Триз технологиясының мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытудағы тиімділігі



бет75/79
Дата04.01.2022
өлшемі3,48 Mb.
#10542
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Технологиялық карта

Жас ерекшеліктері: Мектеп алды даярлық «Айгөлек» тобы.

Білім беру саласы: Қатынас.

Білм көздері: Әлеуметтік орта.

Тақырыбы:« Қоңыр күз».

Мақсаты:

  1. Балалардың күз туралы білімдерін қалыптастыру.

  2. Ерте және кеш түсетін күз мезгілі туралы түсінік беру.Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырыа есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Күзгі табиғаттын әсемдігін сезініп,оны қорғап аялауға тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: триз әдісі элемент

Көрнекілігі: Күз мезгілінің суреттері.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс -әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту


Ой қозғау.

  • Балалар қазір мен сендерге өте қызықты бейне таспа көрсетемін, бәріміз назарымызды теледидарға аударайық.

  • Балалар бұл бейнеден нені байқадыңдар?

  • Дұрыс айтасыңдар.




Балалар назарларын теледидарға аударады.

Күз мезгілін.



Ұйымдастыру.

Ізденістер

  1. Бүгін аптаның қай күні?

  2. Қалай аталады?

  3. Бір аптада неше күн бар?

  4. Қазір жылдың қай мезгілі?

  5. Күз мезгілі неше айдан тұрады?

  • Иа балалар дұрыс айтасыңдар бүгін біз

«Қоңыр күз» тақырыбына тоқталамыз, күз туралыбілімімізді толықтырамыз.

  • Жылдың күз мезгілі

  • Күз мезгілі үш айдан тұрады

  • Қыркүйек

  • Қазан

  • Қараша

  • Жеті күн

  • Төртінші күн

  • Бейсенбі




Тыныштық сәті

  • «Алтын күз» «Жомарт күз» «Қоңыр күз» туралы түсінік беру.

  • «Қоңыр күз » дегеніміз күздің соңғы айында байқалады, Аспанды қара бұлт торлап Тау басына қар түсіп айналаны шық басып күн ызғарланады.

Ағаштар осы уақытта жапырақсыз қалады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене ағаштар.

Үлкен болып өседі.

Дәптермен жұмыс:

Ғ. Қайырбекованың «Қоңыр күз» өлеңімен таныстыру жаттату.

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бірін тауып беретін.

Жомарт екен күз деген.

Өлең жолдарын 3-4 рет қайталап жаттату. Жаттаған балалардан сұрау.

Жұмбақ жасыру:



  1. Жазда жасыл ,Күзде сары, Көктемде бүршік атады.

  2. Жетіс береді тамырмен қоректенеді.

Бүршік жарады, жапырағы бар, биік болып өседі. Бұл не?

3)

Дөңгелек,қызыл, ағашта өседі



Күзде домалап жерге түседі.

Дұрыс шешуін таптыңдар, суретке қарап енді бір біріңе жұмбақ жасырыңдар.

Д/о «Жемістердің дәмін тап»

Ойын шарты: Педагог жемістермен көкеністерді кесіп алдын –ала дайындайды. Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығып,жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін табуы керек.

Ендеше балалар көзімізді жұмып Күз мезгілін елестетеиікші. (баяу әуен орындалады).

Терең тыныс алайық көзімізді ашайық.

Ал енді кім маған Күз мезгілінің ерекшеліктерін, не елестеткендерін айтып береді.


  • Иа балалар дұрыс айтасыңдар.

  • Күзде ағаштың жапырақтары сарғаяды, жел соғады, ағаштар тербеліп жапырақтар қалықтап жерге түседі, аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады.

  • Күз мезгілінің табиғат ерекшеліктері осылар.


Қимыл әрекетін келтіріп сергіту сәтін орындайды.

Өлең жолдарынан түсінгендерін айтып береді.

3-4 бала айтып береді.



  • Ағаш




  • Ағаш



  • Алма

Балалар екі көздерін жұмып көз алдыларына елестетеді.

Балалар өздері ойлап жұмбақ жасырады



  • Күз мезгілінде күн суытады.

  • Құстар жылы жаққа ұшып кетеді

  • Жаңбыр жиі жауады.

  • Жапырақтар сарғайып жерге түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет