8.Нарықтық баға белгілеу әдістері Нарықтық баға – нарық жағдаятының, сұраныс пен ұсыныс заңдарының, бәсекенің ықпалымен қалыптасатын еркін баға.Тауардың бағалы қағаздардың валютаның ағымдағы бағасы, сондай-ақ, олардың сатып алынуы немесе сатылуы мүмкін баға деңгейі; # негізгі құрал-жабдықтың (кәсіпорындардың, жабдықтардың) құныНарықтық баға өзіндік құнды, пайданы, көптеген тауарлар бойынша қосымша құн салығын, сатылым салығын, кейбір тауарлар бойынша акцизді қамтиды. Бұл орайда пайданың нақты мөлшері келісілген бағаның деңгейіне байланысты. Нарықтық баға шарттарда, бағаны келісу хаттамаларында немесе құжаттарда тиянақталады. Ол шикізат, материалдар бағасының өзгеруіне қарай және шығынның қалыптасуына ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, тараптардың келісуімен қайта қаралуы мүмкін. Сатушы бағасы мен сатып алушы бағасы арасындағы орташа баға мен нарықта тауарлар ақшаға немесе бір-бірімен айырбасталатын (баспа-бас айырбас) баға да нарықтық бағаға жатады.
9.Салықтардың икемділік коэффициенті. Салықтардың икемділік коэффициенті анықтаушы экономикалық көрсеткіштің бір тармаққа өзгеруімен салық түсімдерінің қалай өзгергенін көрсетеді. Егер салықтардың икемділік коэффициенті (Ке1) біреуге тең болса, онда салық түсімдерінің анықтаушы көрсеткіштегі үлесі өзгермейді.Салықтардың икемділік коэффиценті – анықтаушы экономикалық факторлардың (жалпы ұлттық өнім, үй шаруашылығының табысы, бөлшек сауда бағасының деңгейі) әсерінен салық түсімдерінің өзгеруін көрсететін көрсеткіш.Азаматтардың жеке табысына және кәсіпорындардың пайдасына салынатын тікелей салықтар икемділіктің жоғары коэффициентіне ие, яғни олардан бюджетке түсетін түсімдер мен жалпы ұлттық өнім құнының ауытқуы арасындағы қатынас. Бұл олардың экономикаға орталықтандырылған ықпал ету тұтқасы ретіндегі рөлін анықтайды.Оның мәні анықтаушы фактор бір пайызға өзгерген кезде салық төлемдерінің қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді. Бюджеттеу кезеңінде кіріс көрсеткішін сол сияқты пайдалану ұсынылады.
10.Баға икемділігіне әсер ететін факторлар Икемділік – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Икемділік коэффициенті бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш болып табылады. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да Баға құрудың негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі,оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.