Тобағабылова Г.Н. – аға оқытушы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы,Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, g_tobagabylova @mail.ru
Әжімаханова Е.М. – оқытушы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, erkeaiym1991@mail.ru
Джурабекова З.Д. – магистрант, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы,Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, zilola_best@mail.ru
Ермекова А.Б. - оқытушы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы,
Шымкент қ., Қазақстан Республикасы
Рустамбекова Г.О. - оқытушы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, guzal-090@mail.ru@mail.ru
ЗАМАНАУИ БІЛІКТІ МАМАН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ТӘЛІМГЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ
ҚР-ның стратегиялық таңдауы әлеуметтік-экономикалық дамудың инновациялық үлгісін жасауға түсіп отыр. Ол өз кезегінде өндірістің және қызметтің түрлі салаларында жұмыс жасай білетін жоғары білікті мамандарды дайындауды қажет етеді.
Бәсекеге қабілетті маман дайындау мен ары қарай оның еңбек нарығына тез бейімдеу үшін жеке тұлғалық қасиеттерін жоғары деңгейде қалыптастыру керек. Мақалада жоғарыда аталған қасиеттерді қалыптастырудағы тәлімгерлік жұмыстың рөлі қарастырылады.
Кілт сөздер: тәлімгер, студент, маман, фармацевт, тәрбилеу.
Өз саласы бойынша алынған білім мен дағдылар маманның адамгершілік қасиеттеріне байланысты қоғамға пайдасымен қатар, зиянын да тигізетін құрал. [1]
Жоғарғы оқу орындарында өтетін оқу жылдарында студенттік өмірге бұрынғы абитуриентті тарту деңгейі түрліше болмақ. Алғашқы курстарда адаптация жасауға, ал соңғы курстарда ғылыми бағытын анықтауға көмектесу қажет, соңғы жағдайда куратор функциясын ғылыми жетекшілері атқаруы мүмкін. Осылайша, топ тәлімгері қызметін атқаратын оқытушы – студенттер мен ЖОО-ның күрделі құрылымды өмірінің арасындағы дәлдал. Білім алушылардың көбісі академиялық мәселелеріне қатысты даулы сұрақтарды тәлімгерлері жақсы шешетінін айтады. Себебі, ол топты және ондағы студенттерді басқа оқытушыларға қарағанда жақсы біледі.
Тәлімгер – ЖЖО оқытушысының білім алушыларды ересек адам ретінде педагогикалық қолдауына негізделген профессионалды функцияларының бірі.Заманауи студенттерге қарасаңыз, бір тұлғада қарама-қарсы қасиеттер қалыптасқанын: бір жағынан, демократизм әсерінен ашыла, тәуелсіздене түссе, екінші жағынан, заманға сәйкес оның моральдық және мәдени деңгейінің едәуір төмендегенін аңғарасыз. Міне, осы қасиеттер оны оқу жылының басынан-ақ адастырады. Әлі көп нәрсені түсінбей жатып, дәріс, тіпті тәжірибелік сабақтарын жіберіп үлгереді. Сондықтан, тәлімгер үшін ең маңызды және бірінші міндет – дәл қазіргі уақытта студентке бастысы-оқу екендігін түсіндіре алу.
Әсіресе, бірінші курста студенттің оқуға деген ынтасын арттыру: жеке пәндерді қоса алғанда, болашақ мамандығына деген қызығушылығын ояту маңызды.
Тәлімгерлік жұмыста бұл мақсаттарды шешудің жан-жақты жолдары бар. Ол тәрбие берудің жеке (әңгімелесу, дәрістер, білікті оқытушылармен мен беделді мамандармен кездесулер, т.б.) және қатаң жазалау(жіберген сабақтары үшін жаза, оқу кестесінің орындалуын бақылау және т.б.) әдістерін қолдану. Осындай шараларға келгенде, көп тәлімгерлер не өзінің тәжірибесінің аздығынан, не міндетіне деген адалдығының жеткіліксіздігінен студенттермен жұмысты үздіксіз жүргізудің орнына, тек кейбір төтенше жағдайлар болса немесе аттестациялау нәтижесі қанағаттанарлықсыз жағдайында ғана периодты түрде жүргізіп, жиі қателіктер жібереді. Кез келген тәрбиенің мұндай жолы - оң нәтиже беруі екіталай. Студенттермен систематикалық жұмыс жүргізу көздеген нәтижеге жетуге көмек екендігін осында ұмытпауымыз керек. Бірақ, тәлімгер студенттердің сабақ үлгерімін тексеруі мен бақылауымен шектеліп қалмайды. Біріншіден, студенттердің жаңа өміріне бейімделуіне көмектеседі. Екіншіден, жастар оқу және басқа мақсаттарға өз уақытын тиімді жұмсай алмауы; ЖЖО-ның көпқырлы өміріне(үйірмелер, секциялар, клубтар, қоғамдық ұйымдар,т.б.) бірден бейімделе алмайды. Үшіншіден, топты «жұмылдыру» қажет. Біріккен топ – студенттер үшін де, деканаттар үшін де үлкен сәттілік.
Тәлімгердің алдына қоятын міндеттеріне қарай оларды бірнеше типке бөліп қарастыруға болады:
Тәлімгер-«ақпаратшы» - студенттерге уақытылы қажетті ақпарат(сабақ кестесі, іс-шаралар, т.б. туралы) беруді көздейді. Ол студенттерді ересек, өзі шешім қабылдайтын адам ретінде қарастырып, топ өміріне араласуды қажет деп таппайды.
Тәлімгер-«ұйымдастырушы» - оқудан тыс іс-шаралар(кештер, театрға бару, т.б.) арқылы топ өмірін ұйымдастырады.Сонымен қатар, өзінің міндеті тәлімгерді сайлау, топ ішінде тұлғааралық шиеленістерге жауапкершілік алып, оларды шешуге атсалысу деп есептейді.
Тәлімгер-«психотерапевт» - студенттердің мәселелерін өзіне тым жақын қабылдайды,оларды тыңдап, кеңес беруге тырысады. Өзінің жеке өмірінің көп бөлігін студенттерге психологиялық қолдау көрсетуге жұмсайды, тым жақын қатынас құрып, эмоционалды тозу қаупіне ұшырауы мүмкін.
Тәлімгер-«ата-ана» - студенттерге қатысты ата-анасының рөлін өзіне аударады. Оларды артығымен бақылайды, инициативасынан айырады. Студенттердің отбасы және жеке мәселелерін шешеді, өзінің шешімдеріне қарсылық танытпауын талап етеді. Бұл типтегі тәлімгерлер әдетте, егде жастағы оқытушылар, олар студенттерге қатысты сұрақтарды өзінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып шешеді.
Тәлімгер-«жолдас» - студенттік топтық қалай өмір сүріп жатқанына қызығушылық танытады, топтық іс-шараларға белсенді қатысуға тьырысады. Студенттер тәлімгерді топтың бір мүшесі ретінде қабылдайды, мұндай тәлімгер құрметке ие, алайда, топқа талап қоя білу үшін тым жақын арақашықтық кедергі болады.Бұл типке көбіне тәлімгер - жас оқытушылар, аспиранттар жатады.
Тәлімгер-«уайымсыз студент» - өзінің қызмет шеңберін айқындап алмаған, қандай да бір міндеттерді орындау қажет деп санамайды. Ол тек қағаз жүзінде тәлімгер болып есептеледі, кейбір жағдайда студенттік топқа өзін таныстырмайды да.
Тәлімгер-«администратор» - басты міндеті студенттің жіберген сабақтарын қадағалау деп санайды. Негізінде бақылаушы рөл атқарады, тәлімгер - ата-анадан айырмашылығы: жеке қызығушылықсыз студенттік топ жұмысына араласады.
Оқытушылардың өзіндік жұмыс істеу стилі мен түрі көп жағдайда олардың тәжірибесі, беделі, мінезіне байланысты. Бірақ, анығы: тәлімгердің оң нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі күнделікті жұмысына, сонымен қатар әр студентке индивидуальды түрде қарауында.
Оңтүстік Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы, дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер кафедрасында тәлімгерлердің жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі: 1. Ұйымдастыру жұмыстары. 2. Студенттерді интернациональды достық рухында, құқықтық және өнегелі тәрбиелеуге арналған іс-шаралар. Мәселен, ұйымдастыру жұмыстарында студенттік топпен танысу, студенттерге міндеттерін бөліп беру жұмысы жатады. Тәлімгерлік топпен танысуда қарым-қатынас орнатудың жетілдірілген әдістері қолданылады. тәрбиелеуге негізделген.
Топтармен танысуға, алғашқы қарым-қатынас құруға негізделген ойындар тізімі:
1. Жалпы есімдер.
2. Математика.
3. Интервью.
4. Таныстық төлқұжаты.
5. Қаламсапты беріп жібер. Мысалы, таныстық төлқұжаты ойыны: студенттерге тапсырма жазылған қағаз таратылады, тапсырма үлгісі:
Сізге аудиторияда отырған студенттермен келтірілген тізімнен ортақ қасиеттеріңізді жазыңыз:
Туған жылыңыз _____________________________________
Көзіңіздің түсі ___________________________________________
Туған жеріңіз______________________________________
Аяқ киім өлшеміңіз_______________________________________
Кез келген тағам______________________________________
Кез келген көркем шығарма__________________
Хобби, қызығушылығыңыз_________________________________
Адамдарда ең басты бағалайтын қасиеттер___________
Студенттер өз бетінше өзіне ұқсастардың барлығын табуы қажет(олар жүріп, орнында отырып сұрауына немесе өзіне басқа біреу келгенін күтіп отыруына болады, тәлімгердің міндеті – тек бақылау). Ойынға берілетін уақыт 5-20 мин.аралығында. Осыдан соң рефлексия жүргізіледі. Үлгі ретінде сұрақтар: «Берілген пункттер бойынша ең көп ұқсастық кімде?» , «Тапсырманы орындауда ең қиыны не болды сіздерге?», «Ойыннан алған әсерлеріңіз қандай?». Таныстықтың бұл түрі студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерін аша түседі және топ арасында бірлікті нығайтады. Таныстық соңында тәлімгерлік күнделік арналып, топ студенттері туралы мәліметтер жинақталады.
Сонымен қатар, кафедрада тәлімгерлік топтар студенттерінің «Жаңа толқын», «Көңілді тапқырлар клубы», мерекелік күндерге арналған курс, факультет және академия деңгейінде болатын шараларға қатысуын ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Тәлімгерлік жұмыстың тағы бір бағыты эстетикалық, партриоттық, азаматтық-құқықтық, рухани-адамгершілік және физикалық тәлім беруге негізделген. Мысалы, эстетикалық бағытқа студенттердің «Академия аруы», ғашықтар күніне арналған «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу», 8 наурыз, 15 сәуір, т.б. мерекелерге концерттер қоюы жатады. Патриоттық тәрбиелеуге Ұлы Отан Соғысы ардагерлерімен кездесу, 9 мамырға арналған қабырға газеттерін безендіру, академия музейіне экскурсия жұмыстары кіреді. Кафедрада Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері қонаққа шақырылып, концерттік бағдарлама қою, батырлардың ерлігін үлгі ету, студенттердің бойында шынайы патриоттық сезімдер қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Азаматтық-құқықтық тәрбиелеу: адам бостандығы, жеке бас тәуелсіздігі туралы әңгімелесулер, «Халықаралық темекіге қарсы күресу» күніне орай, «Нашақорлыққа - жол жоқ!» атты дөңгелек үстелдер және академия миссиясын, таңбаларын зерттеу жұмыстарын қамтиды.
Студенттік топ тәлімгері студенттердің шығармашылық, оқу және ізденістік қабілеттерін анықтау, ата-аналарға студенттің үлгерімі туралы ақпарат беру, студенттер арасындағы шиеленістерді шешу мәселелерін негізге ала отырып жұмыс атқарады.
Жыл бойына тәлімгерлер студенттердің психологиялық жағдайын бақылау, өзіндік даму, коммуникативлілік тұрғысынан тест алады. Оқудың барлық жылдарында студент тәлімгер тарапынан қолдау бар екендігін сезінуі міндетті.Тәлімгерлер студенттердің мәдениетті өсуіне ықпал жасайды. Тәлімгердің жұмысын ақпараттандырушы және бақылаушы ретінде бір жақты қарастыруға болмайды. Тәлімгердің бірнеше функциялары бар: алдымен, ол - жетекші, заманауи тілмен айтқанда – менеджер, яғни, нақты мақсатқа қол жеткізу үшін өзге адамдардың ішкі потенциалы мен ресурстарын пайдаланатын адам.
Қорытынды:Тәлімгер өзінің қызметі барысында, болашақ мамандардың алдында олардан жоғары білікті маман ретінде статус қалыптырса ғана оң нәтижеге жетеді. Заманауи білікті маманның тұлға ретінде қалыптасуы топ тәлімгерінің біліктілік деңгейіне, топ студенттерін оқу жылдары ішінде аша алуында, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуына, т.б. факторларға байланысты екендігін келтірілген мәліметтер дәлелдейді.
ӘДЕБИЕТТЕР
Царапина Т.П., Ульрих Т.А, Никулина И.В. Ц 18 Эффективная организация кураторской деятельности: учеб.-метод. пособ. / Т.П. Царапина, Т.А. Ульрих, И.В. Никулина. – Пермь: Изд-во Перм. гос. техн. ун-та, 2010. – 6-13 б.
Воспитание гражданина Отечества – залог социальной, экономической и политической стабильности Российской государственности: Материалы Всероссийской научно-практической Интернет-конференции. – Омск: БОУ ОО СПО «Омский колледж торговли, экономики и сервиса», 2012. – 27-30 б.
Баранов В.В. Предпосылки формирования конкурентного потенциала в условиях уни-верситетского комплекса // Высшееобразование сегодня – 2012ж.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV Заңы
Достарыңызбен бөлісу: |