Тыныстану жүйесі аурулары



бет9/9
Дата17.10.2023
өлшемі4,77 Mb.
#186128
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 7

Симптомдары.

  • Ауру бұзаулардың тәбеті нашарлайды, алдыңғы қарыншақтардың жиырылуы әлсірейді. Тәбетінің бұзылғандығынан олар астына салған кір төсенішті, қасындағы малдардың жүнін, топырақты жейді, көңнің тұнбасын ішеді. Осыдан олардың қарын мен ішектеріндегі ас қорыту процесі бұзылады. Кейде іш өтеді, кейде қатпа пайда болады. Жүннің түсі өзгеріп, терінің созылмалылығы нашарлайды, тістің ауысуы ұзаққа созылады. Төлдің бойы өспейді. Жақсы өсіп келе жатқан торайлардың бұлшық еттері тартылып, селкілдеп (тетания), тұншығулары мүмкін. Ауру малдардың аяқтары әлсіреп, олар зорлықпен орындарынан қозғалады, кейде ақсайды. Сүйек пен ет жүйесінің ауырғандығы байқалады. Торайлар жер бауырлап қозғалады, орындарынан әрең тұрады, көбінде жатады. Кейіннен аяқ сүйектерінің қисайғаны, буындарының жуандағаны арқа, төс, бас сүйектердің өзгергені байқалады. Қабыртқалардың төл сүйекпен қосылған жері жуандайды. Ауру малдарда ентікпе, жүрек соғуының жиілеуі, әлсірегендігі пайда болады. Жүректің қан айналысы бұзылып, веналық қанның жиынтықталғаны байқалады (құлақтың, тұмсық, коньюктиваның көгергені пайда болады), ас қорыту процесі бұзылады. Қанның азайып, ақ қан түйіршіктерінің көбейгені байқалады.
  • Өтуі. Рахит созылмалы ауру. Көбінде өкпе мен бронхылардың, қарын мен ішектердің қабынуымен, қанның азаюымен, жүрек еттерінің қоректенуінің бұзылуымен, жарықпен асқынған түрі кездеседі.
  • Балау. Ауруды білу үшін оны жан-жақты тексеру керек. Малды қалай күтіп-бағатынын немен азықтандырғанын сұрап білу керек. Аурудың белгілеріне, лабораториялық зерттеулерге, әсіресе қандағы кальций, фосфор, сілтілік фосфатазаға көңіл бөлу керек. Ауруды неғұрлым ертерек білу үшін рентгенге түсіріп, сүйектің эпиметафиза бөлігінің құрылысын гистологиялық зерттеуден өткізген жөн.

Дербестеу. Акупорозды, хондродистрофияны, Д-гипервитаминозын, буын ревматизімін т.б. аурулардан ажыратып білу керек.

  • Емі. Емдеу жан-жақты жүргізілуі керек. Ауру малдарға кең, жарық, құрғақ, жақсы желдеткіші бар, қалың құрғақ төсеніші бар бөлме керек. Ол әсіресе күн көзінің ашық күні далада таза ауада жүруі керек. Зат алмасуы жеңіл протеин, минеральды заттар (Са, Р) мен микроэлементтерге бай азықтармен қоректенулері керек: ылғалды көк шөп, витаминге бай жоңышқа, шөптің ұны, сүт, көк сүт, қызыл сәбіз, сулы не арпа ұны, құрама жем, ащытылған азықтар. Минералды заттар көп сүйектен жасалған ұн, тағамдық преципитат (5,0-15,0) үш кальций фосфат (0,3-0,4 г/кг), кальцийлі глицерофосфат (2,0-5,0), күйдірілген сүйек, бор, ағаштың күлін т.б. заттарды беру керек. Әдейілеп дайындалған макро- және микроэлементтерден тұратын азықтарды беру керек.
  • Сақтандыру шаралары. Жалпы және әдейі арналған сақтық шараларын қолданған жөн. Ең баста жақсы тұқымды малды өсіріп, олардың азық мөлшерінде белокты-витаминді азықтардың, буаз аналық малдың күтімінің дұрыс болуын қадағалау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет