Титульный лист



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата09.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#161997
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
1d8fc1cb86280bc2cc72e4d4ade3fe4b (2)

Кзеңдері
Функциялары 
Ой қозғау 
Мотивациялық 
(жаңа ақпаратпен жұмыс істеуге 
шақыру, тақырыпқа деген қызығушылықты 
ояту). 
Ақпараттық 
(тақырып бойынша қолда бар 
білімді шығару). 
Коммуникативтік 
(жанжалсыз пікір алмасу). 
Мазмұнды 
түсну 
Ақпараттық (тақырып бойынша жаңа 
ақпарат алу). 
Жүйелендіру (алынған ақпаратты білім 
санаттары бойынша жіктеу).
Рефлексия 
Коммуникациялық 
(жаңа ақпарат туралы пікір 
алмасу). 
Ақпараттық 
(жаңа білім алу). 
Мотивациялық 
(ақпараттық өрісті одан әрі 
кеңейтуге шақыру). 
Бағалау 
(жаңа ақпарат пен қолда бар білімнің 
арақатынасы, өз ұстанымын әзірлеу, процесті 
бағалау). 
Сыни ойлауды дамыту технологиясының әр кезеңінде 
әртүрлі әдістер мен стратегиялар қолданылады. 
Бұл технологияның ерекшелігі білімді жатқа меңгеру емес, 


21 
оқушылардың өз бетінше меңгеруге ұмтылатындығы, есту, көру 
қабілеттерін арттыруға, сөздік қорын ауызша, жазбаша дамытуға 
бағытталады. 
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын 
қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру 
мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың 
бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технология 
Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері 
таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, 
яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады. 
Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек 
адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса 
дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс 
ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы 
шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. 
Сын 
тұрғысынан 
ойлау 
жобасының 
әдіс-тәсілдері 
оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін 
де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. 
Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру 
кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен 
салыстырғанда нәтижесі жақсы болды. 
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту 
бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін 
сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, 
құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, 
қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. 
Сыни ойлау деген не? Сыни ойлау - өзіндік ойлау. Сыни 
ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды 
айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі 
айқындайды. Сыни ойлау - әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту 
идеясы. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез – келген 
мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін 
таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.
СТО 
технологиясын 
пайдаланатын 
әр 
ұстаз 
өз 
педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы 
қарым – қатынасқа деген де көзқарасының мүлдем өзгергенін 
байқайды. 
Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен 


22 
(ERR) тұрады: 
I.Қызығушылығын ояту («көпір жасау», ой қозғау) – 
Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың 
оянуы. Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа 
материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Сабақтың мазмұнына 
сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, 
ашылады. Сабаққа белсенділігі, ынта – жігері артады. Бұл кезеңде 
мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс 
жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты 
өз бетімен білім алуға көмектеседі. Мысалы «Шаттық шеңбері», 
«Тілекті тізбек»немесе тақпақтар айту арқылы оқушыларды 
өтілетін сабаққа тарту. 
ІІ. Мағынаны таныту (мағынаны ажырату) – оқып жатқан 
тақырыптардың қажетін түсіну. Мағынаны тану кезеңі негізгі 
кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін 
түсіндіреді.
Белсенді түрде оқу. Болжау кестесі, ойлан, жұптас, білгім 
келеді, үйренгенім, өзара оқыту, топпен зерттеу осы әдіс–
тәсілдерді қолдану өзіндік еңбек етуге бағытталады. 
Мысалы INSERT стратегиясы бойынша алдымен мәтінді 
түртіп оқып танысады сол мәтін бойынша белгілерді қояды «v»- 
білемін, «- » - білмеймін, «+» - жаңалық, «?» -таң қалдырды, өз 
бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. 
III. Ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)- 
Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді 
бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде 
үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді 
бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете 
алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін 
бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды. 
Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, 
топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, 
бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін 
пайдаланады 
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу 
дағдыларынқалыптастыра отырып,пәнге деген қызығушылығын 
арттыру үшін сыни тұрғыдан ойлау әдісін күнделікті сабақ 
жоспарыма енгізіп келемін. 


23 
Бұл технолгияның 100-ден астам стратегиялары бар. 
Сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін 
қолданамын: 
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір 
тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі 
/Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс /эссе, 
шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар 
/әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, 
мәтіндегі 
ұқсастық 
пен 
айырмашылықты 
табуға 
/Вен 
диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/. 
Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/ 
Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, 
кейіпкерге хат жазу стратегиясы. Шығармада екі кейіпкердің 
қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер 
стратегиясы/ 
Өлең шумақтарын құрастыру /5 жолды өлең/ 
Құрылым былай болуы да мүмкін: ER (ERR) R. Бұдан 
шығатын тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы 
циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде 
оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға 
құштарлықтарын дамыту болып табылады. СТО - дамыту 
сабақтарының мақсаты біреу нақты сабаққа байланысты.
Міндеттері үш түрлі болады. 
Олар: мазмұнға байланысты, СТО -ды дамытуға байланысты, 
топпен жұмысқа байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен 
тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. 
Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, 
орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады. 
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен 
оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру 
мақсатында 
қолданып 
жүрген 
стратегиялардың 
мүмкіншіліктеріне тоқталайын: 
РАФТ - бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да 
болады. 
Формасын 
түрлендіруге 
мүмкіндік 
бар: 
хат, 
хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы 
жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге 
тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен 


24 
өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз 
ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми 
іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет