Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы


Проблеманың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау



бет4/8
Дата23.10.2020
өлшемі129,5 Kb.
#70923
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Проблеманың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау


   1997 жылы "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заң қабылданған сәттен берi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы N 4106 Жарлығымен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын 1998-2000 жылдар аралығында iске асыру барысында қоғамдық өмiрдiң барлық негiзгi салаларында тiл құрылысы процестерiнiң одан әрi кеңеюi мен тереңдеуi үшiн алғышарттар жасалды. Бұл мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен тұтас қоғамның үйлестiрген, мақсатты күш-жiгерінің нәтижесi болды.

   Қазiргi уақытта елде тiлдер қолданысының дамуын табысты iске асырудың құқықтық негiздерi қалыптасты. Тіл құрылысының үрдiстерi қоғамда түсіністік пен қолдау тауып отыр.

   Мемлекеттiк органдар жүйесінде мемлекеттiк тiлдi талап етiлуінің арту үрдiсi байқалуда. Бұл орайда қазақ халқы басым тұратын аймақтарда бiршама айтарлықтай нәтижелерге қол жеттi. Бұл, ең алдымен, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарына тән.

   Қазақстанның Солтүстiк, Орталық және Шығыс облыстарында да мемлекеттiк тiлдi дамыту бағытында белгiлi бiр деңгейде жұмыс жүргiзiлуде. Орталық атқарушы органдардың мемлекеттiк тiлдi қолдану аясын кеңейтуге бағытталған нысаналы жұмыстарының арқасында оның талап етiлуiнiң өсу үрдiсi байқалады. Көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс қағаздары екi тiлде - мемлекеттiк және ресми тiлде жүргiзiледi.

   Алайда, қол жеткен нәтижелерге қарамастан, мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң әлеуетiн iске асыру деңгейi әлi де төмен екенiн атап өту керек. Мемлекеттiк қызметшiлер арасында мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген мамандар аз. Сол себептi Бағдарламаны iске асыру барысындағы басты мiндеттiң бiрi бiлiктi кадрлар даярлау болып табылады.

   Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi жүйесiне мемлекеттiк тiлдi енгiзу процесi басталды. қазіргi заманғы қазақ әскери терминологиясының қалыптасу процесi жүрiп жатыр. Алайда әскери құрамаларда күнделiктi қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында мемлекеттiк тiлдiң қолданылуы шектеулi күйде қалып отыр. Бұл жерде негізгі күш-жігерді арнаулы әскери лексиканы қалыптастыру мен мемлекеттiк тiлдi оқытуға жұмсау қажет.

   Білiм беру жүйесiнде мемлекеттiк тiлдiң рөлi бiртiндеп артып келеді. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметi бойынша, 1999-2000 оқу жылында, республика мектептерiндегi 3,5 миллион оқушының 1,6 миллионы (50,6%) - қазақ тiлiнде, 1,5 миллионы (45%) - орыс тiлiнде, 80 мыңы (2,3%) - өзбек тiлiнде, 23 мыңы (0,6%) - ұйғыр тiлiнде, 2,5 мыңы (0,07%) - тәжік тілінде және мыңнан астамы басқа тілдерде оқыды. Қазақ тiлiнде оқытатын мектептердiң жалпы саны бiртiндеп өсiп, 2000 жылы республикадағы мектептердiң жалпы санының 43% (7910) шамасына жеткенiмен, олардың аймақтар бойынша, сондай-ақ "қала-ауыл" схемасы бойынша бөлiнуi бiркелкi емес. Бұдан басқа, қазақ тiлiндегi сыныптардың тепе-теңдiгi сақталмауына байланысты тиiстi тiлдiк ортадан бөлiнiп қалған "аралас мектептер" деп аталатын мәселе де бар. Оның үстiне, қазақ тiлiнде оқытатын мектептердiң көпшiлiгi дәрiс берудiң жоғары жеткiлiксiз деңгейiн көрсетуде. Басқа тiлдерде оқытатын мектептер туралы да осындай жайды атап өтуге болады. Едәуiр толымды оқу-әдiстемелiк әлеуетi қалыптасқан орыс тiлiнде оқытатын мектептерде бұл проблемалар соншалықты өзектi болып отырған жоқ.

   Егер мемлекеттiк тiлде бiлiм беретiн мектептер саны бiртiндеп өсiп келе жатса, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң саны азайып барады. Олардың саны 2000 жылы елiмiз бойынша осы тектес ұйымдардың жалпы санының 25%-нен (1158) асқан жоқ. Осылайша, неғұрлым тiлдi қабылдауға бейiм ұрпақ тiлдiк қатынастарды мемлекеттiк реттеу саласынан сырт қалуда.

   Республиканың бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарында 200 мамандық, жоғары оқу орындарында 75-тен астам мамандықты оқыту мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Қазақ тiлiнде оқыту бөлiмдерiнде оқитын студенттердiң саны 2000 жылы барлығы 32%-тi (85300) құраса, орыс тiлiндегi бөлiмдердегi студенттердiң саны 68%-тi (181000) құрайды. Қазақ тiлiнде оқыту бөлiмдерiнiң жалпы алғанда өсуiне қарамастан, осы тiлде оқытылатын мамандықтар санын көбейтуге назар аудару керек. Мәселен, 1998-1999 оқу жылынан бастап елiмiздiң жоғары және орта арнаулы оқу орындарына "Мемлекеттiк тiлде іс жүргiзу" атты жаңа мамандық енгiзiлдi.

   Мемлекеттiк тiлдi оқытуда сабақ жүргiзудiң жаңа жеделдетiп оқыту әдiстемелерiн әзiрлеу, дыбыс-бейне материалдарды, компьютерлiк технологияларды пайдалану нәтижесiнде үлкен мүмкiндiктер көзi ашылуда. Осылайша, бүгiнгi күнi орталық атқарушы органдарда мемлекеттiк тiлде электронды құжат айналымын қамтамасыз ету жөнiнде компьютерлiк бағдарламалар әзiрленiп, орнатылды, сканер арқылы компьютер қарiптерiн тануды, қазақ тiлiнде дұрыс жазылуын тексерудi, мәтiндердi қазақ тiлiнен орыс тiліне, орыс тiлiнен қазақ тiлiне автоматты түрде аударуды қамтамасыз ету жөнiнде бағдарламалар әзiрлендi.

   Мемлекеттiк тiлдiң алдында тұрған маңызды мәселелердiң бiрi оның жаңа әлеуметтiк-мәдени болмысты бейнелеудегi мүмкiндiктерiн кеңейтудiң қажеттiгi болып отыр. Бұл бағытта нысаналы ғылыми зерттеу жұмысы жүргiзiлуде. Қазақ тiлiнiң терминологиялық базасын түзу мен жетiлдiруге басты назар аударылып отыр. Мемлекеттiк терминологиялық комиссия 610 жаңа терминдi бекiттi, алғашқы рет 31-томдық салалық терминологиялық сөздiктер шығару жүзеге асырылуда.

   Қолданылып жүрген заңдармен айқындалған, республика аумағындағы тарихи атауларды қалпына келтiру мен жүйелеу және жер-су атаулары мен басқа да атауларды фонетикалық, таңбалық және лексикалық принциптерге сәйкестендiру жұмысы жандандырылуда. Осы уақытқа дейiн 64 аудан, 8 қала, 420 ауыл мен поселке, 680 бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау мен басқа да объектiлер жаңа атауларға ие болды.

   Мемлекеттiк тiлде қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың жалпы санының ұлғаюы байқалады. Алайда, олардың саны әлi де көп емес, ол республикада 1999 жылы қорғалған диссертацияның 14%-нен аспайды (1267-нiң 174-і).

   Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары салаларында мемлекеттiк тiлдi дамытуда белгiлi бiр оң iлгерiлеуге қол жеттi. Қазақ тiлiндегi телехабарлардың көлемiн ұлғайту бағытында айтарлықтай оң қадамдар жасалды. Бұл ретте мемлекеттiк тiлде хабар тарататын мамандандырылған телеарнаның ашылғанын атап айтуға болады. 2000 жылы 192 телеарнаның басым көпшiлiгi - 144-i екi тiлде хабар таратты. Дегенмен мемлекеттiк тiлде және басқа тiлдерде хабар тарату уақытының заң актiлерiмен айқындалған сандық арақатынасы көп жағдайда сақталып отырған жоқ.

   Мемлекеттiк басқару органдары жүйесiнде, елiмiздiң Қарулы Күштерiнде, халыққа қызмет көрсету, мәдениет пен өнер салаларында ресми қолданылатын тiлдiң тұрғысы дәстүрлi түрде күштi болып отыр. Орыс тiлiнiң бiлiм мен ғылымдағы басымдығы сақталуда, оның бұқаралық ақпарат құралдары саласында жетекшi тiл болып қалуы жалғасуда. Мәселен, 2000 жылы елде 2365 орыс тiлiнде оқытатын мектеп, орыс тiлiнде оқытатын сыныптары басым 2055 аралас мектеп есепке алынды, орыс тiлiнде 393 газет, 78 журнал атауы шығарылып, 20 телеарна жұмыс істейдi.

   Қазақстан аумағында тұрып жатқан барлық диаспоралар тiлiне мемлекет тарапынан көмек көрсетiлуде. Ана тiлi мен мәдениетiн дамыту мақсатында елiмiзде ана тiлiн оқытудың жексенбiлiк мектептер жүйесi құрылған. 1999-2000 оқу жылында жексенбiлiк мектептерде 14 тiл ана тiлi ретiнде оқытылды: корей, иврит, украин, татар, немiс, түрiк, шешен, ұйғыр, армян, әзiрбайжан, чуваш, поляк, курд және дұнған тiлдерi. Жексенбiлiк мектептер туралы үлгi ереже әзiрлендi. Оқытудың мұндай түрi өзiн жақсы жағынан көрсетiп үлгердi және келешегi де бар. Елiмiзде диаспоралар тiлiнде 11 газет шығарылып, 12 тiлде телехабарлар жүргiзiледi.



Каталог: kaz
kaz -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
kaz -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
kaz -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
kaz -> Қазақ лирикалық прозасының даму арналары С. Ш. Айтуғанова
kaz -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
kaz -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
kaz -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
kaz -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
kaz -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
kaz -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет