Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет52/79
Дата11.05.2022
өлшемі1,57 Mb.
#142037
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79
Байланысты:
Күміс кітап (1)
Курсовая на тему (Развитие науки и образования в странах Восточной Азии), План Амиржана, sadokhin ap etnologiia, А5ЫМДЫ0 2, 1051303372soozh 3, 1706719713Srsp1, 114074018esse adisteme, УМК по физике рус, икттт, архивтану 2 тапсырма, Министерство образования и науки Республики Казахстан, Әсемдіктің қызметі, Спандияр Кобеев, қысқа мерзимди жоспар
Кітап оқудан кітап жазуға
[ 119 ]
беретініме кепілдік бердім. Одан жәрдем сұрағанда, 
кітапты бастан-аяқ жазып беруді сұрамай, оның тек 
құрылымын жасауға көмектесіп, әлгі сұрақтарыма жау-
ап беруді немесе оларды табуға болатын еңбектерге 
сілтеме жасауды ғана сұрадым. Ол кісі уақытының 
жоқтығын тілге тиек етті. Ақыры, ғаламтор арқылы жа-
зысу нәтиже бермеді. 
Бірде оның Алматыға бір ғылыми конференцияға 
шақырылғанын естідім. Орыс ғалымының тоқтаған 
қонақ үйін біліп, кешкісін іздеп бардым. Сөйтіп 
өмірде де таныстық. Мен мәселемді қайта айтып, та-
рихым үшін тізерлеп тұрып жалынуға дейін баруға 
дайын болдым. Бұл жолы талпынысым сәтті бо-
лып, ақыры көндірдім. Көмектесуге келісімін беріп, 
еңбекақысының көлемін де айтты.
Енді кітаптқа қаражат іздеуге кірістім. Фотоаль-
бом сапалы қағаз бен бояуды, үлкен еңбекті, жұмысқа 
бірнеше адамның араласуын қажет ететіндіктен, оны 
қаржыландыруды өзімнің қалтам көтермейтін болды. 
Баспаған тауым, бармаған жерім қалмады. Мемлекет-
тік органдарға да, кәсіпкерлерге де, ұйымдарға 
да барып, кітаптың өзектілігін жеткізсем де, олар 
оның өзекті екенімен келісті, бірақ қаржы жағынан 
көмектесуге бармады.
Министрлікке осы идеяммен барғанымда, сол 
жердегі бастықтардың бірі фотоальбом кітабым ту-
ралы презентациямды алып қалып: «Оны қарапайым 
қылып шығарма, мұқабасы да ерекше болуы керек», – 
деп кеңес берді. Бұл кітап шығып жатса, Елбасының 
үстелінде жатуға лайықты екенін айтты. Содан соң: 
«Бірер күннен кейін бір адаммен жолығамын, соған 
мына презентацияңды көрсетейін, қызығып жатса, 


[ 120 ]
Төртінші тарау
хабарласамыз», – деді. Бірақ сол күйі хабарласпады. 
Ақыры, екі жылдан кейін осы кітапты жазуға деген 
шабытым өшті. Махаббат та жауапсыз болса, әрі кетсе 
үш жылға ғана жетеді екен ғой.
Осы жерде мынаны айтып өту керек. Еліміздің 
қалаларында болғанда, өлкетану музейлерін аралай-
мын. Көбінде ескі жәдігерлер жоқ. Бірде Қызылжар-
дағы Абылай ханның резиденциясына ат басын бұрып 
бардым. Ол ғимарат билеушінің көзі тірісінде салынып, 
оған патша үкіметі тарапынан сыйға тартылған, біздің 
заманымызда қалпына келтірілген. Ішін аралап жүріп, 
ханның өмір сүрген заманына тиесілі бір жәдігерді 
таппадым, экспонаттардың барлығы муляждар болып 
шықты. Музей қызметкеріне осы туралы айтсам: «Бір-
лі-жарым нәрсеміз бар еді, соның өзін Астанаға жаңа-
дан салынған Ұлттық мұражайға алып кетті», – деді.
Мемлекетімізде дайынға жармасу үрдісі қалып-
тасты. Астанамыздағы тоғыз қабат мұражайды басқа 
қалалардың мұражайларына зиян тигізіп толтырған-
нан гөрі, зерттеулер жүргізіп, жер қойнауында жатқан 
талай дүниені қазып толтыруға болады. Заңсыз 
«қазғыштар» қолдарына металл іздейтін құрылғы 
алып, облыс бойынша жеріміздің барлығын қазып 
үлгерді. Тіпті, қазуға болмайтын тарихи маңызы бар 
Сарайшығымыз бен Қойлығымызға дейін қазып 
өткен. Сол жерлерге барғанымда, өз көзіммен көрдім. 
Жәдігердің барлығы соларда, ал мұражайларымыз 
қаңырап жатыр. Себебі, шенділеріміз ертеңін ойламай, 
нәтижесін бүгін алғысы келеді. Ол түбегейлі дұрыс 
емес. Жерді қазып, жәдігер іздеуге тиіс ғалымдарға 
қаражат бөлінбей жатыр, ал заңсыз қазып алынған 
дүниелерді «қазғыштар» мұражайларға тапсырмай, 


Кітап оқудан кітап жазуға
[ 121 ]
шетелдік коллекционерлерге қымбатқа сатып жүр. 
Ертең шенділер есін жиғанда кеш болады, себебі 
жер қойнауында тарихымыз туралы баяндайтын 
жәдігерлердің барлығы шетелге сатылып бітеді.
Бірінші кітабыммен жұмыс істеп жүргенімде, 
Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұра-
жайының директорымен кездесіп, осы жерде сақтал-
ған туындылар туралы жазатынымды айттым. Ол кісі 
мұражайда Сергей Калмыковтың туындыларының ең 
үлкен қоры сақтаулы екенін айтып, бірақ ол туралы 
кітабымда жазбауды сұрады. «Неге?» – деп сұрап едім: 
«Астанаға көшіріп алады, бәледен аулақ жүрейік», – 
деп жауап берді.
Кейде кейбір шенділер елімізде уақытша жүр ме 
деп ойлаймын.
ҚАЛТ ЖІБЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК
Бүгінгі күні қай дүкенге кірсең де, іскерлік әдебиеттің 
көптігін байқайсың. Әдетте, олар батыстық, ресейлік 
кәсіпкерлердің тәжірибесіне негізделіп жазылған. Зерт-
теулерге сүйеніп жазылғандары да бар, бірақ олардың 
барлығы сол батыста жасалған. Және бұл кітаптардың ба-
сым бөлігі Ресейде басылған және сондықтан орыс тілін-
де. Кейде фейсбукта біреулердің бизнеске қатысты әде-
биетті, іскерлік әдебиетті қазақ тілінде шығарамыз деп 
уәде етіп жатқанын көремін. Бірақ уәдесінен аса алмайды.
«Жаңаның барлығы ұмыт болған ескі нәрсе» деген 
жақсы сөз бар. Тоқсаныншы жылдары біз нарықтың 
экономиканы құруға көштік. Адамдар сауда-саттық 
пен айналысып, бірінші кәсіпкерлеріміз шыға баста-


[ 122 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет