Түсіндірме жазба



бет28/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Бақылау сұрақтары:
1. «НЗМ» ДББҰде қолданылатын критериалды бағалау моделінің ерекшелігі неде?
2. Критериалды бағалауда қолданылатын терминдер қандай?
3. Бағалаудың ережелері қанлай?


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тəжірибесі негізінде жаңарту. Əдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 43 б. http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1162261

  2. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 58 б. http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1179110&simple=true&lang=kk

  3. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, 2014. – 44б.

Дәріс №6. Оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың критериалды жүйесін енгізудің әдіснамалық негіздері

1. Критериалды бағалау жүйесінің әдіснамалық негіздері


2. Елімізде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің оқу-әдістемелік негіздері

Бағалауға критериалды-бағдарланған тәсілдер негізінде білім алушылардың білім беру нәтижелерін бақылау жүйесі мен сапасын бағалау өзекті болып табылады.


Критериалды-бағдарланған тәсілдерді қолдану білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың обьективтілігі мен қолжетімділігі деңгейін едәуір көтереді.Заманауи мектепте білім алушылардың білім беру қызметін бағалауға критериалды тәсілдер қажет, осындай тәсілдер кері байланысты жүзеге асыруға көмектеседі, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына өлшенетін критерийлер және оқыту нәтижесін көруге мүмкіндік береді.
Бағалау жүйесінің маңызды сипаты, ол тек ғана бағалауды қою кезінде ғана қолданылмайды, толығымен мұғалімдер, білім алушылар және ата-аналар арасындағы білім беру үдерісінің жетістігі себептері бойынша бақылау-диагностикалық байланысты жүзеге асырады.
Бағалау жүйесі оқыту жетістігін өлшеу мен оқыту мәселелері диагностикасы болып табылады, оқытудың стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешім қабылдау, күтілетін нәтижелерді бағалау түрі мен білім мазмұнын жетілдіру ретінде білім беру үдерісі сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесі білім алушылардың жалпы дайындық деңгейінің өзгерістері ретінде тіркеу керек, сондай ақ танымдық қызметтің түрлі салаларындағы оның жетістіктері динамикасы (ақпаратты игеру, ақпаратты өңдеу, шығармашылық және жобалық қызмет, ойды жеткізе білу және т.б.) білім беру үдерісіндегі бар мәселелер мен оқу жетістігіне шынайы сипаттама алуға мүмкіндік береді.
Бағалау жүйесі мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар, сынып жетекшілері, сонымен қатар білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен педагогикалық ұжымдары арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ету керек, ол білім беру үдерісін қалыптастыруда жүйелі тәсілді қамтамасыз ете алады, яғни оның тұтастығын қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау жүйесінің әдіснамалық негіздері В.П. Беспальконың критериалды-бағдарланған технологиясы болып табылады. Оның критериалды бағалау теориясының негізгі ережелері оқу жағдайларының параметрлері (барлығына бірдей оқу уақыты, ақпарат беру тәсілі және т. б.) әрдайым дәстүрлі білім беру процесінде тіркелуіне негізделген, тіркелмегені оқыту нәтижесі болып қалады. Ол американдық психологтар Дж. Керолл мен Б. Блум әзірлеген тұрақты, тіркелген параметрлер есебінде оқыту нәтижесін алып қарауға болатын ережелерді негізге ала отырып, бағалау жүйесін әзірлеу тәсілдерін өзгертуге тырысты.
Американдық психологтар теориясына сәйкес, оқытудың басқа шарттарының параметрлері барлық білім алушылардың берілген критерий-нәтижеге жету үшін өзгеріп тұрады. Осындай тәсіл негізінде критериалды-бағдарланған оқытудың технологиясы әзірленді, сондай- ақ оны толық игеру технологиясы деп те атайды, себебі бұл технология білім алушылардың барлығы қажетті оқу материалын игеруге қабілетті деген тұжырымға негізделеді. Ол үшін білім беру стандарттарына сәйкес келетін меңгерудің белгіленген критерийлерін әзірлеу қажет. Барлық мектеп пәндері бойынша ұсынылатын стандарттар білім игерудің нақты критерийлерін жасауға негіз болады.
Критериалды-бағытталған оқыту технологиясының тиімділігі мынада: әр түрлі тапсырмалар, бақылау формалары және білім алушыларға көмектің әр түрлі түрлерін қолдану әр оқушыға міндетті критерийлердің белгілі бір деңгейіне жетуге мүмкіндік береді, оны игерумей әрі қарай толыққанды оқыту және жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес.
Критериалды бағалау жүйесі келесідей элементерді қамтиды:
1. Тақырыптарды игерудің нақты критерийлері анықталады, ол оқытудың нақты нәтижелері тізбесінде көрсетіледі (білім игерудің белгілі деңгейін көртететін оқыту мақсаттарында);
2. Тексеру жұмыстары – тест әзірленеді, оның негізгі мақсаты түзету оқу тәртібінің қажеттілігін анықтаудан тұрады;
3. Оқу материалдары жекелеген фрагменттерге (оқу бірліктеріне) бөлінеді, оларды оқу барысында жету керек нәтижелер анықталады (критерийлер), және әрбір оқу бірлігінің оқу мақсатына жеткендігіне көз жеткізуге мүмкіндік беретін ағымдық тексеру жұмыстары құрастырылады;
4. Оқыту тапсырмалары құрастырылады, оқытудың сәйкес әдістері таңдалады;
5. Әрбір тест тапсырмалары үшін балама түзету материалдары әзірленеді.
Критериалды бағалау критерийлерге негізделеді, яғни бағалау құрайды критерилерге сәйкес жүргізіледі.
Критериалды бағалау аясында бағалау мен өзіндік бағалаудың алуан әдістері мен түрлері қолданылады.
Критериалды бағалау кезінде:
• оқушы өз оқуының нәтижесінде нағыз субьектіге айналады;
• оқушының мектептегі мазасыздығы төмендейді;
• мұғалім рөлінен «соңғы инстанциядағы сот» кеңес беруші, маман, тьютор рөліне көшеді.
Осындай сипатта критериалды бағалау өзіне оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау әлеуетін алады.
Критериалды бағалау оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін, білім беру мазмұны мен мақсаттарына сәйкес оқу үдерісіне қатысушыларға танымал, ұжыммен жасалған нақты белгіленген оқушылардың оқу жетістігін салыстыруға негізделген үдеріс ретінде түсіндіріледі.
2. 2015 жылғы 25 сәуірде бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартында Білім алушылардың дайындық деңгейі «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру» сияқты бірнеше мәндес оқу пәндерін біріктіретін әрбір білім саласының ерекшеліктері ескеріле отырып жобаланған, оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалатыны көрсетіледі.
Аталмыш құжатта бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу;
2) сын тұрғысынан ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.
Бастауыш білім берудің базалық мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:
1) заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуы;
2) сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;
3) оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы;
4) оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.
Осыған сәйкес, құзыреттілік тәсілдемеге негізделген бағалау технологиясын таңдауға келгенде, оқушылардың жеке дара қасиеттері мен вариативті білім алу кеңістігін дамытуды жүзеге асыруды ескерген жөн. Вариативті білім беру кеңістігі қазіргі технологиялар мен жеке оқыту траекторияларын қамтиды. Вариативтілік бұл жерде білімнің жекеленуіне және қолжетімділігіне, мақсатты жүзеге асырып және мазмұнды (мемлекеттік стандарттар аясында), қызметтердің тәсілдері мен әдістерін таңдау бойынша, оның қатысушыларының өзара жұмыс істеуіне негізделген оқыту процесінің икемділігіне бағытталған.
Қазіргі мектепте басым мақсат: қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасқа түсуге, өз бетімен білім алып, өзін өзі дамытуға дайын тұлғаны дамыту. Өз бетінше оқуға қол жеткізу үшін баланың өз бетінше бақылау-бағалаушылық қабілетінің болуы маңызды. Яғни оның өзінің қызметін бақылауға және бағалауға дайындығы мен қабілеті, пайда болған қиындықтардың себебін анықтауы мен жоя алуы.
Бүгінгі бағалау жүйесі білім берудің оқыту парадигмасының аясында әзірленіп, білім беру процесін емес білім алу процесінің нәтижесін көрсетеді. Бұл өз кезегінде қазіргі құзыреттілік тәсілдің талаптарына сай келмейді.
Зияткерлік мектептерде оқыту үдерісі Кіріктірілген оқыту бағдарламасы және Кембридж университетінің сарапшыларымен бірлесіп жасалған пәндер бойынша оқыту бағдарламасының негізінде ұйымдастырылған. Білім берудің жаңа мазмұнын тиімді енгізу шарттарының бірі деп кезінде педагогикалық қолдау көрсету үшін әрбір оқушының оқудағы жетістіктері туралы ақпарат беретін оқушылардың дағдыларын дамыту деңгейін барабар бағалай алатын бағалау жүйесінің болуы болып табылады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Білім беру сапасын бағалау департаменті 2010 жылдан бастап оқушылардың оқудағы жетістіктерін әзірлейді, жетілдіреді және сын тұрғысынан бағалайды. Бағалау үшін нені болмасын ұсынылатын талаптарға сәйкес бағалау бойынша шешімдер қабылдау негіздері, қағидалар секілді критерийлер қолданылады. Критерийлер дискрипторлармен сипатталады, оларда (әрбір нақты жұмыс үшін) оқу тапсырмаларын орындау нәтижелері іс жүзінде қалай болу керектігі туралы нақты түсінік беріледі, ал дискрипторға сәйкес бағалау – бұл оқушының осы мақсатқа жақындау деңгейін айқындайды.
Бағалау 4 өлшем бойынша жүзеге асырылады. Тілдік емес пәндер бойынша «Білім және түсіну», «Білімді қолдану», «Талдау, синтез, зерттеу», «Коммуникация», өлшемдері қолданылады. Тілдік пәндер бойынша «Оқу», «Аудиттеу», «Сөйлеу», «Хат» өлшемдері қолданылады. Кембридж университетінің Халықаралық емтихан Кеңесінің сарапшыларымен бірлесе отырып формативті бағалау кезінде оқыту мақсатына қол жеткізетін «табыс критерийлері» деп аталатын критерийлерді әзірлеу мен стандарттау басталды. Табыс критерийлері- бұл мұғалімдер мен оқушылардың оқыту мақсатына қол жеткізу дәлелдерін иеленулеріне мүмкіндік беретін нұсқаулар. Оқыту мен бағалау және оқыту мақсатына қол жеткізудегі табыс критерийлері мен оны бағалау бойынша мұғалім үшін ұсынылатын қызметті қоса алғанда сынаптар мен пәндер бөлінісінде бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар дайындалды.
Сыртқы жиынтық бағалау үшін емтихан жұмыстары да бағалау критерийлерін – бағалау саласын қамтиды, соған сәйкес оқушының емтихан жұмысын қаншалықты жақсы орындағанаы талқыланады. Емтихан жұмыстарындағы бағалау критерийлері балл шығару дискрипторлары мен схемасын қамтиды. Дискрипторларда – оқушыдан белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін күтілетін қызмет түрін қысқаша сипаттау, балл қою схемасы – нүсқаулық, әрбір сұрақ үшін балл саны мен балл беруді сипаттау нақты көрсетілген. Бағалау критерийлерін пайдалану емтихан жұмысының қандай мектепте орындалғанына қарамастан барлық оқушылардың жетістіктерін бағалаудың тәсілдерін стандарттауға мүмкіндік береді, бұл объективті және ашықө бағалауға қол жеткізеді. Формативті және жиынтық бағалауды жүргізу кезінде мектеп мұғалімдері модерация үдерісін жүргізеді – бұл бірыңғай стандартталған тәсілді жасау мақсатында бір пән және сынып бойынша оқушының нәтижелерін талқылау. Модерация курстық, практикалық жұмыстарды бағалау, сыртқы жиынтық бағалауды тілдік пәндер бойынша «сөйлеу» дағдысын бағалау нәтижелері кезінде пайдаланылады. Осылайша, критериалды бағалауды қолдану оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға, оқушыларға заманауи қолдау көрсетіп және оқытудағы алға жылжуды қамтамасыз етеуге, оқу бағдарламасының сапасын бағалауға, оқыту нәтижелері бойынша ақпаратты қажетті тараптарға тапсыруға мүмкіндік береді. Мұндай бағалау жүйесі ең бірінші, балаларды тиімді оқуға уәждеу, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға және оның өсуін бақылауға бағытталған. Әзірленген критериалды бағалау моделі өз алдына пәнді оқытудың мақсаттары мен міңндеттерін, олардың жетістік деңгейлерінің критерийлері мен сипаттамасын, критерий бойынша қойылған баллды 5 баллдық дәстүрлі бағаға аудару шәкілін қамтиды.
Білім стандартының негізгі қызметтерінің бірі бағалаудың шынайылығын арттыру. Бұл қызметті жүзеге асыру бағалауға критериалды-бағытталған тәсіл негізінде қазіргі оқыту нәтижелерінің сапасын бақылау және бағалау жүйесін түбегейлі өзгерту мүмкіндігімен, шынайы өлшеу жүйелерін және оқытуды ұйымдастыру қызметінің тиімді жағын, жалпы білім жүйесін тиімді қолданумен байланысты.
Бағалауға критериалды-бағытталған тәсіл қолдану жаңа стандарт талптарында жетістікті бағалаудың шынайылығы мен анықтылығы деңгейін жоғарылатады.
Қазіргі кезде ел мектептерінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау қолданысқа ие, себебі бұл тәсіл барлық процеске қатысушыларға оқу материалының игерілу деңгейін түсініп, кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Кері байланыс қаншалықты мазмұны терең болса, соншалықты оған әсері сындарлы бола түспек.
Оқушылардың оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуі оқушылардың дағдыларының дамуына мүмкіндік тудырады. Дағдыларды нақты бағалау біліктілігі критериалды бағалаудың маңызды аспектісі. Берілген кестеде оқу бағдарламасына енгізілген, қалыптастырушы және ішкі жиынтықтық бағалауда дағдылырдың қалыптасқанын немесе даму деңгейінің бағалауы көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет