Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет64/64
Дата04.11.2016
өлшемі10,61 Mb.
#96
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64

Бір күннен кейін ел иелері бізді Орташыршық ауданының бір ұжымшарыңда қонақ болып қайтуға шақырды. Уақыт қиындығына қарамай, ұжымшар төрағасы бізге қой сойды. Палау, ішімдік бәрі болды. С. ащы суды алыңқырап, Мұхтар Омарханұлына тағы тиісе бастады. Вице-төрағаның арақтан жүрек айнырлықтай болып құтырынып кеткені сондай, былапыт сөздерді бората жөнелгенде Алматы вокзалыңдағы қалпынан асып түсті. Мұхаң ұрысуды мүлде білмейді екен, мен оны сол арада ғана білдім. Ол тек: «Маған айтқандарыңның бәрін толығынан өзіңе қайтардым», деді де қойды.

Мұхтар Омарханұлының сондағы ұстамдылығын есіме аламындағы, бүгін отырып, ұлы жазушыға «Абай жолын» жазудың неге тұрғанын ойлап толғанамын. Қызылкөз қара дүрсіндер тіпті ығынан да жүре алмайтын дәрежеге жеткенше, ол әлгіндей қорлық сөздерді тек жалғыз С.-тен ғана естіп қоймаған шығар. Осынау шебердің өзіне қарсы әлсін-әлі әдейі ұйымдастырылатын моральдік террор әрекеттеріне қатты күйзелетінін жақсы білуші едім. Соған қарамастан, өз қандастарының ішінен тап бүгінгі күнге дейін ешқайсысы көтере алмайтын ауыр жүкті тек соның өзі ғана көтерді. Ал жазушылар көңіл күйін сәт сайын өзгертіп отыратын кінәратшыл халық қой. Соның бәрін қалай айта берерсің...

Оның мінез-құлқының өзіме ұнамайтын жағы да болды. Оның өсек-аяңға тез сенетінін, әдеби усойқылар жетегінде кетіп қалатын кездерін де білетінмін. Ал, бірақ, жас дарынды демеуге келгенде алдына жан салмайтын, қаламдас жас түлектердің мерейін көтеретін мейрімді сөзін де, жүрегінің жылуын да аямайтын. Жомарт жанды, қолы ашық ағамыз серілерше тұрмыс кешуді жақсы көретін. Оның Мәскеу мейманханасындағы нөміріне халық көп келіп, өнегелі сөз, әзіл-оспақ, күлкі, тостар ұдайы естіліп жатушы еді.

Мен отызыншы және қырық төртінші жылдардағы Ташкентті есіме түсірдім. Ал өзім көріп-білмеген талай-талай өкінішті жәйттар оның жан-жүрегін неше рет жаралады екен. Таңғажайып кітаптарының беттерінде халқының қасіреті мен намысы, ар-ұжданы ақиқат шындық болып құйылуы үшін жазушы жүрегі қанша дауасыз дертке шыдауы керек екен?».

Иә, мұндай қорлыққа, «моральдық террорға» шыдау мүмкін емес. Бірақ Әуезов шыдады.

Себебі, ол заманның «қорлық пен мазағына табыла» отырып, мол тұлғасына сіңіріп алған алаштың аманат идеясын өлтіріп алмас үшін «бет топырағының ішіне тікен тастаудан тайынбайтын» (Әуезов) әлгіндейсіметтердің табасына да шыдауына тура келді.

Маңдайының бағы мен соры бірдей қалың қандай қасіретті де, қасиетті өмір еді десеңші!

6 шілде, 2010 жыл. Жеті қазына.

МАЗМҰНЫ


Талыс (Аңғарту)
Бірінші бөлім: ТАЛҚЫ

Бірінші тарау: Түрме талқысы («Әдебиеттен орынын іздеген Әуезов)

Екінші тарау: Заман талқысы («Оталған ормандағы аман қалған ағаштар»)

Үшінші тарау: Тұлғалар талқысы («Лағынет қамытын алу»)

Төртінші тарау: Тобырлар талқысы (немесе Кенесары кергісі)

Бесінші тарау: Керазулар кергісі (немесе «Абайдың атын бетқап етіп жамылған…»)

Алтыншы тарау: Пәңгінің талқысы («Ең сорлы өзімшіл...күншіл күйік...бақытсыз…»)

Жетінші тарау: Қызылөңеш талқы («Жеке басыма аяусыз зорлық көрсетіп отыр»)

Сегізінші тарау: Тылсым талқы («Тірідей теріңді сыпырудың жолын…»)

Тоғызыншы тарау: Сүлделер сүргісі («... романының көзін жоюға ұмтылған»)

Оныншы тарау: Күйініп…сүйіне алмаған өмір (Мұхтардың өлім күйі»)

Әдебиеттер тізімі

(Мұхтар Әуезов туралы естеліктер. А., 1997 жыл. 288-289 беттер)

(А.Мектептегі. «Геноцид», «Ана тілі», 2009 жыл, 28 мамыр – 3 маусым)

(Ленин. Шығармалар толық жинағы, 45-том, 348-345 бет)

(«Қазақ әдебиетi», 16 көкек 1937 ж.)



(«Каз. парвда», 30. IХ. 37 г.).

«Қазақ әдебиетi», 10 қыркүйек).

«Социалды Қазақстанда», iле 13-тамыз күнi «Қазақ әдебиетiнде» басылған «Ұлтшыл фашистерге өмiр сүргiзбеймiз»

«Қазақстан Жазушылар ұйымында» («Қазақ әдебиетi», 14-шiлде 1937 ж.)

(«Қ. Ә.», 1937 жыл 9 көкек)

(Ленин. Шығармалар толық жинағы, 45-т., 384 бет)

(«Қазақ әдебиетi», 16 көкек 1937 ж.)

(Ильяс Омаров: өмір және илолсофия, А. 2003,135-бет).

(263 – іс, 29-30 бет) (сонда, №36  іс.637-49 беттер.( 37-іс, 182-бет).

(М.Аққозин.Вернуть из забвения)

(Д.Қонаев.Сталиннен Горбачевқа дейін)

(Орталық мұрағат, 36-іс, 84-бет).

(Сонда, 230 іс).

(сонда, 36 –іс, 74 -75- беттер).

(Я.Рапопорт. «Дәрігерлер ісі» туралы естеліктер, Дружба народов, 1986. № 4)

Ілияс Омаров: өмір және философия» атты

(«Вернуть из забвения, 117-118 беттер)

(«Әуезов», 169-бет)

(Я.Рапопорт. «Дәрігерлер ісі» туралы естеліктер, Дружба народов, 1986. № 4)

(сонда, № 78 – іс, 32-45 беттер)



2010 жыл. 16 –мамыр. Сағат күндізгі 13.58. Астана. Жеті қазына.

1 Әлқисса: осы арада «Ұраным Алаш!..» үштағанынның жеке кітаптарының басылымдары әр жылдары жарияланғандықтан да, кейбір деректерді қайталап ұсынуға мәжбүр болғанымызды ескерте кетеміз. Бұл қайтармалар әфсананың тұтас басылымында ескерілетін болады. Сонымен қатар Мұхтар Әуезовтің жеке өмірі мен шығармашылағына қатысты пайымдаулар «Бесігіңді түзе!..», «Бесігіңді аяла!...», «Бесігіңді ая!..», «Бесігіңді ұмытпа!..» атты басылымдарда толық қамтылғандықтан да, мұнда мақсатты түрде тек түрмедегі тергеулер мен саяси қысымға байланысты деректер ғана тәпсірленді.


1 «Хан Кене» трагедиясына қатысты көрсетілген барлық идеологиялық қысым «Бұзылған бесік!..» атты әфсанада дербес және толық қамтылғандықтан да, бұл арада тоқталмаймыз.


1 Николай Васильевич Устрялов – Кадет партиясының мүшесі, профессор, журналист, 1918-20 жылдары Қиыр шығыста, одан кейін 1921-22 жылдары Парижде шыққан “Смене вех” («Нысаналарды ауыстыру») журналынын редакторы. Оның теориясы бойынша азамат соғысында жеңіп шыққан кеңес өкіметін сырттан құлата алатын күш жоқ. Оны құлатуға мүмкіндігі бар жалғыз жол – кеңес қызметкері болу, сөйтіп кенесті де, партияны да іштен шірітуге тырысу. Бұл «теория» кейін «Устряловщина» («Устряловшылдық») немесе «нысана өзгертушілік» («Сменовеховщина») аталып кетті. Кеңес өкіметі Қазақстанда орнай бастаған шақтағы қазақтың коммунист партия (қатарындағы) бай-ұлтшылдары осы «Устряловшылдықтың» бір бұтағы (С. Мұқановтың түсінігі – Т. Ж.).


1 Кенесары көтерілісі мен «Хан Кене» пьесасына қатысты «Бұзылған бесік...» атты әфсанамызда арнайы тоқталғандықтан да бұл мәселеге аялдап жатпаймыз.

1 Бұл тарау талданатын тақырып та, жазушы да, туынды да біреу болғандықтандан амалсыздан дерліктей «Хан Кенеге» қатысты «Бұзылған бесік!..» атты әфсанаға «Бесік бұзар «әлди» деген атпен мақсатты түрде топтастырылып берілгенін ескерте кетеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет