Түркілік «от» ұғымының этимологиясы¹



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата19.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#181622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Zhalmakhanov

Мағынаны 
таңбалайтын 
сөздің 
тарихи 
процестер 
нәтижесінде өзгеруін тарихи лексикология, сөздің 
білдіретін мағынасының тарихи процестер 
нәтижесінде өзгеруін тарихи семасиология 
зерттейді. 
«Сөз тарихы лексикологияға, 
мағына тарихы семасиологияға қатысты» 
[17,104]. Салыстырмалы-тарихи лексикология 
түркі лексикасының салыстырмалы-тарихи 
сөздік жасауға негіз болады.
Сөздің білдіретін мағынасының өзгеруінің 
басты 
себебі 
– 
экстралингвистикалық 
факторлар. Сөздің көп мағыналы болуы, оның 
өзгеруі мен дамуы – ұзақ және қайшылықты 
процесс. 
Сөз 
мағыналарының 
өзгеруі 
және зат атаулары мен заттың қасиетттері, 
қызметтерінің өзгеруі тепе-тең құбылыстар 
емес, тепе-тең болуы мүмкін де емес. Себебі 
сөз өзгеруі мен зат өзгеруі бірдей емес. 
Бұл өзгерістер «құрылым құрамындағы 
мағыналар арасындағы байланыстардың 
күшеюіне немесе әлсіреуіне әкеп соғады. 
Сондықтан белгілі бір дәуірлерде қалыптасқан 
мағыналар арасындағы байланыстар қалпы 
бұзылады. Көп мағыналы сөз құрылымының 
логикалық-семантикалық негіздері өзгереді» 
[18,14]. Осыдан келіп сөз бен мағына 
бірлігінің гносеологиялық, семиотикалық 
және семантикалық аспектілерін қарастыру 
қажеттілігі туындайды. 
Академик 
Ә.Т.Қайдаров 
«Тюркская 
этимология: проблемы и задачи» атты 
баяндамасында [19,5-25] этимологиялық 
реконструкцияны 
зерттеудің 
барлық 
жағдайына 
арналған 
универсалды 
ғылыми-теориялық талдау әдістері мен 
критерийлерінің болмайтындығын ескерте 
келіп, 
этимологияның 
фонетикалық, 
морфологиялық критерийлерімен қатар, 
семантикалық критерийлерді де белгілейді. 
Олар: 1) лексикалық бірліктің бастапқы және 
кейінгі мағыналарының қайсысы бастапқы 
мағынасы екенін тап басып тану, 2) сөз мағынасы 
дамуының жалпыдан жекеге, бүтіннен 
бөлшекке немесе керісінше болатынын 
ескеру, 3) сөз тұлғасының дыбыстық өзгеріске 
түсуі, оның мағынасының өзгеретінін немесе 
сараланатынын естен шығармау, 4) гомогенді 
және гетерогенді омонимдерді шатастырмау, 
5) сөз мағынасының өзгеруінде тілдік қана 
Түркілік «от» ұғымының этимологиясы


45
№ 2(135)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Philology Series
емес, тілдік емес факторлардың болатынын 
бағамдау, 6) кейбір сөздердің мағынасын 
салыстыруда қазіргі ғана емес, олардың 
тарихи түбірлес екенінде (сағақ, сақал, 
сағанақ, сағалдырық, саға, сағана, сағалау, 
сағлақ) ұмытпаудың қажеттілігі. Түркі 
тілдерін семантикалық критерийлермен 
этимологиялық 
реконструкциялаудың 
фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік 
және 
лексикалық 
реконструкциялаудан 
кенже қалып келе жатқандығын: 1) бұл 
объектінің табиғатынан, яғни элементтері мен 
бірліктері жүйесінің көптігі мен кеңдігінен, 
2) семантикамен шұғылдану тіл білімінде 
марлық дәуірден кейін әуестенушілік болып 
саналуы, 3) тілдік таңбаның мазмұндық жағын 
жалпы жете бағаламаудан деп түсіндіреді.
Қ.Өмірәлиев, Ә.Ибатов, Е.Жұбановтардың 
«тіл тарихы – тілдің өз қойнауында», «жеке 
тілдердің пайда болу және қалыптасу тарихын 
тек қана көнеден жаңа дәуірге қарай зерттеу 
емес, керісінше, қазіргі тілдік фактілерге 
сүйене отырып, қазіргіден көне заманға 
қарай, жаңадан ескіге, ескіден көнеге, көнеден 
ежелгі заманға қарай сатылай отырып 
зерттеген дұрыс» [20,66] деген пікірлері 
ретроспективалық әдістің ұтымдылығына 
нұсқайды,
Этимондардың 
этимологиясын 
зерттеу сөз семантикасы, семантикалық 
деривация, деривациялық процесс және 
реконструкция 
түрлері, 
семантикалық
реконструкция және сөз этимологиясының
негізі – компаративистика деген 5 тағаннан 
тұрады. Этимологиялық талдау жасалатын 
сөз фонемалық, морфемалық, лексемалық 
және 
синтагмалық 
деңгейлерде, 
яғни 
кешенді түрде талданады. Осы аспектілерде 
талдану 
барысында 
сөздер 
жоғарыда 
атап өткен 5 тағанның ретроспективалық 
конструкциясынан өтеді.
Сөз форма мен мағынаның бірлігі, 
сондықтан фонема, морфема форма ретінде 
реконструкцияланса, 
семема 
(мағына) 
лексеманың мазмұндық жағы да тілде 
реконструкциялануы керек. «…Исследования 
по исторической семантике играют в этом 
вопросе решающую диагностическую роль, 
…и лишь история значения, реконструкция 
древнего значения слова учит нас считаться 
с эволюцией значения как единого целого
а не как суммы сем или дифференциальных 
признаков» [21,7]
Этимологиялық зерттеудің материалы 
– алыс және жақын туыстықтағы тілдердің 
көне және қазіргі тілдік деректер, себебі 
тарихи немесе қазіргі тұрғыда салыстыруға 
болатын құбылыстар ғана салыстырылады. 
О.Сүлейменовтің толық этимологияның 
схемасы: « а) воссоздание точной системы 
лексических соответствий; б) определение 
морфологического типа слова, которому бы 
соответствовала восстановленная праформа; 
в) 
реконструкция 
первоиероглифа 
– 
графического образного знака, название 
которого и стало словом» деп көрсетуі 22,23 
түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі 
тілдеріне ортақ лексиканың семантикалық 
деривациясын тексеруге де қатысты.
Этимология 
негізінен 
тарихи 
лексикологияның тармағы, өйткені сөздің 
төркіні мен тарихынсыз этимология немесе 
этимологиясыз сөздің тарихы мен төркінін 
айқындау мүмкін емес. Сөз мағынасының 
тарихының өзгеруі, яғни түркі лексикасының 
семантикалық 
деривациясы 
– 
тарихи 
семасиологияның негізгі нысаны, демек 
этимология сөз мағынасының өзгеруінің 
де тарихымен, төркінімен ажырағысыз 
байланыста.
Орыс 
лингвисі 
О.Н.Трубачев: 
«Этимологическое 
значение 
слова 
представляет не только исторический интерес, 
…но и ключ к пониманию современной 
семантики слова» [21,9] десе, француз лингвисі 
В.Пизани: «…Обьяснит изменения значения
равносильно 
установлению 
этимологии 
нового слова, которое формально идентично 
старому, т.е мы должны восстановить вес 
процесс, в резултате которого новое слово было 
первоначально создано» [23,142] деген пікірі 
этимологиялық зерттеулерде семантикалық 
принципті қолданудың маңызын дәлелдесе, 
О.Н.Трубачевтің «Этимология, связанная с 
ней реконструкция древного значения важно 
не только сама по себе и для себя, но и для
полного адекватного анализа современного 
значения слова» [21,11] деген пікірі сөз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет