Түркілік «от» ұғымының этимологиясы¹



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата19.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#181622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Zhalmakhanov

семантические реконструкции
(ерекшелеген 
біз – Ш.Ж.), не имеющие до сих пор солидной 
теоретической основы и производимые без 
тщательно разработанной методики» [6,8] 
деген талап қояды.
Үндіевропа лингвистикасының өзінде 
тілдердің материалдық-формалық бірліктері 
ғана модельденіп реконструкцияланғанмен, 
олардың 
идеялық-мазмұндық 
жағы 
модельденіп 
реконструкцияланбаған 
іс 
[7,107]. Сондықтан да жекелеген сөздердерге 
этимологиялық талдау жасамас бұрын 
төмендегідей теориялық, әдістемелік және 
практикалық мақсаттарды айқындап алуымыз 
керек. Олар: 
а) теориялық мақсаттары: 
1) түркі тілдеріне ортақ лексиканың 
семантикалық деривациясына анықтама 
беру, 
2) 
сөздің 
тарихи-семантикалық 
құрылымын 
реконструкциялау, 
3) 
семантикалық деривация мен мазмұндық 
реконструкцияны компаративистика мен 
этимологияда 
қолданудың 
теориялық, 
практикалық маңызын ашу, 4) түркі жазба 
ескерткіштеріндегі лексиканың мағыналық 
өзгеру тенденцияларын айқындау, 5) тарихи 
полисемияның 
дәйектемелік 
сипатын, 
лексикалық-семантикалық, 
лексикалық-
тақырыптық, 
лексикалық-грамматикалық 
топтарын, яғни лексикалық-семантикалық 
жүйесін және мағына түрлері мен олардың 
байланысу тәсілдерін анықтау, 6) полисемия 
жүйе 
және 
құрылым 
болғандықтан, 
бөлшектен бүтінге қарай, яғни сөздің жеке 
түркі тілдеріндегі жеке мағыналарынан 
жалпы түркілік полисемияға; құрылым 
ретінде бүтіннен бөлшекке қарай, яғни 
жалпы түркілік полисемиядан жеке түркі 
тілдеріндегі жеке мағыналарға талдау. 
У.Вейнрейхтің: «Практика семантических 
исследований обнаруживает бесплодность 
рассуждений по поводу изолированных 
фактов; для прогресса в области теоретической 
семантики необходимо изучение систем 
взаимосвязанных единиц» [8,165] дегеніндей 
түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі 
түркі тілдерінің қазіргі қазақ тілімен ортақ 
лексикасының семантикасын жүйелі түрде 
зерттеу арқылы ғана өзара мағыналық 
байланыстағы сөздерге ортақ семантикалық 
теория жасауға болады. Сол арқылы қазақ 
лексикасының 
тарихи-семантикалық 
деривациясының, мағына этимологиясының 
негізгі теориялық ережелері негізделеді. 
Түркі жазба ескерткіштері мен олардың 
түркі тілдерімен байланысына арналған 
зерттеулерде тарихи лексиканың тағдырын 


43
№ 2(135)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Philology Series
қарастырса, біз сол түркі лексикасының 
тарихи 
семантикасының 
деривациясын 
зерттеуді нысана етеміз; 
ә) әдістемелік 
мақсаттары.
Мағынасы өзгерген сөздердің 
бастапқы және кейінгі мағыналарының 
ара қатысын, айырмашылықтарын және 
байланыстарын айқындау қажет. Айқындау 
үшін дыбыстық өзгеріске түскен және 
түспеген сөздерді қазіргі түркі тілдеріндегі, 
түркі жазба ескерткіштеріндегі түбірлес 
(формалас) және мағыналас (мазмұндас) 
сөздермен салыстыру керек. Салыстырылатын 
сөздер сөздің семантикалық структурасының 
1) түбір мағынасының жалпылығы, 2) 
семантикалық элементтердің жалпылығы, 3) 
ассоциативтік белгілерінің жалпылығы деген 
3 типі [9,233] арқылы анықталады. Салыстыру 
үшін бастапқы мағынадағы сөздердің 
денотаттық 
(заттық), 
сигнификаттық 
(мазмұндық) белгілерін, яғни архисемаларын 
(бастапқы, негізгі белгілерін) анықтап, осы 
архисемалардың қайсысы кейінгі мағынадағы 
сөздер 
үшін 
мазмұндық, 
формалық 
байланыстырушы 
белгі 
(интегралсема), 
қайсысы 
айырушы, 
саралаушы 
белгі 
(дифференсема) 
екендігін 
айқындап, 
бастапқы және кейінгі мағыналардағы 
сөздердің түбірлес (омоним) қана емес, 
төркіндес, тектес (гомогенді, генетикалық 
байланыста) 
екендігі 
дәлелденеді. 
Ол 
үшін интегралды, лингвостатистикалық, 
сипаттама, салғастырмалы, салыстырмалы, 
салыстырмалы-тарихи және құрылымдық 
әдістер қолданылады; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет