111
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Баласы ... етіп келе жатыр еді, əкесінің қату қабағынан езуін жия қойды.
А) елең-елең
В) қоқаң-қоқаң
С) арбаң-арбаң
D) ыржаң-ыржаң
1) елең-елең сөзі жан-жағына жалтаң-жалтаң етіп қараған қимыл-қозғалысты білдіреді;
2) қоқаң-қоқаң сөзі біреуге сес, күш көрсету мəнінде қолданылады;
3) арбаң-арбаң – адамның ебедейсіз қимыл-қозғалысына қатысты сөз;
4) ыржаң-ыржаң – күліп келе жатқан адамның қимыл-қозғалысына қатысты қолданылады,
сондықтан сөйлем мазмұнымен сəйкес келеді.
♦ Ойламаған жерден, кенеттен, шұғыл істелген қимылды көрсетіңіз.
Укажите действие, выполненное внезапно и неожиданно.
А) Көзінен мөлт-мөлт етіп қуаныш жасы ағып жатыр.
В) Ертесіне түске қарай сау етіп құдалары жетіп келді.
С) Далада тырс еткен дыбыс жоқ, айнала меңіреу тыныштық.
D) Анасы абыр-сабырда ұялы телефонын үйде қалдырып кетіпті.
1) мөлт-мөлт етіп тіркесі адамның эмоциясын көрсетіп тұр;
2) сау етіп – кенеттен, ойламаған жерден келген қонақтардың қимыл-қозғалысын білдіріп тұр;
3) тырс – дыбыстық еліктеуіш сөз;
4) абыр-сабыр сөзі қимылдың жүйесіз болғанын білдіреді.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Отты көздері ... ете қалды.
А) жұлт
В) жарқ
С) жалт
D) жалп
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Баласы анасына ... етіп қарағыштай берді.
А) сылаң-сылаң
В) далаң-далаң
С) жалтаң-жалтаң
D) күркіл-күркіл
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Үйдің шатырынан шелекке ... етіп тамып жатыр.
А) тарс-тарс
В) күмп-күмп
С) жалп-жалп
D) тырс-тырс
112
113
105
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қыздың мойнындағы моншағы ... етіп көздің жауын алады.
А) жарқ-жарқ
В) жалт-жұлт
С) жалт-жалт
D) жалп-жалп
114
Ишара одағайларының берілуі
Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар
сияқты болып келеді. Мұндай сөздер жұртшылыққа əбден түсінікті болып, белгілі
дағды бойынша сөз ретінде пайдаланылады. Мысалы: -Уау, жігіттер-ау, бұл қалай?
- Па, сабаз, мал болғанына! -Түу, қандай тымырсық түн. Е, жолдас, жақсы жатып,
жай тұрдыңыз ба? деген сөйлемдердегі уау, па, түу, е деген одағайлары үйреншікті
сөздерге айналып, жұрттың бəріне түсінікті болып кеткен.
Одағай сөздердің мағыналары адамның əртүрлі сезімімен байланысты шығатын
дыбыстық ишараттарды білдіреді. Мысалы: Мұны бастап жүрген кім екен, ə?
-Япырым-ау, жастық деген қандай қызық?
Ишара одағайларына адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру,
жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер жатады. Бұлар
бағытталып отырған объектісіне қарай төмендегідей топқа бөлінеді:
1. Адамға қатысты айтылатын одағайлар: Ау! Əй! Тəйт! Сап-сап! Кəне! Жə! Тек!
Əуп! Тəй-тəй! Қаз-қаз! жəне т.б.
2. Жануарға қатысты айтылатын одағайлар:
түйеге: көс-көс!, сорап-сорап!
қой мен ешкіге: пұшайт-пұшайт, қош-қош, шəйт!, шек!
жылқыға: моһ-моһ! тəк, тəк! құрау-құрау! құр, құр!
сиырға: ауқау-ауқау, əукім-əукім.
ит пен мысыққа: кə!, күшім-күшім!, мышым-мышым!, пырс!
Ескерту:
Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы
да, қимылдың жайы-күйі туралы да ұғым бермейді.
♦ Көп нүктенің орнына тыйым салу мағынасын білдіретін сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте слово со значением запрета.
..., жетер енді дауласқандарың, - деп əкесі балаларына зекіп тастады.
А) Тəйт
В) Шіркін
С) Пай-пай
D) Бəрекелді
1) тəйт – тыйым салу үшін жұмсалатын одағай;
2) шіркін сөзі сүйсінуді, таңдануды білдіруде жұмсалады;
3) пай-пай сөзі қуанышты білдіруде жұмсалады;
4) бəрекелді – ризашылықты білдіруде қолданылды.
♦ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
«..., лағым!», - деп немересі лақты шақырып, мəз болды.
А) Кə-кə
В) Көс-көс
С) Шөре-шөре
D) Құрау-құрау
1) кə-кə – итті шақыруға арналған одағай сөз;
2) көс-көс – түйеге қатысты қолданылатын сөз;
3) шөре-шөре – лаққа қатысты қолданылады;
4) құрау-құрау – жылқыға қатысты айтылатын одағай сөз.
106
115
♦ Тыйым салу мағынасындағы сөйлемді табыңыз.
Найдите предложение со значением запрета.
А) Қап, автобустың кетіп қалғаны-ай!
В) Беу, туған жер, қадіріңді білмеппін ғой?!
С) Пəлі, осыны да қиынсынып тұрмысың!
D) Жə, баланың көзінше не болса, соны айта берме!
1) қап – өкініш мəнін білдіретін сөз;
2) беу сөзі – адамның көңіл күйін (сағынышын) көрсетіп тұр;
3) пəлі сөзі – таңдану мəнінде қолданылған;
4) жə сөзі – тыйым салу мəнінде жұмсалып тұр.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
..., тез жетіп алайық!
А) О
В) Аһ
С) Уһ
D) Кəне
Асты сызылған сөздің мағынасын көрсетіңіз.
Укажите значение подчеркнутого слова.
– Жə, жылама енді.
А) ұнату, қуану
В) тоқтату,тыю
С) ренжу, ұнатпау
D) таңдану, көрсету
Жекіру мəнді сөзді көрсетіңіз.
Найдите слово со значением недовольства, выраженного повышенным тоном.
А) Əй
В) Ой
С) Тəйт
D) Пəле
Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
– Ерсұлтан, қайдасың балам?
– ... .
А) Ой, апа! Үйде кілтім қалып кетіпті ғой!
В) Апа, ертең қалаға қыдырып қайтайықшы.
С) Түу, əже! Менің өтінішімді орындайды ғой десем...
D) Төргі бөлмеде сабақ оқып отырмын.
116
117
118
107
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Қыстырма сөздердің берілуі
Қыстырма сөздер – сөйлеушінің айтылған ойға əр алуан қатынасын білдіретін,
сөйлем мүшелерімен синтаксистік белгілі тəсілдермен байланыспайтын жеке сөздер,
сөз тіркестері.
Қыстырмалар жеке сөз ретінде де (əрине, рас, біріншіден, сірə), сөз тіркес
ретінде де (қорыта келгенде, бір жағынан, өкінішке қарай) жұмсалады. Қыстырма
сөздер сөйлемде орын талғамайды: сөздің басында да, ортасында да, соңында да
келе береді.
Қыстырма сөздердің мағыналық топтары:
1) адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін қыстырма сөздер: біздің бағымызға,
бақытымызға қарай, өкінішке орай, обалы не керек, амал қанша, сорыма қарай жəне
т.б.
2) айтылған ойға сенуді, жорамалдауды білдіретін қыстырма сөздер: əрине,
шынында, шынын айту керек, рас, сірə, бəлкім, мүмкін, кім біледі жəне т.б.
3) ойдың айтылу амалын, тəсілін білдіретін қыстырма сөздер: қысқасы, демек,
дегенмен, айтпақшы, қорыта келгенде жəне т.б.
4) айтылған ойға басқаның пікірі тұрғысынан қарағандықты білдіретін қыстырма
сөздер: сіздіңше, біздіңше, біреудің сөзіне қарағанда жəне т.б.
5) айтылған ойлардың өзара қатынасын білдіретін қыстырма сөздер: сөйтіп, не
дегенмен, сонымен, біріншіден, екіншіден, бір жағынан т.б.
Ескерту: Қыстырма сөздер сөздің басында келсе – одан кейін үтір, ортасында
келсе – екі жағынан үтір, ал соңында келсе – алдынан үтір қойылады.
♦ Айтылған ойды нақтылайтын тіркесті көрсетіңіз.
Укажите словосочетание, в котором конкретизируется высказанная мысль.
..., Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келеді.
А) Сөз жоқ
В) Кім біледі
С) Бір жағынан
D) Өкінішке қарай
1) сөз жоқ тіркесі айтылған ойды нақтылап тұр;
2) кім біледі тіркесі айтылған ойға болжам мəнін береді;
3) бір жағынан тіркесі айтылған ойға қатысты басқаның пікірін білдіреді;
4) өкінішке қарай тіркесі адамның көңіл күйін білдіретін қыстырма.
♦ Біреудің пікірін білу үшін қолданылатын сөйлемді табыңыз.
Укажите предложение, в котором спрашивается чье-либо мнение.
А) Біріншіден, өнімдерді көруіміз керек.
В) Сіздіңше, бұл өнімнің сапасы нашар ма?
С) Ең алдымен, станоктарды жөндедіңдер ме?
D) Шынымен, өте сапалы тауарлар қайда екен?
1) біріншіден сөзі айтылған ойдың өзара қатынасын білдіреді;
2) сіздіңше сөзі айтылған ойға басқаның пікірін білдіру үшін қолданылады;
3) ең алдымен сөзі айтылған ойдың ретін білдіреді;
4) шынымен сөзі айтылған ойға сенуді білдіру үшін қолданылады.
108
119
♦ Жорамалдау мағынасында айтылған сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение со значением предположения.
А) Ауылға кеткені, бір жағынан, дұрыс.
В) Амал қанша, ертең Алуа ауылға кетеді.
С) Сірə, Алуаның ауылға кеткісі келген шығар.
D) Айтпақшы, Алуа кеше кешкі пойызбен ауылға кетіп бара жатқан.
1) бір жағынан тіркесі айтылған ойдың өзара қатынасын білдіреді;
2) Амал қанша тіркесі адамның көңіл күйін білдіру үшін қолданылады;
3) Сірə сөзі жорамалдау мəнін білдіру үшін жұмсалады;
4) Айтпақшы сөзі ойдың айтылу амалын білдіру үшін қолданылады.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
..., мен өткен күнге сынмен қарайтын жалғыз адам шығармын.
А) Əрине
В) Бəлкім
С) Сөз жоқ
D) Дегенмен
Өз көзқарасын білдіру үшін айтылған сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором употреблено слово для выражения своей
точки зрения.
А) Меніңше, досым дұрыс айтады.
В) Досым, шынында, басқаша ойлайды.
С) Кім біледі, досым дұрыс айтатын шығар.
D) Өкінішке қарай, досым дұрыс айтпады.
Асты сызылған сөздің мағынасын көрсетіңіз.
Определите значение подчеркнутого слово.
Мүмкін, бұл əдісті өзгертсек дұрыс болар.
А) сену
В) келісу
С) қолдау
D) болжау
Ойды тұжырымдау мəнінде қолданылған нұсқаны белгілеңіз.
Выберите вариант, в котором резюмируется мысль.
А) Сірə, мұндай елдің болашағы зор шығар.
В) Қорыта келгенде, қазақ тілінің болашағы зор.
С) Бір жағынан, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту керек.
D) Айтпақшы, 2020 жылы қазақстандықтардың 90%-ы қазақша сөйлейтін
болады.
120
121
122
109
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Лексика-грамматикалық бөлік.
Қорытынды тест
Лексико-грамматический блок.
Итоговый тест
3
1
2
3
4
5
Мəндес сөздер қатарын табыңыз.
Определите ряд слов, схожих по смыслу.
А) азаю, ұлғаю
В) арту, кему
С) азаю, кему
D) үлкею, кішірею
Мəндес сөздер қатарын табыңыз.
Определите ряд слов, схожих по смыслу.
А) ата, əже
В) адам, кісі
С) бала, қыз
D) апа, көке
«Балапандай баптау» тіркесін мағынасын көрсетіңіз.
Укажите значение словосочетания «балапандай баптау».
А) күту, аялау
В) аңқау, аңғал
С) баптау, құшақтау
D) мінезі бала сияқты
«Жүрегі су ету» тіркестің беретін мағынасын көрсетіңіз.
Укажите значение словосочетания «жүрегі су ету».
А) қуану
В) толқу
С) қорқу
D) шаттану
Етістіктен жасалған зат есімдерді белгілеңіз.
Укажите имя существительное, которое образовано от глагола.
А) айтыс
В) қасық
С) жады
D) қалам
«-н» жұрнағы жалғанатын сөздер қатарын көрсетіңіз.
Укажите ряд слов, к которым можно присоеденить суффикс «-н».
А) шық, жи
В) сүз, біл
С) бұр, тоқта
D) толқы, бора
6
110
8
9
10
11
7
12
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Cабақ ... телефонды сөндіріп қою керек.
А) үстінде
В) астында
С) қасында
D) жанында
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ол ... болып жатқан жағдайларды еске алды.
А) түбінде
В) тысында
С) сыртында
D) айналасында
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
«Желсіз түнде жарық ай » өлеңі ... .
А) Ахметтікі
В) Абайдікі
С) Ыбырайдікі
D) Мұқағалидікі
Құрамында меншіктік мəнді білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором выражена принадлежность предмета.
А) Бұл мəшине көршімдікі.
В) Көршілерге кіріп шықтым.
С) Көршімен бірге бардым.
D) Көршілерді көшеден көрдім.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Кездесу туралы ... келіп тұр.
А) қуануға
В) көрсетуге
С) хабарлауға
D) көмектесуге
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Адам сөйлеп жатқанда сөзін ... болмайды.
А) алуға
В) бөлуге
С) беруге
D) көруге
111
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
13
14
15
17
18
16
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ол тəтті ... көп жемейді.
А) тағамды
В) тағамға
С) тағамның
D) тағаммен
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Олар Орталық мұражайдағы «Алтын адам» ... тамашалады.
А) суретін
В) бейнесін
С) естелігін
D) ескерткішін
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Жас əнші тамаша ... тамсандырды.
А) дауысқа
В) киімімен
С) тамағымен
D) даусымен
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қазақстан мұнай ... мақтана алады.
А) жерімен
В) орнымен
С) қорымен
D) бұйымымен
Көп нүктенің орнына қажетті атауды қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ағасы Қаржы нарығын жəне қаржылық ұйымдарды реттеу жəне қадағалау
жөніндегі ... бөлім бастығы болып тағайындалды.
А) сотының
В) агенттіктің
С) орталығының
D) министрлігінің
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ол Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым ... жолдамасы бойынша жұмысқа
келіпті.
А) министрлігін
В) министрлігіне
С) министрлігінің
D) министрлігімен
112
19
20
21
22
23
24
Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное числительное.
Оның бес баласының үшеуі мектепке, ал ... балабақшаға барады.
А) екеуі
В) төртеуі
С) үшеуі
D) бесеуі
Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное числительное.
Олардың арасынан батыл ... шығып, өз ұсынысын айтты.
А) біреуі
В) екеуі
С) төртінші
D) бес-алтыдай
Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное числительное.
Емтиханда оқушылар ... отырып, есеп шығаруда.
А) бір-бір
В) бір-бірден
С) бір-бірлеп
D) бір-бірдей
Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное числительное.
Саяхатшылар ... екі топқа бөлінді.
А) он-ондай
В) екі-үшке
С) он-оннан
D) бес-алтауы
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Мерекелік шеруге ... адам қатысты.
А) үш мыңдап
В) бес мыңдай
С) он мыңнан
D) жүз мыңның жартысы
Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное числительное.
Əкесі таңертең сағат ... үйден шығып кетті.
А) жетілеп
В) жетінші
С) жетілерде
D) жетілердей
113
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
27
28
29
25
26
30
Мақалды толықтырыңыз.
Дополните пословицу.
Оқусыз білім жоқ, ... күнің жоқ.
А) сусыз
В) білімсіз
С) көліксіз
D) ақылсыз
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қаланың ... көрінісі адамды қиялға жетелейді.
А) ішкі
В) түскі
С) түнгі
D) сыртқы
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Əріптесім «... достар» бағдарламасын жүргізеді.
А) Өткір
В) Ұтқыр
С) Алғыр
D) Тапқыр
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Кəсіпкерлік жұмыс ... мамандарды талап етеді.
А) іскер
В) ұшқыр
С) санаулы
D) жарамды
Cөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Театрдағы басты рөлді ойнағандардың ... – танымал актерлер.
А) тегісі
В) күллі
С) барша
D) барлығы
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Кездесуге курстастарым ... келді.
А) бүкіл
В) түгел
С) барша
D) барлық
114
32
33
34
35
36
31
Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Қазақстанда өсімдіктердің ... түрі бар.
А) қайбір
В) əлдене
С) бірнеше
D) əрқалай
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
... адамдар сағат жинауды ұнатады.
А) Бүкіл
В) Кейбір
С) Əркім
D) Бірдеңе
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Үйінде ... домбыра тартпаса да, Асқар домбыраға үйір болды.
А) түк
В) ешбір
С) ешкім
D) ештеме
Cөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
Дополните предложение нужным словом.
... өтірік айтушы болма!
А) Ешқайда
В) Əрқашан
С) Ешқайсы
D) Ешқашан
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ол құжаттарын қабылдау комиссиясына ... .
А) алыпты
В) қалыпты
С) қатысыпты
D) тапсырыпты
Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
Дополните предложение нужным словом.
Жапондық азамат жеке іс парағын қазақ тілінде ... .
А) орнатыпты
В) толтырыпты
С) қолданыпты
D) пайдаланыпты
115
ЛЕК
С
ИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
37
38
39
40
41
42
Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Апам дəрігерлік тексеруден ... .
А) өтіп жатыр
В) бітіп жатыр
С) шығып отырмыз
D) келіп жатырсың
Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Мен кəсіпорынға бухгалтер қызметіне ... .
А) кіріп жатыр
В) өтіп жатырмыз
С) тұрып жатырсың
D) орналасып жатырмын
Іс-əрекеттің орындалмайтынын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение со значением действия, которое не будет выполнено.
А) Науқасқа дəрілік шөптер жазып берді.
В) Ауру адам өз бетінше ем қабылдауға болмайды.
С) Алма қан құрамындағы холестеринді төмендетеді.
D) Тұмаудың алғашқы белгілері білінісімен емделу керек.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қаланың тазалығын ойламасқа ... .
А) білмейді
В) жүрмейді
С) болмайды
D) қорғамайды
Іс-əрекеттің мақсатын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение со значением цели действия.
А) Ол кеше жұмыста болды.
В) Мүмкін, жақсы жұмыс табар.
С) Ертең жаңа жұмысқа шығады.
D) Жұмысты жарнама арқылы іздемек.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ана тілі жоқ халық ел ... емес.
А) болмақ
В) жасамақ
С) сөйлемек
D) үйренбек
116
45
46
43
44
47
48
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ол радиодан үнемі «Қазақ елі» бағдарламасын ... .
А) көретін
В) ұнататын
С) білетін
D) тыңдайтын
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Журналистердің таным деңгейі жоғары ... .
А) өтпейтін
В) болатын
С) жеткізетін
D) алынатын
Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
– Үлкен көл қайда?
– Ауылдың ... .
А) төмен
В) ішкері
С) шетінде
D) тысқары
Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
– Абай даңғылына қалай барсам болады?
– ... жүрсеңіз Абай даңғылына шығасыз.
А) Іште
В) Сыртта
С) Жоғары
D) Тысқары
Көп нүктенің орнына қажетті cөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қазақ қонақжайлық қасиеті ... əлемге танылған ел.
А) түгіл
В) тəрізді
С) сияқты
D) арқылы
Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
Дополните предложение нужным словом.
Күн ... анасы бауырсақ пісіреді.
А) бойы
В) үшін
С) сайын
D) жуық
117
ЛЕК
С
ИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
50
51
49
52
53
54
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қала шетінен күзге ... үй салып алды.
А) астам
В) дейін
С) төмен
D) сəйкес
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ғалымдар қатерлі ауруға ... дəрі ойлап тапты.
А) жуық
В) салым
С) қарсы
D) артық
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қонақтар астан ... бата қайырды.
А) əрі
В) гөрі
С) соң
D) бетер
Cөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
Дополните предложение нужным словом.
Сырыңды досыңнан ... айта да алмайсың.
А) гөрі
В) астам
С) өзгеше
D) басқаға
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Көрмеге шетелдік өнімдермен ... қазақстандық тауарлар да қойылған.
А) қарай
В) қатар
С) cəйкес
D) бұрын
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Айнұр дастарханға тəтті тоқашпен ... ыстық бауырсақ та əкеліп салды.
А) бірге
В) бетер
С) қарай
D) сəйкес
118
Достарыңызбен бөлісу: |