Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы


Бағдарламаны iске асыру тетiктерi



бет7/8
Дата23.10.2020
өлшемі129,5 Kb.
#70923
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

5.2. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi


   Бағдарламаны iске асырудың негiзгi тетiгi Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарында (бұдан әрi - Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары) көзделген Iс-шаралар жүйесiн жыл сайын кезең-кезеңмен орындау болып табылады. Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын уәкiлеттi орган Бағдарламада қойылған мiндеттердi iске асыру нәтижесiнде бұдан алдыңғы кезеңде болған өзгерiстердi ескере отырып, әрбiр келесi екi жыл сайын жасайды. Мұндай жоспарлау Бағдарлама ережелерiнде айқындалған ұзақ мерзiмдi стратегиялық перспективаларды міндеттi түрде ескере отырып жүзеге асырылуға тиiс. Мұның алдындағы Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру тәжiрибесi орындалуы қысқа мерзімге есептелген іс-шаралар жүйесін жүзеге асыру - шешiмi ағымдағы перспективада айқындалған мiндеттердi жүзеге асыруға орай әлеуметтік-лингвистикалық ахуалдағы өзгерiстерге неғұрлым икемдi оңтайласуға мүмкiндiк беретiнiн көрсетедi. Осындай ұзақ мерзiмдi перспективаны ескере отырып жасалған ағымдық жоспарлау барынша нақтылығымен және нәтижелерiнiң шынайылығымен ерекшеленедi. Сонымен бiрге, Бұл Тiкелей орындаушылардың жауапкершiлiгi мен Бағдарламада көзделген iс-шараларды іске асыруға бақылауды қамтамасыз ету мүмкiндiктерiн арттыруға жәрдемдеседi.

   Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру оның қолданылуының аумақтық және әлеуметтiк тынысын кеңейтетiн аймақтық және салалық бағдарламалар елеулi рөл атқаруға тиiс.

   Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру оны іс жүзiнде жүзеге асыру үшiн неғұрлым тиiмдi әрi нақты мүмкiндiктермен қамтамасыз етiлуге тиiс. Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi іс-шараларды тиiмдi жүзеге асыру мынадай негiзгi принциптердi сақтау негiзiнде ғана мүмкiн болады:

   сандық және сапалық деңгейдi тұрақты өсiрудi (жинақтауды) қамтамасыз етудi көздейтiн кезеңдiк және ұдайылық;

   орындалуына қатаң бақылау жасаумен ұштастырылған жан-жақты мемлекеттiк қолдау;

   тiлді меңгеру саласындағы талаптарды мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн оқып-үйрену үшiн мүмкiндiктер жасаумен ұштастыру;

   моральдық және материалдық мүдделiлiк жағдайын жасау;

   қоғамдық пiкiрдi белсендi түрде қалыптастыру;

   тiл құрылысын жүзеге асыру кезiнде функционалдық-лингвистикалық тепе-теңдiктi сақтау;

   Тiлдердi дамыту бағдарламасындағы iс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету.



Каталог: kaz
kaz -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
kaz -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
kaz -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
kaz -> Қазақ лирикалық прозасының даму арналары С. Ш. Айтуғанова
kaz -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
kaz -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
kaz -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
kaz -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
kaz -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
kaz -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет