Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К



бет41/42
Дата08.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#167967
түріДерексіз
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Сөздің жүйесі мен түрлері

Жалғаулықтар.

Жалғау орнына жүріб, жалғау сыйақты басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағана шықбайтұн сөздерді жалғаулық сөздер дейміз. Қазақ тілінде жалғаулық аз; болғаны мынау ақ: менен (бенен, мен, бен), үшін, шейін, дейін, таман, сайын, көрі, арқылы, тұуралы.


Көбінесе жалғаулықтар орнына басқа сөздер жүреді. Мыйсалы: әрі, бері, соң, бойы, бойын, бөтен, басқа, өзге, орнына, басына, қасына, жанына, маңайына, қасында жана басқа сондай сөздер.
Ескертіу. Шейін, дейін жалғаулықтар барыс жалғаудан соң қойылады, көрі жалғаулық шығыс жалғаудан соң қойылады. Басқалары жалғаусыз түрінің соңынан қойылады, жалғаулық орнына жүретүн сөздердің: әрі, бері, бөтен, басқа, өзге дегендері шығыс жалғаудан соң қойылады; бойы, бойын дегендер табыс жалғаудан соң йа тікелей жалғаусыз түрінен соң қойылады.
Дағдыландырыу. Төмендегі сөздердің соңынан жалғаулықтарды йа жалғаулықтар орнына жүретүн сөздерді қойыб жаздырыу.
Кісі, адам, жан, дене, бас, шаш, маңдай, мый, желке, бет, жүз, көз, кірбік, құлақ, жас, қас, мұрын, желбезек, ауыз, ерін, тіл, тіс, таңдай, азыу, ійек, самай, сақал, мұрт, мыйық, езіу, мойын, кеуде, көкірек, омырау, өндіршек, ұша, төс, қабырға, омыртқа, өкбе, бауыр, шек, бүйен, ұлтабар, жүрек, қарын, жұлын, тамыр, талақ, кіндік, құрсақ, қол, айақ, арқа, жауырын, білек, ыйық, ійін, шынтақ, саусақ, шеміршек, сіңір, сүйек, жілік, жамбас, балтыр, тізе, сан, қоң, таң, борбай, бақай, өкше, тобық, тобай, асық, мойын омыртқа, арқа омыртқа, қыр омыртқа, бел омыртқа, құйымшақ, кеңірдек, көмей, жұтқыншақ, бүйрек, алақан, бармақ, тырнақ, алқым.
Одағай.

Одағайланыб оңаша айтылатұн сөздерді одағай дейміз. Одағай сөздер қазақ тілінде көб. Барша шабшаң болған істі көрсетіу үшін айтылатұн, барша шабыттау үшін айтылатұн, барша жекіріу, ақырыу, тыю, қайырыу, тоқтатыу, басыу, жұбатыу үшін айтылатұн, барша құуаныш, іреніш, уайым, қайғы, күйінгенде, сүйінгенде, қорыққанда, шошығанда, таңданғанда, тамсанғанда, жан йа тән күйзелгенде, қыйналғанда, рақаттанғанда айтылатұн сөздер, шығатұн дыбыстар бәрі одағай болады. Солай болған соң да одағай бірнеше табқа бөлінеді.


1) Ілездік одағай: лаб, жалт, жылт, зыб, сыб, дік, күмб, дүрс, күрс, мырс, қалт, бырт, кірт, кілт, тырс, шақ, тақ, шық, зырқ, дүңк, саб, қылыб, бырт, кірт, кілт, тырс, шақ, тақ, дүңк, саб, қыб, жыб жана басқа сондай сөздер (лаб етіб, шаб етіб дегендегі сыйақты).
2) Еліктеу одағай: шыр-шыр! быр-быр! сықыр-сықыр! сылдыр-сылдыр! күлдір-күлдір! былдыр-былдыр! дыбыр-дыбыр! қарқ-қарқ! қаңқ-қаңқ! сұңк-сұңқ! шық-шық! маңқ-маңқ! күмб-күмб! дүңк-дүңк! жана басқа сондай сөздер.
3) Шақырыс одағай: адамды шақырғанда әй! аттан! жана ұран сөздер, әр жүздің, әр рұудың, әр атаның шақыратұн өз ұрандары болғандықтан қазақ ұран сөздері басқа-басқа, бірақ қазақ біткеннің бәріне бірдей жалпы ұран «Алаш!», малды шақырғанда: түйеге көс-көс! жылқыға: құрыу-құрыу! сыйырға: ау-қау! қойға: пұшайт-пышау! ешкіге: шөре-шөре-уау! Ійтті шақырғанда: кә-кә! көйт-көйт!
Құсты шақырғанда: қайт-кел!
Мысықты шақырғанда: мыш-мыш!
Сұуға шақырғанда түйеге сораб-сораб! жылқыға – ысқырғылайды; сыйырға – шәуім-шәуім! қойға жана ешкіге – құрай-құрай! ійтке – күш-күш! мысыққа – мыш-мыш!
Адамға жекіргенде: тек! тәйт! қой! түйеге шөк! шөк! жылқыға құрыу! құрыу! сыйырға өк! өк! қойға шәйт! ійтке кет! мысыққа бырс!
Мейірім мен йа жұмсақ ыраймен айтқанда: адамға: қарағым! өкбем! сәулем! жаным! жүрегім! қалқам! қарашығым! айналайын! садағаң кетейін! құрбандығың болайын!12
Мал тұурасында түйеге – шөк, жаныуар, шөк! жылқыға – құр, жаныуар, құр! сыйырға – әукім! әукім! қойға: қош, жаныуар! ійтке – күшім! күшім! мысыққа: мышым! мышым!
Күйзелгенде: уһ! аһ! ай! (жаным-ай!), құуанғанда: алақай! рақаттанғанда: айқай-қай!
Кейігенде: ой, Тәңірі-ай! қойшы!
Жақтырмағанда: апырым-ау! жаным-ау! жарықтық-ау! шіркін-ау! отағасы-ау! ойбай-ау!
Күйінгенде: апырым-ай! Құдай-ай! ойбай-ай!
Сыйынғанда: А, Құдай! А, арыуақ! А, бабам пәленше! (тілегенде де) осы сөздер айтылады.
Қорыққанда: ойбай! Алла!
Таңырқағанда: пай-пай! апырым-ай! аһ! шіркін-ай, аһ!
Өкінгенде: қап! аһ!
Қайғырғанда: үуе!
Опық жегенде: әттегене-ай! (әттең ғана-ай!)
Кіжінгенде: әттең! Әттең ғана!
Ұнатқанда: ійе!
Қостағанда: ой пәлі!
Сүйінгенде: бәрекелде (барик Алла)! жарайды!
Алғыс бергенде: көб жаса! жасың ұзақ болсын!
Әйел сәлем еткенде: көб жаса! ұл таб!
Қарғағанда: Құдай ұрсын! арыуақ атсын! ант соқсын!
Сөйлес қылғанда: үйде кім бар-ау! сөйлеселік-ау!
Көрмей сұрағанда: бұ қайсың әй!
Бала тербеткенде: әлдій! әлдій!
Жетелегенде: ал! қанекей!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет