Тік ішектің аурулары және жарақаты шұғыл көмек кезіндегі мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Тік ішектің жарақаттарына жатады – кілегей қабаттың жарақаты, бұл өз бетімен жазылады және өтпелі жарақаттар.
Тік ішектің жарақатында травмалық шок, өткір қансырауы, перитонит кездеседі.
Тік ішектің өтпелі жарақатындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі
Жара аймағын антисептикпен өңдеу
Жараға қысып тұратын байлам салу
50% 2 мл анальгин ерітіндісін немесе 2% 1 мл промедол ерітіндісін б/е жансыздандыру ретінде өткізу
Пациентті жартылай отырғызу
Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин б/е
Проктология бөліміне тасымалдау
Сіреспенің алдын алуын шешу
Тік ішек шығып кеткен кездегі мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі
Пациентті қырына немесе тізе – шынтақ жағдайға жатқызу
Шығып кеткен ішектің кілегей қабатын тексеру – қысылуы, өліеттенуі жоқпа деп,
Вазелин немесе басқа май жағу салфетка арқылы
Осы салфетка арқылы ішекті ақырын орнына түсіру
Қатаң төсек режим 1 сағат бойы сақтау
Балаларға жамбасты қолмен қысып, 1 сағатқа жабысқақ пластырьмен бекіту
Ішектің кілегей қабаты өліеттенсе орнына салуға болмайды
Проктология бөліміне тасымалдау
Қуық – жыныс ағзалардың және жарақатындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Бүйрек жарақаты
Іс-әрекетінің алгоритмі
Зардап шеккен адамды көлденең зембілге салу
Бел аймағына мұзды мұйық қою
Жансыздандыру (50% 2 мл анальгин б/е)
Урология бөліміне тасымалдау
Достарыңызбен бөлісу: |