Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


«1912 жылы қасиетті Синодтың жоспары бойынша, әрбір қазаққа екі қоныстанушыдан келсін»



бет7/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   242
«1912 жылы қасиетті Синодтың жоспары бойынша, әрбір қазаққа екі қоныстанушыдан келсін» ,– деген (М.Есполов, «Алашорда қозғалысы», 2 том, 223-бет) межеге жеткізу.

Яғни, екі қарашекпенге бір қазақтан келтіріп, шоқындыруға дайындау болатын. Сталиннің бұл ойы көзі тірісінде емес, оның көзі солғанда Хрушев жүзеге асырды.

Осындай қастаншықпағыр саясатқа келіспеген Смағұл Сәдуақасовтың қызметтен босату туралы өтініші талқыланғанда, жаңадан сайланған екінші хатшы І.Құрамысов:

«Біз Ильичсіз өмір сүріп келеміз, Сәдуақасовсыз да өмір сүре аламыз» ,– деді.

Ал Голощекин әдеттегідей көбікауызданып кетіп, С.Сейфуллиннің «Төбет» туралы өлеңіндегі теңеуге жүгініп:



«...біздің байларымыз бен буржуазиялық интеллигенцияның ұлтшылдығы қандай момын. Шетінен мүттайым. Қараңыздаршы, қазан төңкерісінің алдындағы ұлтшыл күшік қазан төңкерісінен соң қандай төбет боп жетілді десеңші!»,– деп лепірді.

Өкінішке орай оның жаңадан тағайындаған «голощекиндік националдарды» таныстырып тұрып:



«...Мен, біз – бәріміз бұл мәселеде қателессек, онда Қазақстанның бақытсыздыққа ұшырағаны»,– деген сандырағы дәл келді.

Олар Ильичсіз, Сәдуақасовсыз және «төбеттерсіз» елді басқара алмады, ақыры қазақ халқын бақытсыздыққа ұрындырып тынды. Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев іріктеген бұл сілтемелер олардың саяси сүлдерін, портретін емес, сүлдері мен сықпытын анық танытады. С.Сәдуақасовтың Ғ.Тоғжановқа:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет