Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін негізгі факторларға әсер етуші заттардың концентрациясы, температура, катализатордың болуы жатады. Әсер етуші заттардың концентрациясын жоғарылату — үдерістерді қарқындатудың ең кең тараған тәсілдерінің бірі.
Химиялық реакция жылдамдығының концентрацияға байланыстылығы салмақ әсері заңымен анықталады.
Температура — реакцияның жылдамдығын анықтайтын маңызды фактор.
Температура жоғарылаған сайын реакцияның жылдамдығы да өседі, бұл реакция жылдамдығы тұрақтысының жоғарылауымен байланысты.
Вант-Гофф ережесіне байланысты температураны 10оСқа жоғарылату реакция жылдамдығын 2...4 есе жылдамдатады. Бұл ереже 0 ден 300оС температура аралығында жүретін реакцияларға қолданылады.