46) Ұйғыр ауданы - облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1934 жылы құрылған. Жер аумағы 8,73 км2. Халқының саны 63,8 мың адам (2003). Аудан аумағындағы 26 елді мекен 14 аудандық әкімшілік округтерге біріктірілген. Аудан орталығы — Шонжы аулы.
47. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі бүкіл Орта Азия аумағындағы алғашқы болып құрылған бірегей музейлердің бірі. Сонымен қатар, дүниежүзі бойынша халық музыка аспаптарына арналған бесінші музей ретінде әлемдік музейлер тарихында өз орнын айшықтады.Музей – мәдениет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың ұйымдастыруымен XX ғасырдың 80 жылдары құрылды. Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №358-р санымен 1980 жылдың 1 тамызында Республикалық халық музыкалық аспаптар музейін ашу туралы Үкімет жарлығы шықты. Аталған жылдың тамыз айынан бастап музей тарихында тұңғыш директор болып ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнер зерттеуші, күйші Жарқын Шəкəрім тағайындалды .
Музей ғимараты өзінің ерекше пішінімен көз тартады. 1908 жылы атақты Верныйлық сәулетші Андрей Палович Зенковтың жобасымен тұрғызылған ғимарат «Ропетовский» стиліндегі ағаш сәулет өнерінің ерекше үлгісі. Музей ғимараты Офицерлер жиналысының бұрынғы ғимаратында орналасқан. Қазіргі таңда Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінде. Бұл мәдени орын алматылықтар мен қала қонақтарының әсем демалыс орындарының бірі болып табылатын, «28-гвардияшы-панфиловшылар» атындағы паркте орналасқан. Сондай-ақ Алматы қаласындағы ең танымал әрі ең көп баратын мәдени орындардың бірі.
Алғашқы жылдары халық музыка аспаптары музейін ұйымдастыру барысында Өзбекәлі Жәнібековтың бастамасымен ұлт аспаптарын ғана емес, көршілес республикалар (ТМД) мен әлем халықтарының аспаптарын жинақтау көзделіп, оларға арнап экспозиция залдарын жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан этностар мен өзге ұлыс өкілдерінің музыкалық аспаптарын жинақтау барысында Алматы қаласындағы ұйғыр және корей театрларында қолданылған музыкалық аспаптар, М.О. Әуезов атындағы академиялық драма театрында, 1930-1950 жылдары Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің құрамында ойналған музыкалық аспаптар, Алматының ЖОО-да оқитын шетелдік студенттердің өз елдерінен алып келген музыкалық аспаптары музей қорына алынды. Соның нәтижесінде тамбир, халун (ханон), сатар, хош, саз, чонгутар қатарлы ұлттық аспаптары музей шаңырағына топтастырылды .
Музей қорында ұлттық музыкалық аспаптар мен қатар түрік халықтары, сондай-ақ әлемнің 34 елінің музыкалық мәдениетімен таныстыратын 1000-нан астам экспонат бар. 7 экспозициялық зал жұмыс жасайды. Олар: Халық музыкасының бастауы залы, үрмелі, соқпалы-шулы аспаптар залы, шеберлер залы, мемориалдық қобыз залы, домбыра және қобыз залы, түркі халықтарының музыкалық мұрасы залы, әлем халықтарының аспаптары залы. Музейде экспонаттарды сақтау, насихаттау және музыкалық мұраны дәріптеу, сондай-ақ музей коллекцияларын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми бөлім мен қор сақтау бөлімдері, көрме залы, мәжіліс залы жұмыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |