Балғын саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар — құрамында хлорофилл жоқ, органикалық заттарды синтездей алмайтын споралы өсімдіктер, олар топырақтағы органикалық зат қалдықтарымен немесе тірі өсімдіктермен қоректенеді. Саңырауқұлақтар қалпақшадан және аяқтан(тамыры) тұрады. Қалпақшаның тағамдық құндылығы аяқтарына қарағанда жоғары.
Сулы өсімдік шикізаты. Теңіз балдырлары — барлық теңіздерде 200 м тереңдікте өсетін және кездесетін өсімдіктер. Бурыл балдырлар(ламинария немесе теңіз қырыққабаты) құрамында ақуыздар, көмірсулар, В, Р2, D витаминдері, каротин, фоли қышқылы, минералды заттардан — бром және йод мөлшері өте жоғары. Теңіз қырыққабаты қалқанша без және жүрек қан тамырлары аурулары үшін қолданылады. Кептірілген, тоңазытылған және консерві алуда қолданылады.
Майлы шикізат
Майлы шикізаттардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1. майлы өсімдіктердің жемісі мен тұқымдары;
2. тек май ғана емес басқа да өнімдер алынатын өсімдіктің тұқымы, жемісі және бөліктері, олар:
а) мақтаматалы- майлы(кенеп(лен), зығыр(конопля));
б) эфирлі майлы(кориандр);
в) ақуызды- майлы(соя, қыша(горчица) и др.);
3. екіншілік майлы шикізат(сүйектер).
Барлық майлы дақылдар бір-бірінен құрамындағы май және сіңірілетін ақуыз мөлшері бойынша ерекшеленеді.
Тағамдық майлар 3ке бөлінеді: өсімдік майлары; мал майлары; біріктірілген майлар.
Достарыңызбен бөлісу: |