Тыныстану жүйесі аурулары



бет6/9
Дата17.10.2023
өлшемі4,77 Mb.
#186128
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 7

Балау.

  • Негізінен аурудың белгілері мен лабораториялық зерттеулерге (қандағы каротин мен ретинолды анықтау) сүйенген жөн. Сондай-ақ уыздағы, сүттегі, егер өлексі болған жағдайда бауырдағы ретинолды биохимиялық және люминесценттік әдістермен анықтау керек.
  • Бұзау мен торайлардың қан сарысуындағы ретинолдың мөлшері 5-7 мкг 11 %, сиырдікінде - 15 мкг %, жаңа сойылған малдың бауырында – 0,3-0,5 мкг % болғанда аурудың алғашқы белгілері біліне бастайды.

Емі.

  • Емдеу үшін балық майын (1-мл-де 200-500 ХБ А витамині болады), ретинолдың майлы ерітіндісін (1мл-де 100-300 мың ХБ), цитраль, каротиннің майлы ерітіндісін (каратол), үш витаминді, хиноин активалін қолданады.
  • Сақтық шаралары үшін ретинолды бұзауларға 100-150 ХБ/кг, торайларға 150-200 ХБ/кг, құлындарға 120-180 ХБ/кг, қозыларға 100-120 ХБ/кг мөлшерінде береді. Ал ем ретінде осы мөлшерді екі есе арттырады. Төлдердің ас қорыту жүйесінің аурулары бола қалған жағдайда, олардың ішектерінің кілегей қабығы арқылы сору процесі бұзылатындықтан ретинолдың майлы ерітінділерін бұлшық етке еңгізген жөн. Витаминдердің 3-5 күндік мөлшерін бір жолы бірақ еңгізуге болады.
  • Төлдердің азық құрамына каротині бар азықтарды енгізу керек: қызыл сәбіз, сәбіздің не сүрлемнің сөлі, шөптің не қылқан жапырақтың тұнбасы, көк шөптің ұны, пішендеме, өсірілген көк өніс, уыздан жасалған ірімшік.
  • В-гиповитаминозы (В витаминінің тапшылығы). Жаңа туған төлдерде тиаминнің, рибофлавиннің, никотинамидтің, пантотен қышқылының, пиридоксиннің, фолий қышқылының, холиннің, цианкобаламиннің жетіспеушіліігінен болатын гиповитаминоздар өте жиі кездеседі. Торайларға әсіресе цианкобаламин өте қажет. Ол организмге өсімдіктен келетін белокты сіңіруін жақсартады, өсіп-өнуін жылдамдатады және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады.

Симптомдары.

  • Көптеген жағдайда В витамин тобының бірнешеуінің жетіспеуіне байланысты болады. Бұл ауру бұзауларда олардың мес қарыны жұмыс істеуге әлі кіріспеген кезде, ондағы микрофлора бұл витаминді синтездеп шығаруға мүмкіншіліктері болмағандықтан, болатынын байқаймыз. Мұндай жағдай бұзаулардың азығына шөп пен шырынды азықтарды уақытында, ерте бастан қоспағандықтан да болады.
  • Ауру малдың тәбетінің нашарлауымен, дене қызуының аздап көтерілуімен (субфебрильді), сылбырт қозғалысымен, көбірек жатуымен сипатталады. Кейіннен жүйке жүйесі жұмысының бұзылғандығы (қоздырғыштығының ұлғаюы, қорқақтық, еттердің қатты, жиі жиырылуы) байқалады.
  • Ауру малдың тыныс алуы мен соғуы жиілейді, көрінетін кілегейлі қабықтары көкшіл тартады. Онымен қатар ас қорыту және тыныс алу жүйелері жұмыстарының бұзылғандығы байқалады.
  • Ауру бұзаулардың ауруларға қарсы тұру қабілеті әлсірегендігінен сүт еметін бұзаулардың ішінде жұқпалы стрептококкпен, пастереллезбен, сальмонеллезбен ауырғандары кездеседі.
  • Егер биелер буаз кезінде В витамині аз азықтармен қоректенген болса, құлындарда бұл аурудың белгілері туа салысымен біліне бастайды. Олардың әлсірегендігі, аяғынан тұрып емшекті таба алмауы, тамыр соғуының жиілеуі, дене қызуының төмендеуі, көрінетін кілегей қабықтарының көгеруі байқалады.
  • Ал егер бұл ауру құлындардың өзін нашар азықтандырғаннан болса, онда оның белгілері өте жай дамиды. Олар өспейді қанның азайғандығы (гемоглобин аз болады) байқалады, сілті қоры азаяды. Кейіннен олардың тәбеті нашарлап, ішектегі ас қорыту процесі бұзылады, жүрек соғуы жиілейді, қалай болса солай қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет