22. Сөздікті кеңейту және байыту
Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.
Жаңа сөз үйрету, үйренген сөзді қолдану жағына көңіл бөле отырып, баланың жас ерекшелігіне орай сөз санын (5-6 жаста - 6-7 сөзден) белгілеп, оқу іс-әрекет тақырыбын баланың нені игергенін, нені игерту керектігін ескере белгіленеді. Осылайша баланы үйренген сөзді қолдана білуге, жаңа сөздермен сөз қорын молайту дәрежесіне жеткізу керек. Үйренген сөзді қолдана білуге үйрету оқу іс-әрекетте және бос уақытта әр алуан серуен, ойын, еңбек процесіндегі жаттығу жұмыстарында іске асады.
1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту.
а) жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету;
ә) көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету;
б) синонимдермен, омонимдермен жұмыс;
в) антонимдермен жұмыс;
г) көп мағыналы сөздермен жұмыс;
д) қанатты, нақыл сөздермен жұмыс;
е) мақал-мәтел, жаңылтпаштарды үйрету;
ж) оқушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру мәселелері қамтылады.
2. Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс жүргізу.
Баланың тілін дамытуда сөздік қорын кеңейтуде мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады
1. Айналадағы бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс - аяқ, тағам, үй жиһаздарын ) көрсетіп, атын сұрап айтқызу.
2. Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан, шыныдан, жүннен, темірден жасалғандығын)түсіндіру
3 Ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегісі туралы әңгімелесу.
Мектептегі балаларын байланыстырып сөйлеуге үйретудің тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: егер балаға берілетін мәтін жайлы теориялық білім мен қажетті білік, дағдылар нақтыланып, мәтін құрастырудың әдіс-тәсілдері саналы түрде меңгерілсе, балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы жаңа технология талаптарына сай (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы арқылы т.б.) жүргізілсе, онда балалардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігі қамтамасыз етіліп, ойын тиянақты түрде жазуға дағдыланады, өйткені баланы байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі жүйелі сөйлеу мәдениеті мен логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.
Оқушылар шығарманы тыңдай отырып, оның (әңгіме, ертегі) мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, кейіпкерлердің іс-әрекетін түсініп, өзінше талдап, ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен салыстыра сипаттай білуге үйренуге тиісті.
Жаңа сөз үйрету, үйренген сөзді қолдану жағына көңіл бөле отырып, баланың жас ерекшелігіне орай сөз санын (5-6 жаста - 6-7 сөзден) белгілеп, оқу іс-әрекет тақырыбын баланың нені игергенін, нені игерту керектігін ескере белгіленеді. Осылайша баланы үйренген сөзді қолдана білуге, жаңа сөздермен сөз қорын молайту дәрежесіне жеткізу керек. Үйренген сөзді қолдана білуге үйрету оқу іс-әрекетте және бос уақытта әр алуан серуен, ойын, еңбек процесіндегі жаттығу жұмыстарында іске асады.
Балаларға жасына қарай көркем әдебиет шығармаларын мазмұнын айтқызу, мақал - мәтел айту, жұмбақтар жасыру сияқты жұмыстарды да жүргізуге болады.Мысалы:
Қараңғыны түреді,
Ылғи жалғыз жүреді. Ай)
Домалап кетеді,
Қайта домалап жетеді. (доп)
Жаңылтпаштар айту баланың тілін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Қаштым қатты - ақ
Ұшты қалпақ,
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ.
5-7 жаста сөйлеу ерікті дербес үдеріске айналады. Балаға сұхбаттасы анық түсінуі үшін сөйлеу кезінде мазмұнды жеткізе білу маңызды. Сұхбат, тыңдау, пайымдау, әңгімелер мен ертегілер құрастыру түріндегі ерекше сөйлеу іс әрекеті өзгешеленіп тұрады. Ол өзіндік мотивтер мен мақсаттарға ие болып, арнайы ұйымдастырылған оқыту барысында ғана дамиды, мұнда ересек адам баланың сөзіне белгілі бір талаптар қояды (мазмұнды өз бетінше, мәнерлі жеткізе білу, мәжбүрлемеген сұхбатты қолдау, сұраққа жауап беру және т.б.), оларды қалай орындау керектігіне үйретеді. Сөйлеу интеллектуалды ақыл-ой қызметіне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |