақбұлақ» – тек инемен емдейтін шипажайдың бірі. 
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) денсаулық, ауру, емен, шипажай
В) денсаулық, шипажай, ем, сауықтыру
С) денсаулық, шипажай сүйек, шұбат, ем
D) денсаулық, бауыр, бүйрек, бұлшықет
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Шипажай жанында жыл бойы сылдырлап өзен ағады.
В) «Ақбұлақ» орналасқан жерде қайың, шырша, емен ағаштары өсіп тұр.
С) Шипажайдағы жүзу бассейні денені сауықтыруға көп пайдасын тигізеді. 
D) Шипажайда денсаулықты сауықтырып, нығайтуға барлық жағдай жасалған. 
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Шипажайдағы емдеу орталығы қандай жабдықтармен қамтамасыз етілген?
А) жүрек қызметін реттейтін құралдармен 
В) заманға сай диагностика, емдеу құралдарымен
С) түрлі ауруларды анықтайтын құрал-жабдықтармен
D) өкпе ауруларын тексеретін бүгінгі заманғы құралдармен
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Талғар ауданындағы шипажай туралы баяндалады.
В) Минералды судың пайдасы туралы ақпарат беріледі.
С) Денсаулықты сақтау жолдары туралы ақпарат беріледі. 
D) Телеграф байланысының маңызы туралы ақпарат беріледі.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок текста.
А) Балшықпен емдеу орны
В) Денсаулықты сауықтыру орны
С) Халықтық медицина орталығы
D) Минералды сумен емдейтін шипажай

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет