Жұмыртқаның құрылысы. Жұмыртқа - тағам есебінде пайдаланылатын құстардың сопақ қабығы бар жыныстық клеткасы. Қабығы аршылған тауық жұмыртқасының химиялық құрамы: 73,6% судан, 12,8% белоктан, 11,5% майлардан, 0,7% көмірсулардан, минералдық заттардан тұрады. Жұмыртқада адам организміне қажетті, тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жиынтығы бар. Жұмыртқа емдәмдік тағамдар қатарына жатады. Энергетикалық құндылығы 157 ккал.
Балықтар және балық емес теңіз өнімдері. Омыртқасыздар ішіне тағамдық мақсатта, шаян тәрізділер, молюска, ине терілілер, ал балдырлар ішінде теңіз орамжапырағы маңызды орын алады. Омыртқасыздар еті жоғары құнды, емдік және профилактикалық қасиетке ие. Тағамдық құндылығы Шаянтәрізділер – краб, лангуст, омар, креветкалар, лангустар, өзен шаяндары; Теңіз моллюскалары - мидия, кальмарлар, устрицалар; Теңіз тарақтары; Ине терілілер - трепангтар, кукумариялар, теңіз кірпілері; Балдырлар – ламинария, теңіз орамжапырағы.
Достарыңызбен бөлісу: |