Топтар эф-19-5к2,эф-19-5к3,эф-19-5к4,эф-19-5тк 1 деңгей Нақтылау сапасындағы салықтың функциялары және олардың мәндері


Төлем көздеріндегі салықтардың алатын үлесі бойынша салыстырмалы баға көрсеткіштері



бет31/71
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#168555
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71
Байланысты:
СМ ответы

11.Төлем көздеріндегі салықтардың алатын үлесі бойынша салыстырмалы баға көрсеткіштері
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кіріс-терін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып та-былады. Салықтарда мемлекеттіңэкономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні,олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салық-тарды төлеу- әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
12.Мемлекеттік салықтық жоспарлаудың мазмұны: мәні, мақсаттары мен міндеттері.
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Мемлекеттік салық салу саясаты - салық саласындағы шаралар жүйесі қоғамның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Салық саясатының міндеттеріне мыналар жатады:
– мемлекетті өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
– жалпы ел шаруашылықтарын реттеуге жағдай жасау;
– нарықтық қатынас процесінде пайда болатын халық табысы деңгейіндегі теңсіздікті деңгейлестіру (тегістеу).
13.Мемлекеттік салықтық жоспарлау түрлері және олардың сипаттамасы.
Салық – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін төлемдер Мемлекеттік салықтық жоспарлау- салық функцияларын орындау, салық потенциалы шеңберінде бюджет жүйесіне салық түсімдерінің максималды мүмкін болатын көлемін қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық негізделген салықтық параметрлерді анықтаудың және басқарудың тиісті мемлекеттік органдардың шешімдерінің нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Мемлекеттік салықтық жоспарлау мемлекеттің салық саясатының негізіне салынған. Мемлекеттік салықтық жоспарлау мен болжаудың негізгі мақсаты – бюджеттік тапсырмалардың және мемлекет жүргізіп жатқан экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының экономикалық негізді орындалуын қамтамасыз ету. Сондай ақ, салық түсімдерінің жоспарлы мөлшерін белгілеу ғылыми негізделген болу керек. Бұл жерде салықтар бойынша бюджеттердің орындалуы салық тактикасына жатқызылса, белгіленген салық концепциясына сәйкес мемлекеттік ұзақ мерзімді бағдарламалардың жүзеге асырылуы- салық стратегиясына жатқызылады.
Мемлекеттік салықтық жоспарлау міндеттеріне мыналар жатқызылады:
- құқық аясын және салық заңдылығын қалыптастыру;
- әлеуметтік-экономикалық жағдайды, жиынтық салық ауыртпалығын, қолданыстағы салық жеңілдіктерін есепке ала отырып, оңтайлы салық жүйесін қалыптастыру;
- бюджеттердің барлық деңгейлерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету;
- мемлекет экономикасындағы резервтерді табу және жұмылдыру;
- салық түсімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- белгілі бір аймақтың салықтық мүмкіндіктерін анықтау;
- бюджеттердің барлық деңгейлерінің алдағы қаржы жылы мен орта мерзімге салықтық болжамдарын жасау;
- салықтар мен алымдыр бойынша бақылау тапсырмаларын жасау;
- макродеңгейде салықтық жоспарлау мен болжауды жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру.
Салықтың түрлері:
1.Корпорациялық табыс салығы.
2.Жеке табыс салығы.
3.Қосылған құн салығы.
4.Акциздер.
4.1. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.
5.Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
6.Әлеуметтік салық.
7.Жер салығы.
8.Көлік салығы.
9.Мүлік салығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет