Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет21/27
Дата29.11.2016
өлшемі7,42 Mb.
#2777
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

Ахмет пен Мiржақыпты, Әлиханды «күле кiрiп, күңiрене шығып жүрген арамзалардың, ақ жағалылардың әкесi» – деп; Абайды – «өлеңдерi мына заманның әуенiмен кетiп, өзi Кененiң iзiн қуған болмағай едi. Өйткенi, ақындардың көбi шыбық басын сындырып, iстейтiн iсi болмаса да, «мен пәлен, мен түген» деп лаға беретiн», – деп кедейшiлдердiң майданына бiлек сыбанып кiрiсiп кеткен тұсы болатын.

Жиырма бiр жастағы ақынға бұл мiнез жарассын делiк. Бiрақ, ақыл тоқтатып, қазақ әдебиетiнiң бәйтерегi атанған, пiкiрiне ұлт сенетiн қырқыншы жылдары «Кенесары – Наурызбай туралы» көлемдi зерттеу жазып:



«Кенесары мен Наурызбайдың халық көтерiлiсiн бастаудағы мақсаты туралы соңғы кезде шейiн қата ұғым болып, оларды «хандықты көксеушiлер, қара басының пайдасы үшiн, хан болу үшiн көтерiлiске қатысушылар» – деп бағалады. Бұндай қате пiкiрден, бiр кезде, осы очерктi жазушы автор да сау болған жоқ», – деп сабырлы сабасына түстi.

Ал Кенесары қозғалысы тағы да саяси науқанның дау-дамайына айналып, жазушылар одағының ашық партия жиналысында «Кенесары – халықтың қас жауы» деген тақырыппен талқыға салынды. Сол жиналыста:



«Кенесарының реакцияшыл қозғалысын прогрессивтiк, ұлт-азаттық қозғалысы деп таныған» С.Мұқанов жолдас «қазақ халқының тарихының даулы мәселесi болып келген Кенесары қозғалысына көзқарасының тым шұғыл өзгеруiнiң себебiн осы жиналыста ашып айтуы керек» болды.

Сонда алдыңғы пікірін тағы да оп-оңай өзгерiп:



«Түймедей болсын, түйедей болсын, бәрiбiр, күнәнiң аты – күнә. Сондықтан «мен аз қателестiм» немесе «оның қатесi көп» деп дәрменсiз дәлелдер iздеп жатудың керегi жоқ. Кiнәлiсiң бе – мойыныңа ал кiнәңдi!.. Аз ба, көп пе, әңгiме онда емес, әйтеуiр мен де қателестiм, онымды түп-түгел мойындаймын... Өз қатемдi адалдықпен мойындай тұра, осы сұаққа жауап бере кеткiм келедi. Себепсiз салдар жоқ, жолдастар! Турасын айтуға керек, Қазақстанда совет үкiметi орнағаннан бастап-ақ Кенесарыға батыл қарсы шыққан кiсi екеу болса, бiреуi мен едім. Сол пiкiрiм ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарына дейiн өзгерместен келдi. Ал 1942 жылы қазiр осында қайта-қайта аталып жатқан кiтабымда бұрынғы дұрыс пiкiрiмнен шұғыл бас тарттым. Ашық түрде, больщевикше мойындаймын, бұл – менiң қателiгiм. Бiрақ сын ретiнде, менiң әлгi қателiгiме сол кездегi жауапты қызметкердiң бiрi Әбдiқалықов (Орталық комитетiнiң идеология жөнiндегi хатшысы – Т. Ж.) жолдастың да мықтап ортақтасқандығын, тiптi, менiң қателесуiме қолма-қол себепшi болғандығын айтпай өте алмаймын», – деп мәлімдеме жасады.

Тiптi, қазақ ұлтының рухани көсемi дәрежесiне көтерiлген Сәбит Мұқанов, академик Сәбит Мұқанов «пiкiрiн тағы да шұғыл түрде өзгерткенiне» қысылып-қымтырылған да жоқ. Өйткенi, ол кiсi идеологиялық «ойынның ережесiн» жақсы бiлетiн. Iле «өзiнiң кiнәлi екенiн» ұмытып, Бекмаханов пен Әуезовке қарсы ұйымдастырылған науқанға белсене араласып кеттi. Басқа – басқа, халық сүйген, сенген Сәбит Мұқанов «Қазақ әдебиетiнiң тарихын» оқыған, академиктiң пiкiрiне имандай ұйыған ұлттың тарихи көзқарасы да «шұғыл түрде» бұрмаланғанымен санаспады да.

Бұл – кiнәләу, жазғыру емес. Заманының тiлiне ерген, жалған, тұрақсыз идеяның шылауында кетiп, жеке басының тұлғасын, көзқарасын бiлдiретiн түпкi пiкiрiн анықтап кете алмаған тұлғаның дәрменсiздiгiне дәлел ғана. «Балуан Шолақ» повестiнде Кенесарының суретiн қарауыл ғып атып жатқан казак–орыстармен Балуан Шолақты қамшыластыратын жазушы Сәбиттiң жазушылық позициясының анықталмай қалуында. Әйтпесе, амалын тауып басын ажалдан құтқарғаны үшiн қаламгердi тiрi пенде жазғыра қоймайтыны анық. Тұлғалардың тұжырымы тұздай ерiп, талантты тұншықтыруға тосқауыл қоймай, тасқынның iшiне өзi де қосылып алып, ұлтына, ұлтының азаматтарына тигiзетiн артқы зауалын ойламауында. Егерде, бiрден жалт ете қалмай, пiкiрiн байыпты баяндап, ғалым ретiнде ой толғап, тоқтам салса, ешкiмде Сәбит Мұқановтың бетiнен қақпас едi. Бұл тұста тұлғалардың пендеге айналып кеткенi сондай, Қасым Аманжолов сынды найзағай мiнездi ақынның өзi жан досы Қалижан Бекхожин туралы «Хандардың жоқтаушысы» атты әшкерелеушi мақала жазып:

«Кешегi атышулы Шыңғысқа ұқсап» – дейдi де Наурызбайды Шыңғысқа теңейдi. Бұған қарағанда Бекхожиннiң «Ақсақ құлан», «Батыр Науан» поэмаларын жазғандағы ой арқауы бiр екенiн айқын көремiз. Бұл екi поэмадағы оның пiкiрi ағып келiп мынадай арнаға құяды: кешегi қанды шеңгел Шыңғыс қазақ хандарының атасы едi, Кенесары, Наурызбай сол Шыңғыстың ұрпағы едi,– дейдi. Сүйтедi де: «беттi Шыңғысқа (яғный шығысқа) қарай бұру керек, европа мәдениетiне қарсы шығу керек» – деген саяси идеяны дәрiптейдi. Бекхожин мұны мойындасын, мойындамасын, бiрақ оның поэмаларында айтылған пiкiрден туатын қорытынды осындай. Бұл қателiктер оның 8-класқа арнап шығарған оқу құралында да кездеседi. Тiптi, онда айтуға ауыз бармайтын сұмдық сөздер жазылған... 1944 жылы Бекхожиннiң «Шеру» атты өлеңдер жинағы шықты. Жинақ «Қазақ ұлына» деген кiрiспе өлеңмен басталады. Бұл өлеңде ол не айтады? Қазақ жауынгерiне жаумен жағалас дегенде, «атаң қазақ разы болсын», «ата қоныс – Сарыарқа разы болсын» дегеннен басқа ештеме айтпайды. Совет елi үшiн, больщевиктер париясы үшiн, совет елiндегi туысқан халықтардың туы үшiн күрес деген сөздер Бекхожиннiң ауызына түспейдi. Немiс басқыншыларды жойған негiзгi күштерiмiздi көргiсi келмейдi», – деп досын «жайратып салды».

Бұған таңданатын ештеңе де жоқ. Өйткенi, тұлғаны тұншықтыру үшiн екiншi бiр тұлғаны оған арандату – жазалау идеологиясының басты құралдарының бiрi болатын. Әрине, Бекхожин де «қарап қалмады». Ақыры ыстық достық суыды. Ұтқан – арандатушы саясат болды. Токвиль айтқандай, «адамның қолымен құрбандықа шалды».

Осынау ұзақ-ұзақ үзiндiлердi оқыған кейiнгi толқын жағасын ұстап, жатырқай қарауы да мүмкiн. Шындықтың аты – шындық. Оған ара түсе алмайсың. Бiрақ бiз де мұны пәлен сөйтiптi дегiзгелi мысалыға алып отырғамыз жоқ. Талай талантты тұқыртып, арандатып тынған өктемшiл қаскүнемдiкке (шовинистiк қаражүздiлiкке) иек артқан идеологияның қасiреттi зардабын дәлелдеу үшiн тiлге тиек еттiк.

Бiлген дұрыс. Бiлiп барып пiкiр қорытқанда ғана тұлғаларымыздың қалай етекбасты пенде дәрежесiне дейiн құлдырауының себебiн түсiнемiз. Өзге – өзге, тура осы Кенесары үшiн отыз жыл бойы азап шегiп, бөзек көрген, қалың қауымға «алаштың» тiрi өкiлiндей, ұлттық рухтың жиынтық бейнесiндей көрiнген Мұхтар Әуезовтiң өзi де бұл тұста шайқалып кеттi. Бiрақ ол өзге тұлғалар сияқты «шұғыл өзгермедi». Ең ақырғы басқышты басып тұрып, түрмеге жабылудан өзге жол қалмағанда ғана:



«Мен өз қателерiмнен бастаймын. Мен 1928 жылы «Хан кене» пьесасын жазған едiм. Бұл шығармада автордың ұлтшылдық дәрiптеу бағыты айқын көрiнiп едi. Алғашқыда бұл пьеса театр сахнасында да қойылмады, басылып та шыққан жоқ, тек қолжаба күйiнде ғана қалды. Бес жыл уақыт өткен соң, 1933 жылы театр қызметкерлерiнiң пьесаға бiраз түзетулер жасап бер деген сөзiн ескере отырып, мен пьесамды едәуiр өңдедiм. 1934 жылы пьесаның премьерасы қойылды да, репертуардан алынып қалды. Өйткенi, пьеса саяси мазмұны жағынан қате, совет жұртшылығына керексiз болды. Сол кезде менiң пьесам туралы да, Кенесарының өзi жөнiнде дұрыс пiкiр айтқан Мүсiрепов жолдас болды. (С. Сейфуллин мен I. Жансүгiровтiң есiмi ол кезде аталмайтын. Сондықтан да М. Әуезов олардың атын бұл арада атамай отыр – Т. Ж.). Ол қазақ еңбекшiлерiнiң патша өкiметiне қарсы күресiн Кенесары қозғалысынан емес, 1916 жылғы оқиғалардан iздеу керек дегендi айтты, ал Кенесарыны халықтың қас жауы, керiтартпа хан деп атады. Осыдан кейiн мен бұл пьесаға қайтып оралған жоқпын», – деп түсiнiк берумен шектелдi.

Яғни, тұлға ретiнде өзiнiң жазушылық көзқарасын қорғап қалды. Қандай құқай көрсе де «Хан Кене» мен «Қилы заманға» қол тигiзген жоқ, ол шығармаларынан ашық бас тартпады. Тек үнсiз қалдырды. Айта кететiн бiр жайт, Ғабит Мүсiрепов те Кенесары туралы сонау 1934 жылы айтылған пiкiрiнен қайтпады. Елуiншi жылдары да, I. Есенберлиннiң «Қаhар» романы талқыланған тұста да, тiптi, «Ұлпан» атты жетпiсiншi жылдары жарияланған шығармасында да Кенесарының жеке басына сын көзбен қарап, оны ұлттық тұлға ретiнде тануға ықылас танытпады.

Бұл да тұлғаның тұлға ретiнде өз пiкiрiн қорғай бiлгендiгiн байқатады. Мұндай пiкiр түюге Ғабит Мүсреповтiң толық қақы бар. Ол жазушының, еркiндегi мәселе. Әңгiме тұлғаның тұлғасыздыққа құлдырауы туралы болып отыр.

Әрине, қара дауылдың зауалынан құтылу үшiн және өзiнiң ең басты кiтабы – «Абай жолын» арандатудан сақтау үшiн Мұхтар Әуезов те өзiнiң еркiнен тыс бiраз «шұғыл өзгерiстер» жасады. «Ақын аға» жөнiнде айтылған авторлық баяндаулар мен кейiпкерлердiң сөзiн мүлдем кереғар мағынада қайтадан жазды. Баспаналап Мәскеу қаласына жасырынып барғаннан кейiн СССР жазушылар одағы мен «Литературная газетадан» сауға сұрап, олардан жеке басын арашалап қалуды өтiндi. Сонда ғана ол:



«Абайдың мектебi туралы қате болып шыққан көзқарасымның ықпалымен жүре отырып «Абай» романының жалғасы болып саналатын «Ақын аға» атты кiтабымды жазып шығып едiм. Бұл кiтапта мен ескiшiл, реакционер Көкбайды романдағы, жағымды, Абайдың озық ойлы өнерiн бойына сiңiре бiлген адамның бiрi етiп көрсеттiм. Ал, Көкбай болса – қазақ халқының дұшпаны Кенесары Қасымов туралы дастан жазған едi. Қазақтың еңбекшi халқы үшiн Кенесары Қасымов қозғалысының реакциялық, жаулық ниетiн және оны қорғаушы тарихшылар мен буржуазиялық ұлтшылдарды әшкерелеген 1951 жылы «Правда» газетiнде жарияланған «Қазақстан тарихының мәселелерi маркстiк-лениндiк тұрғыдан баяндалсын» деген мақала мен соған орай өткен Қазақ ССР Ғылым академиясы мен Қазақстан Жазушылар Одағы бiрлесе ұйымдастырған пiкiр таласынан кейiнгi қорытынды пiкiр «Ақын аға» романындағы Абай мектебi туралы қателiктерiмдi терең сезiнудiң негiзiнде ғана мен романның бiраз жерiн өңдеуге мүмкiндiк алдым», – деп уәж айтты.

Әрине, бұл мойындаудың өзi де ұлы қаламгерге оңайға түспедi. Алайда одан басқа тығырықтан шығатын жол да қалмап едi. Қатаң идеологиялық қысымның нәтижесiнде жүздеген адам абақтының есiгiн ерiксiз «ашып» едi. Мұхтардың бостандықта жүруi – түрмеге қамалғандардың түбiнде ақталып шығуының кепiлi сияқты көрiндi. М.Әуезов оны жақсы сезiндi және солар үшiн рухани күресiн тоқтатқан жоқ. Сондықтан да тұлға ретiнде бас тартпайтын бiраз пiкiрлерiн қырнауға мәжбүр болды.

Бұл – тұлғаны тобырдың көңiл-күйiне билеткен, жеке ойлау жүйесi бар, рухани тәуелсiз тұлғалардың еңсесiн ұстауға бағытталған ұлыдержавалық, ұлыорыстық, шовинистiк идеология үстемдiк еткен, «коммунистiк- колонизаторлық» отарлау саясатын асқан әккілікпен жүргiзiп жатқан қоғамның тұсында өмiр сүруге мүмкiндiк беретiн бiрден-бiр дұрыс «түрменiң стратегиясы мен тактикасы» (М.Әуезов) болатын. Тарихи шындықтың жолына басын тiккен Ермұқан Бекмахановтың өзi түрмеден қайтып келген соң әуелi ғылыми тұжырымның астарын аударып, «Қазақстанның Ресейге қосылуы» атты монография жазуға мәжбүр болды.

Өкiнiшке орай, Кенесары мен ұлт-азаттық күресi туралы ұстаған идеологиялық жазалау саясаты мен тұлғаларды тұншықтырып ұстау тәсiлi мұнымен аяқталмады. Қазақ ұлты тәуелсiздiк алғанша еркiн ойлауға еркіндік берілмеді. Тарихи теріс тұжырым мен тәпсірлеулердің санаға сiңiп қалғаны сондай, ұлтымыздың тарихи кезеңдерi мен тұлғалардың сол тарихи оқиғалар жөнiндегi қилы-қилы көзқарастары туралы қалыптасқан жаңсақ пiкiрлерден әлi де арыла алмай келемiз. Бұл тұжырымдарды талқыға сала отырып, ұлттық сана, тәуелсiз рух, дербес мемлекеттiк саясат тұрғысынан баға бермейiнше, бiз ұлтымыздың да, ұлттық тұлғаларымыздың да тауқыметi тағдырын толық түсiнбеймiз.

Ал өткендi саралап алмай, iлгерi басудың өзi де тағы бiр қателiктiң басы болып есептеледi.

Идеологиялық жазалау саясатының қыспағында жүрiп ұлттық рухын сақтап қалған және ұлттық идеяны нысана етiп ұстаған Мұхтар Әуезов пен Ермұқан Бекмаханов iспеттi ұлы тұлғалардың көзқарастарын саралай отырып тарихи шындықты қалпына келтiремiз. Сөйтiп тарихи танымға негiзделген тәуелсiз талқы арқылы ұлтымыздың келешегiне жол ашамыз. Ұрпақтарды адастырмайтындай ұлағат қалдырамыз. Онсыз iлгерi жүру – өткелсiз дариядан секiрiп өтуге тырысқан парықсыздардың жансебiл әрекетiмен бiрдей деген сөз.



ҮШІНШІ БӨЛІМ: «БҰЗЫЛҒАН БЕСІК...»

«Бізді аямасаң да жолыңда жатқан

бесікті аясаң болмай ма?!.». М. Әуезов. “Хан Кене”

АРЫЛУ

Иә, кіріспенің аты – «Арылу». Ұзақ толғанып, шұғыл шешім қабылдап, асыға қағазға түсірген осы жолдарда менің шығармашылық тағдырым жатыр. Алғаш рет Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын астастыра өріп, сол арқылы қазақ ұлтының азаттық жолындағы қасіретті күресі мен Алаш идеясын жеткізуді мұрат тұтқан күннен - 1976 жылдың 28 қыркүйегінен бастап бүгінгі 2007 жылдың 8 желтоқсанына дейін отыз бір жыл өтіпті. Соның ішінде «Қилы заман» мен «Қараш-қараш» оқиғасын қамтитын трилогия-толғаудың соңғы бөлімі болуға тиісті «Бұзылған бесік!..» - деген атпен ұсынылып отырған бұл тарау осыдан бұрын үш рет қолға алынып еді. 2400-ден астам тарихи деректер реттеліп, жазатын қалам, жазылатын қағаз, алғашқы сөйлем мен келтіретін деректер, айтылатын ой, дамытылатын пікірлер, қорытындыланатын тұжырымдар, баяндау тәсілдері мен ойды салмақтап жеткізетін көркем әдістер, туындының әр сөзі мен сөйлемі, әр абзацы, әр пікірі іріктеліп, жүйеленіп, қатталып, желісі түзіліп, библиографиялық көрсеткіштер мен картотекалар жасалып, қысқасын айтқанда, деректі әфсана жазуға қажетті алғы шарттардың барлығы да дайындалып, алғаш рет жазуға отырғаныма да ширек ғасыр толыпты.

Сол бір терең алынған демді суытпай Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ойының даму желісін сақтай отырып, «Бейуақ» пен «Жалғыздың жанталасынан» соң бір қасіретті де қасиетті сезімдер ыстық табымен хатқа түсуі тиіс еді. Ондағы басты мақсатым – «Хан Кене» арқылы қазақ мемлекеттігі мен тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық майданын, «Қараш-қараш» оқиғасы арқылы рухани азаттыққа ұмтылған жалғыздың жанталасын, «Қилы замандағы» тарихи шындықты көрсету арқылы қазақтың бостандық жолындағы қасіретін барынша нақты құжаттарды пайдалана отырып, ұлттық тәуелсіздік сананы оятқым келді. Бұған Мұхтар Әуезовтің қатпарлы өмірі, әлемдік әдеби беделі, қуаты көркем әлемі толық мүмкіндік беретін. Әуезов арқылы алаш идеясын тірілту – ғұмырымның аңсары, өмірімнің өзегі, жазушылығымның мәні сияқты көрінуші еді. Әуезов шығармаларының астарындағы қасіретті шындық пен азаттық идеясын сезіне отырып, архивтердегі құжаттарды біле тұрып, оны ұлы жазушы туралы жазылуға тиісті романның (бұл арман да көркем қиял күйінде қалды) қосымша писхологиялық көркем желісі ретінде ғана пайдалану - қылмыс сияқты көрінген.

Өкінішке орай, сексенінші жылдардың басында қолға алынып, үш рет дайындалып, үш рет жазылмай қалған «Бұзылған бесік» атты бұл деректі әфсана да «Хан Кененің» тағдырын құшты. Өзгені былай қойғанда екі жарым мың беттік архив құжаттары мен деректерін сөз бен сөйлем арасында пайдалану үшін реттеу, жазу барысында оған «жан бітіру», ой қосу үшін қажетті соншама тағдырлы деректерді жадыңда ұстау, ондаған жылдар өтсе де соның ыстық-суығын бойыңда сақтау - қандай жад пен жан қуатын керек етті десеңші. Мүмкін шығарманы жазу азабынан көрі осы көңіл-күйді ұстап тұруға кеткен жұлын-жүйкенің салмағы әлденеше есе санаға артық салмақ салған шығар. Ол азаптан арылудың мүмкіндігі үшінші рет түскенде, яғни, барлық деректер қайта жазу столына реттеліп, үш ай дайындалып «Бұзылған бесікті» жазуға отырғанда сондай бір сеніммен, қуанышпен күнделігіме былай деп жазыппын:



«29.11.95 жыл.Бісмилла, бүгін өз өмірімде үш рет дайындалып, бірақ кірісе алмаған Кенесары туралы еңбектің жоспарын жасауға кірістім. Егерде Семейге, «Құнанбай» пьесасы жазу үшін [...] жүріп кетпесем, ептеп-ептеп дайындықты бастаймын. Ей, Алла, рақымыңды түсір. Әруақтар қолда. Кілтін дұрыс табуға септігіңді тигіз, Алла! Сағат 8.55.».

Күнделікке қарағанда бұл толғаныс бір айға созылып, Абылайдың әруағын да көмекке шақырыппын.



«8.12.95 Бүгін Абылайдың суретін қарсымдағы сөреге іліп қойып (кеше кешкісін ілгем), соған қарап отырмын. Немересі Кенесары туралы жалған айттырмас үшін маған қадала қарап тұрсын деп. Ал он күн болды, ешнәрсе тындырмадым. Өзіммен өзім алысумен болдым. Ауырдым. Енді есімді жиып отырмын. Асай-мүсейім (тараулар мен ішкі сөз, сөйлемдер)) әлі түгел емес. Машинканы жөндеу, бөлімдерді реттеу керек. Енді істің жайын қағазға түсіріп отырамын-ау осы. Сағат 4.00.».

Реттеулі деректер сол күйі жиылмай бір бөлмені алып ұзақ жатқаны есімде.Сол өкінішімді күнделікке: «20.5.97 Бұл сөзді жазғанға да екі жыл өтіпті-ау. Ақыры сол кітап жазылмай қалды. Екі ай отырдым. Бір жолы жазылмады. Бұл «Талқыға» ұласып кетті. Кенесары тағы да жазылмады. Бір реті келер. Қазір оны ойлауға мұрша жоқ. Той тойлап жүрміз. Тойлай жүрсең де ойлай жүр, Тұрсын.» - деп түсіріппін.

Мұндағы той – Мұхтар Әуезовтің 100 жасқа толуына байланысты өтіп жатқан шаралар мен мұражай-үйдің қайта жаңғыруы болса керек. Араға екі ай өткен соң:

«20.7.97. «Талқы» жазылды. Кенесары жоқ. Төртінші рет отыруға тура келе ме? Әлде мүлдем доғару керек пе? Не маған 45-50 беттік очеркпен тиылу қажет пе? Қайран 10 жылғы жиған архив деректері. Қайран бекер өткен уақыт. Қайран, Кенекем! Қайран, Мұха! Қайран, Тұрсын! – деп «Бұзылған бесіктен» мүлдем түңіліппін.

Неткен жанкештілік! Мұндай азапқа төзім қалай жетті десеңші!

Ол жолғы реттелеген құжаттар жазу столы үстінде екі жыл жатты. Ақыры шыдауға мүмкін еместей көрініп, жегімді жеген деректерді ешқандай тәртіпсіз сыпыра жиыстырып, ретті-ретсіз буып-түйіп, қопсыған күйінде М. Әуезовтің мұражайына өткіздім. Кенесары туралы қалған архив деректерін, фото, ксеро көшірмелерді сұраған адамдарға еш қандай талапсыз таратып бердім. Сөйтіп, 10 жыл бойы алдымды орап, басқа тақырыптарға тосқауыл қойған бөгетті - «Бұзылған бесікті!» келместің кеңістігіне мәңгілікке ұзатып салғанымды сезіндім. Жұлын-жүйкедегі ширығу да босап, кәдімгідей жеңілдеп қалдым.

Тіпті, Қайрат Сатыбалдиев себепкер боп Ресейден Кенесарының бассүйегін іздестірген сапарыымызда да бұл әрекетіме өкінгемін жоқ. Біз мұрағаттарын ақтарған 64 мекемедегі Кенесары көтерілісі туралы қатпар-қатпар қалың құжаттарды да құнттамадым. Мен дерек атаулының барлығын мидан өшіріп, көркем дүние жазуға ниет еттім. Ақыры ол ойым да сәтсіз аяқтала берді. Алла тілегімді қабыл етпегендей көрінді. Мүмкін «Бұзылған бесік!..» - деген аты сәтсіз қойылды ма екен, кім білсін. Қалай дегенмен де мен жазылмай қалған осынау шығарманың қыртыс-қыртысы мол қилы-қилы әсерінен бүгінгі күнге дейін, дәл қазір осы сөздерді жазып отырған сәттерде де арылған емеспін. Сондықтан да тура осы «Бұзылған бесікті!..» жазу үшін жиенім Думан Санк-Петербург дүкенінен арнайы сатып әперген, бұрын да бір рет беті қайтқан қаламмен, осы әфсанаға арналған сиямен осы жолдарды асыға жазып, «Хан Кенеге» қайыра бір оралуымның себебін түсіндіре кетпекпін.

Бірден ашығын айтайын, бұл мен о баста ойластырған «Бұзылған бесік!..» емес. Сол әфсананың мұқабасы ғана. Арылу үшін ғана қолға қалам алды демес үшін оның жай-жапсарын қысқаша сабақтайын. Біріншіден, кеңес өкіметінің қыспағында, ақыл-ойың тәуелді, қалам секемшіл кезінде азаттықты аңсаған асыл аңсар мен булығу, ішкі қарсылық пен қыжыл, белгілі бір дәрежедегі тәуекел қазір жоқ. Ол арман орындалды. Тәуелсіздіктің тұрақталып қалуынан басқа алаң жоқ. Демек, туындыны жазуға мәжбүр ететін жазушылық ішкі қыжыл мен құштарлық бәсеңсіген. Екіншіден, Мұхтар Әуезовтің асыл ойын аян ететін «Хан Кене» пьесасының еліне жетпей қалды-ау дейтін екі нұсқасына да текстологиялық салыстырулар жүргізіп, толықтай басылымын өз қолымнан жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болдым. Бұл да шығарманың ішкі ой желісін босаңсытты. Үшіншіден, Кенесары туралы тарихи деректер топталып, жинақталып жариялана бастады. Бұл қозғалыс туралы алғаш рет «Жұлдыз» журналында пікір алысу ұйымдастырып, Е.Бекмахановтың монографиясын тарихшы Ш.Әмірбековке аудартып әуелі журналда, содан кейін жеке кітап ретінде жариялануына себепшілік еттім. Сондай-ақ, қазіргі басылымдардың дені Кенесары жазған хаттардың орысша аудармасын жариялаумен келеді. Ал мен әйгілі мұрағаттанушы, өзегі таза әрі нағыз ұлт зиялысы марқұм Бейсенбай Байғалиевпен бірлесе отырып хан Кененің қазақша жазған хаттарының негізгілерін ғылыми айналымға түсірдім. «Хан Кене» пьесасы қақында кандидаттық, докторлық дессертациялар қорғалды. Мұның барлығы Абай айтқандай, әуел бастағы «қорықпас жүректі» жасытты, «айнымас көңілді» айнытты, «босанбас буынды» босатты. Жұрттың жүрегі - сабыр, ақылы - азық, жігері - қайрат табатын мүмкіндік туды. Енді қайыра қалам қайратын жұмсаудың қажеттілгі жоқ сияқты еді.

Иә, қажеттілігі жоқ еді, бірақ бар болып шықты.

Қаламгерлік құштарлықтың мәтінге түспейтін, көрінбейтін желі ретінде әфсанаға екпін түсіріп, емеурінмен жеткізілетін тегеуіріні қайтып, ішкі ырғақтың құлақ күйі босаңсып, бопсасы мен топсасы тосаң тартқанымен де үзілмейтін бір ызың сананы сыздата берді. Ол - әу баста «Бұзылған бесіктің» рухын құндақтауға тиісті хан Кененің жеке тағдыры, туынды «Хан Кенедегі» өмірлік шындық пен көркем шындықтың арақатынасы, шығармашылық психологияға қатысты сана сарыны емес, тұлғаларды тобырға айналдыратын тәуелді сана психологиясы еді. Кенесары хан мен «Хан Кенеге» қарата қаншама пікір айтылса да менің зерттеушілік әдетіме айналған осы бір көктүйнек құбылыс - тәуелді сана психологиясы – санама шаншу боп қадалды да тұрды. Тіпті рухани тәуелсіздіктің жұлын-жүйкесін шүйкелеген “Күйесің, жүрек... сүйесің!..”, “Талқы”, “Ұраным - Алаш!..” атты монографияларды жазған соң да Мұхтар Әуезов сияқты ұлы тұлғаны рухани кіптарлыққа мәжбүр еткен рухани тәуелділік, тобырлық, жанталасқан жалаңдық психологиясының қалай қалыптасып, бір ұлттың беделді тұлғаларының рухани жандайшапқа қалай айналғаны туралы шындық толық ашылмай қалған сияқты боп көрінді де тұрды. Ғалымдар не түбірлеп зерттемеді, не деректерді түсіндіруге өрелері жетпеді, не ащы шындықтан именді, не айғайға ілескен тұлғалардың тұлданған тұсын ашуға дәттері жетпеді. Әйтеуір осындай буынды тұста тарихшылар мен әдебиеттанушылардың тасырқай беретіні мені қатты қынжылтатын.

Сондықтан да мен «Хан Кене» пьесасы туралы бұрынды-соңды пікірлердің барлығын жинақтап, осы туралы дақпырт пен дау-дамайдың себебін ашып, оған қысқа-қысқа түсінік беріп, ешқашанда жарық көрмеген, бірақ-ақ рет сақнаға қойылған, кеңестік идеологияның күлтөбесіне көміліп қалған шығарманы кез-келген сәтте Мұхтар Әуезовтің бетіне күйдіргі ретінде басып, көп қарғаның ішіндегі ақ қарға етіп шығарып, көзтүрткі етуінің себебін ашуды мақсат тұттым. Әсіресе, бүгінгі азат күннің өзінде «Хан Кененің» ең әділетсіз, себепсіз, «жалған намыстың сараместері» (Абай) мен сауатсыз, надан, пасық «парасат иелерінің» қудалануына ұшырап, өзінің рушылдық намысы үшін азаттық идеясы мен Хан Кенені ғана емес, Мұхтар Әуезовті қорлауға құлшынып, сақнада қойдырмауға тырысып келе жатқан кәрі шөңгелер мен соған құлдық ұрған режиссерлерді көргенде адамның төзімі қайта қайралады екен. Сондықтан да «Хан Кенеге» қатысты бұрынды-соңды айтылған сұғанақ пікірлерді іріктеп алып, сол арқылы қиянатшыл қауымға ой салғым келді. Өйткені олар дәл қазір де Әуезовті рушылдықтың, жалған намысшылдықтың құрбандығына шалуға дайын сияқты. Олардан да бұрын кәнігі қастаншықпағырлар болған. Бірақ мақсатына жете алмаған. Тіпті осы жолғы қолға қалам алдырған қыжыл - тура осы оқыған надандардың жаласы мен сатқындықтан - қасиет, бауырмалдық жасағысы келген екіжүзділігіне деген ыза десе де болады. Әрине, бұл көпке жақпас. Алайда кез-келген сәтте қоғамға қайтып оралуға дайын тұрған тобырлық психологияны әшкерелеу – қашан да кеш емес.

Қолға қалам алдырған елеулі себептің енді бірі - «Қилы заман» мен «Қараш-қараш» оқиғасы қақындағы «Бейуақ» монографиясының қайта басылуы мүмкіндігі туып, оны баспаға дайындау барысында «Хан Кенесіз», яғни «Бұзылған бесіксіз» бұл кітап жетімсіреп, аяқталмай тұрған сияқты әсер қалдырды. Бұл заңды да еді. Сондықтан да сол кемшіліктің орнын толтырып, күдік пен жегіден арылғым келді.

Сонымен...

БІРДІ (Абай), оның ішінде, ұлы тұлғаны жалғыз қалдырып, көзтүрткі еткен қоғам – дертті қоғам.

8.12.2007.

ЖЕЛГЕ ҚАРСЫ САЛЫНҒАН ҰЯ

Кенесары ханның тағдыры туралы көзқарас – қазақтың ұлт-азаттық қозғалысы мен басыбайлануының, бостандық пен бодандықтың күресі туралы көзқарас. Бұл – «құлдық пен ұлдық» (Байтұрсынов) психологияның күресі. Жете мен жетесіздіктің, намыс пен ездіктің, ыза мен кектің, мақсат пен қатыгездіктің, қылмыс пен жазаның, өлім мен өмірдің қақтығысқан тұсы. Мұндай зауалды да қасиетті шақта азаттық пен азаматтық, бопса мен сатқындық, оқ пен қаза қатар жүрді. Сондықтан да бірде азаттық, бірде азаматтық соғыс майданы жағдайында тұрақты әскер ұстап, жанкешті өмір сүріп, қан кешті ғұмыр кешкен хан Кене – қылмыс пен жазаның, қаталдық пен қайрымның, ақыл мен ашудың, жан ашуы мен мал ашуының, ант пен арсыздықтың шекарасындағы жаталас шақта – «ант мезгілінде» (Абай) шешім қабылдады.

Ұлттық мүдде мен мақсат екіге бөлінген тұста ешқашанда ортақ мәміле, бейбіт тіршілік, дүбара, дүмбілез күн көріс жоқ. Бұл кек пен күн көрістің арасында хал кешкен тәуелсіздер мен басбайлылардың бетпе-бет келген рухани жекпе-жегі. Өкінішке орай осы кереғар ұстанымдар мен сезімдердің басы бір мәйекте ұйып, бір бесікте тербетіле алған жоқ. Ұлт азаттық идеясы сан рет ұйып келе жатып іркіттей іріді, сан рет түзеліп келе жатқан бесік бұзылды. Отаршыл және қастаншықпағыр арандату пиғылы мен жазалау саясаты елдіктің ұясын бұзып отырды.

Бостандық атты қасиетті бәйтеректің басындағы елдіктің ұясы үнемі желге қарсы жалғыз қалды. Қазақ елі бұзылған бесігін түзетуге ұмытылып, жансебіл күй кешті. Бірде бұзылған бесіктен әлдидің орнына:



«Мені жыққан сол жауыздар жұртты қоса жыққанын ұға ма екен? Ойлар ма екен? Алатаудың бауырында Кенесары жығылса, сыналатын өткелде қазақ елі бірге жығылады. Түсінер ме соны? Өкінер ме? Менің жығылғаным арман емес. Ел болар ма екен, елімнің шу дегеніне жарамаған арман - менің қайғым. Жалғыз-ақ, ел болар ма деген елімнің көші қайда қалды? Қайда қалды, қайран елім, не боп қалдың? Мен сүйінер ел ішінің қайғысы ол бір жеңгізбейтін дерт болды. Армандамын, соған әлім жетпегендігіне армандамын. Бәрібір мен сүйінер өмір, мен жұбанар үміт қалған жоқ. Бұдан арғыны көргенше, Алланың ақ бұйрықты ажалы келсін. Содан басқа тілегім жоқ» - деген күңіреген үні естілді.

Енді бірде сол бұзылған бесікке киелі әруақтардың:



«Балам, мен атаң Абылаймын! Сенің айыбың аз ғана... Өкінбе, күйме, сен елің үшін аянған жоқсың. Кінәлі - заманың, сенің дәрменің жеткен жоқ. Піспеген екен, азаматы есейген жоқ, намыс-жігер өсіп болған жоқ. Әлі талай-талай жылдар, қилы-қилы күндер өтеді. Оған шекті талай сен сияқты ерлер келіп, күйіп-күйіп жылап өтер. Сен соның бірі болсаң да, арман қылар орның жоқ. Ұрысың бітті, өз ісіңді істедің. Енді қайтарсың, қайт өзіме, балам! Жасыма, жібімей, іштегі жалын, сырттағы ызғарыңмен қайт... Тіршіліктен түйілген қабағыңмен кет, кел өзіме!..» - деп аян берді.

Енді бірде сол жалаңаш көлдің жағасындағы жалғыз бәйтеректің жалаңаш бұтағындағы желге қарсы салынған әлсіз ұяға тобырдың тұрымтайы қиғылық салып:



«Кенесары ханды алсақ, оның аз өмірінде істеген жақсылық, жамандығы алты алашқа мәлім нәрсе. Кенесарының орысқа соғыс ашуының мәнісі - қазақ орысқа бағынса елдігінен айырылады деген ой емес. Өзі Абылай ханның немересі, Қасым ханның баласы болды. Жасынан Кене атағы жайылды. Өзін жер тәңірісіндей көрсетіп, аузына қаратып тұрған қазақ елі Кененің әміріне кіріп, Кенені хандыққа есептемейтінін сезді. Сондықтан ол қазақтың қамын ойлап, қазақтың жоғын жоқтаған жоқ: өз бақытын ойлап, Абылай мен Қасымның мұрасын жоқтады. Егер Кене шын қазақшыл болса, орысқа бағынушылық қазақтың түсіне де кірмей тұрған уақытта маңайындағы қазақ елін қысқа күнде қырық шауып неге маза бермеді. Өтірік айтса жаны шықсын, қазақтың қарт адамдары: «Кене пәлен жерде пәлен тұқыммен өштесіп, буаз қатынның ішін жарып, баласын керегеге іліп кетті» - деп отырады. Соған қарағанда, Кенені қазаққа залалсыз еді, тізесін батырмап еді, момын еді деп мақтаған кісінің адасқандығы. Орыстікі орыс болсын, қырғызбен соғысқан мәнісі қалай? Ақырында Кене орыстың қолынан өліп отырған жоқ, қырғыздың қолынан өліп отыр. Не керек, Кенені мақтағанымыздың ішінде қырғыз отырмады. Қырғыз отырса бетімізге түкіріп бәле қылатын еді» – деп С.Мұқанов шүйліп келіп, лауһулмаһфуздың қара тақтасына жазды.

Сөйтіп, ұя қыраны – қарақшы, ұябасар – ұябұзар атанды. Шындығында да Кенесары «өз ұясын, өз бесігін» өзі неге бұзды. Бақ үшін бе, тақ үшін бе? Жоқ. Мұса шонжарға хан Кененің:



«Жау ісін істеп отырып, еркекше жауласуға да жарамайсың. Танасың... Арзаннан табылатын бақ іздейсің. Мен ол жолда серік бола алмаймын саған. Мен бақ пен шен іздесем бүйтер ме едім. Патса ұлығына мен де барып жағынар едім. Сүйтсем және сендерден кем орын алар ма едім?! Жамантай, Қоңырқұлжа, Баймағамбет алған орынды алар едім-ау, мен де! Бірақ, мен оны ойлап жүрмін бе? Қалың қазақ баласының қамалған көшіне септігім тиер ме деп жүрмін ғой. Езіліп бара жатқан елдің жоғын жоқтап жүргем жоқпын ба? Бүлінгені бүтінделер деп бас қамын ұмытып жүргем жоқ па, сол ел үшін. Сондағы сенген сүйенішім сенбісің?!.» - деп зар күйін шағынуына қарағанда ол қара басының хандығын аңсаудан ада адам.

Ғылымыи тұрғыдан «бағалағанда» хан Кене қазақ халқының ұябұзары ғана емес, халықаралық деңгейдегі «итаршысы» да екен. Заман тарихшыларының бірі Т.Шойынбаев оны:



«Дәл сол кезде Англияның дүниеде үстем болуға ұмтылуы шектен тыс еді. Оның бұл басқыншылығы бірқатар Шығыс елдерін құлданып алғаннан кейін Орта Азияға, Қазақстанға, Шығыстың басқа аудандарына көп барлаушылар мен экспедициялар жібергенінен айқын көрінеді. Кабулда, Гератта, Кандағарда ағылшын шпиондарының орталығы құрылады. Сол кездегі архивтегі материал «ағылшындардың қырғыздарға (қазақтарға) да баса көктеп келе жатқанын» баяндайды. Кенесары қозғалыстың ақыры жақындаған кездің өзінде, қырғыз халқына қарсы агрессиялық соғыс әзірлеп, өз жағына үш жүздің сұлтандарын тартуға тырысып, орыс халқы мен қазақ халқын бір-біріне қарсы қоюдағы өзінің сүйген әдісіне қайта оралды. Сонда ол сұлтандар мен билерге үндеуінде былай деп жазды: «Сіздердің хұзырыңызға мәлім болсын, алланың әмірімен, кәпірдің қысымымен Кіші жүз бен Орта жүзден көшіп, Ұлы жүздің Шу, Іле төңірегіндегі жерлеріне келдік. Біз ата-бабамыздың замандарынан бері сіздердің ру басыларыңыз болып келдік. Сіздер қашан да біздің айтқанымыздан шықпай келдіңіздер, сол үшін сұлтандар да сіздерді өзіне қосылуға шақырып, кәпірлерге (орыстарға) қарсы күресуге шақырды». Міне осындай орыс, қазақ, қырғыз халықтарының қас дұшпаны Кенесары қозғалысын шектен тыс мақтап, жалған тарихшы Бекмаханов бұл бүліншілік әрекетті «қалың бұқараны тәрбиелеудің тамаша мектебі» деп жариялады. Орыс патшасы қазақ бұқарасының үнін өшіріп, қанап бақты, бірақ осылай бола тұрса да, Кенесары, егер патшалық өкімет оның барлық хандық артықшылық халдерін сақтауға кепіл болса, онда қазақ халқын талау үшін Кенесары патшалық өкіметтің де итаршысы болуға даяр болған» - деп дәлелдеп берді.

Кенесарыны төреден «итаршылыққа» дейін аздырып әкеп, қазақтың ғана емес, мұқым мұсылман әлеміне қарсы «қарақшы-шпион» атандырған қандай күш? Халықты күйзеліске ұшырататын азаматтық соғыс деңгейінде ұстаттырған қандай мүдде, нендей кек, қайтарылмай қылыш қынына салынбайтын ол қандай есе? Ресейге өштік – қандай өштік? Бітіспес бітімге, бітпейтін жаулыққа, берекеден әрекеге барғызған қандай талап? Мұны Кенесарының өзі генерал-майор Генске жазған «Иғламнамесінде» былай деп көрсетеді:



«Орынбор хүдие мекемесінің садырыншын генерал-майор(ы) һам кавалер(і) Генс хазіретлеріне

Сұлтанлар Кенесары, Күшік Қасымоғлыларынан төбәншілік (б)ила(н) арыз

1825-жылы Есіл, Нұраны жайлап жүрген уақытларда еш нәрсе ойларымызда жоқ еділәр. Ол ұлығ император ағзам хұзіретлеріне атамыз Абылай хан ант етіп һам бізләр да атамызның жолы бойынша Россия жұртына қаралық деп жатқан заманымызда Қарқаралы - Қазылыққа Имантай Бөкеноғлы правитель болып, ешбір кінәсіз үстімізден дұшпанлық көрсетіп, дуанбасы Иван Семенович Карбышев дегенге үш жүз орыс, бір жүз казакқа Иван Семенович үшлікбилен бас болып Қаракесек руының қырғызның балақбасы сұлтан Саржан Қасымоғлының он ауылын және тоқа, тама деген еліне шапты. Қазығұртта

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет