21
22
24
26
23
25
132
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Шұбат қалай ашытылады?
В) Қандай диеталық тағам түрлерін білесіз?
С) Дәнді-дақылдарда қандай дәрумендер бар?
D) Адам ағзасына қажетті қандай дәрумендерді білесіз?
Ас адамның арқауы. Адам ағзасы түрлі аспен қоректеніп, күш жинайды.
Жалпы тағамдар ет, сүт, дәнді-дақылдардан жасалады. Олардың әрқайсысы
адам ағзасы үшін пайдалы. Ет өнімдері дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам
ағзасына пайдалы ақуыз заттарымен құнды. Қазақтың дәстүрлі дастарқанында
күріш, бидай, жүгері, тары сияқты дән азықтарынан дайындалатын тағамдар
да өте мол. Бұл тағамдар дәрумендерге бай, ағзаға сіңімді келеді. Майға қуырған
қып-қызыл бидай, аппақ баданалы жүгері дастарқанның сәні емес пе?
Сүт тағамдары денсаулыққа аса пайдалы. Кезінде академик И.П.Павлов:
«Сүт табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағам» деп бағалаған болатын.
Шындығында қоректік жағынан алғанда, сүт тағамдық құндылығымен ағза үшін
аса маңызды өнім. Сүт сүт қоректі жануарлардың сүт бездерінен бөлінетін
секрециялық сұйық. Адам баласының саналы тіршілігінің барысында өз қажетіне
қарай лайықтап алған бұл табиғи өнімнің қоректік жағынан алғанда тағамдық
құндылығы өте жоғары.
Сүт және одан өндірілетін өнімдер өте сіңімді және адам ағзасы үшін пайдалы
тағам. Сүттен қаймақ, кілегей алынып, сары май шайқалады. Сиыр, қой, ешкі
сүтінен айран ұйытылып, май шайқалса, бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат
ашытылады.
Сүтті жас баладан еңкейген кәріге дейін ішеді. Өйткені ол дәрумендерге,
қышқылдар мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға, микроэлементтер мен
ферменттерге өте бай. Бір сөзбен айтқанда, сүт химиялық құрамы жағынан
тамаша тағам. Себебі оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін
қажетті барлық заттар бар. Соған орай физиологиялық құндылығы жағынан бір
де бір азық тең келе алмайды. Сүттің тағы бір ерекше қасиеті ас қорыту
бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отыру.
Сүтті пайдаланып әртүрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік,
құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір ерекше өнім пайдаланылады.
Ал сүт қосылып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің
дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, түрлі аурудың алдын алу және диеталық тағам
ретінде де қолданылып жүр.
Сүт өнімдерінің ерекше бір түрі уыз. Уыз жаңа төлдеген малдың қою сүті.
Қазақ халқы оны қара уыз, сары уыз, ақ уыз деп үшке бөледі. Қара уыз төлдеген
малдың төлі еметін алғашқы уызы. Сары уыз төлі емгеннен кейін сауылатын
уыз. Ақ уыз бір күннен кейін сауылған уыз.
Уыз қазақ халқының аса дәмді әрі сүйікті ұлттық тағамы. Ол адам
ағзасына өте пайдалы ас.
4-мәтін
27
133
Оқылым бөлігі
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую тексту.
А) Ет өнімдері ферменттерге бай болды.
В) Қаймақты ботқа пісіргенде пайдалануға болады.
С) Дәрумені көп тағам ағзаға түскенде тез қорытылады.
D) Дәнді-дақылдар құрамындағы ақ уызымен құнды болып келеді.
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) сүт, өнім, денсаулық, дәрумен, тағам
В) ағза, ірімшік, жүгер, сүт, өнім, минерал
С) дәрумен, сүт, уыз, май, өнім, құндылық
D) сүт, күріш, ботқа, фермент, микроэлемент
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Сүт – тамаша тағам.
В) Сүт және оның өнімдері адамға өте пайдалы.
С) Сүт ас қорыту бездерінің жұмысын жақсартады.
D) Сүтті жас баладан бастап, қарт адамдар да пайдаланады.
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Уыз қандай тағам?
А) ұйытылған сүттен жасалатын ас
В) ұйытылған қатықтан жасалатын тағам
С) сүт өнімдерінен жасалатын ұлттық тағам
D) кілегейі алынған сүттен жасалатын тағам
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Сүттен тағам жасау жолдары туралы айтылады.
В) Сүт және сүт өнімдерінің пайдасы туралы баяндалады.
С) Еттен жасалатын тағам түрлері туралы ақпарат беріледі.
D) Дәннен жасалатын ұлттық тағамдар туралы ақпарат беріледі.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок текста.
A) Пайдалы тағамдар
В) Ас – адамның арқауы
C) Сүт және сүт өнімдері
D) Сүттен өндірілетін өнімдер
28
29
30
31
32
33
134
34
35
36
37
38
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
А) Сүттен қаймақ алынады.
В) Ешкі сүтінен айран ұйытады.
С) Сүттің адам денсаулығына пайдасы зор.
D) Сүттің химиялық құрамын И.П. Павлов зерттеді.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите наименее важную информацию по содержанию текста.
А) Бие сүтінен ұлттық сусын – қымыз ашытылады.
В) Сүт дәрумендерге, қышқылдар мен майларға өте бай.
С) Сүт құрамында микроэлементтер мен ферменттер көп.
D) Сүттің ерекше қасиеті – ас қорыту бездерінің жұмысын жақсарту.
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для первого абзаца.
А) Еттен жасалатын тағамдар
В) Адам ағзасына қуат беруші
С) Қуырылған жүгері түрлері
D) Дәннен жасалатын тағамдар
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для второго абзаца.
А) Ағзаға пайдалы өнім
В) Айран – ұлттық сусын
С) Сүт өнімдерінің түрлері
D) Сүттен дайындалатын тағамдар
Мәтіннің үшініші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для третьего абзаца.
А) Уыз түрлері
В) Ірімшік дайындау тәсілі
С) Сүттен өндірілетін тағамдар
135
Оқылым бөлігі
Туризм кез келген мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік-қоғамдық
өмірінде ерекше орын алатын сала. Кез келген елдің халықаралық байланыстары
мен экономикасын дамытуға туризм өзіндік үлесін қоса алады. Сондай-ақ, сыртқы
сауда байланысын арттыру мен жұмыс орындарының анағұрлым мол ашылуы секілді
мәселелерге аталмыш сала өз әсерін тигізеді. Мемлекетімізде туризм саласын
дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Елімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей өркендеп
келеді. Халқымыздың әл-ауқаты артып, ел экономикасы дамығалы еліміздің
азаматтары да туристік сапарларға жиі шығатын болды.
Туристік сапарларға арналған фирмалар біздің қалада көп. Теледидар
жарнамалары арқылы туристік фирмалармен танысуға болады. Ерсін де
теледидар жарнамалары арқылы бірнеше туристік фирмалармен танысып шықты.
Ол достарымен ақылдаса келе биылғы кезекті еңбек демалысында отбасымен
туристік сапарға шығуды жөн көрді. Туристік сапарға шықпас бұрын туристік
бағдарламамен танысу керек. Ол өзі таңдаған «Саяхатшы» туристік фирмасының
бағдарламасымен танысу мақсатында фирмаға барып келді. «Саяхатшы» туристік
фирмасы Абай даңғылының бойында орналасқан екен. Абай даңғылының бойында
үлкен ғимараттар өте көп. Солардың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы
театр. Ерсін іздеген туристік фирманың кеңсесі де осы театр жанында орналасқан
екен. Ерсін көп қиналмастан «Саяхатшы» фирмасының кеңсесін тез тауып барды.
Әріптестік байланыс орнату арқылы жұмыстың сапасын арттыруға болады.
«Саяхатшы» туристік фирмасы да қаламыздағы барлық туристік фирмалармен
тығыз байланыста еңбек етеді. Фирма қызметкерлері де сыпайы, мәдениетті
екен. Олар келушілерге сапалы қызмет көрсетуде. Ерсінге қызмет көрсеткен Жанар
өз ісінің нағыз білгірі екен. Ол лезде Ерсінді қызықтырған сауалдарға жауап беріп,
еліміздегі демалыс орындар туралы толық мәлімет берді. Туристік фирмалардың
жеңілдіктерін пайдалану арқылы табысы орташа адамдар да алыс сапарларға
баруына болады.
Ерсін ойлана келе Көкшетауға барып демалуды жөн көрді. Ол бала күнінен
Бурабай көлдерін, әйгілі Оқжетпес пен Жұмбақтасты көруге құмартушы еді.
Көкшетауды «Қазақ Швейцариясы» деп атайды. Бұл атына заты сай жер.
Көкшенің биік таулары, тұнық мөлдір көлдері, хош иісті гүлдер мен жидекке толы
ормандары көрген адамды таңдандырады. Көкшетаудың солтүстік батысында
«Алтын тоғай» атты туристік база бар. «Бурабайға» баратын жол орманның
арасынан өтеді. Жолдың бойында өсіп тұрған ару ақ қайыңдар, қарағайлы
ормандар, күміс күлкісімен сылдырап ағып жатқан мөлдір бұлақтар көздің жауын
алады. «Бурабай» минералды суларымен, шипалы балшығымен белгілі аймақ.
Көкшетаудың әсем табиғаты барша қазақстандықтардың мақтанышы. Оның
жұпар ауасы дертке дауа.
Ерсін отбасы мүшелеріне, әсіресе, ұлы мен қызына отанымыздың көрікті аймағы
Көкшені көрсеткісі келді. Өйткені ол балаларының өз елінің нағыз патриоты болып
өскенін қалайды.
Туристік сапарларға ұшақпен барған тиімді. Ерсін отбасымен Бурабайға
ұшақпен баратын болды.
4-мәтін
136
D) Ас қорыту бездерінің қызметі
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Ерсін «Алтын тоғай» туристік базасына бұрын барған ба?
В) Көкшетаудың солтүстік батысында қандай туристік база бар?
С) «Алтын тоғай» туристік базасы Алматы қаласында орналасқан ба?
D) Көкшетаудың оңтүстік батысында «Саяхатшы» туристік базасы бар ма?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую тексту.
А) Ерсін – Көкшетау қаласының тұрғыны.
В) Ол достарына Бурабай көлдерін көрсетуге құмар еді.
С) Ерсін отбасы мүшелеріне Көкшетауды көрсеткісі келді.
D) Көкшетау қаласында «Бурабай» туристік базасы ашылды.
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) сапар, жарнама, ұшақ, туризм
В) Ерсін, сапар, туристік фирма, Көкшетау
С) Ерсін, туристік фирма, бағдарлама, қарағай
D) Ерсін, Жанар, туристік фирма, демалыс, бұлақ
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Көкшетау өлкесінің табиғаты өте әдемі.
В) Көкшетауда «Саяхатшы» туристік фирмасы бар.
С) Қазақстандықтар Көкшетауда демалғанды ұнатады.
D) Көкшетаудың сұлу табиғаты, жұпар ауасы – дертке дауа.
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Ерсін туристік фирмаға не үшін келді?
А) жарнама беру үшін
В) жұмысқа орналасу үшін
С) фирманың бағдарламасымен танысу үшін
D) фирма қызметкерлерімен жақын танысу үшін
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Сыртқы туризмнің дамуы туралы ақпарат беріледі.
В) Еліміздегі ішкі туризмнің дамуы туралы баяндалады.
С) Еліміздегі туризм мен Ерсіннің сапарға шығуы туралы баяндалады.
39
40
41
42
43
44
137
Оқылым бөлігі
45
D) Ел туризмінің дамуы мен Ерсіннің туристік фирмасы туралы айтылады.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок к тексту.
А) Отандық туризм
В) Саяхатқа дайындық
С) «Қазақ Швейцариясы»
D) Арман болған Жұмбақтас
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
А) «Алтын тоғай» – қала халқына танымал туристік фирма.
В) Бүгінде туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінбей отыр.
С) Мемлекетімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей дамып келеді.
D) «Бурабай» – минералды суларымен, емдік балшығымен әйгілі өлке.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите наименее важную информацию по тексту.
А) Ерсін демалысын Көкшетауда өткізбекші.
В) Жанар – «Саяхатшы» туристік фирмасының қызметкері.
С) Көкшетаудың сұлу табиғаты көрген адамды таңдандырады.
D) Ерсін балаларының өз елінің патриоты болып өскенін қалайды.
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для первого абзаца.
А) Туризм саласының бағыттары
В) Еліміздің сыртқы сауда байланысы
С) Халықаралық байланыстың нығаюы
D) Туризм – ел экономикасын дамытушы сала
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для второго абзаца.
А) Туристік сапар
В) Біздің қаладағы туристік фирмалар
С) «Саяхатшы» туристік фирмасының сапалы қызметі
D) Жанар – өз ісін нағыз білетін қызметкер.
Мәтіннің үшініші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для третьего абзаца.
А) Ерсіннің арманы
В) Туристік фирмалар
С) Көкшенің биік таулары
D) Атына заты сай жер
46
48
49
50
47
138
Оқылым бөлігі.
Тест тапсырмаларын талдау
блок Чтение.
Анализ тестовых заданий
2
Мүсінші
Мен бала кезімде мүсінші болуды армандайтынмын. Мектеп қабырғасында жүрген
кезімде сазбалшықтан түрлі мүсіндер жасайтынмын. Ауылда мені «мүсінші бала»
деп те атайтын. Бұл ат өзіме қатты ұнайтын. «Мүсінші бала» дегенді естіген
сайын өзімді мүсіншідей сезінетінмін.
Қолым бос кезде мүсін өнері туралы жазылған кітаптар оқып, түрлі мүсін
жасағанды ұнатамын. Мәдениет сарайындағы міндетті жұмысымнан басқа
мезгілдің бәрін досым Саматтың мүсінін жасаумен өткізіп жатырмын. Қазандай
көгілдір мәрмәр тастың қашай-қашай бөріктейі ғана қалды. Саматтың ойлана
алысқа көз тігіп тұрған тұлғасы ойылып та бітті. Енді жұмыстың ең ауыр
сатысы қалды. Адам ажарына құбылыс, денеге көркемдік беру керек. Ішкі жан
сезімі мен сыртқы бейненің үндестігін, сұлулығын, бірін-бірі толықтырып тұрған
қасиетін келтіру керек. Бұның бәрі көз, бет құбылыстары, дене ишараты арқылы
айтылу қажет. Бұл жұмыстың ең қиын тұсы. Бұл үлкен шеберлікті, дарынды
қажет етеді. Адамды тек шығармашылық шабыт билейтін сатысы. Бүгінгі жұмыс
күндегіден нәтижелі болды. Таңертеңнен үйден шықпай, тас мүсінді айналдырдым.
Көптен бері ойымдағыдай шықпай жүрген Саматтың маңдай кейпін айнытпай
түсірдім. Қабағын түйгенде пайда болатын маңдайындағы білінер-білінбес қос
сызық соншалық дұрыс түсті. Қапелігімдегі шеберлігіме өзім де риза болып қалдым.
Тас мүсінге қарап тұрып, досым Саматты көргендей болдым. Соншалық шынайы,
соншалық айнымай шыққанына қатты қуандым. Өз жұмысыма өзім сұқтана
қарап, сүйсіндім.
Мүсін өнері өнер біткеннің ішіндегі ең нәзігі.
1-мәтін
А) Мүсін өнерінің сыр-сипаты туралы
В) Досының сыртқы келбетін суреттейді.
С) Оның балалық шағы жайлы айтылады.
D) Мүсінші болуды армандағаны туралы
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
1
Тапсырма түрі автордың негізгі идеясын, мәтіндегі басты ақпаратты анықтауды талап етеді.
Ол үшін тіл үйренуші мәтіннің жалпы мазмұнын түсініп, негізгі ақпаратты қосымша ақпараттан
ажырату керек. Дұрыс емес жауаптарда мәтін мазмұны бойынша қосымша, маңызды емес
ақпараттар берілуі мүмкін.
Данное тестовое задание требует определения основной идеи, замысла автора текста, са-
мой основной информации. Для этого необходио понять общее содержание текста и отделить
основную информацию от второстепенной. То есть необходимо выявить, о чем хотел расска-
зать автор текста. Неправильные варианты ответов могут содержать второстепенную, менее
значимую информацию, соответствующую содержанию текста.
139
Оқылым бөлігі
Бұл тапсырма тіл үйренушінің келесі білік-дағдыларын қалыптастырады және бағалайды:
- мәтіндегі ақпаратты жалпылау;
- мәтіндегі жалпы ақпаратты жүйелеу;
- мәтіндегі жалпы ақпаратты қортындылау;
- мәтіндегі негізгі ақпаратты қосымша ақпараттан ажырата білу;
- автордың негізгі идеясын білдіретін ақпаратты анықтау.
1) Мәтін мазмұнынан мүсін өнерінің сыр-сипаты туралы мәліметті ала аламыз.
2) Мәтін мазмұнында досы Саматтың сыртқы келбеті сипатталмаған, тек «қабағын түйгенде
қос сызық пайда болады» дегеннен басқа еш ақпарат берілмеген.
3) Мәтінде «бала кезімнен мүсінші болуды армандайтынмын, мектепте оқып жүргенде
сазбалшықтан мүсін жасайтынмын, ауылда мүсінші бала», - дейтін деген жалпылама ақпарат
берілгенмен, кейіпкердің балалық шағы туралы нақты ақпарат берілмеген.
4) Мәтінде бала кезінен мүсін өнерін ұнататындығы туралы ақпарат бар, бірақ бүкіл мәтіннің
емес, бірінші азатжолының негізгі ақпараты.
2
А) Мүсінші бала
В) Мүсін туралы кітаптар
С) Мүсінші баланың арманы
D) Мүсін өнерінің ерекшелігі
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок к тексту.
Бұл тест тапсырмасы мәтіндегі негізгі ойды ескере отырып, мәтінге нақты және сәйкес
тақырып болатын жауапты талап етеді. Мәтінді оқымас бұрын негізгі мазмұнын, яғни мәтін не
жайлы екендігін алдын ала аңғара білетіндей болуы керек. Дұрыс емес жауаптарда мәтінде
бар ақпарат, бірақ негізгі, басты ақпарат болмайтын атаулар берілуі мүмкін.
Тестовое задание формирует навык определения основной мысли автора текста, так как
здесь необходимо выбрать наиболее подходящий заголовок к тексту. Неправильные варианты
ответов содержат информацию, которая лишь затронута в тексте и не является основной мыс-
лью автора.
Тапсырма тіл үйренушінің келесі білік-дағдыларын қалыптастырады және бағалайды:
- мәтіндегі негізгі ақпараттарды жүйелеу;
- мәтіндегі негізгі ақпараттарды біріктіру;
- автордың негізгі ойын білдіретін ақпаратты таба білу;
- мәтіндегі негізгі ақпаратты қорытындылау;
- мәтінде берілген негізгі ақпаратты нақты түсіну;
- мәтін мазмұнына сәйкес тақырып таңдай білу.
1) Мәтінде балалық шағы туралы емес, ересек адамның өміріндегі оқиға негізгі ақпарат болып
отыр.
2) Мәтінде «қолым бос кезде мүсін өнері туралы жазылған кітаптар оқып, түрлі мүсін жасағанды
ұнатамын» деген ақпарат берілгенмен, ол кітаптар жайлы ақпарат жоқ.
3) Мәтін мазмұнында мүсінші адамның балалық шағы емес, ересек кездегі әрекеті туралы
баяндалады.
4) Мәтінде мәрмәр тасты қашау, тұлғасын ою, адамның ажарын, денесін жасаудың өзіндік
қиындықтары туралы ақпарат бар.
3
А) Бұл – жұмыстың ең қиын жері.
В) Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі.
С) Мүсінші бала – менің оқушы кездегі атым.
D) Мүсін өнері – барлық өнердің ішіндегі ең нәзігі.
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
140
Берілген тест тапсымасы мәтіндегі ақпаратты жалпылай отырып, нақты қорытындысын таба
білуді қажет етеді. Тіл үйренуші жауаптарды салыстыра отырып, дұрыс емес жауаптардағы
қосымша немесе маңызды емес, бейтарап ақпаратты, мәтін мазмұнындағы фактілерді
баяндайтын ақпаратты ажырата білу керек.
В данном тестовом задании необходимо найти вывод, который обобщает и уточняет
какую-либо информацию по тексту. В неправильных вариантах ответа может бать дана
нейтральная, второстепенная информация, лишь констатирующая факты.
Тапсырма тіл үйренушінің төмендегідей білік-дағдыларын қалыптастырады және бағалайды:
- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды таба білу;
- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды талдай білу;
- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды салыстыра білу;
- мәтіндегі ақпараттарды жүйелей білу;
- мәтіндегі негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты ажырата білу;
- мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды ақпаратты таба білу.
1) Берілген жауап «адамның ішкі жан дүниесін көз, бет әлпеті, дене ишараты арқылы білдіру
жұмыстың ең қиын жері» деген ақпараты бойынша алынған, бірақ бұл ақпарат нақты емес.
2) Мәтін мазмұнында мүсін өнерінің ерекшелігі, оның түрлері туралы ақпарат берілмеген.
3) Мәтін мазмұнында мүсінші бала деген аттың бала кезіндегі екінші аты екендігі туралы
ақпарат берілгенмен, бұл ақпарат мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды емес.
4) Мәтінде мүсін өнерінің нәзік әрі қиын өнер екендігі туралы ақпарат бар және бұл ақпарат
мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды бола алады.
А) Мүсінші бала атым өзіме ұнайтын.
В) Тас мүсінге қарап, өз ісіме риза болдым.
С) Ішкі жан дүниесі мен сыртқы бейнесін үйлестіру қажет.
D) Уақытымның көбін досымның мүсінін жасаумен өткізудемін.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее важную информацию по содержанию текста.
4
Тест тапсырмасы мәтін мазмұнынан маңызды емес, қосымша, бейтарап ақпаратты таба білуді,
ақпараттың маңыздылығын анықтауды қажет етеді. Берілген жауаптардың үшеуінде маңызды,
мағыналы ақпарат, біреуі – маңызды емес, қосымша ақпарат, кейбір маңызсыз деректерді
баяндайтын жауап болуы мүмкін.
Тестовое задание требует разграничения значимой информации и второстепенной. В трех
неверных вариантах ответа представлена содержательная, важная информация по тексту, в
правильном ответе – малозначимая информация, какие-либо детали, незначительные факты.
Бұл тапсырма тіл үйренушінің келесі білік-дағдыларын қалыптастырады және бағалайды:
- мәтіндегі маңызды және маңызды емес ақпараттарды саралау;
- мәтіндегі маңызды және маңызды емес ақпараттарды өзара салыстыру;
- мәтіндегі маңызды және маңызды емес ақпараттарды жауаптарда берілген ақпаратпен
салыстыра білу;
- жауаптардағы ақпараттардың шынайы немесе шынайы емес екендігін анықтау;
- мәтіндегі маңызды ақпараттан маңызды емес ақпаратты ажырата білу.
1) Балалық шағындағы мүсінші бала аты мәтіндегі аса маңызды ақпарат емес.
2) Бұл жауап өз ісіне деген ризашылығын, жұмысының ойдағыдай орындалғандығын білдіріп
тұрған маңызды ақпарат болып табылады.
3) Мәтінде «ішкі жан сезімі мен сыртқы бейненің үндестігін, сұлулығын, бірін-бірі толықтырып
тұрған қасиетін келтіру керек» деген ақпарат берілген. Мүсін жасауда ішкі жан дүниесі мен
сыртқы кейіпті үйлестіре білу маңызды рөл атқарады.
4) Жауап қолға алған ісінің орындаушы үшін маңызды іс екендігін көрсетеді.
141
Достарыңызбен бөлісу: |