«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»



бет21/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)

43. Тамғалы петроглифтері немесе Таңбалы- петроглиф тас кешені, Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі. 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне енген. Тамғалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан. Петроглифтер кездейсоқта табылғанмен, бұл жаңалықтың мәні төмендегідей болды, Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енді.

Петроглифтер Тамғалы шатқалының аса маңызды және көптүрлі ескерткіштерінің бірі болып табылады. Тастағы суреттердің бәрі пикетаж техникасында, кейде ғана темір аспаптың немесе тастың көмегімен ойып жасалатын, бояумен жасалғандары кездеспеген. Тастағы суреттер галереясын арғы ата бабаларымыз орта қола, кеш қола, өтпелі дәуір (ертедегі сақ), ертедегі темір дәуір (сақ және үйсін), ортағасыр (ертедегі түрік) және жаңа заман (жоңғар және қазақ) сияқты әртүрлі тарихи дәуірде құрған. Тамғалы тастағы суреттердің көне және ең әсерлі сериясын құрайтын, орта қола дәуірдің петроглифтары эстетикалық және мәдени құндылықтарға ие. Сол кездегі тастағы бейнелеу өнерінің шеберлерін солярий құдіреті («күнбастылар»), «маскарадшылар», шоқпарұстаушылар, қасқыр маскасындағы садақшы, қару ұстаған жауынгерлер, малдар мен адамдарды құрбандыққа шалу көріністері, эротикалық көріністер, жас босанған әйелдер, арбалар, түрлі белгілер, символдар, сондай-ақ бұқаларды, құландарды, аттарды, түйелерді, қабандарды, қасқырлар мен бұғыларды бірнеше рет бейнелеу сияқты ойларының кеңдігі ерекшелендіріп тұрған.


Шарын шатқалы, Шарын каньоны — Шарын өзенін 154 шақырым бойлай жатқан табиғи нысан.
Шатқал Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Шарын өзеніне Теріскей және Күнгей Алатау жоталарының солтүстік баурайынан бастау алатын көптеген өзен сулары қосылып, суы мол өзенге айналады да, Жалаңаш ойпаты мен Торайғыр тауын шығысынан қақ жара өтіп орасан зор шатқал жасайды.
Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.


Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.

Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.


44. Еңбекшіқазақ ауданы – Алматы облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс.Жер аумағы 9,7 мың км².


Тұрғыны 204,8 мың адам, орташа тығыздығы 1 км-ге 21,1 адамнан келеді (2006).


Аудан жеріндегі 80 елді мекен 1 қалалық және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. Аудан орталығы – Есік қаласы.


Еңбекшіқазақ ауданында республика және облыстық маңызы бар архитектура-мәдени ескерткіштер көп. Есік қаласы маңында және Түрген шатқалында осы өңірден табылған (1969) "Алтын адамға" ескерткіш орнатылған. Елді мекендерде 1, 2-дүниежүзілік соғыстардың, сондай-ақ сталиндік саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына арналған ескерткіш-белгілер, монументтер орнатылған.

Есік өңіріндегі 100-ден астам сақ дәуірінің қорғандары мемлекеттік қамқорлыққа алынды. Аудан тарихындағы әлеулі оқиғалардың бірі — 1963 ж. шілдеде Есік көлі тасқын су әсерінен шайылып кетті. 1930 жылдың шілде айынан "Еңбекшіқазақ", 1999 жылдың мамыр айынан "Иссык" газеті шығады. Есік қаласынан облыс ортығы — Талдықорған қаласына дейінгі қашықтық 340 км, ал Алматыға дейін 55 км.[4] Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұра ауылындағы Жалайыр Шора атындағы құсбегілер мектебі жанынан Республикалық құсбегілер мұражайы ашылған.


45. Атақты ақын Сүйінбай Аронұлының ғибратты ғұмырынан сыр шертетін Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылындағы Сүйінбайдың әдеби-ескерткіш мұражайы – ақынды мәңгілік есте сақтап, оның шығармашылығы мен өмірін жас ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету мақсатында, Алматы облысы әкімінің шешімімен Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында 1996 жылы 24 тамыз күні ашылды. Ашылу салтанатына еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзі қатысып, лентасын қиды.Сүйінбайдың балалық шағы
Ақын болып қалыптасуы
Сүйінбай өмір сүрген орта
Ақынның ата–тегі
Жақындары мен үрім-бұтағы
Творчествосын зерттеушілер
Мұражайдың жұмысы сан қырлы. Атап айтар болсақ, телегей теңіз экспонаттарды ғылыми-танымдық талаптар тұрғысынан ұтымды жүйелеу, оны көпшіліктің талғамына сай ұсыну, зерделенген жәдігерлер негізінде басылымдар шығару елдегі, облыстағы атаулы күндер мен тарихи тұлғаларға арнап көрмелер жабдықтау, өлке тарихына қатысты мәдени шаралар өткізу, белгілі бір көрнекті тұлғалармен кездесулер ұйымдастыру, Алматы қаласындағы оқу ордаларының студенттеріне дәрістер оқу сияқты қызметтерді атқару арқылы халқымыздың асыл қазынасын болашақ ұрпаққа жеткізуді көздеуде. Бүгінгі күні мұражай директоры болып Садуақасова Аяужан қызмет атқаруда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет