Топтар эф-19-5к2,эф-19-5к3,эф-19-5к4,эф-19-5тк 1 деңгей Нақтылау сапасындағы салықтың функциялары және олардың мәндері


Кірістік және шығыстық салық ағымдарының салық міндеттемлерінің орындалу тәртібі



бет33/71
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#168555
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71
Байланысты:
СМ ответы

16.Кірістік және шығыстық салық ағымдарының салық міндеттемлерінің орындалу тәртібі


17.Салық тұжырымдарын құру және фискальдық, реттеуші және бақылау-фискальдық бағыттардағы салық саясатының басымдықтары
Салық саясаты — мемлекеттің экономикалықсаясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттіңараласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджеттіқалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салықшараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. ҚР–да салық саясатын жүргізудегі басты мақсат – отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау, мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау, жеке секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, шетел инвестициясын тартуда кедергілердің алдын алу, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап–тілегін ортақтастыру.Салық саясатының міндеттеріне мыналар жатады:
– мемлекетті өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
– жалпы ел шаруашылықтарын реттеуге жағдай жасау;
– нарықтық қатынас процесінде пайда болатын халық табысы деңгейіндегі теңсіздікті деңгейлестіру (тегістеу).
Салық саясатында мемлекетті салыстырмалы дербестігі көрінеді. Салық механизмі арқылы салық саясатын өзгерте отырып, мемлекет экономикалық дамуды ынталандыруға немесе оны ырықтандыруға мүмкіндік алады. Салықтық реттеу елдің шаруашылық өмірін қамтиды, өйткені салықтық шаралар базистік қарым-қатынасты қондырмаға ықпал ететін басты әмбебап құрал болып табылады. Мұндай реттеудің мақсаты-компанияның ішкі және сыртқы, әсіресе инвестициялық қызметі үшін жалпы салықтық ахуалды жасау және капитал қозғалысының басыңқы салалық және аумақтық бағыттарын ынталандыру үшін пұрсаттылықты салық жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет