[ 156 ]
Күміс кітап
бірақ алдамайды. Әрбір жақсы талғаммен оқылған
кітап – жаңа бір әлем, жаңа бір ғалам. Ал жаңа әлем
мен ғаламды күніге
ашып отырудан артық қандай
керемет болуы ықтимал? Сондықтан да кітапқа,
әдебиетке шын ғашық жандар – бақытты жандар.
Мен білетін Бақытжан Бұқарбай осы бақытты жандар
қатарынан. Өкінішке орай, қатары сиреп бара жатқан
шоқтығы биік шоғырдағы азамат. Бақытжанның
өзінің Интернеттегі парақшаларында, арнайы топтар-
да, кітапсүйер қауымның үлкенді-кішілі жиындары
мен форумдарында «мына кітапты оқыдым», «мына
кітапты оқуға кеңес беремін»
деген жазбаларын
көрген сайын шын жүректен қуанамын, риза бола-
мын. Екі себепті. Біріншіден,
бауырымның көбіне-
көп өзім оқыған кітаптарды оқитынына. Екіншіден,
ерінбей, жалықпай басқаға да болсын, басқалардың да
оқығаны дұрыс, өз қазағымыздың өркенінің өскені ке-
рек деген ниетіне. Себебі, басқамен бөліскеннен азай-
майтын, кемімейтін, керісінше көбейе түсетін жалғыз
дүние – ол бақыт. Кітап оқу бақыты да осы қатарда.
Кітап жазу – ерекше талант пен амбицияны қажет ете-
тін Тәңірдің екінің біріне бере бермеген сыйы. Ал қа-
лың жұртты кітап оқуға баулыған, кітапты насихатта-
ған кітап жазуды қалай бағалауға болады? Шынын
айту керек, бұл кітап жазудан да қиын қоғамдық мис-
сия. Себебі, біздер бүгінде ақпараттың еселеп көбейіп,
мән мен мазмұнның еселеп азайып келе жатқан зама-
нында ғұмыр кешіп жатырмыз. «Әлемдегі ең бақытты
философ – Декарт» депті. Өйткені Декарт өзіне дейінгі
барша философтардың кітабын оқып үлгерген екен.
Бүгін Декарт болсаң да өз салаңда жазылғанның
барлығын оқу мүмкін емес! Бүгін не көп, ақпарат көп.
Кітап жайында пікірлер
[ 157 ]
Шынайы жазушыдан гөрі жазғыштар көп. Өмірге
аяқ басып келе жатқан жастарымыз сөреде не Ин-
тернетте тұрған барша дүниені оқи берсе, оған өмірі
де жетпейді. Яғни, бүгін әріп үйретумен қатар, сауат
ашумен қатар үйренуге міндетті тәртіп – ақпараттық
талғам мен гигиена. Бақытжанның бұл кітабы –
осы бағыттағы тың ізденіс. Сәтті ізденіс дер едім.
Баяғыда ағылшынның керемет саясаткері Бенжамин
Дизраэли: «Кітап
оқығым келсе, отырамын да жаза-
мын», – деп әзілдеген көрінеді. Орыстың көрнекті
ақыны Константин Симонов: «Кейде жақсы өлең
оқығым келеді. Өте жақсы өлең оқығым келеді. Сон-
дай кезде үстелге отырып өлең жаза бастаймын», –
депті. Бақытжан да қалыптасқан дефицитті толтыру,
орнын жабуға кірісіп кетіпті. Біраз кітапсүйер адамға
үлгі болар үрдіс. Сол біраздың қатарында мен де бар-
мын. Кәдімгідей ойланып қалдым. Бір нақты нәтиже
шығаруға тырысамын осыдан. Шаршама, талпына
түс, Бақытжан!
Достарыңызбен бөлісу: